Ғылыми білімнің құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 10:32, реферат

Описание работы

Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Работа содержит 1 файл

Лекция № 6 Ғылыми білімнің құрылымы.doc

— 97.00 Кб (Скачать)

Теория  — ғылыми білімнің формасы. Теория және ғылыми бағдарламалар.

Ғылыми теорияның қурылымы.

Ғылыми теориялардың классификациясы.

Ғылыми түсініктер және олардың пайда болу жағдайлары

Ғылыми-танымдық әдістемелер.

Ғылым заңдары.

Ғылыми революциялардың ерекшеліктері

ТЕОРИЯ — ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ФОРМАСЫ. ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ БАҒДАРЛАМАЛАР

Ғылымды қоғамдық сананың формасы ретінде түсіну және ақиқат туралы нақты білім беретін мәдениет сферасы ретінде қарастыру — толық емес және аяқталмаған жағдай. Ғылыми білімнің пайда болуының формалары туралы мәселелер толығымен шешілген жоқ. Ғалымдар ғылыми білімнің негізгі формасы ғылыми теориялар деп санайды.

Теория-ғылыми білімнің ең күрделі және дамыған формасы. Гене-тикалык, жағынан, классификациялау секілді оның қалыптасуына негіз болған формалардан соң пайда болды. Сондықтан, теориялар про-граммалар мен гтарадигмалардың негізінде пайда болады. Парадигма -дегеніміз — нақты бір ғылыми зерттеуді анықтайтын және ғылым да-муының белгілі бір кезеңінде танылған алғы шарттардың жиынтығы. Осы парадигмалар шеңберінде теорияларда қолданылатын ең маңызды базистік жағдайлар анықталады, ғылыми түсінік беру мен ғылыми білімді уйымдастырудың, оған баға берудің үлгілері қарастырылады. Ал бул базистік жағдайлардың ортақтастығы ғылыми программалар негізіне жататын философиялық принциптермен анықталады.

Қоғам мәдениетінің әркелкілігіне байланысты бір мәдени-тарихи біртұтастықтың шеңберінде бірнеше ғылыми программалар қалыптасады. Сонымен бірге бір ғылыми теориялар   тудырады.

Ғылым мен мәдениеттің байланысын жете түсінбеу — ғылым дамуы мен ғылыми парадигмалардың ауысуын көрсететін себептерді анықтаудың мүмкін еместігіне әкеліп соғады. 

 

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Ғылыми теорияның құрылымын зерттеуге кірісерде оның мазмүндық жэне формальдық жақтарын да ескеру қажет.

Мазмүны жағынан теория — ең алдымен, эмпирикалық базистен, атап айтқанда, тәжірибелер барысында анықталған және теориялық түрде қорытындылауды қажет ететін білім фактілерінің жиынтығынан; теорияның логикалық аппаратынан, яғни теория шеңберінде қарастырылатын қорытындылар мен дәлелдемелерден; теорияның өзінен, яғни дәлелдерімен қоса алынған тужырымдамалардан түрады.

Дегенмен, теорияны талдаудың формальды жағы да қызықты. Бүл жағдайда теория объектіге постулаттар, аксиомалар, жалпы заңдар түрінде анықтама береді. Олар көбінде басқа теориялардың терминдері арқылы анықталып, дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде болады.

Теорияның өзіндік негіздеріне логикалық түрғыдан оның қалған терминдерімен сөйлемдерді толықтырып туратын негізгі термин сөздер мен сөйлемдер жатады.

Сонымен қатар, теорияның қосымша негіздері де бар. Олар бірнеше топқа белінде:

1) Семиотикалық негіздер — теорияның тілін қалыптастыру ережелері. Көптеген ғылыми теориялар табиғи тілді (біз өзіміз қолданып жүрген) қолданады, ал кейбір теориялар үшін формальды тілді (мысалы  компьютерлік бағдарламалардың тілдері)  қолдану  қолайлырақ 
болады.

2) Методологиялық негіздер — сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін.

3) Логикалық негіздер — бұл теория терминдерін сөйлемдерін логикалық түрде жүйелеу.

Қазіргі теориялар көпке әйгілі «аристотельдік» логиканы ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар көптеген классификациялық емес логикаларды да қолданады.

Прототеориялық логикалар — булар белгілі бір теорияның негізі болып саналатын теориялар. Мысалы, физика үшін математика, ал жалпы жаратылыстану философиясы үшін — барлық жеке жаратылыс ғылымдары тағы басқа.

Философиялық негіз — теорияны негіздеуге, оның мәселелерін шешуге арналған философиялық принциптер мен категориялар. Фило-софиялық негіздер белгілі бір ғылымның жаңалануына және негізгі мәселелерін шешуге көмектесуі тиіс. 

 

ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАРДЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Ғылыми теориялардың мәні жэне пайда болуы туралы зерттеген кезде оларды классификациялауға да мән берілуі тиіс. Ғылым зертте-ушілер әдетте ғылыми теорияларды үш түрге бөледі.

Бірінші түрге жататындар — сипаттамалық (эмпирикалық) теория-лар жатады. Мысалы: Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы, И.Павловтың физиологиялық теориясы тағы басқа. Көптеген тәжірибелік (эмпирикалық) мәліметтердің негізінде бул теориялар белгілі бір объектілер мен процестерді сипаттайды.

Ғылыми теориялардың екінші түрі математикаландырылған ғылыми теорияларды құрайды. Теориялардың бүл түріне теориялық физика саласындағы теориялар жатады. Көп жағдайда бул теориялар аксиомалар түрінде беріледі.

Үшінші түрге жататындар — дедуктивтік ғылыми теориялардың жүйесі.

Алғашқы дедуктивтік теория Евклидтің «Бастамалары». Бүл теориялардың негізгі мазмуны ең басында беріледі де, ал бүдан шығатын қорытындылар теорияға соңынан енгізіледі. Дедуктивті теориялар әдетте ерекше бір шартты тілмен беріледі.

Аталған әрбір ғылыми теориялардың мазмүны мен ерекшеліктері — олардың пайда болуы — ғылыми түсініктердің қалыптасуымен тығыз байланысты. 

 

ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ

Түсінік дегеніміз — заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен қатынастары бойынша берілетін санадағы бейнесі, сонымен қатар, заттарды жалпы белгілері бойынша жіктейтін немесе біріктіретін ойлау формасы.

Оларды эмпирикалық және теориялық түсініктер деп бөлуге бола-ды. Олардың арасында абсолюттік шекара жоқ.

Әдетте эмпирикалық түсініктерге реальды шындық жағдайындағы қубылыстар мен заттарға байланысты түсініктер жатады, ал теория-льщ түсініктер де объективті өмірдегі заттар мен құбылыстарға байла-нысты, бірақ олардың негізгі қасиеттеріне бірден байқала бермейтін гипотетикалық қасиеттері алынады.

Мысалы, «температура» деген түсінікке біз эмпирикалық және тео-риялық тұрғыдан анықтама берелік. Эмпирикалық деңгейде буған сы-нап бағанының биіктігі арқылы анықтама беруге болады, ал теория-лық деңгейге келетін болсақ, температураны дене молекулаларының орташа кинетикалық энергиясына пропорционал шама ретінде қарастыруға болады. Бұл жерде еске ала кететін бір жағдай: кез келген идеалдық объектіні сипаттау үшін реальды қасиеттер мен қатынастарды пайдалану шарт емес, гипотетикалық тұрғыдан қарастыру да жеткілікті.

Ғылымның мақсаты — әр түрлі заттар мен қубылыстардың қайталанып отыратын маңызды қасиеттері мен қатынастарын көрсететін жалпы заңдарды анықтау.

Ал  бүл мақсат ғылыми абстракция арқылы жүзеге асады.

Абстракция ғылыми теорияға сәйкес келуі керек.

ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР

Әдістеме дегеніміз — қалаған нәтижеге жетуге көмектесетін әрекеттер жиынтығы.

Әдістеменің маңызын Жаңа уақытта ең алғаш рет француз мате-матигі әрі философы Р.Декарт өзінің «Әдістеме туралы талдау» атты еңбегінде атап көрсетті.

Әдістеме адамдардың қабілеттерін теңестіріп қоймай, олардың қызметін де біркелкі жүйеге түсіреді, ал буның өзі барлық зерттеу-шілердің бірдей нәтижелер алуына көмектеседі.

Әрбір ғылым саласының өз зерттеу пәні болуымен ңатар, өзіне тән зерттеу әдістемелері бар. Пән мен танымдық әдістеменің бірлігін негіздеген неміс философы Гегель.

Ғылыми әдістеме зерттеудің әр деңгейінде қолданылатын жеке-жеке әдістемелерден түрады. Сондықтан, олар теориялық және эмпи-рикалық әдістемелер болып бөлінеді.

Теориялық деңгейдегі ғылыми зерттеулер әдістемелеріне мына-ларды жатқызуға болады: 1) формальды — зерттелетін процестердің мәнін ашатын абстрактылы-математикалық жобалар жасау; 2) аксиомалық теорияларды дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомалар түрінде құру; 3) гипотетикалық дедуктивті әдістеме — бір-бірімен дедуктивті түрде байланысқан гипотезалардың жүйесін жасау.

Ал  эмпирикалық әдістемелерге жататындар: бақылау — объективті жағдайдың қубылыстарын мақсатты түрде қабылдау, сезіну; сипаттау — объектілер туралы мәліметтерді тіл қуралдары арқылы жеткізу; өлшеу — объектілерді ұцсас қасиеттері мен жақтары бойынша салы-стыру; эксперимент (тәжірибе) — қубылыстарды қайталау мақсатымен арнаулы жасалған және бақыланған жағдайларға зерттеулер жүргізу.

Сонымен қатар, жалпы әдістемелерді де бөліп қарауға болады, олар:

1) анализ  — тұтас  заттарды  толық зерттеу жүргізу  үшін  жеке құрамдас бөліктерге бөлу;

2) синтез  — заттың бурыннан жіктелген жеке қүрамдас бөліктерін біртұтас жүйеге біріктіру;

3) абстракциялау  -  зерттелетін құбылыс үшін маңызы жоқ қасиеттер мен  қатынастар арасынан қажетті қасиеттер мен қатынастарды бөліп алып қарастыру;

4)қорытындылау — нәтижесінде объектінің жалпы қасиеттері мен белгілері анықталатын ойлау тәсілі;

5)индукция —  жалпы қорытынды жекелеген жағдайлардан жасалатын зерттеу әдістемесі;

6)дедукция —  жалпы қорытындыдан жекелеген пікірлер тудыратын талдау тәсілі;

7)аналогия —  объектілердің бір белгілерінің уқсастығы бойынша, келесі бір белгілерінің де уқсастығын анықтауға арналған ғылыми тәсіл;

8)жобалау — объектіні  оның көшірмесін жасап, зерттеу;

9) классификациялау  — барлық зерттелетін заттарды маңызды бір белгілері арқылы жеке топтарға бөлу.

Қазіргі ғылымда сонымен қатар статистикалық әдістемелердің маңызы зор, олар зерттелетін заттардың барлығын сипаттайтын ор-таша мәндерді анықтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі жаратылыстанудың бір ерекшелігі зерттеу әдістемелері алынатын соңғы нәтижеге үлкен әсерін тигізеді. 

 

ҒЫЛЫМ ЗАҢДАРЫ. ҒЫЛЫМИ РЕВОЛЮЦИЯЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Ғылыми танымның мақсаты — шындықты айқын бейнелейтін ғылым заңдарын КҮРУ- Табиғатта заттар мен қүбылыстар арасында тұрақты түрде қайталанып түратын байланыстар, яғни объективті заңдылықтар бар. Осы объективті заңдылықтардың бейнелері заңдарды туғызады. Заңдар үнемі объективті сипатта болады, яғни объективті дүниенің қүбылыстарын байланыстыратын реальды про-цестерді білдіреді. Заңдар танымның сатылары іспеттес. Оларды ор-тақтық дәрежелеріне байланысты бірнеше түрге бөлуге болады: жеке заңдар (ғылымның шектеулі салаларына ғана қолданылатын), ортақ заңдар (бірнеше ғылыми салаларда қолданылатын заңдар), жалпы заңдар (болмыстың іргелі заңдары).

Заңның негізгі белгісі — әмбебаптық және шындықты айқын көрсету.

Ғылыми революция дегеніміз — ғылым дамуының белгілі бір ке-зеңінде пайда болып, оның ішкі қайшылықтарын шешетін, мазмүнын өзгертетін ерекше қүбылыстар.

Ғылымдағы революция сан қырлы. Олардың үш негізгі сипатта-рын бөліп қарастыруға болады:

1)жаңа эмпирикалық материалдарды теориялық түрде талдау жасау,

2)табиғат туралы бүрын қалыптасқан түсініктерді түбірімен жою;

3)тығырыққа тірейтін жағдайлардың пайда болуы.

Ғылыми революцияларға тән жағдай ол: ескі идеялар мен теория-ларды талқандап, шығарып тастау арқылы танымның теориялық негізін саналы түрде қайта құру.

Ғылыми танымның тарихи дамуы барысында бірнеше ғылыми револиэцуялардың түрлерін бөлігін қарастыруға болады.

1. Жеке  — білімнің тек бір аумағын қарастыратын микрореволюция

2. Кешендік — білім аумағының бірнеше салаларын қарастыратын революция;

3. Әлемдік — ғылым негізін тұтасымен өзгертетін жалпы революция.

Ғылыми революциялардың түрлерін анықтаған кезде мынандай жағдайларды еске алу қажет:

1)    ғылыми революциялардың аумағы;

2)    ғылымның іргелі теориялары мен заңдарын қайта құру реңдігі;

3)    жаңа іргелі заңдар мен жаңа жалпы ғылыми жаратылыспгггтгү теориялар ашу;

4)    әлемнің жаңа картинасының қалыптасуы;

5)    ойлаудың жаңа түрін қалыптастыру;

6)    ғылым дамуының тарихи кезеңі,

7)    ғылыми революцияға ілесе жүретін әлеуметтік-экономика қайта құрулар.

Егер ғылым тарихына үңілетін болсақ, онда екі революцияны әлемдік, іргелі революция деп атауға болады: XVI-XVII ғасырлардағы техникалық революция мен XX ғасырдағы ғылыми-техникалық революция.

XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революция материя қозғалысының механикалық формасын зерттейтін ғалымдағы революциялық секіріс болды. Ол классикалық жаратылстанудың негізін қалады.

XIX ғасырдың ортасында бірнеше кешендік революциялар қатар болды. Олардың ішінде ерекше бөліп қарайтын революциялар: органикалық клетканың ашылуы, энергияның сақталу және айналу заңы, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, химиялық элементтердің периодтық жүйесі.

Бұл революциялардың мәні – заттар мен құбылыстарды даму және өзара байланыс тұрғысынан қарастыру.

Екінші әлемдік революция ХХ ғасырдың қарсаңында болды. Ол салыстырмалық  теориясы мен кванттық механиканың  шығуымен байланысты.

Қазіргі уақытта ғылыми білім әлеуметті  өмірдің барлық сфераларына енді. Ғылыми жұмыстардың өзі ақпарат беру мен ақпарат алудағы революциялармен тығыз байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Ғылыми білімнің құрылымы