Жаңа заман кезіндегі ғылым философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 14:02, реферат

Описание работы

Қайта өрлеу дәуірі философиясы және мәдениетінің пайда болуының алғы шарттары
Гуманизм, неоплатонизм, натурфилософия - қайта өрлеу дәуірі философиясының бағыты ретінде.
Қайта өрлеу дәуірінің саяси-әлеуметтік философиясы.
Жаңа заман философиясының негізгі сипаттамасы.
Ф.Бэкон: индуктивтік әдісті дайындау.
Р.Декарт: «Ойлаймын, яғни өмір сүремін». Ғылыми әдіс идеясы.
Лейбниц философиясы. Монадалар туралы ілім.

Работа содержит 1 файл

Жаңа заман философиясы.doc

— 127.00 Кб (Скачать)

Ақиқат  дегеніміз, Локктың пікірінше, идеялардың өзара сәйкес келуі (ұғымдардың, пайымдаулардың «бірінші», «екінші» идеяларға) және көпшіліктің өзара келісімі.

Адамның қуанышын тудыратын және күшінөсіретін  істің барлығы - игілік, ал оған қарама-қарсы  іс-әрекет бақытсыздық. Ең жоғары заң, адамды қуанышқа бөлейтін болғандықтан ең басты игілік болады. Локк мемлекет туралы ілімінде халықтың егемендігі негізінде қалыптасқан конституциялық монархияны жақтайды. Мемлекет билікті бөлу (заң шығару, атқарушы және сот биліктері) арқылы әлеуметтік топтарға бостандық және құқықтық теңдікті сақтауға кепілдік жасауы тиіс.

Қорыта  айтқанда, Бэкон, Гоббс, Локктың ілімдері механикалық метафизикалық философияның іргетасын қалап, ғылыми зерттеудің индуктивтік және геометриялық тәсілдерін әмбебап (универсалдық) тәсілдер дәрежесіне дейін көтеріп өзінен кейінгі  ғұлама ойшылдарға үлкен әсер етті.

Англияда  философияда «идеалистік сенсуализм»  деп аталып кеткен бағыт қалыптасты. Оның ірге тасын Дж.Беркли және Д.Юм деген ойшылдар қалады.

Беркли  Джордж (1684-1753 жж) ағылшын философы. Негізгі еңбегі: «Танымның бастамасы  туралы трактат».

Берклидің ілімі бойынша «жалпы материя» деген  бос сөз. Үшбұрыш деген жалпы  ұғымның дүниеде болмайтыны сияқты, «жалпы материя» да болмайды. Ал жеке материялдық  денелер құдайдың ойында идея ретінде  өмір сүреді. Олай болса, шынайы өмір сүретін  заттар емес, рухтың, жанның және «меннің» түпнегіздері. Адамдар үшін нағыз объективтік шындық - біздің санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алу». Демек, жеке денелердің өмір сүруі дегеніміз, олардың түйсіктер арқылы қабылдануы арқасында «меннің» идеяларына айнала алуы. Қозғалыс деп жүргеніміз - құдайдың үздіксіз белсенділігі. Кеңістік пен уақыт та сезімдік «еске алудың» бір түбірлері. Мысалы, уақыт - түйсіктердің бірінің соңынан бірінің ауысып отыру дәйектігі. «Меннің» жойылуымен бірге бұл аталған құбылыстар мен денелердің жойылмайтын себебі, өзіндік «меннен» басқа «бөтен меннің» болуы.

Таным процесінде БЕркли басты рөлді «тікелей сезімге» береді. Ол - сезімдік тәжірибенің  нәтижесі, ал сезімдік тәжірибенің  өзі санамыздағы құдіреттің белгісі - «еске алудың» жиынтығы. Сөйтіп, «тікелей сезім» арқылы қалыптасқан ұғымдар объективтік шыңдықтың субъективтік кескіні емес, түйсіктердің «еске алудың» жиынтығы. Демек, біздің танып-білі жүргеніміз нақты денелердің өзі емес, түйсіктердің жиынтығы ғана екен.

Берклидің ілімін әрі қарай жалғастырған, тарихшы, дипломат, философ, ағылшын ағартушылық  кезеңінің көрнекті өкілі Давид  Юм (1711-1776 жж) болды. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер», «Діннің табиғи тарихы», «Табиғи  дін туралы пікірлер», т.б.

Юм ешқандай түпнегізді мойындамайды. Себебі, лол  үшін шын мәніндегі түпнегіз емес, идея ғана. Ал идеяны тудыру үшін объективтік  шындықта өздеріне сәйкес келетін заттардың  болуы міндет емес. Түпнегіз идеясы сезім мүшелерімен тәжірибе арқылы алынған деректерді көбейту, азайту, байланыстыру сияқты ой күшінің қабілеті арқылы қалыптасады. Мысалы, құдай идеясы адамдарға тән ақыл, данышпандық, қайырымдылық, көрегенділік т.б. с.с қабілеттіерді жинап, оларды адамның өзінен тыстатып, табиғатта жоқ құбылысқа телуінен пайда болады. Тәжірибенің өзі Юмның түсінігінше, себептері белгісіз және түсінуге болмайтын «әсерлердің үздіксіз қимылы». Ал фактілердің себептері мен салдарын қайталанып қойылған тәжірибе және өз алдына дербестігін «ойлауға әдеттену» арқылы танып-білуге болады. Бұл жерде «ойлауға әдеттену» - өзіне себептілік инстинктінің көмегінің арқасында, себептілік заңы ретінде өмір сүретін құбылыс. Демек, Юм объективті себептілікті жоққа шығара отырып, сезім «әселерінен» туындаған идеяларды субъективтік себептілік ретінде мойындайды. Себептілік заңы тек қана жүргізіліп жатқан тәжірибе шеңберінде үстемдік ете алады, ал оны тәжірибелік деректерден транценденттік идеяларға таратуға болмайды. Таным процесінің ең басты мақсаты - тәжірибе арқылы айқындалған табиғи құбылыстардың себептерін жиынтықтап, олардан туындайтын көптеген салдарды сан жағынан аз жалпы себептерге бағындыру.

Адамдардың  іс-әрекетінің негізінде себептілік жатыр. Бұл себептіліктер біздің табиғи қалыптасуларымыз, сұраныстарымыз және құмарлығымыздың негізінде қалыптасады. Ал ақыл-ой себептіліктің негізі бола алмайды, демек ол ешқандай іс-әрекет туғызбайды. Ол тек қана ақиқат пен жалғандық, табиғилық пен жасандылық туралы ой сараптап, олардың орталарын ажырата білуге үйретеді.

Юм осы  уақытқа дейін айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық антропологиялық тұрғыдан философиялық рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист.

Егер  ағылшын философтары білімді  тек сезімдік түйсіну арқылы алуға  болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт (1596-1650жж) ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға қойып, тәжірибенің рөлін сол ақыл-ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Бірінші философия туралы метафизикалық олар», «Философия бастамасы» т.б.

Декарттың философиясы өз бастамасын «күмәндану»  қағидасынан алады. Ол дәстүрлі қалыптасқан  пікірлерге де, сезімдік танымның ақиқаттығына да күмәнданады. Нағыз шындық - «күмәндануды»  ойлаудың қабілеті деп мойындау. Оның «Мен ойлаймын, олай болса, өмір сүремін» деген қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді: біріншіден, ол танымның негізін объективтік шындықтан іздемейді, керісінше таным процесінің өзінен табуға ұмтылады; екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы (түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді.

Декарттың пікірінше бір мезгілде, бір-бірінетәуелсіз, бірақ байланысты рухани түпнегізбен (құдай) қатар, материалдық түпнегіз де (табиғат) өмір сүреді. Рухани түпнегіздің  ажырамас ең басты атрибуты - кеңістікте көсілуі.

Декарттың философиясы артында өзіндік  із қалдырған, соны идеяларымен кейінгі  философиялық ағымдарға ықпал етіп, адамдарды басқаша ойлау арқылы, қазіргі техниканы жасауға мүмкіндік  туғызды.

Спиноза Бенедикт (1632-1677 жж) нидерланд философы. Негізгі еңбектері: «Діни- саяси толғау», «Декарт философиясының қағидалары», «этика» т.б.

Спинозаның  ілімі бойынша, барлық материалдық  денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол - субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем, түпнегіз біртектес, бірреттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегізді ешкім құдай да, табиғат та жаратпайды, ол өзінің өзінен пайда болуына себепкер (саша зиі). Түпнегіздің атрибуттары модустарды дүниеге әкеледі. Олардың өздері екі түрлі болады. Біріншісі, түпнегіздің атрибуттарынан тікелей туындаған модустар. Бұлардың өзі атрибуттарының табиғатына қарай: а) кеңістікте көсілу атрибутынан - қозғалыс және тыныштық модустары; б) ойлау атрибутынан - ақыл-ой және жігер модустары, болып бөлінеді. Екіншісі, әлемдегі жеке денелер - модустар. әлемтүпнегізбен пара-пар болғандықтан, бұл модустар - түпнегіздің (әлемнің) жеке денелер арқылыкөрінуі. әлем универсум (әмбебап жалпы ұғым) ретінде мәңгі және өзгермейді. Ал оған кіретін жеке денелер үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болады. өзгермейтін, қозғалмайтын әлеммен үздіксіз өзгерісте, қозғалыста болатын жеке денелердің арасындағы байланыс қозғалыс модустары арқылы жүзеге асады.

Спинозаның ілімі бойынша, тек денелер ғана модустер емес, сонымен бірге идеялар да - модустар. Олай болса адамдар өз мүмкіндіктерін, және табиғаттың заңдылықтарын, сырын неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым ол өзі үшін әдептілік қағидаларын белгілеп, пайдасызіс-әрекеттерден аулақ болып, құдайдың мәнін түсінугежақындар еді. Ал құдайды жақсырақ түсінген сайын, оны көбірек сүйеміз. Осындай құдайға дегенсүйіспеншілік те - біздің игілігіміз. Адамдар өзін туғаннан еріктімін деп есептейді, шындығында олар ерікті емес. Өйткені олардың іс-әрекеттері себептілікке бағынады. Бұл заңдылықты білмегеннен кейін, олар өздерін еріктіміз деп ойлайды.

Құдайдың (түпнегіздің, табиғаттың, әлемнің) мәнін, мазмұнын, табиғатын түсіну тек математикалық  тәсілді қолданған ғылымдардың  ісі, ал дінге келетін болсақ, оның құдай туралы айтқан пікірлері қате. Жалпы алғанда діннің шығуына екі турлі себептер әсер еткен. Олар: 1) адамдардың табиғаттың өзнен табиғаттағы құбылыстардың себептерін түсіндіре алмауы, және 2) олардың табиғаттың дүлей күштерінің алдындағы қорқынышы.

     Қазіргі заман философиясы белгілі бір  әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға  қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді.

Философияның  ендігі мәселесі капиталистік өндіріс  нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі  ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия сонымен қатар  жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.

Жаңа  көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде  тануға, дүниенің барлық салаларын  жан-жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты  толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге ұмтылды.

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың экспериментальдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ рационалистер Декарт пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демакрациялау туралы мәселені шешу мен айналысты. 
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып, діннің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр — бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспеиментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына Ф.Бэкон, Т.Гоббс, РДекарт және т.б. жатады. 
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады: 
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;

 
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;

 
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;

 
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті  әдісі.

 
Бэконның пікірінше ғылым адамның  табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді  және бақытты қоғам құрудың алғышарттарын  қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар ескі философиялық дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа және стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілеті мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы. Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет білімді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде жұмақ орната алады!

 
Дәл осы Жаңа заманда ашылған  философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың  алмасуы іске асады: бұдан былай  табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Лоқктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы кумән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады. 
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының) объекті деп қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Зандылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми өдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді. Адам енді отбасымен, мемлекетпен және логоспен үйлесімді өмір сүретін қарапайым емес. Адам енді ғылыми білімнің көмегімен универсум объектілеріне билігін бекітетін субъект. Осыған байланысты Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі). Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе, ал эмпиристер (Локк, Юмжәне т.б.) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ — субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселесі болды. Спинозаның пікірінше, субстанция өз-өзіне себеп болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады. 
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал Р. Декарттың бұлардан айырмашылығы, ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру, демек қабылдану» деген методологиялық принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен байланысады. 
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани (ментальдық) субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны, жаратылыстану ғылымындағы «меннің» себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда да, саясатта да маңыздылығын көрсетті. 
Субстанция мәселесі төңірегіндегі пікірталастар тек философиялық рефлексия нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның нақты практикалық әрекетінің теориялық-абстракциялық бейнесі де болып табылады. Себебі, ол ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен үстемдігіне ғана сеніп қоймай, қоршаған орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен емес, өз заңдылықтарымен өмір сүретіні туралы білімге сүйене отырып, өзінің нақты практикалық әрекетіне де сенуі тиіс. Бұл сенім барлық жүзеге асатын нәрсенің материалдығы, оның себептілігі мен кұрылымдылығы, шексіздігі мен мәңгілігі туралы біліммен бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам мен қоғам өмір сүруінің қажетті шарты ретінде әлемнің, географиялық, табиғи ортаның материалды екендігін негіздеуге ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес қосты.

Информация о работе Жаңа заман кезіндегі ғылым философиясы