Славянофильдер мен батысшылдар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:00, реферат

Описание работы

В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрінің бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ B.C. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (2).docx

— 22.97 Кб (Скачать)

Владимир  Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) – аса дарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық діндегі бағьптардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттігін айтты.

В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрінің бірлігі. Ол оны славянофилдер сияқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ B.C. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.

Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.


Информация о работе Славянофильдер мен батысшылдар