Жан Кальвиннің діни философиясы
Жан Кальвин (1509-1564)- кальвинизм негізін қалаушы, Реформацияның бірден-бір ең жоғарғы қайраткері. Кальвинизм 16ғ. реформацияның нәтижесінде ЖанКальвин негізінқалаған протестанттық діни ілім. Ол өмір сүрудің тақуалық принципін негіздеді. Жан Кальвин – «құдай адамның өмірін
маңдайына жазып қояды» деуші догмат,
оның шаруа-плебейлік ересьтерге қатысты
зұлым доктринасы, мемлекеттегі басқару
формалары туралы ойлары. Реформацияның
екінші ірі орталығы Швейцария болды,
онда жаңа христиандық ілімдерді жасаушылар
Ульрих Цвингли және Жан Кальвин болды.
Кальвин бірінші болып діни утопияны жүзеге
асыра бастады, лютерандылықты аяғына
дейін жеткізді: казармалық протестантизмді
құрды. Пртотестанттық қала бейнесі –
бірдей өлшемдегі үйлер, фасадтардың безендірілмеуі. Бір қатар елдерде Реформацияны корольдік
өкімет «жоғарыдан» жүргізді (Дания, Швеция,
Англия), немесе мүлдем жүргізілмеді (Испания,
Италия).
Осы оқиғалардың барысында протестанттық
мәдениет феномені біржолата нақтыланды.
Протестантизм буржуазиялық қатынастардың
қалыптасуының жаңа әлеуметтік және
саяси процестерін бейнелеу және
ақтау ретінде болды. Бұл жағынан
ол христиандықтың буржуазиялық версиясы
ретінде қарастырылады. Протестантизмнің
басты ойы Евангелийға кешірім
үшін берілетін құрбандық идеясы
жат болуынан тұрады. Евангелий құдайы
күнәліден істеген ісіне өкінуден
басқа ештеңе талап етпейді. Протестантизм
бастамашылық пен жауапкершілік
талап ететін автономды адам діні.
Ол адамды діншілдікті адамның ішкі
дүниесі қылып, оны сыртқы діншілдіктен
босатты.
Протестантизм жеке өмір мен
қоғамдық өмір арасындағы шекараны мойындамайды:
адам әрқашан құдайдың көз алдында
Лютерандар үшін миф маңызды емес,
мәтін ғана маңызды, олар сәнді ғұрыпты
мойындамайды. Протестантизмнің діни
жаңалықтары шіркеуді «арзандату»
линиясымен жүрді. Намаз оқу үйі қарапайым
болу қажет. Сәнді литургияның орнына
– оқу мен ән айту. Лютерандылық католицизмнің
маңызды ғұрыптарын ревизияға ұшыратты:
7 құпиядан 2 ғана қалдырды – шоқыну және
тазарту. Протестанттық эволюциямен Европа
музыкасының гүлденуі тығыз байланысты. Реформациялық қозғалыстың
көрнекті идеологы және ықпалды қайраткерлерінің
бірі Жан Кальвин (1509—1564) болды. Францияда
туып өскен ол Женеваға 1536 жылы келді және осы кездеБазель қаласында
өзінін атақты "Христиан дініндегі өсиет" -Шығармасын
жарықка шығарды. Бұл шығарманың діңгегі
— Құдайдын адам тағдырын алдын-ала белгілеп
қоюы туралы доғматы еді. Кальвин бойынша
тағдыр жазмышы ешкімнің де жеке әрекетіне байланысты емес
және ешкім де өзінін, болашақ тағдырын болжай біле алмайды,
ешкім де оны өзгерте алмайды. Оның сөзі
байлық та, кедеилік те, сәттілік пен сәтсіздік
те құдайға шын ниетімен сенуді айқындаитын
сынақ болып табылады. Адамдардын барлығы да өзінің
әлеуметтік және лауазымдық жағдайына
карамай өздерін құдайдың күлымын деп үғынуы тиіс. Және
оны аянбай енбек етіп жақсы нәтижелерімен дәлелдеуге
міндетті. Кальвин мемлекет және
билік мәселелері жөнінде асығыстық жасамады. Феодалдық-монархиялық
топтарды олардың жасаған зорлык-зомбылығы
мен әділетсіздігі үшін сынаған ол, барлық мемлекеттік
билікті құдайлық деп жар салды. Билеушінің
немесе ӨКІМЕТТІҢ тирандық режим орнатып
құдай зандарын орындамағаны жане
шіркеуді қорлағаны үшін олар ерте ме кеш пе құдайдьың
жазасына ұшырайды және бүл жазалау оздерінің
қол астындағылардың күшімен орындалуы
мүмкін. Бірақ, Кальвин тирандықка қарсылық
жасауға жеке адамдар емес, тек шіркеу немесе Бас
штаттар сияқты өкілдігі бар органдар ғана
құқылы деп есептеді. Мұның өзінде де тирандықты жою
жолындағы ашық күрес ең әуелі күрестің
жария формалары мен бейбіт түріндегі қарсылықтарды
түгел пайдаланып біткенде ғана түбегейлі
іске асып, қолданылуы тиіс.
Кальвиндік идеология тарихта елеулі роль атқарды.
Ол Батыс Европадағы алғашқы Нидерланды буржуазиялык,
революциясынын жеңіске жетуіне және
елде республиканың орнауына ықпал етті.
Кальвиіндік идеология негізінде Англия мен ІІІотландиядареспубликалық партиялар құрылды.
Реформацияның басқа да идеялық ағымдарымен
бірге кальвинизм XVII—XVIII ғасырлардағы буржуазияның
саяси-құқықтык көз-қарасының негізін
дамытуға септігін тигізді. Қайта өрлеу мен реформация дәуіріндегі саяси-құқықтық ойдың үш бағытта
дамығандығын байқау қиын емес. Оның біріншісі — мемлекет пен саясаттағы жаңа
көзқарасты анықтайтын таза үлгідегі саяси
ілім (Н Макиавелли, Ж Боден), екіншісі — католик
шіркеуінің ықпалынан шығуға ұмтылған гуманистік идеялар
(М Лютер, Т Мюнцср,
Ж Кальвин), үшіншісі — антибуржуазиялық утопист социалистердің саяси-құқықтық
ойлары (Т Mop, T Кампанелла) Реформацияны одан әрі түбегейлі
жалғастыруға бағыт алғандардың бірі
— Ж. Кальвин протестанизмнің беделді ағымының
негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм» ағымы христиан дініне табыну
мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті,
шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында
оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық
сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы)
берді. Ол «Адам тағдырының жазмышқа
тәуелділігі жөніндегі» ілімді одан әрі тереңдетіп,
оны абсолюттік фатализм дәрежесіне жеткізді. Әрбір
адамның тағдыры, оның өмірге келуі, азабы
мен қуанышы және т.б. алдын-ала белгіленген,
оны ешкім де өзгерте алмайды, өйткені
бәрі де бір құдайдың қолында. Кальвинизм
адамның өмірлік қажеттіліктерін шектеуді
уағыздады, өмірдің рахатынан бас тартуды
талап етті, табанды еңбек етуге, азаматтарды
өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы арттырып
отыруға және Библияны оқып-білуге шақырды.
Осы игілікті істердің толық жүзеге асырылуы
— адамның құдай алдындағы мерейін көтерсе,
ал жалқаулық, қызық- құмарлық, өмір рахатына
тоймаушылық сияқты қасиеттер адамды
күнәға батырып, кедейлікке апарар жол
деп саналып, ал ақшаны ысырапсыз шашу,
той-думанмен уақытты босқа өткізу, дүниені
бостан-босқа талан-таражға салу күнә
болып есептелінді. Кальвинизмнің байлық
пен думаншылдықты сынауы мәдениет пен
өнердің әр саласына өз әсерін тигізбей
қойған жоқ, сондықтан да болар, той-думандарға
тыйым салынып, дін жолындағы адамдардың
сүреңсіз, қызықсыз өмірі басталды, ал
оған қарсы шыққандар қатаң жазаланды.
Буржуазиялық өмір салтына
сай келетін «кальвинизм» негізінде түрлі ағымдар мен
протестанттық секталар пайда болды. Олар баптистер, адвентистер, конгретационалистер, пуритандар және т.б. Осылардың ішінде рухани
жағынан ғана емес, барлық жағынан алғанда
кальвинизмгежақынкелетіні «пуританизм» (ағылшынның «таза», «шынайы» деген сөздерінен шыққан) ағымы
болды. Оның негізін қалаушы ағылшын Д.Ноке
болды Пуританизм уағыздаған құндылықтар
мен өмір сүру салты жоғарыда көрсетілген
көптеген ағымдарға ортақ болды. Ендігі
жерде кальвинизм шіркеуінің дүниетанымы
мен өмір салтын қабылдап, соның жолын
қуушылар пуритандар деп атала бастады.
Жаңа ағым «бұқаралық аскетизмді»асыра
бағалаумен, діни салт-жоралардың қаталдығын фетишизациялаумен, үнемшілдікпен, діни ынта-жігермен
және т.б. байланысты болды. Пуританизм
этикасы риторизммен сипатталды, ол адамдар
арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды
жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша
шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсеткеніміздей,
пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшылдыққа,
думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге
барынша күш салды. Пуританизм өкілдері
ұқыпты болды және белгіленген салт-жораларды
қатаң орындап, құдайға құлшылық етіп,
тақуалақ қарапайым өмірге бет бұрды.
Бірақ бұл қарапайымдылық пен байсалдылықтың
астарында астамшылық байқалды, өйткені
олар христиан дінінің бір саласының ғана
өкілдері екендігін місе тұтпай, өздерін
құдайшылдық миссияны (міндетті) дүниежүзілік
тарихи көлемде атқарушылармыз деп санады.
Олар адамзатты құтқарудың ақиқат жолын
жүзеге асыруды құдайтағала католиктерге
емес, протестанттарға жүктеген деп мәлімдеді.
Ал бұл жағдай олардың әлеуметтік белсенділігін
арттырып, дін жолынан таймайтындай дәрежеге
жеткізді. Олардың бойында жан-дүние
дәрменсіздігі, күмәндану, толқу сияқты
қасиеттер болмады десе де болады. Сондықтан
да 1620 жылы діни саяси қуғындардың
нәтижесінде Еуропадан Солтүстік Америкаға
қоныс аударуға мәжбүр болған христиан
дінінің радикалдық протестанттық-пуритандық
тармағының өкілдері жаңа ұлт пен ұлттық
мәдениеттің қалыптасуына ұйытқы болды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Мәдениеттану: жоғарғы оқу
орнындары мен колледж студенттеріне
арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.-
416 бет.
Философия/жалпы редакциясын
басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар