Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2013 в 07:19, реферат
Тарихи философия П.Я.Чаадаевтың шығармашылығында бейнеленген.
Чаадаев Петр Яковлевич (1794-1856) -орыс ойшылы, қоғамдық- саяси қайраткері.
Негізгі шығармалары: әйгілі "философиялық хаттар" (1828-1830), "Жындының апологиясы" (1837), т.б.
П.Я.Чаадаев ақсүйек отбасынан шыкқан. 1812-14 жылдары орыс - француз соғысына қатысады. 1823-26 жылдары шетелдерде Ф.Ламенне және Шеллингпен кездеседі.
XIX ғасырдағы орыс философиясы
Тарихи
философия П.Я.Чаадаевтың шығармашылығында
бейнеленген.
Чаадаев Петр Яковлевич (1794-1856) -орыс
ойшылы, қоғамдық- саяси қайраткері.
Негізгі шығармалары: әйгілі "философиялық хаттар" (1828-1830), "Жындының
апологиясы" (1837), т.б.
П.Я.Чаадаев ақсүйек отбасынан шыкқан.
1812-14 жылдары орыс - француз соғысына қатысады.
1823-26 жылдары шетелдерде Ф.Ламенне және
Шеллингпен кездеседі.
1828-1830 жылдары атақты "философиялық хаттарын" жазады.
Онда Ресейдің "адам баласының дүниежүзілік
тәртібінен" қол үзгені, ұлттық тоқмейілсу
мен рухани тоқырау жөнінде күйінішін
білдірді. "Хаттардың" біріншісі
(барлығы 8) 1836 ж. "Телескоп" журналында
жарияланды. "Хат" "ойлай білетін
Ресейді" дүр сілкіндірді (Герцен), монархистік
топтардың зығырданын қайнатты. "Телескоп"
жабылып, оның редакторы Надеждин жер
аударылды, Чаадаев жынданған деп жарияланды.
1837 жылы Чаадаев "Жындының апологиясын"
жазды.
1840 жылдары Чаадаев Герценмен, Грановскиймен
бірге батысшылдардың славяншылдарға
қарсы күресіне қатысты.
Чаадаевтың дүниетанымы 1823 жылға дейін
сол кездегі француз энциклопедистері
мен XVIII ғасырдағы орыстың крепостниктік
кұрылысқа қарсы, ағартушылық идеялары
аясында тәрбиеленген Ресей ақсүйегінің
прогресшіл дүниетанымы болатын
Батысшылдар өкілдері:
А.Г. Герцен
Н.П. Огарев
К.Д.Кавелин
В.Г.Белинский.
Батысшылдар пікірінше, жалпы өркениет
жолынан бөлек, тек Ресейге ғана тән "бірегей'"
жол деген жоқ. Бірігейлік туралы әңгімелердің
мәні - Россияның әлемдік өркениеттен
артта қалып, өз ішінде, өзімен тұйықталуында.
Ресей үшін басты игілік -батыстық құндылықтарды
игеріп, өркениетті елге айналу.
Батысшылдардың қарсыластары славянофилдер
болды. Өкілдері: А.С.Хомяков
И.В. Киреевский
Ю.В.Самарин
А.Н.Островский
агайынды К.С. және И.С. Аксаковтар.
Славянофилдер пікірінше, Ресейдің тарихи
болмысының негізінде православие және
қауымдастық өмір салты жатыр. Сондықтан
орыс халқының менталитеті батыстан түбегейлі
өзгеше. Мысалы, Батыстың бәсекелістік,
индивидуализм, рухсыздық, т.б. қасиеттерімен
салыстырғанда Ресей халқына құдайшылдық,
өзара қолдау, көмек, коллектившілдік,
соборлылық тән. Славянофильдердің пікірінше,
орыстың тіл
мәдениетіне батыстық дәстүрді ендіру,
реформалау - бәрі де Ресей үшін ерте ме,
кеш пе қайғымен аяқталған.
Ортодоксалды-монархиялық
Н.В.Федоров
К.И.Леонтьев.
Н.В. Федоров (1828-1903) философиясының
басты тақырыптары: дүние тұтастығы; өмір,
өлім мәселесі; мораль және адамгершіліктік
өмірсалт мәселесі. Федоров пікірінше,
дүние біртұтас. Табиғат (қоршаған дүние),
Құдай, адам біртұтас және өзара байланысты.
Ерік пен ақыл олардың байланысы. Құдай,
адам, табиғаттың негізінде біртұтас әлемдік
ақыл жатқандықтан олар бір-біріне ықпал
етіп, толықтырып, өзара энергия алмасады.
Адам өмірінің "Ақиқат сәті" деп Федоров өмірдің
шектілігін, ал үлкен зұлымдық ретінде
өлімді атайды. Сондықтан адамзат өзара
жауластық, бөлініс атауына қойып, ең басты
міндет - өлімді жеңу мақсаты жолында бірігуі
тиіс.
Федоров келешекте ғылым мен техниканың
дамуы арқылы өлімді жеңу мүмкіндігі туатынына
сенді. Жеңіс - өлім құбылысын тоқтату
емес, (өйткені, өлімді тоқтату мүмкін
емес қой), өмір, тіршілік процесін қайта
тудыру арқылы іске асады.
Федоров пікірінше, тірілу, қайта туу
мүмкіндігіне деген сенімді Иисус Христос
берді.
Федоров философиясы тұрпайылықтан, араздықтан
арылып, моральдың жаңа үлгілерін қабылдауға
шақырады. Адамдардың адамгершілікті
жаппай ұстануы - барлық мәселелерді шешіп,
жалпығаламдық бақытқа әкеледі деп санады
Федоров.
Федоровтың пікірінше, шектен шығатын
өзімшілдікпен қатар, адам тәртібіндегі
альтруизм де ұшқарлықтың көрінісі. "Әркіммен
және әркім үшін" өмір сүру қажет.
Орыс философиясындағы діни бағыттың
келесі өкілі - К.Н.Леонтьев (1831-1891). Леонтьев орыс
халқының өмірінің жағымсыз жақтарын,
капиталистік қатынастарды сынады. Капитализм
Ресейдің халық ретінде жойылуына апаратын
жол - "опасыздық пен сұмдықтың патшалығы".
Жойылу қаупінен сақтайтын жол біреу —
ол капитализмнен бас тартып, Батыс Европадан
бөлініп, Византия үлгісіндегі православиелік-христиандық
орталыққа айналу. Ондай Ресейдің сипатына
православиелілікпен қоса самодержавие,
қауымдастық және сословиелік бөлініс
жатады. Тарихи процесті Леонтьев адам
өмірімен салыстырады. Адам өмірінің белестері
сияқты әрбір халықтың тарихында туылу,
гүлдену және өшу-жойылу кезеңдері болады.
Өз амандығына ұмтылмаған, ұйымдастырылмаған
мемлекет жойылады. Ішкі деспоттық тұтастық
- мемлекеттілікті сақтаудың кепілі. Мемлекеттілікті
сақтау жолында әділетсіздікке, күш көрсетуге,
басқыншьшыққа баруға болады.
Әдеби мұраларымен қоса философиялық
еңбектер қалдырған жазушылар -Ф.М.Достоевский
және Л.Н.Толстой – діни философиялық
бағыттың өкілдері болып табылады.
Ф.М.Достоевскнй (1821-1881) - Ресейдің болашағы капитализмде
де, социализмде де емес, орыс ұлтының
дәстүрлерінде деп түсінді.
Дін — мемлекет тарихымен қатар, адам
тағдырында да маңызды роль атқарады.
Дін — адам руханилылығын қорғап, оны
күнә мен зұлымдықтан сақтайды.
Достоевскийдің философиялық көзқарастарында адам
мәселесі үлкен орын алады.
Достоевский әрбір адам жүріп өтетін
өмірлік жолдың екі тармағын көрсетеді:
1. адам құдай жолы
2. кұдай адам жолы
Адамқұдай жолы - адамның абсолютті
бостандығы: адам бедел атауына, оның ішінде
Құдайды да теріске шығарады, өз мүмкіндіктерін
шексіз, өзін - не қаласа да ерікті, орындай
алатындай көріп, Құдайдың орнын басқысы
келеді. Бұл жолы тындаушылар түбінде
сәтсіздікке, күйреуге ұшырайды.
Құдайадам жолы - Құдай жолын ұстанып,
барлық әдеттері мен әрекеттерін қадағалау
осы жол, Достоевский пікірінше, сенімді,
ақиқат жарылу жолы.
Л.Н.Толстойдың (1828-1910) діни философиялық доктринасының мәні:
1. салтанатты ырым-жоралғы, культтер,
иерархиямен қоса көптеген діни догмалар
сыни тұрғыдан қайта қарастырлып, керексізден
тазартылуы тиіс;
2. діни — халыққа түсінікті де қарапайым
болуы тиіс;
3. Құдай, дін дегеніміз — қайырымдылық,
мейірбандылық, ақыл-парасат және ұждан;
4. өмір мәні - өзіндік жетілу;
5. мәселені шешуде қандай да болмасын
зорлық, күштеуден бас тарту қажет;
6. адам тәртібінің негізінде "қарсыласпау"
кағидасы жатуы тиіс;
7. мемлекет - күні біткен институт, және
ол - күш көрсету құрал болғандықтан тіршілік
етуге қақысы жоқ;
8. мемлекеттік құрылысты құлату, елемеу
- сол мемлекеттің азаматтарының саяси
өмірге қатыспай, шенеуліктер қызметке
бармай қоюы қажет;
Ф.М.Достоевский философиясы
Көрнекті
өкілі - В.С.Соловьев (1853-1900). Соловьев философиясының
басты ойлары:
1. Біртұтастық идеясы - болмыстың барлық
түрлері, жақтарының (материалды, рухани
т.б.) бірлігі мен үйлесімі идеясы;
2. адам өмірінің басты қыры - адамгершілік
екендігі туралы (адамгершіліктің төменгі
деңгейі - құлдық, жоғарғысы махаббат);
3. прогресс - ұрпақтар жалғастылығы мен
байланысының көрінісі екендігі;
4. тірілер мен өлілерді қайта тірілту
(рухани, тәндік-рухани тірілту) - адамзат
ұмтылатын басты мақсат болуы тиіс екендігі
туралы ой;
5. Құдай идеясы - ізгіліктің көрініс беруі;
6. "құдайадам идеясы'" - Құдай, ізгілік,
адамгершілік жолын ұстанған тұлғаның
өмір жолы; . .
7. София - ең жалпы, Құдіретгі даналық;
8. үш құрамнан тұратын - орыстық идея:
"Қасиетті Русь" (Москва -"Үшінші
Рим"), "Ұлы Русь" (Петр I реформалары)
және ''Азат Русь" (декабристер және
Пушкин рухы).
• С.Н.Булгаков (1871-1944) барлық христиандық
шіркеулерді бір ғана христиандық "экумендік"
Шіркеуге біріктіру туралы идеяны ұсынды.
Жер бетіндегі қайғының себебі -бөліністе
деп білді. Қоғамдық экономикалық, саяси,
рухани салаларға және әрбір саланың өз
ішіндегі жікке бөлінуінен. Діндегі христиандық
шіркеулердің (православие, католицизм,
протестантизм) болінуі.
Ізгілікке жету жолы - адамзатты бір ғана,
аса күшті, абсолютті Құдай мен христиандық
Шіркеуге топтауда деп білді Булгаков.
Булгаков адам тағдырының алдын-ала жазылатындығы
және адам өлімінен кейін Кұдай алдында
берілетін жауап туралы ойларды ақиқат
деп санады.
Діни бағыттың келесі өкілі - философ,
священник П.А.Флоренский (1882 ж. туылған,
қаза болған жылы белгісіз: 1937/1943).
Флоренский пікірінше дүние - өзара байланыстар
мен антиномиялардан құралған тұтастық
(дүниенің қиындығы мен жүйесіздігі, Құдайдың
жалғыздығы мен беріктігі, т.б. қайшылықтар).
Флоренский келешекте ашылатын техникалык
жаңалықтар көмегімен материя және рух
арасындағы өзара байланыс, уақыт пен
кеңістіктің тұрақсыздығы, салыстырмалылығы
туралы жаңа түсінікке қол жеткізуге болатынына
сенді.
Флоренский ойларының дұрыстығы кванттық
механика, Эйнштейннің салыстырмалылық
теориясы, т.б. физикалық-математикалық
жаңалықтармен дәлелденуде.
XIX ғасырдағы философиялық дәстүрді либералдық
бағыт аяқтайды:
В.И.Вернадский (1863-1945) - ғалым, философ-космист - ноосфера теориясын негіздеді. Адам эволюциясы барысында оның қоршаған табиғатқа ықпал ету, өзгертушілік әрекеті күшейе түседі. Нәтижесінде ноосфера - адам өмірінің, оның материалдық және рухани мәдениетінің, ақыл-парасатының сферасы (ноосфера) пайда болады. Ноосфера тоқтаусыз кеңейеді және болмыстың басқа да салаларын қамти түседі. Биосфера (өмір, тіршілік сферасы) үздіксіз ұлғая түсіп, біртіндеп ноосфераға ауысады. Вернадский пікірінше, ноосфера Жер бетінде жетекшілік жасап, космосқа да таралады.
Космизм - космосты, қоршаған дүниені (табиғатты), адамды өзара байланысты тұтастық ретінде қарастыратын философиялық бағыт. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері:
В.И.Вернадский
К.Э.Циолковский
А.Л.Чижевский
К.З.Циолковский
(1857-1935) материяның мәңгіліктігін,
жоқтан бар болмайтындығын және жойылмайтындығын
тұжырымдады.
Материяның негізінде ұсақ бөлшектер
- атомдар жатыр деп сенді. Атомдар түрліше
қиюласып, көптүрлі материалды денелерді
жасайды. Бүлінген заттар мен денелер
біржола жойылмайды - барлығы қайтадан
жаңа денелер құралатын атомдарға ыдырайды.
Әлемде атомдар айналысы толассыз жүруде,
ал материя әлсін-әлсін өз формасын өзгерткенмен,
жойылмайды.
Жердегі цивилизация - Әлемдегі тіршіліктің
бір ғана түрі емес деп санады Циолковский.
Өйткені, космос — жанға ие, ал өмір-тіршілік
- Космостық болмыстың бөлінбес белгісі.
Сондықтан Әлемде өзге де ақылды тіршіліктер
мен дамыған цивилизациялар бар.
Циолковский ғылым мен техниканың мүмкіндігіне,
адамның космосты толық игеруі мен болашақтағы
планетааралық цивилизациялар қатынасына
сенді
А.Л.Чижевский (1897-1964) - космостық биология туралы ерекше философиялық жүйе жасады. Оған сәйкес, Жердегі биосфера, тіршіліктің дамуы ішкі себептермен қатар сыртқы -космостық ықпалға байланысты.
Жер бетінде жүріп жатқан процестерге тікелей әсер етіп, биосфера тіршілігін басқаратын - Күн, жануарлар тәртібі, толқындардың қозғалысы, әлеуметтік катаклизмдер - соғыстар, төңкерістер - Күннің әсерінен. Кеңестік социалистік республикалар одағында Чижевскийдің "Күнге табынушылық" философиясы "ғылымнан алыс, дерексіз" деп жарияланып, философ қудалауға ұшырады.
Д.С.Мережковский (1864-1941) - адам және Құдай арақатынасы мәселесін қарастырды. Мережковский пікірінше, адамның тұлғалық калыптасуы 3 кезеңнен өтеді:
1. Мәжусилік(языческий)
2. Христиандыққаену
3. христиандықпен біртұтастыру, адамның
толық ішкі гармониялық үйлесімі Мережковский
көксеген адам және қоғам идеясы - мемлекетсіз
діни бірлестікте ізгіге абзал христиандармен
бірге өмір сүруші тұлға.
Л.Шестов (1866-1938) философиясы экзистенциализмге
жақын. Басты тақырыптары: адам, оның өмірі,
әрекеттері, құқықтары.
Шестов пікірінше, адам және оның өмірі
бірегей, адам өмірі сыртқы жағдайларға
тәуелсіз, әрбір адам өз мүддесін қорғауға,
іске асыруға, ал "ержүректер" өзін
қоғамға қоюға құқылы.
Әдебиеттер тізімі:
1. Ғ.Есім Сана болмысы А.,2000.
2. Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы А.,2006
3. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең.А., 2009
4. Бурбаев Т. Ұлт менталитеті А.,2001.