Томас Гобс

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:00, реферат

Описание работы

Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

Работа содержит 1 файл

Tomas gobbs.docx

— 11.70 Кб (Скачать)

Томас Гоббс (1588-1679 ж.ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы және бір жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстармен қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген механикалықкөзқарастың негізін қалады. Негізгі еңбектері: «Адамзат туралы философиялық бастапқы негіздеме», «Левиафан - материя, форма, мемлекеттік, діни және азаматтық билік».

 

Гоббстың пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.

 

Денелер кеңістікте көсіледі және салыстырмалы қозғалыста болады. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптастырады. Материя, денелер, өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан, геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміздің өзі - есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы.

 

Барлық денелер, әлем себептілікке байланысты болғандықтанжігер де себептілікке бағынышты. Ал жігер мен бостандық адам табиғатының нәтижесі болғандықтан, қажеттілікке байланысты еркін бола алады. Алғашқы қауым кезінде адамның табиғаты өзін- өзі сақтау, ләззатқа ұмтылу сияқты эгоизмге негізделген қажеттіліктен туатын еді де, қалыптасқан әлеуметтікжағдайға қарап өз іс-әрекетін ерікті түрде таңдайтын. Ал әрқайсысының еріктері бір-біріне қарама-қайшы келгендіктен, сол кездегі адамдардың табиғи көрінісі барлығының барлығына күресі болатын.


Информация о работе Томас Гобс