Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 16:45, реферат
Алман философтары Кант пен Фихтелердің анықтауы бойынша, халық өзін-өзі басқара алмайтын басқалардың басқаруында ғана болатын тобыр. Ұлт – басқаларға тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар халықтар жиынтығы. Рухы биік, намысы мықты ұлт қана тілін, мәдениетін, дәстүрін дамыта алады. Ал, рухы төмен халық тілінен айырылып, тобырға айналады да, өзінен күшті басқа халықтың құрамына сіңіп кетеді. Оның мысалы славян, кавказ және шығыс еуропа халықтарының ішіне сіңіп кеткен кешегі қыпшақтардың бір бөлігі.
Тіл және
мораль:
Алман философтары Кант пен Фихтелердің
анықтауы бойынша, халық өзін-өзі
басқара алмайтын басқалардың басқаруында
ғана болатын тобыр. Ұлт – басқаларға
тәуелді болмаған, өзінің мекемелеріне
ие және өзінің бірыңғай мүддесі бар
халықтар жиынтығы. Рухы биік, намысы
мықты ұлт қана тілін, мәдениетін, дәстүрін
дамыта алады. Ал, рухы төмен халық
тілінен айырылып, тобырға айналады да,
өзінен күшті басқа халықтың құрамына
сіңіп кетеді. Оның мысалы славян, кавказ
және шығыс еуропа халықтарының ішіне
сіңіп кеткен кешегі қыпшақтардың бір
бөлігі.
Өзінің тілі үшін күресіп, оны сақтай алған
халық ұлт болып қалыптасады. Оған ХIХ
ғасырдағы чех ұлтының ана тілін сақтап
қалу үшін болған күресі дәлел. Сол кезде
австро-герман империясының қол астында
болған чехтарды ана тілінен айырып, оларға
неміс тілін күшпен енгізіп жатады. Чех
тілі XV ғасырда қалыптасқан. Күрестің
басқа амалы таусылған соң чех ғалымы
монастырдан табылған осы тілдің тарихы
туралы кітаптағы чех тілінің шығу тарихындағы
алдыңғы Х деген сыфырды өшіріп тастайды
да, «чех тілі V ғасырда, неміс тілінен
бірнеше ғасыр бұрын пайда болған көне
тіл» деген аңыз таратады. Оған сенген
халықтың рухы көтеріліп, басқыншыларды
өз жерінен қуып шығып тәуелсіздігін алды.
Ұлттың қалыптасуы үшін оның тілі, тарихы,
дәстүрі, мәдениеті т.б. болу керек. Осылардың
ішіндегі ұлттың бірден-бір негізі - оның
тілі. Оның қадірі сын сағаттарда білінеді.
Кешегі “Алашордалықтар” мен бүгінгі
қазақ тілі үшін шырылдап жүрген ұлт жанашырларының
жанайқайына бүкіл қазақ бір ауыздан қосылуы
керек.
Тілі жоқ ұлт – тобырға айналады. Төрт
құбыламыздың тең бола алмай келе жатқаны,
ана тіліміз бен ұлттық дәстүріміздің
қадірін кетіріп алғанымыздан болар. Қазір
біздің жағдайымыз Асан қайғы бабамыздың
“Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн
көрер, Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп
күн көрер?!” дегенінмен бірдей. Соны жан
жүрегімізбен түсіне білейік. Көңілге
медеу болатыны, Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік
алуы мен соңғы жылдардағы экономиканың
дами бастауы. Ал, қамықтыратыны, тәуелсіз
ел болсақ та, ана тіліміз бен ата дәстүрімізді
үйрене алмай жатқанымыз. Ол “ұрпақтар
сабақтастығының үзілгені” деген сөз.
Үлкенді сыйлау, аруаққа сыйыну сияқты
ұлы қасиеттер, бабаларымыз - көне түркілерден
дүниенің төрт бұрышына тарап, соңынан
әлемдік діндер жүйесінің негізгі элементерінің
бірі болып енген еді. Төл тарихымыз бен
ата дәстүрді ұмыттық. Кезек ана тіліне
келді. Қазір тек жастар ғана емес, ересек
қазақтың көпшілігі, оның ішінде зиялы
атанып жүрген “шала қазақтар” ана тіліміздің
болашағына күмән келтіріп, кейде, тіпті,
қазақ тіліне қарсы шығуды өздеріне абырой
санайды. Бұл Абайдың сөзімен айтқанда,
“...бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың
бұл замандағылардан артық екі мінезі
бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың
мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз,
әлгі екі мінезін біржолата жоғалтып алдық”.
Ол қандай екі мінез? Оның бірі – ел билеу,
екіншісі – ұлттық намыс. Абайдың
кезінде, қалың жұрт қазақтың қаймағы
бұзылмай тұрған уақытында жоғалтқан
ұлттық намысты енді орнына келтіре аламыз
ба? Бұл қазақ ұлты алдындағы шешілуі ең
қиын мәселе. “Мың өліп, мың тірілген”
қазақтың тарихында осындай тар жол, тайғақ
кешулер бірнеше рет болған. “Ақтабан
шұбырындының...” кезінде қазақ жойылып
кетудің аз-ақ алдында қалды. Патшалы Ресей
отарлау кезінде халықты ел билеген ханынан
айырып, ойына келгенін істеді. Одан кейін
өткен ғасырдың отызыншы жылдары қолдан
қырғын ұйымдастырып, ұлтымыздың жартысына
жуығын жоқ қылды. Мұстафа Шоқайдың 1927
жылы, “...алдымен аралас мектептер ашып,
соңынан ондағы қазақша сыныптарды жабады.
Одан кейін жер аттарын, сосын қазақтың
ата-тегін өзгертіп жазады. Ең соңында
қасиетті Түркістан деген сөз қалады.
Егер осы сөз жойылса, онда Орта Азиядағы
түркі халықтары жойылып кетеді. Егер
ол қалса, онда түркі халықтары сақталуы
мүмкін” дегені айқын келді. Бізге екі
ғасырдан астам уақыт армандаған тәуелсіздік
Кеңес Одағының ыдырауымен келді. Бұл
тәуелсіздікті біз де, басқа одақтас республикалар
да күреспен жеңіп алған жоқпыз. Ол Асанқайғының
сөзімен айтқанда, “тағдыр бірде алдын,
бірде артын береді...” дегені болды. Азаттық
әкелер тәуелсіздіктің қажеттігін халық
түсінсе ғана, ол үшін күресіп, жеңіп алғанда
ғана қадірі болмақ. Сонда ғана одан айырылып
қалмау үшін жан аямай күреспек. Біз құдайдың
арнайы жіберген сыйындай болып келген
тәуелсіздік пен экономикамыздың жерасты
байлығы арқасында көтеріліп жатқанына
мәзбіз, ал негізгі байлығымыз - ұлт болып
қалуымыздың кепілі ана тілден айырылып
жатқанымызды ескермейміз. Білсек те білмеген
болып жүрміз. Ол ұлтқа тән қасиет емес.
Ол намысынан айырылған болашағы жоқ тобырдың
тірлігі. Соны сезсек екен. Ана тіліміз
бен елдік, ұлттық намыс деген қастерлі
ұғымға келгенде біздің тайқақтай беруіміздің
төркіні осында жатыр. Өйткені “Адам әуелі
пенделік тіршілік – пәни дүние кіріптарлығы
мен мұқтаждығынан құлан таза құтылмай
абсолютті рухқа қол жеткізе алмайды”
дейді Ф.Аттар. Кезінде Бұқар жыраудың,
“Құм жиналып тас болмас, құл жиналып
ел болмас” дегені де осындайдан қалған
болар. Құлдық психологияға ұшыраған жалғыз
қазақ ғана емес, ол тоталитарлық жүйе
шеңберінде болған барлық халықтарға,
соның ішінде орыстарға да сол жүйеден
мұра болып қалған “бойтұмар”. Бұл мәселенің
саналылық (нравственный) және моральдық
жағы болса, экономиканың қарқындап дамып
келе жатқан жағдайында мемлекеттік тілдің
мүшкіл жағдайда қалуы қоғамның біржақты
дамуынан. Себебі, тағы да Абайға жүгінсек
“өнер алды қызыл тіл”. Ал өнердің дамуы
мен қоғамның дамуы бірдей заңдылықтарға
бағынбайды. Көптеген жағдайда қоғам дамыған
кезде өнердің құлдырап, керісінше қоғам
дағдарыста болғанда өнер мен әдебиеттің
дамығаны тарихта жиі кездеседі. Мысалы,
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың
басында ресейдегі қоғам дамуының барлық
саласындағы дағдарыс, әдебиеттің алтын
уақыты және музыка, көркемсурет және
т.б. өнер салаларының шарықтау шыңына
жетіп дамыған кезеңі болды. Себебі, қоғамның
барлық саласы - мәдениетті құрайтын өнер,
құқық, тіл, дін, философия, ғылым, мораль,
экономика т.б. бірқалыпты дамымады. Жан-жақты
дамыған қоғамда мәдениеттің барлық салалары
бір-бірімен тығыз байланыста дами алмады.
Ал, біржақты дамыған қоғамда мәдениеттің
бір саласы дамыса, екінші бір саласы кері
кетіп жатады.
Қоғам дамуындағы бұл күрделі заңдылықты
зиялылар мен билік басындағылар уақытында
түсініп, дер кезінде түзете алса қоғам
дағдарыстан шығып, тұрақты даму жолына
түседі.
Енді “Қазақ тілін қоғамдағы өзіне тиісті
тұғырына көтерді ме, тарихи миссиясын
атқаруға кірісті ме, оған байланысты
жеткілікті шараларды өмірге келтірді
ме?” деген заңды сауалдарға жауап іздеп
көрейік. Тоқетерін айтсақ, серпілістен
гөрі іркіліс басым немесе Абай айтқандай
“баяғы жартас, сол жартас”. Ол жартасты
орнынан қозғауды кезекті науқанға айдырмай
түгел ұлт болып бір жеңнен қол, бір жағадан
бас шығарып бірнеше ұрпақ тынбай еңбек
еткенде ғана түпкілікті нәтижеге жетуге
немесе қазақ идеясын іске асыруға болады.
Олай дейтініміз, осы кезге дейін қазақ
тілінің қоғамдағы маңызын жойып, шамасы
келсе оның мүлдем жойылып кетуіне бодандық
саясаттың әсері болса, алдағы кезде сондай
міндетті жаhандану үрдісі атқарады. Ана
тіліміз үшін алдыңғысынан гөрі соңғысы
қауіпті болуы мүмкін. Себебі, ол бүкіл
дүниежүзілік жанталас.
Қазақ тілі соңғы жылдары қоғамның маңызды
салалары - мектепке дейінгі балалар мекемелерінде,
орта және жоғарғы оқу орындарында, шетелдік
компаниялардың кәсіпорындарында, кейбір
мемлекеттік мекемелерде уақыт өткен
сайын өз ділгірлігін төмендетіп келеді. Соңғы он бес жылда
мектеп пен университет бітірген ұлты
қазақ жастардың негізгі бөлігі ана тілін
білмейді және оны үйренетін жағдайды
отбасы да, оқу орындары да, қоғам да жасай
алмай отыр. М.Әуезовтың,
“...қазақ болшағын ойласа, бесігін түзеуі
керек” дегенін мүлдем ұмытқан сияқты.
Тіл мәселесіндегі қазіргі жағдай осындай.
Осы уақытқа дейін қоғамның көптеген салаларында
қолданудан шығып қалған тіл тек тиісті
заң қабылдаумен ғана шешілмейді. Яғни,
ұлтты осы тығырықтан шығарып, қоғамды
жан-жақты дамытатын өміршең идея керек.
Осы мәселе соңғы кезде зиялы қауым алдындағы
негізгі міндетке айналды. Бұл мәселені
шешерден бұрын алдымен оның себептерін
түсіну қажет. Ана тілі - біздің барлық
ісіміздің тоғысқан түйінді жері. Тіл - мәдениеттің
барлық салаларының (өнер, дін, ғылым, философия,
құқық, мораль, экономика т.б.) ішіндегі
негізі және тірегі.
Экономиканың қарқынды дамып, басқа салалардың,
соның ішінде тілдің, ғылымның кенжелеп
қалуының тағы бір себебі осы салаларға
қаржының қалдық принципімен бөлінуінде.
Ондай принцип жоспарлы экономика кезінде
қалыптасып, содан бері өзгермей келеді.
Ал, экономика болса, одан бері түгелдей
нарыққа көшіп болды. Кеңес Одағы кезінде
жетпіс жылдан астам уақытта осындай қалдық
ұстаныммен қаржыланған 91 шағын ұлттың
тілдері мен мәдениеттері жойылып кетті.
Осынша ұлттың аз уақыт ішінде жойылып
кетуі дүниежүзілік соғыстар кезінде
де болмаған геноцид еді. Ол қоғамның барлық
саласын идеология немесе саяси этикет
басқаруының салдары. “Саяси этикеттің
қауіптілігі, онда сатушы да, сатып алушы
да алданатын” болғандықтан оны мәдениетке,
оның ішінде тілге қолдану, түбінде осы
салаларды жоюды көздейтін саясат екені
белгілі. Сондықтан, мемлекет алдымен
елдегі шағын ұлыстардың жойылып бара
жатқан тілдерін сақтауға, мемлекеттік
тілді дамытатын шараларды іске асыруға
тиісті. Қазақстандағы барлық ұлттар мен
ұлыстардың тілдері елдің рухани байлығының
көпқырлылығын көрсетеді.
Мемлекеттік
тіл дамыса, барлық тілді дамытуға мүмкіндік
туады. Ал, ол дамымаған жағдайда барлығының
халі мүшкіл болады да, түбінде саны аз
ұлыстардың тілдері жойылып кетуі мүмкін.
Қоғам
дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік
тілді дамытудың ұлттық идеяға айналуы
- алдымен қазақтарды ана тілін білуіне
міндеттейді және басқа ұлыстардың тілдері
мен мәдениетін дамытады. Сонымен
қатар, басқа ұлт өкілдері қазақ тілін
жетік білу арқылы мемлекеттік істерге
тікелей араласып, ел тағдырын шешуге
қатысады. И.В.Гетенің, “екі тіл білген
адам, екі өмір сүреді” дегеніндей бірнеше
тіл білген адам зерделі және рухани бай
болады.
Бұл мәселеде біз Н.Макиавеллидің: “Отанның болашағы
туралы мәселе көтерілгенде дұрыс не қате,
жай немесе қатты, пайдалы не пайдасыз
деп ойламау керек. Керісінше, барлық күмәнді
нәрселерді ойдан шығарып тастап, барлық
күшті оның өмірі мен бостандығын баянды
ететін нәрселерге жұмсау керек”213
дегенін іске асыру қажет. Қоғамда абсолютті
бостандық болмайды. Ондағы барлық құбылыстар,
оның ішінде бір елдегі әртүрлі ұлттардың
мәдениеттері өзара тығыз байланысты.
Кеңес Одағы кезінде ол қалдық принциппен
және біржақты дамыса, болашақта ол қоғам
басымдылыққа ие болып, жан-жақты, яғни барлық
ұлттар мен ұлыстардың мәдениеттері бірдей
дамуы қажет. Ол қазақ идеясының негізгі
міндеті. Себебі, Рим Папасы Иоан-Павел
II-нің “Этникалық,
мәдени және діни ұғымдары әртүрлі осы
ұлы ел - Қазақстан мен оның тұрғындарының
әділеттілік, бірлік және бейбітшілікте
дамуын Құдайдан сұраймын.
Қазақ
халқы! Елдің жасампаздық пен нағыз прогресс
жолында дамуының құнды міндеті саған
жүктелген”. Қазаққа жүктелген бұл
міндетті іске асыруға барлық қазақстандық
түсіністікпен бір кісідей атсалысуы
керек. Себебі, қазақ мемлекетінің өркениетті
ел болуы – осы елді отаным деген барлық
азаматтың арманы.
Сонда ғана ұлы жерлесіміз Әль-Фарабидің; “Егер халықтар
бақытқа жету үшін бір-біріне көмектесетін
болса, барлық жер қайырымды болады”
деген өсиеті іске асады.
Осындай идеяның көпұлтты Қазақстанда
іске асуының негізі – мемлекеттегі өзге
ұлыстардың біреулері департацияға, екіншілері
репрессияға ұшырап тағдыр-талайына түскен
ең қиын кезде, қазақтың оларды жатсынып
шеттетпей, барлығын бауырына басып, біреуін
“тамыр”, екіншісін құда, үшіншісін туысқан
қылып, бір атаның балаларындай болып
кетуінде. Қазақстандағы барлық ұлттар
мен ұлыстардың ондаған жылдар бойғы ортақ
тағдыры мен тоталитарлық жүйенің саясатына
қарсы біріккен күресі және Кеңес Одағындағы
ортақ менталитеттің қалыптасуы олардың
ортақ белгілерін қалыптастырды. Қазақстандағы
орыстар, немістер, шешендер және т.б. ұлыстар
(диаспора) өкілдерінің тарихи отандарына
көшіп барғанда көпшілігінің сол ортаға
әрең сіңісуі немесе сіңісе алмай Қазақстанға
қайтып оралуы олардың менталитеттерінің
әртүрлілігін көрсетеді.
Қазақстандағы көптеген ұлт өкілдерінің
үйлесімді өмір сүруінің негізі:
- Мыңдаған жылдар жартылай көшпенді өмір
сүрген түркілер және олардың ішінде қазақтар
Шығыс пен Батыс мәдениеттерін байланыстыратын
көпір қызметін атқарғандықтан, өзіне
Шығыстың этатикалық идеясы мен Батыстың
либерализмін сіңіріп, ерекше дала демократиясын
қалыптастыруында;
- Қазақ мұсылман дінінде, оның ішінде
сунит. Мұсылман дінінің басқалардан ерекшелігі
– ол адамдарды ұлты мен нәсіліне бөлмей
барлығын ағайын деп қарайды. Оның ішінде
суниттер тарихта шетке шыққан саяси ағымдарға,
оның ішінде экстремизм мен лаңкестікке
қатысы жоқ, бейбіт бөлімі екендігінде;
- Қазақтардың этномәдени архетипіне мынадай
рухани құндылықтар тән: адамгершілік,
ұят, шындық, қанағат, қонақжайлылық, төзімділік,
түсінік, даналық, үлкенді сыйлау, балажандылық,
елі мен жерін сүю, еркіндік, табиғатты
сыйлау, имандылық, кісілік, тектілік және
кішіпейілділік;
- Соңғы ондаған жылда басқа ұлт мәдениеттерінің
әсерінен қазақтар да рухани жағынан байып,
оның этнотипі танымастай болып өзгеруінде.
(Сонымен қатар, ішімдік, жезөкшелік, нашақорлық
сияқты келеңсіз әдептер де қоғамда тамырын
жаюда);
- Осы белгілер өзге ұлт өкілдерінің негізгі
бөлігіне қазақ жері тарихи отанға айналып,
олардың ел тағдырына тікелей араласуына
себеп болуында жатыр.
Олай дейтініміз “Жеке тұлғалар сияқты,
ұлттарға да ешқандай саясат өзгертпейтін
тенденция тән” деген А.Гумбольт217.
Қазақстанда тұратын халықтардың мұндай
достығы, уақыт пен тағдыр сынынан өткен,
қандай да бір саясаттан жоғары, “мәңгі
өмірдің” өзі сияқты төзімділік пен өзара
бейімділікке негізделген, адамдардан
гөрі Құдайға жақын тұрған құдіретті қасиет.
Себебі, “халықтың шешімі құдайдың ойындағысы”
деген ертеден келе жатқан қағида осы
болар.
Қазақтар Қазақстандағы мемлекеттік сана-сезімді
қалыптастыратын, мультиұлттық мемлекетте
жетекшілік етіп, басқа ұлыстардың басын
біріктіретін негізгі күш болғандықтан
ол мемлекеттік ұлт немесе ұлттық көптүрлілікті
қалыптастыратын субұлт болып саналады.
Сондықтан да қазақтар барлық отандастарының
алдында өз мойнына стратегиялық жауапты
міндетті алып, оны абыроймен атқаруы
тиіс. Өйткені, елдің болашақтағы жетістіктері
осыған байланысты. Сонымен қатар, осындай
ауыр міндетті мойнына алған қазақтар,
қазіргі уақыт талабына сай халықаралық
бәсекелестікке қабілетті болатын деңгейге
жету үшін өздері де түбегейлі өзгеруі
керек. Олай болмаған жағдайда алдымен
олардың өздері жаһанданудың құрбаны
болады. Жылына ондаған халықтарды құрдымға
жіберіп жатқан қатаң тағдыр қазақтардың
да «көкесі» емес екенін түсіну керек.
Уақытында ацтек, майя және инк цивилизацияларын
жасаған, алайда өздері заман талабына
сай өзгере алмаған америка құрлығындағы
үнділердің бүгінгі тағдыры Ұлы көштен
қалудың бір мысалы ғана.
Бұл идея саясатқа қатысы жоқ “ала қойды
бөле қырықпай”, барлық қазақстандықты
өркениетке апаратын жол екеніне тұрғын
атаулы түгел сенімді болғанда ғана қоғамдағы
рөлін атқара алады.
Осы идея іске асуы үшін мынадай шарттар
орындалуы тиіс. Бірінші, елдегі барлық
ұлттар мен ұлыстар, олардың мәдени орталықтары
өз болашағы қазақ тілі мен мәдениетінің
дамуына тәуелді екенін, қазақ тілі мен
мәдениетінің дамуы өзге ұлыстардың да
дамуына тікелей әсер ететінін, сонда
ғана қоғам өркениетті болатынын түсініп,
қолдауы тиіс. Ол үшін біздің санамыз тоталитарлық
жүйеден қалған “көршіме жаман болған
сайын, маған жақсы” деген психологиядан
арылу керек. Екінші, осы идеяны іске асыруда
Қазақстан үкіметі, халықтар Ассамблеясы
және т.б. қоғамдық институттар белсенді
атсалысуы қажет. Халық “Көп түкірсе,
көл болады” дегендей бір жеңнен қол,
бір жағадан бас шығарып іске кіріссе,
алынбайтын қамал болмайды.
Рух пен тілден тұратын ұлттың ішкі заңы,
оның ұлттық мінезін көрсетеді. Кез-келген
ұлттың тәжірибесі қолдан немесе күшпен
дамытылмайды. Ұлттың мәңгі болуының себебі,
оның уақытқа бағынбайтын мінезінде әрі
ол мемлекет деген ұғымның шеңберінен
тысқары тұрады. Ұлт мәңгі болуы үшін оны
сүйетін адамдар өз өмірін қиып, сол үшін
күресті және ол өмірді қиюға тұратын
жоғарғы ұғым204. Сондықтан, мемлекет
сол ұлттың негізінде құрылғаны дұрыс.
Мемлекет дегеніміз мақсат емес, бірақ
ол соны іске асыратын тәсіл, сондықтан
мемлекеттік құрылым конституцияға деген
сүйіспеншіліктен болмайды. Мемлекеттік
құрылым – ақыл-ес пен парасаттылықтан
жаратылған, сондықтан ол ұлттың арқасында
өміршең болады204. Ұлтты түсіну үшін,
оны белгілі ұғым түрінде емес, уақыт өткен
сайын өзгеріп тұратын динамикалық қозғалыстағы
құбылыс ретінде немесе идея деп қараған
дұрыс. Тек идея ғана өзіне ұзақтық және
өзгерту диалектикасын, қазіргі уақыттың
бірдей болып қалатын диалектикасын, тұтастық
(бірлік) және көптүрліліктің диалектикасын
сиғыза алса, ұғым осылай өзара байланысқанды
бұзып, тек өзіне қажетті белгілі уақыттағы
тұтастық пен бірлікті бөлек алған жеріне
ғана анықтама береді.
Мемлекет және ұлттың тарих толқыны мен
жанды динамикасында идея ретінде түсінілетіні
құқыққа да байланысты. Тиімді құқық қана
ұлттық құқық идеясы бола алады220.
Ұлттың тілі мен рухы адамдар арасындағы
қоғамдық айналыстың формасы ретінде
оның жалпы мәнінің негізі. Байланыстыратын
және ажырататын құрал ретінде олар белгілі
бір жердегі халықтың мінезіне сай көрінеді.
Ұлттың капиталы - оның тілі мен тұрған
жері: тәжірибесінің капиталы - идеясы
және өмірлік даналығы. Ол тіл арқылы сақталады
және басқарылады; өнім мен тауардың капиталы
ақша арқылы сақталады және қозғалысқа
келеді. Барлық сауда айналымының көзі
болып саналатын физикалық зат түбінде
оның медиумының мәні – тіл, рух және білім
арқылы өзінің құнына ие болады. Сондықтан,
ұлт даналығының капиталы ұлттың күшін
анықтайтын физикалық капиталдан маңызды220.
Яғни, қоғамдағы білім, кітапханалар, университеттер,
академиялар құру, журналдар шығарып,
базарлар ашып, көрмелер ұйымдастыру экономикада
шешуші рөл атқарады220.
Егер экономика өзіндік терең тамырын
ұлттық капитал ретінде қажет болатын
тіл, рух және білімнен табатын болса,
онда экономиканы ұлттық ерекшеліктегі
құқық сияқты сипаттауға болады.
Барлық өркениетті қоғамның әйтеуір бір
кемшіліктері болады. Жалпы, кемшіліксіз
қоғам сирек кездеседі. Жаңа ғасырды жақсы
қарқынмен бастап келе жатқан тәуелсіз
еліміздің қазіргі дерті – ол мемлекеттік
тілдің ақсауы. Өркениетті елдердің барлығы
ана тілдерін бірінші байлық және өз тағдырының
негізі деп қарайды. Себебі, олар халықты ұлт, не ұлы
халық қылатын немесе тобырға айналдыратын
да оның тілі екенін басқалардан ертерек
түсінген. Мысалы, әлемді мойындатып
отырған ағылшындар жер шарының қай түкпірінде
жүрсе де, халқының саны өздерінен жүздеген
есе көп Үндістанда, Солтүстік Америка
материгінде, Австралияда және басқа халықтарға
өз тілін мойындатып, оны өздері жаулап
алған елдерінде мемлекеттік тілге айналдыра
білді. Қазір АҚШ пен Британиядан басқа
Австралия, Канада, Тынық мұхит аймағындағы
елдерде, миллиардтан астам халқы бар
Үндістан немесе дүниежүзі халықтарының
жартысынан астамы осы тілде сөйлейді.
Бүгінгі ағылшын тілі дүниежүзіндегі
ғылым мен техниканың, халықаралық ақпараттың,
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы ресми халықаралық
қатынас тілі. Бұл, ағылшындардың жарты
әлемді жаулағанда жинаған байлығы алтын
мен алмас емес, жігерлілік пен қайсарлық
және рух биіктігіне шығаратын тіліміз
бен дініміз деп түсінуі және оған беріктігі.
Қазір қолданыстағы қазақ алфавитін латын
әрпіне алмастырамыз деген мәселе көтерілуде.
Ол мәселенің шешімі жан-жақты зерттелгеннен
кейін қабылдануы керек. Себебі XX ғасырдағы
барлық дүниеміз кириллицамен жазылған.
Латынға ауысқанда алдымен содан айырыламыз.
Біз оған дейінгі мың жыл бойы арабша жазылған,
оған дейін бірнеше ғасыр бойы руникалық
алфавитпен жазылған бай мұрамыздан айырылған
халықпыз. Тілде осылай эксперименттер
жалғаса берсе, онда болашақта ұлт болып
қалуымыздың өзі екіталай.
Көне түркілер
жазуды еуропа халықтарынан бұрын пайдаланған
әрі олардың алфавиті қытайдың алфавитінен
әлдеқайда жетілген. Түркі рунасының
фоносилабикалық жазу болуы олардағы
жазу дәстүрінің ежелден қалыптасқанын
көрсетеді. Руна елеулі өзгеріске ұшырамайтын
және тек басқа жазумен ғана алмасатын
өте консервативті жазу.
Түркі тілдерінің тұрақтылығы мен өзгермейтіндігі
бұрыннан белгілі. Ол осы тілдердің агглютинациялық
негізімен қалыптасқан. Адамзатқа ұлтаралық
қатынас құралы ретінде пайдаланатын
жасанды тіл – эсперанто қажет болғанда
ол түбір саны шектелген, негізгі рөлді
сөз құрайтын суффикстер атқаратын түркі
тілінің моделінде құрылды.
Қазір біз қолданып жүрген кириллица қыпшақтың
руникалық алфавитін өзгертуден пайда
болған және оның авторлары Кирилл мен
Мефодий аңыздағы кейіпкерлер емес, аттарын
славянға өзгерткен қыпшақтар немесе
бұлғар-түріктері. VII ғасырда түркілердің
Бұлғар мемлекетінің негізін салған хан
Аспарух еді.
Орта ғасырда Бұлғариямен қатар, Украина,
Сербия, Венгрия және басқа Шығыс Еуропаның
аймақтары түркіше сөйледі. Олардың славяндануына
негізгі себеп болған Сырдарияның бойынан
шығып, XV ғасырда Византия империясын
бағындырып алғасын, оның жеріне Ұлы Осман
империясын құрып Еуропаның тәуелсіздігіне
тікелей қауіп төндірген оғыз-түріктері
еді. Оғыз-түріктері мұсылман, ал еуропаның
түркі-қыпшақтары христиан-тенгриандықтар
еді. Осман-түріктерімен жүз жылдық соғыста
жеңілмей, Еуропаны бодандықтан сақтап
қалған түркі-қыпшақтардың ұрпақтары
- венгрлер болатын. Ол діні әртүрлі түбі
бір халықтар арасындағы дінаралық соғыс
еді.
Кириллицаны қыпшақтардан алған орыстардың
тілі бай болғанда, ол алфавиттің төркіні
- біздің тілдің мүмкіндігі одан кем емес.
Руника – түркі халықтарының сөйлеу жүйесі,
ой-өріс логикасы мен дүниетанымын қалыптастырған
ана тілдерін құрайтын негізі немесе коды.
Сонымен қатар, ұлттың мінезін қалыптастыратын
да оның алфавиті. Осындай күрделі категорияға
ыңғайлы немесе ыңғайсыз деп қарауға болмайды.
Сондықтан, руникадан шыққан кириллица
түркі халықтарына жат емес, олардың тілдерінің
дамуына да кедергі жасамайды. Ана тілдерін
жатсынып кедергі жасайтын қазіргі түркі
халықтарының өздері болуы мүмкін. Өткен
ғасырда өз алфавитінен безіп, латын әрпіне
көшкен түрік бауырымыз Осман заманындағы
рухынан айырылып, енді еуропаға кіріптар
болып отырған жоқ па? Олардың қателігін
ескермей, “оң-солын” салмақтап жатпай
латын әрпіне тез көшіп кеткен Орта Азиядағы
республикалардың да тағдыры сол түріктің
тағдырына ұқсап қалмай ма? Ендеше мәңгүрттену
алфавит ауыстырудан басталады екен.
Қытайға иероглифтен гөрі, ал славян халықтарына
кириллицадан гөрі латын алфавиті қолдануға
ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ, олар латын
алфавиті ыңғайлы екен деп біз сияқты
барын бағаламай, көлденең көк аттының
шылауына жармасып жатқан жоқ. Жапон, Қытай
және т.б. шығыс елдері мыңдаған жылдар
бойы алфавитін өзгерпегендіктен, тарихтың
небір қиын кезеңдерінде де ұлттық ерекшеліктерін
(тілін, дәстүрін) жоғалтқан жоқ. Қайта
қарыштап дамуда. Сондықтан, тарихымыз
бен болашағымызды айқындайтын бұл мәселеде
шешімді он ойланып, тоғыз толғанып барып
қабылдаған дұрыс.
Код ретінде алфавитте белгілі қуат болады.
Әріптерден құралатын сөз бен оның мағынасы
- бойында қуаты бар күшке айналады. Ұлтты
біріктіретін бірден-бір күш - оның ана
тілі. Оны түсіне білген М.Жұмабаев қазақтың
басынан өткен ең қиын кез - өткен ғасырдың
отызыншы жылдары ұлтқа рух дарытатын
мынадай өлең жазған:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап
кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен
тарта аларсың сен, тілім!
Халықты
біріктіріп, мемлекеттің төрт құбыласын
түгендеу, мемлекеттік тілден басталады. Сонда ел тәуелсіздікті
жан жүрекпен түсіне алады және ондағы
барлық ұлт пен ұлыс тоталитарлық психологиядан
арылып өздерін еркін елдің азаматтарындай
сезінеді. Себебі, еркіндік,
тәуелсіздік деген сөздің негізі ана тілде
сөйлеп, ата дәстүрді дамытуда жатыр.
Өткен ғасырдың басында “Қазақ“ газетіндегі
бір мақаланың авторы сол кездегі қандастарымыздың
ана тіліне немқұрайлы қарайтынын сипаттай
келіп, “енді жүз жылдан кейін қазақтар
ана тілін сақтап қала алар ма екен?“ деген
сұрақ қояды. Ұйқыдағы қазақты оята алмаған
сол кездегі зиялылардың бір бөлігі ана
тілінің болашағына осылай күмәнмен қарапты.
Ол негізсіз де емес. Осы жүз жылдық біздің
рухани тағдырымызды сараласақ, қазақ
қиындық көбейген сайын “отқа түскенде
шыңдала беретін болаттай” оны жеңуге
жігерленген нағыз ұлттан гөрі, жүрегін
суырып, денесіндегі қанын сорып алған
немесе ар-намыстан айырылған өз тағдырына
немқұрайлы қарайтын тобырға ұқсап бара
жатқан сияқты.
Алдағы ғасырда қазақ тілінің тағдыры
қандай болмақ? Енді жүз, екі жүз... бес
жүз жылдан кейін сақталып қала ма, әлде
өлі тілдердің қатарына қосыла ма? Бұл
бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ғылымдағы
деректерге сүйенсек, қазір дүниежүзіндегі
алты мыңнан астам тілден келесі ғасыр
басына дейін тек ондаған тіл ғана сақталып
қалады екен. АҚШ бастаған жаһандану саясаттың
адамзат өркениетіне келтіріп отырған
осы залалы ана тіліміздің болу-болмауына
да Гамлеттің сұрағын қояды. Ана тілді
дамыту – ұлт болашағы мен Қазақстанның
мемлекет ретінде баянды болуының кепілі
болғандықтан, ол осы мемлекеттің алдында
тұрған бірінші мәселе. “Бұл дүниенің
тірегі үміт” дегендей, ана тіліміздің
болашағына үмітіміз зор.
Шоқан Уәлихановтан бергі кезде қазақ
ұлт боп қалыптасып бітетін уақыт әлдеқашан
болды ғой. Қазіргі қазақ алфавитінің
негізін салған Ыбырай Алтынсарин сахарада
қырық сегіз мектеп ашты. Ол ұлтының болашағына
сенген ұлы ұстаздың ұрпаққа қалдырған
өнегесі және ұлы мұрасы. Оның,
“Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызған.
Айшылық алыс жерлерден,
Жылдам хабар алғызған...” деп жастарды
дамыған
елдерден өнеге алсын деген арманы орындалып
жатқан бүгінгі заманда қоғамның дамуы
қазақ тіліне тікелей байланысты. Болашағына
сенген елде бірлік пен береке болады.
Қазақ тілі мен мемлекетінің тағдыры бір,
әрі тәуелсіздігіміздің негізгі мақсаты
қазақ тілін дамыту. Сол арқылы тәуелсіз
елдің еңсесін көтеріп, өркениетті елдердің
қатарына қосу. Басқалай жол жоқ. Себебі,
“құдайлар да қайғылы хабарды естігісі
келмейді” (“Еврипид”, 72 бет). Ұлттың
зердесі мен жігері, Қазақстанның жер
байлығы да, кен байлығы да осы мақсатқа
қызмет істеуі керек. Мәселе осында.
Мемлекеттік тіл мәселесін белгілі жазушы
Герольд Бельгердің: “Мен қазақ тілінің
ғасырлар бойы жиған табиғи күші болашақ
ғасырдың бұралмалы жолдарында ыдырап,
қаусырап жоғалмайтынына шын жүрегіммен
сенемін. Көпұлтты Қазақстан және мың
өліп мың тірілген, төзімді қазақ халқы
мен оның ерекше де көркем тілі, оның шексіз
даласы сияқты ұлы тағдырға лайықты”32
дегені орынды тұжырым.
. . .
Саяси
жүйе:
Қоғамның дамуы оның саяси құрылымына
тікелей байланысты. Батыс елдерінде “билікті
бөлу принципін” ел басқаруда басшылыққа
алып, қоғамды демократиялық жолмен дамыту
мен либерализм жүйесін ұстануда. Ал, біз саяси жүйенің
қайсысын басшылыққа аламыз? Елдегі
президенттік басқару жүйесі билікті
шектеп, қоғамға демократиялық жүйені
енгізе ала ма? Себебі, қандай да болсын
шексіз билік қоғамды дағдарысқа алып
келеді. Оның классикалық мысалы күні
кеше біз бастан кешкен Кеңестер Одағы.
Қысқа уақыт ішінде қоғамды “соқадан”
индустриясы дамыған ел дәрежесіне жеткізіп,
ғылым мен техниканың дамуында әлемде
алдыңғы орынға шығарған осы қоғамның
кемшілігі, ондағы саяси жүйе адамның
және аз ұлттардың құқығы мен бостандығын
жаныштап ойына келгенін істеуі еді. Нәтижесінде
әлемдегі ең күшті державалардың бірі
- Кеңестер Одағы да басқа тоталитарлық
жүйелер сияқты тарихтың үлесіне кетті.
Көршілеріміз Орта Азия республикаларындағы
ағайындардың бүгінгі саяси жағдайлары
да кісі қызығарлық емес. Ел экономикасын
отбасының меншігіне айналдырып, елді
мәңгі басқаруды армандаған қырғыз президенті
өз елінен қашып, ресейден саяси баспана
сұрауға мәжбүр болды. Осы елдегі соңғы
кезде қалыптасып қалған саяси тұрақсыздық
осылай жалғаса берсе, “өзін-өзі” басқара
алмайтын ел болашақта дағдарысқа түсіп,
“қасқыр көршілерінің” біріне жем болып
тынады. Басқа жол жоқ. Қырғыз ағайындар
тәуелсіздігін баянды етіп, егемендігін
қорғай білуі керек, олай болмаса АҚШ бастаған
отаршылдар жаулап алған көршісі Ауғаныстанның
кебін киеді. АҚШ-тың әскери базасына айналған
бұл елдегі тұрақсыздық түбі Орта Азиядағы
туысқан елдерге, алдымен табиғи байлығы
мол Қазақстандағы тұрақтылыққа іріткі
салатын негізгі қауіп болуы мүмкін. Ондай
келеңсіз жағдайларды болдырмай, Қырғызстанның
бейбіт және тұрақты дамуына Орта Азиядағы
республикалар қырғыздармен бірдей мүдделі.
Кезінде отаршылыққа мойынсұнған осы
ағайындарды тәуелсіздік алғаннан кейін
қандай “жын-шайтан” түртетінін елді
азғырушылар мен оларға ерген тобыр түсіне
ме екен? Бүгінгі қырғыз ағайындар Ш.Айтматовтың
өз тағдырына өзі ие бола алған еркіндік
сүйгіш кейіпкерлеріне ұқсамайтыны өкінішті-ақ.
Қалай болғанда да “Жұт жеті ағайынды”
болатынын ұмытпаған жөн.
Өзбек мемлекетінің президенті бейбіт
уақытта жүздеген адамның қанын төгіп,
демократиялық даму жолына жат екенін
көрсетті. Әртүрлі деректер бойынша, Өзбекстанның
бес–сегіз миллион азаматы шет жерде
еңбек етуде. Өзбекстанды жұмыссыздық
пен кедейшілік қинап тұр.
Түркіменбашының ішкі саясатын Ирактағы
Саддам Хусейннің немесе Мықтымқұлының
кезіндегі Нәдір шахтың режимдерімен
ғана салыстыруға болады. Өзін түркімендердің
айы, күні, тіпті өзін құдаймен теңестіріп,
жері бай елдің тұрмысын жиырма жылда
қайыршылыққа жеткізіп, сөз бостандығын
атымен жойған осы диктатор дүниеден өткенде
ол, өзі күн де емес, құдай да емес жай пенде
екені белгілі болды. Ниязовтың режимі
түркімен халқының дамуын орта ғасыр деңгейіне
дейінге кері кетірді. Халқын сіңірі шыққан
кедейлікке жеткізіп, қанап жинаған байлығы
енді оған керек пе? Құдайдың басқа құлдары
сияқты оған да бұйырғаны екі шаршы метр
қара жер. Ұлттың тағдырын шешетін осындай
саяси анахраизм билікке деген маниакальдық
сүйіспеншіліктен туындайды. Шексіз билікке
қолы жеткен ондай диктаторлар өле-өлгенше
одан айырылмауға тырысады. Елдің жағдайы,
ұлттың тағдыры сияқты қасиетті мәселелерден
гөрі өз басы мен отбасының мүдделері
жоғары тұратындықтан, ондайлар ел басқарған
кезде қоғамның дағдарысқа ұшырайтыны
заңды құбылыс. Түркімен ағайындардың
таяу уақытта өркениеттің сара жолына
түсуіне барлық жағдай бар. Қазіргі мәселе
- халық психологиясында қалыптасқан “ауыр
жүктен” құтылып, дұрыс елбасшы таңдауда.
Әлде бұл жерде И.В.Гегель айтты дейтін
“халық өзі таңдаған билікке сай” дегені
осы елде қайталанар ма екен?
Кезінде Әмір Темір ұрпақтарының арасындағы
тақ пен тәж үшін болған қырғын соғыстар
мен бейбіт халықтың қанын босқа төккен
шайқастарға толғанған Бабыр:
“Он дәруіш бір кілемге сиып кетер,
Екі патша жер-жаһанға сыймай өтер.
Жарты нанды бөлісіп жесе кедей,
Ал, патша бұл өмірден тоймай кетер”
деп сол замандағы ойы тайыз, тоғышар патшасымақтардың
халықты қанға бояп, елді дағдарысқа әкелетіні
бүгін де кездесіп жатады.
Балтық жағалауындағы немесе ТМД-ның басқа
республикалардағы саяси жағдайлар Орта
Азия мен Әзербайжан сияқты түркі мемлекеттерінен
мүлде басқаша. Олардың елбасылары өркениетті
елдердей демократиялық жолмен уақытында
сайланып, қантөгіссіз ауысып жатады.
Ол бұрын бір империяның құрамында болған
осы республикалар тұрғындарының менталитеттерінің
өзгешелігін көрсетеді.
Александр Македонскийдің ұстазы философ
Ксенофонт өзінің шәкіртіне: “Сені айналаңдағылар
мақтағанда құдаймен теңестіреді. Соларға
сеніп сен де өзіңді құдаймын деп санайсың.
Бірақ сен оларға сенбе. Сен құдай емес,
айналаңдағылармен бірдей пендесің...”
деген екен. Хан-патшалардың құдайлардан
гөрі халыққа жақындығын Тәуке, Абылай
… сияқты қазақтың ұлы хандарының мәңгі
тыныштықты Түркістандағы Ахмет Яссауи
мазарынан тапқанынан көреміз.
Біздің ағайындардың көршілерден айырмашылығы
немесе кемшілігі, олар билік басына келсе,
өздерін құдаймын деп ойлап кетеді. Бұл
мәселенің екінші жағы “сарай ақындары”
мен А.Байтұрсыновтың “бірігіп іс қылуға
шорқақ жұртым” дегенінде немесе іріген
қоғамның шіріген ішкі дүниесінде жатыр.
Қоғамды ондай жағдайға жеткізбес үшін,
ондағы кемшіліктерді уақытында сынап
отыратын ұлтшыл оппозиция немесе билер
және кемшіліктерін мойындап, оны уақытында
түзететін билік болуы тиіс. Оппозициясыз
қоғамды бір қанаты жоқ құспен теңеуге
болады. Ондай қоғамның кейбір жекелеген
салалары уақытша дамуы мүмкін. Бірақ
жалпы қоғам дамымайды және белгілі жағдайда
ондай қоғам диктатуралық, тоталитарлық
және т.б. режимдердің ұясына айналады.
Ал, тепе-теңдік сақталған қоғам келісімді
дамиды. Намысы мен рухы жоқ, кемшілігін
түзете алмайтын қоғам жас ұрпағын, зиялыларын
және билік басындағыларын тәрбиелей
алмайды.
Қазақ даласын көп аралаған Құнанбайдың
замандасы А.Янушкевич сол кездегі қазақ
кедейлерінің моральдық деңгейі өз еліндегі
кедейлердің деңгейінен әлдеқайда жоғары
екенін айтады. Сол кездегі замандастары
Абайды соққыға жығып, басын жарған еді.
Ал, егер бүгінде Абай атамыз арамызда
болып, оны ресми билік халық жауы деп
жарияласа, біз оған ара түсе аламыз ба,
әлде біраз уақыттан кейін барлығымыз
жарыса жамырап “ол халық жауы еді” деп
шығамыз ба? Некен-саяқ біреу болмаса әрине
барлығымыз соңғысын қолдап шығамыз. Дарындысы
мен дүмбілезін айыра алмайтын қоғамның
металитеті мен моральдық келбеті осындай.
Ондай қоғамның тағдыры да дағдарыстар
мен шиеленістерге толы болады. Себебі,
ондағы билік басындағылар Ақтамберді
жыраудың:
“Бетеге кетіп бел қалар,
Бектер кетіп ел қалар,
Берекең кетсе, нең қалар?”
дегенін естен шығарып, негізгі мақсат-міндеті
елге қызмет етуден жеке басының мүддесін
биік қоюында. Ондай басшыларға жағдайды
А.Пушкиннің “паситесь мирные овцы...”
дегеніндегі, “бәріне төзгіштікті” абырой
санайтын “бейбіт” қоғам жасайды.
Соңғы кезде Орта Азия республикаларында
болған саяси дағдарыстар бізде қайталануы
мүмкін бе? Қазақстанда белгілі саясаткерлердің
тапсырыспен, кісі қолынан өлтіріліп жатқаны,
елдегі саяси жағдайдың тұрақтанбағанын
және оның дағдарысқа ұласып кетуінің
мүмкін екенін көрсетеді. Біздегі жағдайдың
күрделілігі, экономикамыздың негізгі
үлесі инвестиция беріп, кен орындарын
сүлікше сорып жатқан шет елдерге тәуелді. Саясатты
анықтайтын экономика. Қазақстанның
геосаяси ерекшелігі, “Азия жолбарыстары”
сияқты кен байлықтары қызықтырмайтын
ел емес. Еуразияның төсіндегі елдің табиғи
байлығын игеріп, оның саясатына ықпал
жасауға ғасырлар бойы «тарихи қалыптасқан
дәстүр» бойынша Ресей мен Қытай мүдделі
болса, жаңа геосаяси жағдайда оған АҚШ
қосылды. Каспий теңізі мен Қазақстан
осы аймақтағы кен байлықтары таусылғанша
Таяу Шығыс сияқты халықаралық саяси алаң
орталықтарының бірі болып қалмақ. АҚШ
бастаған Батыс елдері Таяу Шығыстағы
мәселелерін ондаған жылдар бойы Израиль
арқылы, керек кезінде қарудың күшімен
шешіп келеді. Алыптардың мүдделері тоғысқан
Каспий аймағындағы елдерге ондағы мұнайдан
гөрі алдымен бейбітшілік қымбат. Бұл
аймақтағы бейбітшілікті сол елдер құрған
күшті Саяси-Әскери Одақ сақтай алады.
Біздің ішкі саясаттағы тағы бір мәселе
- елдегі ресми жарияланған миллиардер-олигархтардың
барлығы дерлік қазақстанның байырғы
азаматтары емес, шеттен келгендер. Қазақстан
олардың отаны емес, яғни Қазақстанға
олардың жандары ашымайды. Себебі “Атамекен”,
“Ана тіл”, “Қазақстанның ұлттық мүддесі”
сияқты біздің қоғам үшін қасиетті ұғымдар
олар үшін жат. Олардың отаны да, анасы
да ақша және ол үшін оларды кінәлауға
болмайды. Мәселе «жыртық үйдің иесі болмауында».
Қазақстанның осындай олигархтары мен
халқының мүдделері көп жағдайда үйлесе
бермейді, қайта бір-біріне қайшы келіп
жатады. Басқа ел мен басқа жерден жинамай-ақ
Қазақстанда жиналған капиталды осы елде
қалдыратын жағдайға жетсек, берекенің
басы сол болар еді. Ресей ресми биліктің
саясатымен келіспеген өздерінен шыққан
олигархтарды заңмен тәртіпке салып, көнбегендерін
басқа елден баспана іздеуге мәжбүр етті.
Ол осы елдегі олигархтар мен биліктің
сыбайлас еместігін және ол елдің мүддесі
алпауыттардан жоғары тұрғанын көрсетеді.
Олар шетелге кеткесін Ресейде тапсырыспен
адам өлтіру бірден азайды. Біздегі билік
те олигархтармен сыбайлас емес деп айта
аламыз ба? Қазіргі кезде олигархтардың
мүдделері Қазақстан халқынан жоғары
болып тұрған жоқ па немесе ата салт, ар-намыс,
рухымызды жер байлығымызбен бірге қосып
сатып жіберген жоқпыз ба? Біздегі олигархтар
парламентке өз топтарын апарып және партиялар
құрып ел басқаруға тікелей араласуда.
Оларды дер кезінде тоқтатып, ресейдегідей
өз орындарына қоймаса, түбінде қоғамдағы
тұрақтылықты бұзатын солар болады. Заңдары
жетілген АҚШ-тың өзінде президент Дж.Кеннедидің
түбіне жеткен олар ештеңеден тайынбайды.
Біз де көршілеріміз сияқты қоғам азбай
тұрғанда болашақ жолды таңдауымыз керек.
Биліктің иесі, Конституцияда жазылғандай,
Қазақстан халқы ма, әлде олигархиялық
топтар ма? Еліміздің болашағы үшін өмірлік
маңызы бар осы мәселені дер кезінде өзіміз
шешпесек, түбінде оны уақыт шешкенде
елдің тағдыры қандай болады?
Ұлтаралық тұрақсыздық, адам өліміне себеп
болатын саяси күрес және азаматтық соғыстар
қоғамдағы саяси тұрақтылыққа қауіпті.
Украинадағы саяси тапсырыспен жасалған
бір журналистің өлімі халықтың билікке
сенімін жоғалтып, сол дағдарыс саяси
жүйенің түпкілікті өзгеруіне әкелді.
Ол өзгерістің қантөгіссіз өткені Украинаның
өркениетті қоғамға бағыт алғанынының
белгісі.
Ал, осы уақытқа дейін мақтан тұтып келген
Қазақстандағы саяси жағдай біз ойлағандай
жаймашуақ емес, күрделі және ұлағатты
қоғам ауылының бізден алыс екенін көрсетеді.
Тәуелсіздік алған ТМД республикаларындағы
билікке тән ортақ кемшіліктер - олардағы
саясат пен бизнестің араласуынан туындайтын
көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлықтың
кеңінен тарауынан.
Әбубәкір Кердері:
“Ұры-қары жиналып,
Ұлағатты ел болмас”
дегендей, ұлағатты ел болудың алғышарты
- ұры-қарыдан арылу. Кезінде хан Абылайдың
мыңғыратып мал айдайтын жағдайы болды.
Бірақ, оның бар байлығы үш түйе, он екі
қой және бес сиыр ғана. Сүйтіп, пендешіліктен
жоғары тұрған хан Абылай халқының тарихында
өшпес із қалдырып, өзіне де мәңгі ескерткіш
жасап кетті78. Ел басқару және ұлағатты
ісімен тарихта қалу, мыңнан біреудің
ғана қолынан келетін іс. “Биік тауға
алыстан қара” деп ата-бабаларымыз айтып
кеткендей, ел басқарғандардың бағасын
халық пен уақыт береді. Елдің қамын ойлайтын
саясаткерлер үшін одан басқаның бәрі
жалған.
Біздің замандағы үлгі болатын ұлы елбасыларға
Францияның президенттері - генерал Де
Голь мен Миттерандарды атауға болады.
Алдыңғысы, “француздың санын елу миллионға
жеткізсем...” деп армандаса, Миттеран
жергілікті үндінің қырық тоғыз миллионын
қырып-жойған АҚШ-тың тойына барудан бас
тартқан екен. Солардай рухы биік, жаны
таза отан сүйгіш елбасылар Франция сияқты
өркениетті елден шығуы заңды құбылыс.
Мемлекет сияқты күрделі жүйенің барлық
салаларындағы бірнеше ұрпақ өкілдері
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып
қызмет еткенде ғана жақсы қорытынды шығады.
Оған соңғы үш мың жылда жерін үлкейтіп,
мемлекет институттарын жүйелі түрде
бекітумен келе жатқан күншығыстағы көршіміздің
тарихы дәлел. Мемлекеттік аппарат пен
халықтың мақсаты елге немесе ұлттық идеяға
қызмет ету деп түсінген Ресей де соңғы
мың жылда жер көлемін тоқсан есе үлкейтті.
Кезінде ұзақ уақыт бойы көшпенділердің
езгісінде болған осы елдердің қазір ұлы
мемлекет болуының негізгі себебі осында. Ұлт мүддесіне
келгенде осы көршілеріміздің бізден
жоғары тұратын себебі, олардың ұлттық
идеясы қалыптасқан яғни ондағы бір тілде
сөйлейтін менталитеті ортақ зиялы қауым,
билік, оппозиция және халықтың ой-арманы,
дүниетанымы, мұраты бір немесе олардың
ішкі дүниесі біртұтас “төртеу түгел
болса, төбедегі келетін...” қоғам.
Ал, ұлттық идеясы қалыптаспаған, бірлігі
жоқ қоғамда “бай байға, сай сайға” тартып
елден берекет кетеді де, халықты сол елдің
мүддесінен басқа мақсатты көздеген олигархиялық
топтар билейді. Ол “қарағай басын шортан
шаладының...” бір түрі немесе Бұқар жырау
айтқандай “ақырзаман кезінде ...елім
деген ерлерді маңдайға ұрып, екіжүзділерді
төрге шығаратын” кезең. Мемлекеттік
институттарын ғасырлар бойы дамытып
келе жатқан шығыс пен солтүстіктегі көршілерімізден
гөрі, тәуелсіздікке енді жетіп жатқан
Қазақстанда жетіспей жатқан мемлекетшіл
мамандарды дайындау үлкен міндет. Ұлттық
идеямыз қалыптасқанда ғана біз ақырзаман
деген аяздай қаритын сөзді ұмытып, мұратқа
жетеміз.
Бауырлас түркі елдері біріне бірі көмектесіп
өздеріне тиімді жол табудан гөрі, біріне-бірі
қырбай, бақталас болуы басымырақ. Осы
бақталастық аймақта көшбасшы \лидер\
болуға таласудан туындайды. Ондай «көшбасшылық»
саяси тұрғыдан көрші отырған туыстас
халықтардың арасына іріткі салып, аймақтағы
тұрақтылықты бұзатын болса, экономикалық
қатынастарға да кедергі келтіретін зиянды
құбылыс. Ондай жетекшіні негізінен осы
аймақта ықпалы мықты АҚШ пен Ресей анықтаса,
енді оларға Қытай қосылуда. Олардың бүйрегі
қайсысына бұрса, сол республика жетекші
болмақ. Осындай “лауазымға“ ие болу
үшін, осы үлкен елдердің көңілін табу
керек. Ондай кездерде көбіне елдің мүддесінен
гөрі осы алпауыттардың мүдделері жоғары
тұрады. Өзін қорғауға қабілетсіз, экономикасын
дамытуға қаржысы не өресі жетпейтін,
халқының саны көршілерінен ондаған-жүздеген
есе аз, жартылай доминант елдердің сыртқы
саясаттары осындай. Ондай елдердің саяси
жетекшілері де өздеріне сенімсіз, саясаттары
ел мүддесінен гөрі “үлкен көршілерінің
көңілін аулағандықтан“ олардың ағайындармен
бірігуге батылдары жетпейді, ал жеткендерінің
өзі ағайындас көршілерін аймақтағы қарсыласым
деп қарайды. Ондай құлдық психологиядан
құтылмағандарды Абай атамыз:
“Заман ақыр жастары,
Қосылмас ешбір бастары.
Біріне бірі қастыққа -
Қойнына тыққан тастары”
деп “ақырзаманның жастарына” теңестірген.
Олар елдің экономикалық мүдделерін қорғап,
шегара мәселелерін тиімді шешу және қорғаныс
қабілетін күшейтудегі іс-қимылдары батыл
болмағандықтан, істері де тиімсіз.
Осы республикалар бірігіп толық тәуелсіздік
алып кетпес үшін алпауыт елдер оларды
өздеріне тәуелді етіп ұстау мақсатында
мынадай амалдарды қолданады:
- біреулерін өздеріне жақындатып, екіншілерін
алыстату арқылы араларына жік салып,
реті келсе оларды бір-біріне айдап салу;
- әртүрлі діндерді енгізіп, тілі мен діндері
бірдей елдер арасында немесе бір елдің
ішіндегі халықты бөліп, дінаралық наразылық
туғызу;
- ірі кен орындары мен экономиканың тиімді
салаларын өздерінің трансұлттық компанияларына
алып беру арқылы сол республикалардың
экономикасын басқару;
- өздері құрылтайшы болып отырған халықаралық
қаржы институттары арқылы несиелер беріп,
белгілі дәрежеде тәуелді етіп ұстау,
ал ол елдер жақсы қарқынмен дамыса немесе
тәуелсіз саясат ұстанатын болса, оларды
“Азия жолбарыстары“ сияқты дағдарысқа
ұшырату;
- сол елдердің жеріндегі сынақ полигондарын,
аэродромдарды пайдалануды немесе шегарасын
күзетуді себеп етіп, онда өз әскерлерін
ұстау;
- мұнай-газ құбырларын және т.б. болашақта
қажетті стратегиялық объектілер салуға
тікелей қаржы бөлу және сол елдерге көптеп
өз азаматтарын ендіру арқылы реципиент
елдерді алдымен экономикалық, содан кейін
саяси тәуелді қылу немесе отарына айналдыру.
Бұл тәуелсіздігі толық орнықпаған елдердің
басынан кешетін тағдырлары.
Өзара бірлігі жоқ түркі тайпалары мен
халықтарын ғасырлар бойы бір-біріне айдап
салу арқылы “бөліп алып билеуде” және
ағаштың діңін жеген құрт сияқты іштен
шіріту әпербақан елдердің ондаған ғасыр
бойы ұстанып келген мемлекеттік саясаттары100.
Бәйтеректің діңіне құрт түссе, түптің
түбінде құлайтыны белгілі. Уақыттың өз
пайдаларына қызмет ететінін түсінген
көршілері түркі халықтарының есебінен
көбейіп, алып мемлекетке айналғанда,
түркілер уақыт өткен сайын бір - бірінен
алыстап, жерлері тарылып, біртіндеп тілдерінен
айырылуда. Ол жыланның арбауынан шыға
алмай қанаты талған торғайдың өздігінен
жем болатыны сияқты, түркілердің осал
жерлерін түсінген көршілері оларды әртүрлі
әдіс-айламен арбап араларын ашу арқылы
көп шығынсыз өздеріне қосып алуда. Түркілердің
бастары бірікпейтін болса, күші көп көршілері
болашақта да еш шығынсыз және еш соғыссыз
өз дегендерін істетеді. Сондықтан, бұл
жердегі өмірлік мәселе - іштегі алауыздыққа
жол бермей, береке-бірлікті сақтап “ағайын
азғанмен безбейтінін” түсінуіміз керек.
Кезінде Кемаль Ататүрік, “Кеңестер одағындағы
түркі халықтары түбінде тәуелсіздігін
алады. Сол кезде Түрік мемлекеті оларға
қолұшын беруге дайын болуы керек” деген
өсиет қалдырған болатын. Осы республикалардың
тәуелсіздігін алғашқы болып Түркия мойындады
және осы елдің сол кездегі президенті
Тұрғыт Озал түркі халықтарын бірлікке
шақырып, олардың басын қосып, одақ құруға
әрекет еткен болатын. Одан кейін Қазақстан
және Орта Азия республикаларының президенттері
түркі елдері одағының әртүрлі варианттарын
ұсынып, өз жоспарларын іске асыруға ұмтылуда.
Осындай, құптайтын игілікті шараның түбінде
орындалатынына сенім бар.
Тағдырына немқұрайды қарамайтын ағайындармен
біріккенде ғана түркілер әртүрлі бұғаудан
құтылып толық тәуелсіздікке жетеді. “Алтау
ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел
болса, төрдегі келеді“ деген аталы сөз
осындайда айтылса керек. Сондықтан, алты
алаштың баласы ала болмауы тиіс.
Бұрынғы Кеңес Одағының ізімен құрылған
ТМД, ЕврАзЭС және т.б. осы сияқты саяси-экономикалық
ұйымдар негізінен біржақты, “үлкен аға”
- Ресей үшін ғана тиімді. Сондықтан, мүшелеріне
тең құқықты қамтамасыз етпейтін ондай
ұйымдарды жандандыру - өлі арыстанды
тірілту сияқты баянсыз тірлік. “Өлі арыстаннан
тірі тышқан артық” демекші, “өлі арыстанның”
орнына Иран, Түркия, Кавказ елдері, Ресей,
Қазақстан мен Орта Азияны біріктіріп,
Каспий аймағы қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін халықаралық әскери – саяси ұйым
құру осы елдер үшін саяси және экономикалық
жағынан әлдеқайда тиімді. Каспий мұнайы
алдымен осы аймақтағы елдердің экономикасын
көтеріп, қорғаныс қабілетін арттыруға
жұмсалуы тиіс.
. . .
Дін:
“Дін болмаған жерде ешқандай қоғамдық
мораль да, ұлттық мінез де болмайды”
дейді белгілі ғалым Ж. де Местр 222.
Қазақстанда дәстүрлі екі дін – мұсылман
суниттер және православтық христиан
бар.
Осы екі діннің түп-төркіні бір, олардың
екеуі де семит халықтары - арабтар мен
еврейлердің аңыздары мен мифтерінің
негізінде шыққан дүниежүзілік діндер.
Сондықтан да олардың пайғамбарлары екі
дінге де ортақ. Мысалы, христиан дініндегі
Моисеи, мұсылманда Муса, Иосиф - Иса және
т.с.с. Сонымен қатар, бір дүниетанымның
негізінде шыққан бұл діндердің негізгі
қағидалары да бірдей. Сол себепті, осы
діндерді ұстанатын отандастарымыз арасында
дінаралық түсініспеушілік бола қоймайды.
Шығыс пен Батыстың арасы - Таяу Шығыста
пайда болған бұл діндер бірін-бірі толықтырып
тұрады және осы екі әлемді (мир) қосатын
көпір міндетін атқаруда. Түбінде Батыс
пен Шығысты біріктіретін түркі-семит
халықтары мен осы діндер болар.
Қазақстан зайырлы қоғам болғандықтан
мемлекет ресми түрде діннен бөлінген.
Бірақ қоғамдағы мораль, өнегелілік, аруақтарды
сыйлау сияқты тәрбиелілік тұрғыдан келгенде
діннің маңызы зор. Сондықтан, бұл екі
дін біздің тұрғындар ұстанатын негізгі
діндер болып қала бермек. Терри Праттчетаның
“Шағын құдайлар” кітабындағы “Сенің
отан үшін, халқың және отбасың үшін жаныңды
қиюыңа болады. Ал құдай үшін сен өміріңнің
аяғына дейін толыққанды өмір сүруіңе
тиіссің” дегенін діннің қоғамдағы
орыны адамды сабырлылық, қанағаттылық,
төзімділік, имандылық сияқты ізгі қасиеттерге
тәрбиелеу мен мәңгілікке жол көрсететін
рухани дүние деп түсінуіміз керек.
Дін елдің іргесін біріктіріп, оның моральдық
және өнегелілік келбетін қалыптастырады.
Өзінің сара жолын негізгі бір дінді ұстану
арқылы анықтаған ел ішке басқа діндерді
кіргізбейді. Қытай мен Ресейдің ондаған
жылдар бойы өз жерлеріне католик дінін
уағыздайтын Рим Папасының келуіне ұлықсат
бермеуі соның мысалы. Мемлекетті біріктіруде
бірнеше ғасырлық тәжірибелері бар осы
елдер дін мәселесінде бізге үлгі болуы
керек. Кезінде ұлы Құшан патшалығының
түбіне жеткен де бір мемлекетте көп дінді
ұстану болған еді. Одан кейін Еуразия
аумағының жартысына жуығын билеген Түркі
қағанатының батыс бөлігі буддизмді қабылдағаннан
кейін, одан кейін тап сондай жерге билігін
жүргізіп тұрған қыпшақтардың бір бөлігі
христиан дінін қабылдағаннан кейін олар
ата діндерін ұмытып алдымен рухынан айырылып,
тобырға айналды да, ақырында ана тілімен
бірге шыққан тегін ұмыты. Әр кезде тілдері
мен діндерінен айырылып, қытайланған
түркілер – қара қытайлар да сондай қандастарымыз.
Соңғы он бес жылда ондаған мың қандастарымыз
өз дінін ұмытып басқа діндер мен діни
ағымдарға кіріп үлгірді. Мысалы, осы уақытта
жиырма мыңнан астам қазақ кришнаны қабылдапты.
Ондаған ұлт өкілдерінен тұратын елде
олардың алауыздық туғызатыны белгілі.
Елде қаптаған миссионерлердің көпшілігі
әртүрлі діндерді уағыздаумен қатар тыңшылықпен
айналысатыны белгілі. Демек, олар тағы
бір жағынан елге қауіп төндіреді. Қанымыз
бен миымызға сіңіп бара жатқан осы қауіптен
сақ болуымыз керек. Себебі, адамзат тарихында
көп дінді уағыздаумен ұшпаққа шыққан
ел болмаған. Алтын Орда кезінде христиан
дінінің пайдасы жайындағы түрлі уағыз-өсиеттер
мен аңыз-хикаялар жазылған “Кодекс куманикус”
немесе “Құмандардың кітабы” (“Қыпшақ
тілінің сөздігі”) шықты. Ол кезде Батыс
Еуропада қыпшақтарды құмандар деп атаған.
Бұл жинақтың негізгі мақсаты қыпшақтар
ішінде христиан дінін уағыздау. Әдеби
жағынан құнды жинақтың түпкі астары осындай.
Соңғы кезде Астана әлемдік діндер мен
конфессиялар басшыларының тұрақты жиналатын
орнына айналды. Мүмкін, ол елдің сыртқы
саясаттағы тұрақтылығы мен халықаралық
қауымдастық алдында беделін көтереді
деген үміт болар. Бірақ осы шарадан біздің
ұтқанымыздан гөрі ұтылатын жеріміздің
көп екенін соңғы уақытта Қазақстан азаматтарының
әртүрлі діндер мен діни ағымдарға кіріп
жатқанынан байқауға болады. Сонда, сыртқы
саясат деп әлдеқандай қып жүргеніміз
болашақта ел ішінде іріткі салып жүрмесін.
Ондай жағдайды болдырмау үшін негізінен
ұстанылатын ислам мен христиан діндерінен
басқаларының ел ішінде таралуына тегеуірінді
кедергі жасап, одан дүниежүзілік діндер
мен конфессиялар басшыларының басқосуын
бөліп қарауымыз керек. Осылай “дәннен
кебекті“ айырғанда ғана ұтылмаймыз.
Өзіміз дінсіз қоғамның шырмауынан шықпай
жатып, ғасырлар бойы дәстүрлі діндерді
ұстанып келе жатқан елдерге “саяси бағыт
көрсетуіміз” Абай атамыздың, “...мәз
болады болысың, арқаға ұлық қаққанға“
дегені болып жүрмесін.
Әлемдегі әрбір бесіншісі адам мұсылман.
Өзі мұсылман болмаса да академик В.В.Бартольд
ғылыми деректерге сүйеніп осы дін туралы:
“Исламның түркілер арасында таралуы,
басқа дүниежүзілік діндермен салыстырғанда,
Исламның бойындағы ерекше күштің әсерінен
болды. Мұсылмандардың саны буддизм мен
христиандардан аз болғанымен (автор кітабын
өткен ғасырдың басында жазған, қазір
мұсылмандар саны жағынан әлемде бірінші
орында – авт.), Ислам таралуы
бойынша бір нәсілді халықтармен немесе
әлемнің бір мәдениетімен шектелмейтін
жалғыз дүниежүзілік дін болып саналады.
Кейде басқа діндердің уақытша жетістіктері
Исламнан гөрі едәуір артық болғанымен
тұрақты көрсеткішке жеткен жоқ. Бір кезде
ұстанушылары Францияның Оңтүстігінен
Қытайға дейінгі жерге тараған дүниежүзілік
дін - манихействоның соңынан түгелдей
жойылып кетуіне кедергі болмады.
Буддизм өзінің дүниежүзілік әрекетін
батыста кеңінен үгіттеуден бастағанымен
бұл дін әлемнің тек шығысазиялық мәдениетінің
діні болып қалды.
Исламның үгіті ешқандай жетістікке қолы
жетпей тұрған кезде түркілердің ішінде
кең тараған христиан дінін соңынан Монғолияның
Оңтүстік, Шығыс және Батысындағы көптеген
халықтар қабылдағанымен, ол уақытша ғана
жетістік болды. Қазір христиан діні көбіне
еуропалықтардың діні, ол еуропалықтардан
басқа мәдениеттерде таралуы мен мәдени
дамуы жоқтың қасы. ...Тарихта жалпы Исламды
қабылдаған көптеген будда және христиан
халықтары болғанымен, керісінше буддизм
мен христианды қабылдаған бірде-бір мұсылман
халқы болмаған” дейді26. Ұлы ғалымның
осы қорытындысынан ислам дінінің адамзат
рухының дамуындағы ерекше орынын көреміз.
Ф.Бэкон, Ф.Вольтер, И.Ньютон, И.В.Гете, Б.Шоу
сияқты ұлы ойшылдар ислам мәдениетін
жоғары бағалап, оның Батыс халықтарына
жағымды жақтарын уағыздады. Мысалы И.В.Гете:
“Анау-мынау нәрсе туралы оңды-солды ой
толғау қандай ақымақтық?! Егер ислам Аллаға
мойынсұну болса, біз бәріміз Исламда
өмір сүріп, Исламда өлеміз.
Бір Аллаға деген сенім әр уақытта рухыңды
биік етеді. Өйткені, ол адамның рухани
тұтастығының өлшемі болып табылады.
Біздер, Еуропа халықтары, мәдениетіміз
айрықша дамығанымен, Хазіретті Мұхаммедтің
ұлылығының ең бірінші сатысында ғана
тұрмыз. Оған ешқандай шүбә келтіруге
болмайды және бұдан кейін де одан ешкімнің
аса алуы мүмкін емес. Жаратылғандардың
ұлысы – Мұхаммед” десе54, Ислам
діні туралы Л.Н.Толстой өзінің Е.Векиловаға
жазған хатында, “Православиеге қарағанда,
мұсылмандықты жоғары қоюға келетін болсақ...
мен мұндай таңдауды жан-тәніммен қолдаймын.
Шын мәнінде христиандық мұраттар мен
христиандық ілімді жоғары қоятын мен
үшін бұлай айту таңқаларлық жайт. Дейтұрғанмен,
мен үшін ислам өзінің мән-мазмұнымен
шіркеулік православиеден айрықша биік
тұрғанына ешқандай күдік жоқ. Сондықтан,
егер адамға не шіркеулік православиені,
не ислам дінін таңдау еркі қойылса, онда
кез келген саналы адамның күрделі де
түсініксіз «үштік», күнәні жуу, құпия
суреттері бейнеленген әулиелер мен құлшылықтың
күрделі түрінің орнына кімде-кімнің Алланың
жалғыздығы мен Елшісін мойындау қағидасын
ұстанатын исламды таңдайтынында еш күмән
жоқ” деп жазды150. Л.Н.Толстойдан
басқа А.С.Пушкин, Н.В.Гогольдан бастап
орыстың көптеген ұлы ақын-жазушылары
мұсылман дінін пір тұтты.
Ал, Бернард Шоу осы діннің Еуропадағы
болашағы туралы, “егер қайсыбір дінге
кейінгі 100 жылда Англияны, тіпті бүкіл
Еуропаны басқаруға мүмкіндік туар болса,
ол тек Ислам ғана болар еді. Мен Мұхаммед
әкелген дінге оның ғажайып өміршеңдігі
үшін үлкен құрметпен қарадым. Менің түсінігімше,
бұл өмірдің ауыспалы жағдайларына тез
бейімделетін қабілетке ие бірден-бір
дін. Сондықтан, барлық жастағы адамдарға
сөзсіз ұнауы мүмкін. Мен оның өмірімен
таныстым, меніңше, ол ғажайып жан. Антихрист
емес. Қайта оны адамзаттың құтқарушысы
деп білу керек. Егер кәзіргі әлемді басқару
құқығы сол секілді бір адамға берілетін
болса, ол барлық мәселелерді шешер еді.
Және бұл шешімдер сондайлық тыныштық
пен бақыт әкелер еді. Мен ертеңгі Еуропаның
Мұхаммедті (Исламды) қабылдайтынын болжаймын.
Тіпті, Еуропа оны қазірдің өзінде қабылдай
бастады”178 десе, “ … адамзат Алланың
жердегі өкілі Хазіретті Мұхаммедтің
алдында қарыздар” дейді Пренс Бисмарк.
Біздің дәуірге дейін материалистік ілім
үш ғасыр бойы буддизм дінінің құрамдас
бөлігі болып келсе, орта ғасырда Исламның
бір ағымы болып дамыды. Қазіргі кездегі
материалистік ілімнің негізін салушы
К.Маркс Ислам діні туралы: “Мұхаммед
христиан діні мен иудаизм дініндегі адасушылықтың
қауіптілігін түсінді. Ол өз өмірін қауіп-қатерге
тіге жүріп, пұтқа табынушыларды бір Құдайға
иман келтіруге шақырды және мәңгілік
өмір дәнін себе бастады. Оны адамзат тарихындағы
тек қана ұлы адамдар тарихына қосып қою
әділетсіз болар еді. Біз оның пайғамбарлығын
және Алланың елшісі екенін мойындауға
міндеттіміз” дейді. Діндер мен конфессиялар
көп болғанымен, қай кезде де басқа діндерді
ұстанған данышпандардың барлығы бірдей
мойындағаны - мұсылман діні.
Профессор Р.Бердібай
елдегі қазіргі діни жағдай туралы: “Қазақ
халқының келешегіне қауіп төндіретін
жат әрекеттердің етек алып бара жатқанына
немқұрайлы қарауға болмайды. Ол қауіп
- Қазақстанның діни экспансия мекеніне
айнала бастауы. Діндер “тасқынынан”
сақтанудың ең сенімді жолы Орта Азия
мен Қазақстан халықтарының дәстүрлі
діні - Исламды қайта жандандыру болмақ.
Түркі халықтарының басын құрайтын, күшін
біріктіретін, ынтымағын арттыратын, бәрінен
бұрын қауымның имандылық тәрбиесіне
қуатты негіз болатын Ислам дініне табан
тіреу бірлігіміздің үшінші шарты дегіміз
келеді”132 дегені осы аймақтағы
халықтардың рухани бірлігі мен имандылығын
қамтамасыз етсе, француздың академигі
Морис Букайдің “Білімі жан-жақты, Құранды
оқыған кез келген адам исламды қабылдайды”
деген сенімі уақыт өткен сайын, өркениетті
Батыстың зиялыларынан бастап барлық
адамзатқа кеңінен тарауда.
. . .
Заңдар
және құқық:
Қоғам жан-жақты даму үшін, оны басқаратын
заң жергілікті халықтың менталитетіне
сай болуы керек. Әрбір мемлекет өз экономикасын
өзі басқарып, дамыта алғанда ғана нағыз
тәуелсіз ел бола алады және өркениетті
елдер қатарына қосылуға мүмкіндігі бар.
Оған ілгеріде айтып кеткен мысалдармен
қатар, Латын Америкасы елдерінің соңғы
екі ғасырдағы тарихы дәлел. Бұл құрлықтағы
елдер осыдан екі ғасырдан астам уақыт
бұрын Конституцияларынан бастап барлық
заңын Америка Құрама Штаттарынан көшіріп
алған болатын. АҚШ-тың заңдары ағарту
дәуіріндегі батыс халықтарының менталитетіне
бейімделген «билікті бөлу принципіне»
негізделген. Сол дәуірдегі ойшылдар,
прогресс еуропа өркениетінің әлемге
тарауы арқылы жүреді деп түсінді. “Заңдар
рухы” трактатының авторы Ш.Монтескье
климаты мен топырақтары әртүрлі географиялық
аймақтарда қалыптасқан халықтар мен
мәдениеттердің бірдей болмайтынын, бірақ
олар бір-бірімен сыйыса алатынын дәлелдеді114.
Осы мәселе жайлы американ философы Ст.
Тулмин, Ш.Л.Монтескье мен Ф.М.А.Вольтер
Еуропадағы және дәстүрлі Таяу Шығыстағы
қоғамдар мен мәдениеттерден басқаны
білмеді. Қытай мен Үндістан “аңыздар
әлемінен” шығып үлгерген жоқ: испан канкистадорларының
шапқыншылығынан жойылып кеткен ацтек
және инк өркениеттері жайлы деректері
толық емес және күмәнді болғандықтан
Орталық Африка мен Солтүстік Америкадағы
тайпалар одағын алғашқы қауымдық қоғамдағы
жабайылар деп менсінбеді”152 деген
қорытындыға келеді. Еуропалықтар ғана
ерекше өркениетті қоғам, басқа ориентальдық
әлемнің барлығы тек солардан үйреніп
даму керек деп, олардың тарихын, өркениеттерін,
дүниетанымдарын түсінбеген кезде пайда
болған заңдар жинағы тек Батыс халықтарының
ғана менталитетіне негізделді. Латын
Америкасындағы негізінен испантілді
халықтардың менталитеті шығыстың менталитетіне
жақын. Сондықтан, осы құрлықтағы елдердің
заңдары қаншама жетілген болса да, ол
қоғам дамуына тиімді жұмыс істей алмайды.
Себебі, кез келген қоғам өзінің дүниетанымына
сай өмір сүреді және оған қайшы келетін
заңдармен күреседі.
Г.В.Ф.Гегель өзінің “Тарихтың философиясы”
атты еңбегінде: “Ұлттың тірегі Құдай
Идеясын құрайтын негізге сүйенеді. Мемлекеттің
ерекше формасы, оның құрылымы діннен
шығады. Афин мен Римнің саяси құрылымдары
тек қана отқа, қауымға қабылданып табынушы
халықтарда пайда болуы мүмкін және қазіргі
католиктік мемлекеттердің рухы мен құрылымдары
протестанттық мемлекеттерден өзгеше.
Халықтың рухы ерекшеленген және дәл жекеленіп
анықталған. Оның сана-сезімі әр саладан
алынады; сол белгілі сана-сезімге ол өзінің
саяси құрылымы, өзінің өнері, өзінің білімімен
келеді... Халық өзінің мифологиясын анықтаған
жағдайда ғана өмір сүреді. Ол мифология
халық қалыптасқан жағдайда ғана пайда
болуы мүмкін, ал әзірге халық көрінбей
адамзаттың ішінде шырмалып жатқанда
жарық дүниеге шыға алмайды. Халық өзінің
тәуелсіздігін алып болмаған, бөлініп
шығу және қалыптасу жағдайында осындай
пайда болу болады. Тіл халықпен бірге
пайда болады”52
деген болатын. Ал, біздің тәуелсіз еліміздің
заңдары мыңдаған жылдар бойы тарихтың
қатаң сынынан өткен ата-бабаларымыздың
дәстүріне сүйене ме?
Қазақстанның қазіргі заңдары түрлі елдер
заң үлгілерінің көшірмесі екені белгілі.
Ата заңымыздың өзінде Францияның, Алманияның,
Малайзияның және т.б. елдердің конституцияларынан
көшірілген жері жеткілікті. Керісінше,
осы Ата заңымызда дәстүріміз бен менталитетімізге
және ұлтымыздың моральдық нормалары
мен өнегелік (нравственный) ерекшеліктеріне
сүйенген “Қасым ханның қасқа жолы”,
“Есім ханның ескі жолы”, “Жеті жарғы”
сияқты қазақтың қаймағы бұзылмай тұрған
кезіндегі заңдар жинағының өнегелі жақтары
мен билер институттарының үлгілері келтірілген
тұсын көре алмайсың. Ондай заң - жел қайдан
соқса да бастан түсіп қалатын, “қисайтып
киген бөрік” сияқты болады. Заңда әділеттілік
пен тұрақтылық болмаса қоғамда да қылмыс
түрі мен сыбайлас жемқорлық көбейіп кетеді.
Бұрын қазақта түрме болмаған. Жастар
алдымен отбасында, есейгесін қоғамның
тәрбиесінде болғандықтан, адамның қылмыс
жасауы өте сирек кездескен. Қылмыс жасаған
адамды түрме емес, ақсақалдар мен билер
және қоғам тәрбиелеген. Қазақ даласында
қыз бала мен әйелдің қылмыс жасауы деген
атымен болмаған. Еркектері үйде өлуді
ар санап, шайқаста көз жұмуды арман еткен,
келіндері үлкендердің атын атауға ұялып,
әкені асқар таудай көрген. Қоғамның бүгінгі
моральдық, өнегелілік (нравственность)
жағдайы өркениетті қоғамдағы азғындықтың
формаларын бойына сіңірген немесе арам
қанды сорып алған сүлік сияқты. Соның
салдарынан бүгін Қазақстан түрмеге отырғандардың
үлесінен әрбір он мың адамға есептегенде
дүниежүзінде алдыңғы қатарлы 3-4 орындардың
бірін алады. Оның негізгі себептері -
заңдар мен халық менталитеттерінің арасындағы
қарама-қайшылықтан туындайды. Көптеген
ұлттардың өкілдері біртуған ағайындай
болып, тату тұруға парасаттары жетіп,
барлық қиындықтарға шыдап төзімділік
танытқанда, қылмыс жасамауға ақылдары
жетпейді дегенге сену мүмкін емес. Бұл
жерде мәселе халықта емес, бір қайнауы
ішінде кетіп, шала дайындалған заңдарда,
ұлттық тәрбие саласында насихаттың болмауында
жатса керек.
Заңдар мемлекеттің негізгі ұстанымдарын
айқындайтын қоғамның тірегі. Сондықтан
қоғамдағы мораль мен өнегелік, сыбайлас
жемқорлық пен көлеңкелі экономика, нашақорлық
және т.б. деңгейі заңдардың сапасына тікелей
байланысты. Елдегі соңғы кезде салынған
балабақшалар мен мектептер, мешіттер
мен кітапханалардан гөрі түнгі клубтар
мен ойынханалардың және “күмәнді” қонақүйлердің
саны басым болып барады. Ойынханаларға
Шығыстың өркениетті елдерінде тиым салынған.
Ойынханалар мен түнгі клубтар жастарды
моральдан айыратын, нашақорлық пен жезөкшелік
сияқты өркениеттегі азғындықтардың ұясы.
Оның жалғасы дін мен дәстүрден айырылып
демографиялық дағдарысқа әкелетін жыныстық
бағытты өзгерту... одан кейін белгілі
принципі жоқ қоғамның өзі бағытынан айырылмай
ма?
Болашақта Қапшағайда салынатын “China
town” технополисі біріншіден қытайдың
батыстағы Гонконгы болса, екіншіден Азияның
Лас Вегасы немесе Махаосы болады деген
қауіп бар. Онда Алматы мен оның айналасы
қытайдың Орта Азиядағы қаржы орталығына
және Каллигуланың кезінде жынойнаққа
айналған Рим болмасына кім кепіл?
Соңғы кезде еліміздің мұнай кендері сатылған
соң Қазақстан мұнайындағы Қытайдың үлесі
30-35 пайызға жетті. Оған жоғарыдағы құбырларды
қаржыландырған және технополиске салатын
ондаған миллиард доллар қытай инвестициясын
қосқанда Қазақстанның ЖІӨ-індегі (80,0
млрд. USA) қытайдың үлесі соңғы жылдары
жиырмадан қырық бес-елу пайызға дейін
көтерілгенін көреміз. Көршіміздің Қазақстанды
осылай “үнсіз” жаулауының қарқыны ел
экономикасының даму қарқынынан әлдеқайда
тез жүруде. Осы теріс үрдіс тоқтамайтын
болса онда 2030 жылға дейін-ақ Қазақстанның
экономикасы мен саясаты қытайға тәуелді
болып, оның шикізат қоятын провинциясына
айналады. Сондықтан, болашақта Парламент
пен Үкіметке осы статистиканы жүргізуден
басқа жұмыс қалмайтын сияқты. Соңғы кезде
билікте Қытайдың саясатын жүргізетін
мықты лоббидің пайда болғаны белгілі.
Өз мәселелерін шешер кезде параны аямайтын
қытайлықтарға сатылған осындай топтардың
істерін мемлекетке жасалған сатқындық
деп қарау керек.
Біздің құзырлы органдар өз азаматтарының
үйлерін бұзып, оларды баспаналарынан
күшпен айырғанша, ел үшін маңызды мәселе
- мемлекет қауіпсіздігімен неге айналыспайды?
Тышқан аулау мысықтың тірлігі. Ал атқамінерлер
мен генералдардың міндеті ел қауіпсіздігін
қамтамасыз ету.
Бек пен билер не керек,
Елін қорғай алмаса,
Тура жолға салмаса...
деген екен бұрынғылар.
Әлемдегі барлық отарларын сақтап қалған
Британия Гонконгты Қытайға беріп жіберуге
мәжбүр болғанда осындай жағдай ондаған
жылдардан кейінгі бізде де қайталанбай
ма? Тегін ірімшіктің (сыр) қайда болатынын
біліп тұрып, “пәлелі жерге неге бармақ
тыға беретіні” түсініксіз.
Кезінде исламды монғол шапқыншылығы
мен крест жорығынан құтқарған мамлүктік
Египеттің негізін қалаған Сұлтан Бейбарыс
бабамыз мемлекет құруды алдымен елдегі
нашақорлық пен ішімдікке тиым салу және
Еуропадан келген жезөкшелерден тазартудан
бастады. Ал, Алтын Орданың ханы Жәнібек
Генуя саудагерлерінің Кафу порты (қазіргі
Феодосия) арқылы түркілердің балаларын
сатып алып, оларды құлдыққа сатуын басқа
жолмен тоқтату мүмкін болмағасын, оларға
соғыс жариялап портты қоршайды да, қамалдың
ішіне обадан өлген адамың мәйітін тастайды.
Содан кейін Еуропаны даладан барған құлдар
емес, бубон чумасы жайлап осы құрлық тарихындағы
ең қайғылы кезеңнің бірі басталды. Жарты
ғасырда Еуропа халқының қырық пайызға
жуығын жалмаған осы індеттің себебі неде?
Оған кінәлі ұрпақтарының қамын ойлаған
Алтын Орданың ханы ма, әлде құл сатушы
саудагерлер ме?... Қазақ балаларын шетке
сатқызып отырған бүгінгі биліктегілер
ұлтының тегін сақтай білген Жәнібек сияқты
біртуар хан өткенін біледі ме екен?
Мөде қаған, Сұлтан Бейбарыс, хан Жәнібектер
сияқты Ұлы бабаларымыздың ел мүддесін
қорғау жолындағы істерін бүгінгі биліктегілер
солардай қылып шеше ала ма? Мемлекеттің
болашағы, міне соған байланысты.