Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 07:54, реферат
Гносеология- адамның танымдық iзденiстерiнiн табиғатың, бiлiмнiң шындыққа қатынасың, оның мәдениет және қатынастар-байланыстар жүйесiнде алатың орының, даму шарттарың, ақиқат өлшемiн және сонымен қатар, шынайы бiлiмдерге жету заңдылықтарың мен әдiс-тәсiлдерiн қарастырады.
Одан кейiн, кең тараған эпистемология термины пайда болады (гр.episteme-бiлiм, logos-iлiм). Бұл терминмен әдеттей ғылыми таным теориясың белгiлейдi.
1.Танымның философиялық тұғырнамалары
2. Ойлау және тiл
3. Интуиция, оның таным мен шығармашылық процесiндегi ролi
4. Бiлiм түрлерi. Сенiм, пiкiр, түсiнiк
5. Ақиқат мәселесi
6. Ғылыми таным және оның спецификалық ерекшiлiктерi
7. Бiлiм алу танымның ерекше формасы ретiнде
Санада заттың көп-түрлi бейнелерi қалыптасады, ойдың табиғаты тiлмен байланысты болып, оны әр-түрлi түсiнуге әкелдi:ассоциативтi психологиясында ойлау- есте бар образдардың қарапайым үйлесiмдiлiгiне әкелiп саяды, ұқсаттық, жақындастық, айырмашылық; бихевиоризм- сананы принциптi тiкелей байқауға болмайды деп, бейне тек қана ойдын туындысы деп, ойды психологиядан алып тстайды; вирцбург мектебiнiң психологтары- ойлау жалпы бейне түрiнде болмайды, өйткенi сезiмдiкке қатысы жоқ; гештальд психологиясы- ойлау дегенiмiз сананың тұйықты құрылымдарында ойдың қозғалысы, сондықтан да бейне мен ой пара-пар.
Жалпы, ойлауды- сезiмдiк және ұғымдық бейнелер арқылы интелектуалды операциялар жүргiзу қабiлетi ретiнде түсiнуге болады. Баланың психикасын зерттеушiлер, ұғымдық ойлаудың алдында, оның ерекше формалары (көрнекi-iскерлiк және көрнекi-бейнелеу) қалыптасатының дәлелдейдi.
Ойлау бұл адам миының табиғи функциясы. Ол қатан тұрғыдан индивидуалды. Бiр адамның ойлауы басқа адамның ойынаң мүлдем басқаша, бөлек болып келедi. Бiрақ адамдар бiр-бiрiн түсiне алады. Ойлау процесiнiн нәтижесi идеалдықтан материалдыққа өтуiнде. Адамның ойлары мәдениет жемiсiнде объективтендiрiледi. Ойдың генезисi- ойдың сөзге немесе затқа, сөздiн заттық ойға өтуi.
Ойлау-сезiмдiк қабылдаудың мәлiметтерiн талдап, “тәртiпке” келтiредi, яғни сезiмдiк қабылдау бере алмайтын жаңа бiлiм бередi. Бұл процесс, сезiмдiк танымнаң абстрактiлiк ойлауға өту- диалектикалық секiрiс болып табылады. Секiрiс нәтижесiнде ұғыну процесi iске асады: нақты сезiмдiк материалдан терең мазмұнды ойлауға көшу. Ойлау-заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен қатынастарын мақсатқа сай абстрактiлi, жанама және жалпылау формасында бейнелендiру процесi. Ойлаудың мақсаты- практикалық, теориялық мәселенi қою, шешу арқылы ақиқатқа жетуге талпыну.
Таным объектiсi iшкi және сыртқы, құбылыс және мән, жекеде және жалпылықтан тұрады; сезiну- сыртқы, құбылысты және жекенi бейнелеу болып келсе, ойлау- iшкi, мәндi және жалпылық тұрғыдан түсiну болып табылады. Ойлау процесi (күнделiктi- практикалық, ғылыми-теориялық, көркемөнер де) жанама (косвенно, опосредованно) ойқортындылар жасау арқылы жүзеге асады. Ойлау таным формаларымен жанама байланысты: сезiмдiк әсер, символдық бейнелер, тiл, таңба-белгiлер жүйесi, өнер тiлi. Бұл жүйелердiн элементтерi ойлаудың абстракциялау және жалпылау сияқты логикалық операцияларың қамтамасыз етедi. Жалпылау деп белгiлi топқа, классқа жататын жекеше заттар мен құбылыстардың мәндi қасиеттерi мен белгiлерiнiн сол топқа жататын барлық нәрселерге ойша қолдануды айтады. Абстракциялау-нәрселердiң мәндi белгi, қасиеттерiн ойша бөлiп алып, мәнсiз белгiлерi мен жақтарына көңiл аудармау.
Ойлау мен тiл генетикалық тұрғыда адамның заттық әрекетiмен байланысты. Ойға қатысты тiл бiрнеше қызметтердi атқарады: 1) бiздiн ойларымызды жеткiзу формасы, ойдың идеалды мәнi тiлде ғана материалданады, объективтендiрiледi, бұл функция- мәнқалыптастыру (смыслообразующая); 2) тiл арқылы адам басқа адмдармен қарым-қатынас орнатады, бiрдененi есте сақтап қалып және басқаларға информацияны жеткiзе алады- коммуникативтi; 3)тiл, ойды жеткiзу құралы болғанымен қатар жаңа бiлiм алу құралы да болып табылады- гносеологиялық, 4) тiл арқылы өткен ұрпақтардың тарихи-мәдени тәжiрибесi (әдет-ғұрыптар, ережелерi мен идеалдар) келесi ұрпақтарға жеткiзiледi, мұнда ұрпақтарды тәрбиелеу, бiлiм беру iске асады- әлеуметiк-мәдени.
Сонымен, адамның қалыптасуы мен дамуында, таным мен ойлау процесiнде тiл маңызды және шешушi роль ойнайды. Ол адамға дүниенi игеруге көмектесiп, адамды “адам” етедi. Көптеген ойшылдар адамның танымдық және практикалық әрек барысында әлемнiң бейнесiнiң қалыптасуы, тiл аппаратына байланысты дейдi. Мысалы: Гумбольт- тiл туралы ойды дамытып, оны “халық рухынын” көрiнiсiнiң формасы деп түсiндi; Кассирер- тiлдi адамның туғаннаң бар, символдармен қолдану қабiлетi деп түсiндi; Бергсон мен Гуссерль- сезiмдiк тәжiрибенi ерекше түрде өзгерту (трансформациялау) тiлдiн қасиетi туралы идеяны усынады, Айдукевич- ұғымдық аппаратты өзгерту жолымен жалпы әлемнiң беәнесiн де соған сай өзгертуге болады деп, тiлдi әсерледi.
Әрине, тiл- шындық дүниенiң адам санасында бейнеленуiнiң қажеттi құралы болып табылатыны еш күмән келтiрмейдi. Тiлдiк құралдардың дамуы мен жетiлдiруi адамның бiлiмi мен практикалық әрекетiне тiкелей байланысты болатынның да ескеру қажет. Тiл-дегенiмiз, ойлауды, танымды, коммуникацияны, информацияны сақтау және оны жеткiзу, сондай-ақ адамды басқарудың құралы қызметiн атқаратың, әлеуметтiк-мәдени детерминацияланған белгiлер жүйесi болып табылады.
Әр таңба- бұл материалды объект, ол қарым-қатынас пен ойлауда басқа объектiнi алмастырады. Сондықтан, нақты объектiлердi алмастыру қасиетi тiл таңбалары, бiзге заттармен емес, олардың бейнелерiмен қолдануға мүмкiндiк бередi. Көптеген тiл таңбалары үш топқа бөлiнедi: а)таңба-индекстер-олармен белгiленетiн заттар өзара себептiлiк қатынаста болады, оттың орынына түтiн, уақытты белгiлеу үшiн сағаттын тiлдерiн ынғайлы орналастыру; в)таңба- бейнелер бұл нақты заттарды алмастыратын бейнелер, фотография, сурет, кестелер, схемалар,иконалар; с)таңба-символдар белгiленетiн затпен физикалық қатынасы жоқ, светофор, теарт маскалары, көгершiн.
Екi түрлi таңба бiр объектiнi белгiлеу мүмкiн, бiрақ әр түрлi мән-мағынада. Керiсiнше болу мүмкiн емес. Мысалы: “Дүниеде ең терен көл ” және “Бұл көлге, 300 өзен құйылады, ал одан тек бiр өзен өз бастауын алып ағады”- Байкал.
Тiлдiн мән-мағынасың түсiну және оның ойлау процесiмен өзара арқатынасын анықтау, көп жағдайда тiлдiн бастапқы негiзiн ашып айқындаумен байланысты. Бұл мәселемен (тiлдiн пайда болу негiзi) байланысты әр түрлi түсiнiктер бар:1)дiни түсiнiк- тiл адамға Құдай мен берiлген (Библия-құдай дүниеде бар жануарлар мен құстарды адам алдына әкелдi, ол оларға ат беру үшiн; Гермес- адамдар мен құдайлар арасында аудармашы қызметiн атқарды); 2)конвенциональды теория- келесем-шарт теориясы, мұнда адамдар заттарды қалай атауды келiсiп алдын-ала келiсiп алды деп есептеу; 3)еңбек теориясы- тiлдiн пайда болуын табиғи, аяқ-астынан пайда болған күрделi әлеуметтiк құбылыс деп түсiну, оның пайда болуын ойлау мен қоғамдық еңбекпен байланыстыру.
Қазырғы философияда тiлдiн пайда болуын келесi аспектiлерде қарастырады:
1) әлеуметтiк-мәдени шеңберде, мұнда тiл болмыс сферасы ретiнде мәдениеттiн аса маңызды белгiсi болып қаралады, ал белгiлi бiр адамдар қауымы оның мәнiң айқындайды. Мұнда тiл диалог, сухбат жүргiзу мүмкiндiк ретiнде түсiндiрiледi, өз ойын жеткiзу және басқаны түсiну мүмкiндiгi, әр-түрлi тiлдердi жоғары тұрғыда бiрiктiру, ал жеке индивидуалдықты- жалпы ойлауға айналдыру;
2) философиялық- психологиялық контексте тiлдердiн негiзгi типтерi мен (заттық, образдық, таңбалы, символдық) және ойдың түрлерiн (практикалық, гуманитарлық, операторлық, көркемдiк, техникалық және теориалық) сараптап, олардың ерекшелiктерiн айқындап, екi жүелердiн арасындағы байланыстарды анықтау; 3) логико-гносеологиялық аспектiде, тiл болуы мүмкiн әлемдердiн бiрi ретiнде көрiнедi, оған белгiлi бiр логика және ойдың спецификалық заңдары тән. Мұнда логикалық заңдардың универсалдылығы және тiлдiн заттық аймағымен өзара байланысы маңызды болып келедi.
3.Логика…дәлелдiң қаруы болып табылады, ал интуиция шығармашылық қаруы. А.Пуанкаре
Өзiнiң заттық және теориялық әрекеттер барысында адам көптеген қиын жағдайлар, мәселелермен кездеседi. Оларды шешу үшiн адам қатты ойланып толғанады, өзiнiн барлық интелектуалды мүмкiндiктерiн қолданады. Кейде күрделi мәселе аяқ астынан, өзiмен-өзi шешiлгендей болады. Бұл кезде интуиция туралы айтқан жөң. Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды (техникалық, ғылыми, медециналық, көркемдiк, педагогикалық т.б.). Тарихтан мысалы келтiретiн болсақ: Менделеев, Пушкин, Кукуле (бензольного кольца), Рассел шешiм түсте келген, немесе Пуанкаре математикада автоморфты функциялардың болуы мүмкiн емес екенiң екi апта еңбектенiп тырысты, бiрақ шешiм аяқ-астынан көптеген ойлардың екеуi қосылып мұндай функциялардың бар екенiн дәлелдемесi болып шықты. Сонымен, бұл мысалдар интуицияның келесi факторлармен байланысты:
* миға аяқ-астынан, тоспаған жерде кенет (внезапго) шешiмнiң пайда болуы;
* шешiмдi тiкелей көру және оған жанама түрде жету;
* шешiмнiң жаңа болуы, бұрында үлгiсi болмаған, ештенеге ұқсамайды (субъектiнiң өзiне);
* шешiмдi табу процесiнiң бейсаналығы, шiшiм табу жолдарының және тәсiлдерiнiң түсiнiксiздiгi, қайталамбастығы.
Егер айтылған факторларды есепке алса, интелектуалды интуиция деп дәлелдеменiң көмегiмен басқа шындықтан шығармай және тек сыртқы сезiмдермен қабылдамай, жанама түрде ақылдың ақиқатты тану қасиетi деген анықтамасына келемiз. Ал егер, интуиция бiлiмдi тiкелей сезiм мүшелерi арқылы қабылдау болса, онда бұл сезiмдiк интуицияның анықтамасы болады.
Интуицияны осылай, әр түрлi түсiну антика кезенiнең келе жатыр. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады. Фейербах шы интуицияны сезiмдiк феномен деп түсiндi. Интуицияны бейсаналық сферасына жатқызған ойшылдар да болды, А.Бергсон инстинктi сияқты, З.Фрейд шығармашылықтың жасырын негiзгi принципы деп түсiндi. “Құдiреттi анық” деп түсiнуде бар.
Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен интелектуалды феномен. Мұны ғылыми зерттеулер дәлелдеп қана қоймай, олардың механизмiнде ашып көрсетедi. Бастапқы кезенде, адам психикасында санасыздық деңгейiнде белгiлi түрде түсiнбейтiн сезiмдiк және ұғымдық бейнелер жинақталады. Сонан сон, осы санасыздық деңгейде интелектуалды операциялар арқылы сол бейнелердi “өндеу” жүредi. Мұнда сезiмдiк бейнелер логикалық бейнелерге және керiсiнше өтуi болады. Дәл осы сәтте адам алдында тұрған мәселенi саналы түрде түсiну процесi өтедi, нәтижесiнде мәселе айқын да, нақты шешiлу мүмкiн. Интуицияның ең соңғы кезеңiнде аяқ-астынан шешiмге келу жалпы бiртұтас сезiмдiк-логикалық бейненiң қалыптасуы, санасыздықтың ең терен, ең түпкiрiнде жатқанның сыртқа саналық деңгейiне шығуымен байланысты болу мүмкiн. Уақыттық қатынаста бұл процесс ұзақ немесе тез, жылдам да болуы мүмкiн.
Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi. Сондықтан да, таным мен өнерде интуицианың маңызың жоғарлату немесе төмендету дұрыс емес. Интуициалық, сезiмдiк қабiлеттер интелект пен, адамның практикалық қызметiмен бiрге дамиды. Танымдық процестiн қажеттiгi бола отырып, интуиция адамның рационалды әректтерiн ынталандарады, кейбiр жағдайларда жаңа бiлiмдерге әкелiп.
Техникалық шығармашылық |
Д.Маккиннон бойынша ғылыми шығармашылық |
Селезнев бойынша ғылыми шығармашылық |
Техникалық қайшылықтарды ашу |
Мәселенi нақты тұжырымдау үшiн қажет бiлiмдердi, әдет және дағдыларды жинақтау |
Мәселенi табу, зерттеу мақсаттары мен сұрақтарды тұжырымдау |
Техникалық мәселенi тұжырымдау |
Оларды шешуге күш-әрекет жинақтау |
Информациялар жинақтап, қажеттi методологияларды таңдау |
Идеалды модель жасау |
Мәселеден кетiп, басқа iстерге көшу |
Мәселенi шешу жолдарын iздеу, жаңа идеяны “ойластыру” |
Физикалық модельдi жасау |
Аяқ-астынан шешiмге келу. Анық, “инсайт” |
Жаңа идеяның “тууы”, ғылыми жаналық ашу |
Жаңа нұсқаны iсте тексеру, оны еңгiзу және жетiлдiру |
Верификация (анықтау) |
Нәтижелердi логикалық өндеу, теориялық хаттау (оформление) |
4. Бiлiм бұл еске түсiру. Платон.
Бiлiм- күш. Бэкон.
Бiлiм- ең бiрiншiден танымның нәтижесi, бұл процесте адамның дүние туралы түсiнiктерi қалыптасады, ұғымдар қалыптасады, адам құбылыстар жайында өз пiкiрiн айтып, объетивтi дүниенiң идеалды моделiн, үлгiсiн жасайды, гипотеза немесе теория ретiнде. Бiлiм адамның практикалық қызметiнiң негiзi, оның тиiмдiлiгi (эффективность) қаншалықты адам нақты дүниенi барабар (адекватно) бейнелейтiне байланысты болады.
Әдеттей бiлiмнiң үш түрiн анықтайды: түрмыстық (күнделiктi), көркемдiк-бейнелi, ғылыми. Бiрiншiсi, адамның ақыл ой парассатылыға, зерделелiгiне негiзделген бiлiмдер. Күнделiктi тұрмыста алынған бұл бiлiмдер жиi саяз болып, қорщаған әлемде тез үйрену үшiн, тапқырлығын көрсетiп, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату үшiн қажет. Екiншiсi, нақты-сезiмдiк бейнелер жиынтығы, көпмағыналы метафоралар мен символдардың жүйесi, бiр құбылысты екiншi құбылыс арқылы түсiндiру. Ол өзiнiң ерекше құралдарымен адамға әсерiн тигiзедi, оның қиялдарының дамуына әкеледi, эстетикалық және өнегелiлiк құндылықтарың қалыптастырады. Үшiншi, ғылыми бiлiм ұғымдардың реттелген жүйесi болып табылады. Ол жоғарғы деңгейдегi жалпылығы мен және абстракцияланау мен, фактiлердi терең түсiну мен зертелетiн объектiнiң табиғатына терең бойлаумен (проникновением) ерекшеленедi. Ғылыми бiлiмде объектiлер арасындағы себеп-салдық қатынастар және олардың даму заңдылықтары нақты айқындалады. Ғылыми бiлiм жүйелердiн дамуының нәтижелерiн айқын да, дұрыс та болжауға мүмкiндiк тудырады.
Информация о работе Таным философиясы. Ғылыми таным әдiснамасы