Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 22:59, реферат
Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды).
Жаңа
заман философиясы
Философия – өз алдына ғылым. Ол, ең алдымен, дүниетанымдық, теориялық, методологиялық ғылым. Философия бүкіл әлемді оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бұл гректердің ертедегі екі сөзінен құралған ұғым (philio – сүйемін, sohpia – даналық, екеуі қосылып “философия” деген сөзді туғызды). Арабтар бұл сөзді тіліне жеңілдетіп “фәлсафа” деп атаған. Бірақ қазірде “философия” деген сөз бұл ұғым шеңберімен шектелмейді. Ол сонымен бірге дүниетаным, өмірлік позиция, іс-әрекет. Философияның тікелей айналысатын проблемаларына жататындар:
Философтарды ойландырған мәселелер: Дүние қалай құралған? Адам өмірінің мәні неде? Шындық деген не? Дүние мәңгі ме? – деген сұрақтар болды? Соларға жауап іздеді. Философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қараудың негізінде дүниеге келді. Адам кез-келген затқа сын көзбен қарауы керек. Біз дүниеге, бір нәрсеге сын көзбен қарау арқылы, ойлап, зерттеп, өзімізге сол зат туралы бір көзқарас қалыптастырамыз. Кез-келген адам философ болуы мүмкін. Себебі ол ойлай алады, сын көзбен қарап, көзқарас қалыптастырған болса, неге ол философ болмасқа.
Жаңа
заман философиясы мен
Дәл осы Жаңа заман түсында ғылым алдыңғы орыпға шы-ғып, дшнің беделі мен билігі мәдени кеңістіктің жиегіне карай ышстырыла бастайды. XVII ғасыр - бұл ғылыми рационализмнің қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап және табиғатты экспериментальды зерттеуді негіздеп, әлемге үстемдік ету-де рациошлизмді уағыздаған Жаңа заман философтары қатарынаа Ф.Бэкон, Т.Гоббс, Р.Декарт және т.б. жатады.
Ф.Бэкші жаңа философия методологиясының мынадай принциптерін ұсынады:
Бзконның
пікірінше ғылым адамның
Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан былай табиғат пен заттар әлемі объектіге, ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер болып, терминологияны «пайдаланудың» жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның нәтижесі болып табылады. Беконнан Декартқа дейінгі, Локктан Кантқа дейінгі Жаңа заман философтары жаңа философиялық стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды. Жаңа заман философиясы алдыңғылармен салыстырғанда субъективтіліктің философиясы болып қалыптасты. Егер Бекон индуктивті әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа жету әдісі деп санаса, Декарт адамның құралы күмән деп есептеді, ал Локк индивидуалды тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық береді. Жаңа философиялық стратегияның жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі адам болып саналады.
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының) объекті деп қарастыратын жаңа философиялық парадигма ғылыми әдістерді қолдануға мүдделі болды. Заңдылықтар мен себептік байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми әдістерді пайдалану адамға объекттің үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді.
Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц, Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция арқылы өзінен - өзі көрнекіліктен көрсе, эмпиристер (Локк, Юм және т.б) «айқындыққа» бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру» арқылы жетуге болады деп есептейді.
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде материяны мойындайды, оның кеңістік пен уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны табиғи әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций, Гольбах, Ламерти сияқты философтар да қолдады. Ал Р.Декарттың бұлардан айырмашылығы ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да (материя), ойлаушы болмысты да мойындайды. Беркли өзінің «өмір сүру» демек, «қабылдану» деген методологиялық принципіне сәйкес жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді. Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай. Философтың пайымдауынша барлық заттардың өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің тұжырымдауынша осылай Құдай жаратушы, сақтаушы және сыйлаушы болып табылады.
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция ретінде қарастыру идеясын да, рухани субстанция туралы идеяны да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция туралы идеяны жаратылыстану ғылымындағы «меннің» себептілігін артық деп есептеді, ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды. Сонымен Юм әлемдені барлық білім тәжірибеден алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда да, моральда да, саясатта да маңыздылығын көрсетті.
Джон Локк – XVII-XVIII. Психолог-педагог басты еңбегі «Адамның ақыл-ойы туралы тәжірибе». Локк төлем процесі психологиялық теория тұрғысынан негіздеп психология ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бекон білім тәжірибеден шығады десе, Локк оған тәжірибенің өзі сезімдік түйсіктер арқылы пайда болады дейді. Локктың таным теориясы үш қағидадан тұрады.
1. Қолда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады.
2.
Адамдардың дүниеге келген
3.
Ақыл-ойда тек сезімдік
Рене
Декарт 16-17 ғ. француз философы. Егер
ағылшын философиясы білімді тек сезімді
түйсіну арқылы болады деп есептесе, Декард
ақыл-ойды таным процесінде бірінші орынға
қойды. Декард танымның негізін объективті
шындықтан іздемейді, керісінше таным
процесінің өзінен табуға ұмтылады және
бұл мәңгіліктің екі субстанциясы бар
екенін мойындауға итермелейді. Бұның
пікірінше бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз
бірақ байланыста рухани түп негізбен
қатар материалдық түп негізде өмір сүреді.
Рухани түп негізде ең басты атрибуты
ойлау болса, материалдықта кеңістікте
көсілу. Барлық заттар ұсақ бөлшектерден
тұрады. Таным негізінде кеткен қателіктер
адамның ойлау қабілетінен емес, оның
ойлау әдісінен дейді.
Нидерлан философы Спиноза. Басты еңбегі «Өлім – саяси толғау», «Этика».
Спиноза ілімі бойынша барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым ол субстанция, яғни түп негізгі мәні Құдай әлем, табиғат түп негізгі біртектес дейді. Ең маңыздысы кеңістікте көсілу мен ойлау дейді. Түп негізге сансыз көп атрибуттар тән.