Жаңа заман философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Жаңа заман философиясы мен мәдениеттің дамуына Ренессанс (жаңғырту) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика, жаратылыстанымдық ғылымдардың эксперименталдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды.

Работа содержит 1 файл

Жаңа заман философиясы.doc

— 45.50 Кб (Скачать)


Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жаңа заман философиясы

 

 

 

 

 

Орындаған:

 

 

Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

                              Арқалық 2010

                                      

 

                                  Жаңа заман философиясы

      

      Жаңа заман философиясы мен мәдениеттің дамуына Ренессанс (жаңғырту) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық  ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғасырларда жаратылыстанымдық және математикалық ғылымдар белсенді түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай классикалық механика,  жаратылыстанымдық ғылымдардың эксперименталдық негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан философияның ғылымға  қатынасын анықтау көптеген  философтардың маңызды міндетіне айналды.  Осыған орай философ – рационалистер Декарт пен Лецбниц, философ – эмпиристер Локк және Юм, трансценденталист Кант философиясы мен  жаратылыстану  арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

      Дәл осы Жаңа жаман тұсында ғылым алдыңғы орынға шығып,  діннің беделі мен билігі мәдени  кеңістіктің жиегіне  қарай ығыстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғыш рет дінді  сынап және табиғатты эксперименталды  зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік  етуде рационализмді уағыздаған  Жаңа заман философтары қатарына  Ф.Бэконб Т.Гоббс,  Р.Декарт және т.б жатады.

    Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:

   1. Табиғатты зерттеудегі обьективтілік;

   2. Ғылыми және философиялық әдістің өзіндік құндылығы;

   3. Табиғаттан технологиялық  үстемдік;

   4. Табиғи әлемді зерттеудің индуктивті әдісі;

     Бэконның пікірінше ғылым адамның  табиғаттан үстемдігін қамтамасыз етеді  және бақытты қоғам  құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы  гносеологиялық схемалар  мен стереотиптерді  тазалауы қажет. Кедергілер түрінгдегі мұндай идолдар қатарына ол тектік  идолдарды, индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар  ескі философиялық  дәстүрлер әсерінен қалыптасқан. Ф. Бэкон адамдарды ағарту мен надандыққа стереотипке қарсы күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан құтылып, нағыз танымға  жол сілтеуге мүмкіндік беретін педагогиканы дайындады. Сонымен қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық теориясына өзінің саяси  утопиясын қарсы қойды. Бэкон пікірінше адамзат қоғамы өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі адамның табиғатты пайдалану қабілетімен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға жылжиды және тарихты құдай емес адамның өзі қозғайды – міне, Бэконның идеясы. Бұл тұжырымның негізін Бэкондық индукция теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет біліиді береді және ғылымның көмегімен адам жаңа қоғам – аспанда емес, жерде жұмақ орната алады.

 

   Дәл осы Жаңа заманда  ашылған философиялық идеялар  мен ғылыми жаңалықтардың  арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі  обьектіге, ал адамның өзі субьектіге айналады. Жаңа заманда тілдің  стратегиясында да өзгерістеп болып терминологияны пайдаланудың жаңа тәсілі пайда болды және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа дейінгі, Локтан Кантқа дейінгі  Жаңа заман философтары  жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдындағылармен  салыстырғанда субьективтіліктің  философиясы болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті  әдісті  идолдарды игеру  және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күман деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық  стратегияның жалпы түпкі  бастауы субьект ретіндегі адам болып саналады.

    Адамды субьект ретінде қарастырып , ал табиғатты адам эксплуатациясының обьекті деп  қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Заңдылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми әдістерді пайдалануадамға обьекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді. Адам енді отбасымен, мемлекетпен және логоспен үйлесімді өмір сүретін қарапайым “ zoon politikon” емес. Адам енді ғылыми білімнің көменгімен универсум обьектілеріне билігін бекітетін субьект. Осыған байланысты Жаңа замандағы философиялық тайталастардың ең өзекті мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі мәселесі, айқындықтың критерийі. Егер рационалистер  (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза)  “айқындылықты” рационалды интуиция арқылы өзінен - өзі көрнекіліктен көрсе, ал эмпиристер (Локк, Юм және т.б) “айқындыққа” бақылау арқылы, “эмпирикалық тексеру” арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа заман философтары арасында пікірталас туғызған келесі маңызды сұрақ – субстанция, оның атрибуттары мен акциденциялары мәселесі болып табылады. Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция танушы  адамның алдында ара қашықтық ретінде және ойлау ретінде көрінеді. Субстанцияның өзін өте шексіз  көптеген тәсілдер ішінде осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент ретінде монаданы мойындайды, олардың синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.

     Т.Гоббс барлық мәндліктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістікпен  уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламетри сияқты философтар да қолдады. Ал  Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы,  ол  Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындады.  Беркли өзінің “өмір сүру, демек қабылдану” деген методологиялық принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай, деп есептейді. Барлық нәрсені қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі Құдаймен қабылдану арқасында ғана.  Құдай барлық нәрсенің себебі  ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады, өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз соның арқасында ғана өмір сүреді, бір – бірімен байланысады.

      Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алды. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоициацияға және тәжірибеге беріліуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны,  жаратылыстану ғылымындағы “меннің” себептілігін артық деп есептеді,  ғылым үшін  тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда да, саясатта да маңыздылығын көрсетті.

      Субстанция мәселесі төңірегіндеғі пікірталастар тек философиялық рефлексия нәтижесі ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның нақты практикалық  әрекеттің теориялық – абстракциялық бейнесі де болып табылады. Себебі, ол ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен үстемдігіне  ғана сеніп  қоймай,  қоршаған орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен  емес, өз заңдылықтарымен өмір сүретіні туралы білімге сүйене отырып, өзінің нақты практикалық әрекетіне де сенуі тиіс. Бұл сенім  барлық жүзеге асатын нәрсенің материалдығы,  оның себептілігі мен құрылымдығы, шексіздігі мен мәңгілі  туралы біліммен бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам мен қоғам өмір сүрунің қажетті шартыретінде әлемнің, географиялық, табиғи ортаның материялды екендігін  негіздеуге ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес қосты.

     Ағартушылық дәуірі Еуропаның  мәдени  дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық идеялары  шенеуніктер мен буржуазияның санасында және ойында, әрекетінде берік  сақталып қалды. Ағартушылық идеялары Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі белсенділіктің  артуына, неміс мәдениетінің жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.



Информация о работе Жаңа заман философиясы