Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:10, доклад
XVII ғасырдьң аяғында қазак хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. Осы дәуірде қабылданған ipi реформалардың 6ipi — тарихта «Жеті жарғы» деп аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Осы заңдарға сүйенген қазақ билepi қоғам ішіндегі дау-жанжалдарды шешіп отырды.
XVII ғасырдьң аяғында қазак хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиеленісе түсті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы дұшпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады. Осы дәуірде қабылданған ipi реформалардың 6ipi — тарихта «Жеті жарғы» деп аталатын қазақ әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Осы заңдарға сүйенген қазақ билepi қоғам ішіндегі дау-жанжалдарды шешіп отырды. Соның нәтижесінде ел іші аздап болса да тынышталып, жұрт бейбіт өмір cүрді; адамдарға береке кірді. Хандық билік әжептәуір нығайды. Сыртқы дұшпандармен тең кұқықта сөйлесуге мұрша берді.
Тәуке ханның (1678 – 1718) тұсында «Жеті жарғы» деген атаумен қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы құрастырылды. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Кейбір үзінділері К.Шүкірәлиевтің (1804), Я.Гавердовскийдің (1806), А.Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә.Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Мазмұны
Бірінші жарлығы: «Халықтың ханы, сұлтаны, пірі-әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін».
Екінші жарлығы: «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлтірілсе, олардың әрқайсысына («ақсүйектің, пірдің тұқымы деп) екі кісінің құны төленуі тиіс».
Үшінші жарлығы: «Сырттан келген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан біреуді теуіп өлтірсе «бүтін құн», үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе «жарты құн», ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе тек «ат-тон» айып тартады».
Төртінші жарлығы: «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп қол жұмсаса, онда ол баланы ата-анасы өлтіремін десе де ерікті, сұраусыз болады».
Бесінші жарлығы: «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) – қара сиырға немесе қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым іліп, бүкіл ауылды айналдыру керек».
Алтыншы жарлығы: «Құда түсіп, құйрық-бауыр жескеннен соң – ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалың мал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалың малы төленсін».
Жетінші жарлығы: «Ұрыдан айыр түйеге – нар, атқа – аруана, тайлаққа – атан, тайға – ат, қойға – тана төлетеді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді».
«Жеті жарғыда» феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. «Жеті жарғы» сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.
«Жеті жарғы» бойынша да әркім өз жоғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуге, сөз бостандығының жандануына жол ашты.
«Жеті жарғы» заңында сол кездегі Қазақ қоғамының барлық ерекшеліктері ескерілді. «Жеті жарғы» заңы Қазақ хандығының әкімшілік жүйесіндегі тайпа және ұлыстарға билік жүргізуші сұлтандар мен төрелердің билігін шектеп, қарапайым халықтан шыққан би-батырларды ел басқару ісіне араластырды. Әрбір ру-тайпаның көшіп-қонатын көктеу, жайлау, қыстау, күзеу жайылымдарын белгілеп, қақтығыстардың алдын алды. Ұшса құстың қанаты талатын ұлан ғайыр аймақты бір орталықтан басқару үшін, қазақ сахарасын үш қанатқа бөліп, ұлыс бегі сұлтандарды тайдырып, ру-тайпа мен ұлыстар арасындағы дау-дамайды шешуге қара қылды қақ жарған әділ билерді тағайындады. Мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы құзіретті органы жыл сайын белгіленген уақытта өтетін құрылтайдағы билер кеңесі болып табылды.
Әз-Тәуке
ханның «Жеті жарғы» заңы қазаққа не берді?
дегенді қысқаша түйіндейтін болсақ. Біріншіден,
Әз-Тәукеның «Жеті жарғы» реформасы киіз
турылықты қазақ пен қырғыз және қарақалпақтың
біртұтастығын қамтамасыз етіп қана қойған
жоқ, күнделікті тіршілікте ар-ұят ұғымы
басты құндылық болып табылды. «Малым
жанымның садақасы, жаным арымның садақасы»,
«Ердің құны жүз жылқы, ары мың жылқы»
деген ұғымдар халықтың қалыпты заңдылығына
айналды. Екіншіден, жұртшылық, ағайыншылық,
ат майы, қызыл көтеру, асар, қонақжайлық
т.б. институттармен молшылықты, байлықты
бөліп беруді бекітті. Үшіншіден, ру мүшесі
жасаған қылмысқа бүкіл ру болып жауап
беру қағидасы енгізілді. Ру – бір организм
ретінде қабылданып, оның мүшелері тірі
клеткалар болып табылды. Ру мүшесінің
әнтек қылығы бүкіл рудың атына кір келтретін
ұғым ретінде қарастырылды. Төртіншіден,
көшпенділерде өртеп жіберу, денесін мидалап
өлтіру, дене мүшелерін кесу, қазыққа отырғызу
сияқты жазалардың қолдануына жол берілмеді.
Оның орнына құн төлеу нормасы бекітілді.
Егер құн төлеушінің шамасы келмесе, ру
болып бодау төлейтін. Бесіншіден, экзогамия,
яғни, этностың өзін-өзі қан араласуынан
сақтап қана қоймай, сонымен қатар қазақ
мемлекетінің қауіпсіздігі мен аумақтық
тұтастығын сақтап, қамтамасыз еткен күшті
және ақылды ұрпақты қалыптастырды.
«Жеті жарғы» заңында дәстүрлі қазақ қоғамының
құрылымдық жүйесін бұзатын, рухани билікті
Нахшбанди тариқатының өкілдерінің қолына
беріп қоятын, билердің әділетсіздік жасауына
итермелейтін бірде-бір құқықтық норма
жоқ.
«Жеті жарғының» көптеген жол-жобалары мен қағидалары XX ғасырдың басына дейін ауыл, ру ішіндегі қарым-қатынастарға қатысты болып келді. Бұл қағидаларға ұлы Абай да үлкен мән берген. «Жеті жарғы» заңдары негізінен афоризмдерден, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден кұралған.
Ертедегі қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары өте қарапайым әpi өз қоғамына ыңғайлы есептелініп, үлкен демей, кіші демей, бай демей, кедей демей бәpi бас иіп, ол заңдарды мүлтіксіз орындап отырған. Оның орындалуын ханнан бастап ру ақсақалдары, билер қадағалаған.
Ол замандағы заңгерлерді ешкім сайлап қоймаған. Билер билік айтуға қаршадайынан әуестеніп, көп ізденген. Барлық дау-жанжалды ата-баба жолымен әділ шешкен. Қара қылды қақ жарып билік айтпаса, өз халқының әдет-ғұрып қағидаларын жетік білмесе, ел бірлігін ыдыратса, онда ол заңгер емес. Ердің құнын eкі ауыз сөзбен бітіріп, айтқанын оңай орындатқан билерді халық қастерлеген. Ол замандағы басты қағида — сот түзелмей, мін түзелмейді.
О бастан-ақ қазақ билері eкі жақтың қатысуымен ашық аспан астында, жиналған калың көпшілік алдында, ешқандай даярлықсыз, қағаз-қаламсыз бітістіреді екен. Көпшілік кауым олардың сыншысы болған. Әділетсіз билерді халық құрметтемеген, екіншілей билік айтуға қатыстырмаған немесе екіншілей оның алдына ешкім жүгінуге келмеген. Ондай би абыройдан жұрдай болған. Керісінше, туғансыз билердің тура сөзін халық табанда жаттап алып, жалпақ жұртқа жайып отырган. Сондықтан мұндай билердің шешімі хатқа түспей-ақ осы күнге келіп жеткен ғой! Әлбетте, әділ би болу әркімнің қолынан келе бермеген. «Жүзден — жүйрік» дегендей, мыңнан бipeyi ғана шығып, елді аузына қаратқан.
Тәуке хан заңдарының неліктен «Жеті жарғы» деп аталу этимологиясына тоқтала кетейік. Өйткені әлі күнге «Жеті жарғы» деп не себепті аталғанын түсіндіру түпкілікті шешілмей келеді. Әрбір зерттеуші «Жеті жарғы» деген сөзге өздерінше қарап, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік мағына береді. Н. И. Гродеков: «Тәуке ханның тұсында жеті би, яғни жеті жарғыш немесе жеті жарғы, жеті ic бітіретін қызметкерлер жиналған» дейді. Л. А. Словохотов та: «Күлтөбеде Тәуке хан жеті би жинады» деп көрсетеді. Біздің біpқатap ғалымдарымыз даосы пікірді қолдайды. А.П.Чулошников: «Жеті жарғыны» — жетеудің жариялауы» дейді. Кейде «Жеті жарғыны» «жеті жорғаға» балайды: «Тәуке ханның жеті биi болған, төрт аяғын тең басқан жорға секілді, жетеуі де тілге шешен, жүйрік екен, сондықтан да халық Тәуке ханның жеті жорғасы немесе жеті жорға атап кеткен» дейді.
Енді бip зерттеушілер «Жеті жарғыны» былайша түсіндіреді. «Жеті» қазақта санды білдіреді. Бұл сан шығыс халықтарында толықтықты, жан-жақтылықты, кәмелетке жеткендіктi ұқтырады.
Біздіңше «жеті» билердің санын немесе толықтықты, жетілгендікті білдірмейді. Тек қаралатын мәселенің санын ғана көрсетеді. «Жарғы» сөзі көне түркі тілінде — йарлығ, қазақша — жарлық мәнін білдіреді. «Жарлық» — өмір, заң, билік мағынасында қолданылған.
«Жеті
жарғының» негізгі мазмұны хандық билікті
қорғауға, соған экономикалық, саяси үстемдік
әперуге арналган. Сондай-ақ күрделі де
даулы мәселелерді шешу жолдары нақты
көрсетілген. Біз Аба Құнанбаевтың:
«Бұл билік делен біздің қазақ ішінде
әpбip сайланған кісінің қолынан келмейді.
Бұған бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолын»,
«Eciм ханның ecкi жолын», әз
Тәукенің «Жеті жарғысын» білмек
керек» деуі Ресей патшалығының қазақ
жұртына таңған жолы дұрыс еместігін,
билерді еш уақытта сайлап қоюға болмайтынды-ғын
көрсетеді. Әрі ол кезде де «Жеті жарғымен»
зиялылардың жақсы таныс екендігін білдіреді.
Пайдаланылған әдебиеттер
А. И. Левшин: «Кімде-кім сұлтан не қожаны өлтірсе, өлген жақтың туысқандарына айыпты жағы жеті адамның кұнын төлеуі тиіс» десе, Д. Я. Самоквасов та: «Егер кімде-кім қожаны өлтірсе, онда өлген жақтың туысқандарына жеті қарапайым жай адамға тиісті құнын төлеуі қажет, төлемеген жағдайда қылмыскердің өзін қоса жақын туыстарынан жеті адамды асып өлтіру керек» дейді. Ал П. В. Маковецкий: «Сұлтан үшін жеті қарапайым құн» деп көрсетеді. Құнды құныкердің өзі ғана емес, бүкіл руы болып төлеген.
Сөйтіп, Тәуке ханның «бipiншi жарлығын» бізге келіп жеткен бұл дерек растап отыр. Л. Баллюзектің: «Ханның құны жеті қарапайым адам құнына тең. Өйткeнi хан жеті руға не атаға билік етеді»деген дерегінің жаны бар.