Слаид Неміс классикалық философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 00:14, реферат

Описание работы

Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді.

Работа содержит 1 файл

неміс.docx

— 25.63 Кб (Скачать)

Жаңа дәуірден бастап дамыған  қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы  жоғары дәрежеде дамыған Англия сол  кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Германияда осы кезде ғылым  мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние  жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары  Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді.     

Классикалық неміс философиясы  бүкіл философия тарихындағы  мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі  қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным  теориясының, логиканың шығуына  түрткі болды. Классикалық неміс  философиясы ойлау мен болмыстың  диалектикалық байланысын аша отырып, ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді. 

Неміс философиясы – неміс халқының философиялық білімдер жүйесі. Неміс философиясы дүниежүзілік философия ойдың дамуына зор әсер етті. Рухани өмірге терең талдау жасау, тиянақты филос. жүйе құруға бейімділік – неміс ойшылдарының көбіне тән ерекшелік.

XIX ғасырдағы неміс  философиясы - әлемдік философиядағы бірегей құбылыс. Неміс философиясының бірегейлігі оның 100 жылдан астам уақыт ішінде мынадай жетістіктерге қол жеткізуінде:

  • адамзатты ғасырлар бойы толғандырған меселелерді терең зерттеп, философияның алдағы дамуын анықгап берді;
  • өз бойына сол кезеңдегі барлық белгілі бағыттарды: субъективті идеализм мен тұрпайы материализм жене иррационализмді - біріктіруінде;
  • әлемдік философияның «алтын қорына» енген ондаған көрнекті философтарды ашты :

 

Неміс классикалық философиясы  ХУІІІғ. соңы мен ХІХғ. бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті неміс философтарының творчествосы қүрады:

             Иммануил Кант (1724-1804);

             Иоганн Фихте (1762-1814);

             Фридрих Шеллинг (1775-1854);

             Георг Гегель (1770-1831);

             Людвиг Фейербах (1804-1872).

Неміс классикалық философиясында 3 басты философиялық бағыт бар:

       1.   обьективті идеализм (Кант, Шеллинг, Гегель);

       2.    субъективті идеализм (Фихте);

       3.   материализм (Фейербах).

  

             Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы Иммаиуил Кант (1724-1804) - Кенигсберг университетінің профессоры, неміс (прус) философы болды .

      Кант өзінің  «Таза ақылға сын» кітабында  агностицизмді (қоршаған дүниені  тану мүмкін еместігін) жақтайды.

       Кант - танымдағы  қиыншылықгардың себебі -(айналадағы  шын дүние) - объектіде емес, керісінше,  таным субъектісінде - адамға, делірегі, оның, ақылында деп түсінді. «Адам  ақылының танымдық мүмкіндіктері  (қабілеттері) шектеулі (яғни ақыл  берін тануы мүмкін емес»). 
Адам ақылы өзінің танымдық мүмкіндіктері шеңберінен шыққан бойда шешілмес қайшылықтарға тап болады.

Кант ондай шешілмес қайшылықтарды антиномиялар деп атаған, ондай қайшылыктар саны 4:

 

І-антиномия -   кеңістіктің шектеулілігі.

Дүниенің уақыт ішінде      бастамасы, басталу уақыты   бар  жене (ол) кеңістікте шектеулі.           Дүниенің басталу   уақыты жоқ  жене  (ол) шексіз.

 ІІ-антиномня   - қарапайым жене күрделі.

Тек қарапайым элементтер     жене қарапайым элементтерден    кұралғандар ғана тіршілік етеді.

Дуниеде қарапайым нерсе жоқ.

III- антиномия   -    бостандық пен себептілік.    

Табиғат заңдары бойынша     себептілік қана емес,  бостандық  та бар.                                                                                                         Бостандық деген жоқ, дүниенің бері қатаң      себептілік күшімен  іске асады.

IV- антиномия -    Құдайдың болуы.  Құдай бар.Ол бүкіл тіршіліктің      себебі жене сөзсіз қажет нерсе.   Тіршілік Құдай жоқ, cебебі, абсолютті - қажетті нерсе жоқ.

 

 

Георг Вильгельм  Фридрих Гегель (1770-1831) - алдымен Гейдельберг, содан соң Берлин  университетінің  профессоры,   Германияның  ғана  емес,   Европаның  беделді философы, неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі.

Гегель философиясындағы орталық мәселе Абсолютті идея, бұл:

1.   тіршілікте бар  жалғыз шын реалдылық;

2.    қоршаған дүние,  оның заттары мен кұбылыстарының  алғашқы себебі:

3.    өзіндік санасы  мен жарату қабілеті бар елемдік  рух.

Гегель онтологиясындағы келесі өзекті үғым - жаттану. Абсолютті  рух өзінен-өзі мына түрлерде жаттанады:

  1.  қоршаған дүние; 

  2.  табиғат; 

  3.  адам;

  4.  адам ерекеті  мен ойлауы арқылы жаттанган  абсолютті 

рух өзіне-өзі қайтып оралады. Яғни, Абсолютті рухтың айналысы:

    елемдік (Абсолютті)  рух — жаттану —> қоршаған дүние жене адам —► адам ерекеті мен ойлауы —> рухтың адам ерекеті мен ойлауы арқылы өзін-өзі іске асыруы — Абсолютті рухтың өз-өзіне қайта оралуы.

 Жаттану ұғымына мыналар кіреді:

1. материяның ауадан жаралуы;

2. объективті (қоршағандүние)  мен субъективті (адам)  арасындағы  күрделі катынас -адам ерекеті  арқылы елемдік рух өзін-өзі  жаттандырады;

3. адамның қоршаған дүниені  бұрыс қабылдауы. 

Гегель онтологиясында адам үлкен рөл атқарады. Адам - абсолютті идеяны таратушы. ер адамның санасы - елемдік рухтың бөлшегі. Тек қана адамда абстрактылы жене бейтұлғалық елемдік рух ерікке, тұлғаға, мінезге, ивдивидуалдыққа ие болады. Соңдыктан, адам - елемдік рухтың «соңғы рухы».

Адам арқылы елемдік рух:

   1. өзін сөз, тіл, қол қимылдары арқылы көрсетеді;

   2. зандылықтар негізінде максатты түрде қозғалады (адам ерекеті, тарих барысында);

   3. адамның танымдық  ерекеті арқылы өзін таниды;

   4. адам жасаған, жасайтын материалдық жене рухани медениет түрінде өзін жасайды.

    Гегельдің философияға қосқан тарихи үлесі – оның алғаш болып диалектика ұғымын ашық негіздеуінде. Диалектика, Гегель пікірінше, елемдік рух пен ол жаратқан дүниенің тіршілік етуі мен дамуының негізгі заңы. Диалектиканың мені мынада:

   1.  Барлығында - елемдік рухта, адамда, қоршаған дүние заттары мен құбылыстарында, процестерінде қарама-қарсы бастамалар бар (мысалы, күн мен түқ, жылу мен суық, жастық пен қарттық, байлық пен кедейлік, ақ пен қара, соғыс жене бейбітшілік, т.б.);

   2.  аталған бастамалар біртұтас болмыстың жене елемдік рухтың бастамалары, олар өзара қайшылықта болумен қатар, мені бір жене өзара ерекеттеседі;

   3.  қарам-қарсылықтардың     бірлігі мен   күресі – дүниедегінің берінің тіршілігі мен дамуының негізі.

 

Рух, Гегель пікірінше, 3 түрлі:

1.    субъективті  рух;

2.   объективті рух;

3.    абсолютті рух,

Субъективті рух - ербір адамның санасы, жаны(«өзіндік рух»);

Объективті рух -  рухтың екінші сатысы, түтас алғанда «қоғам рухы».

Объективті рухтың  көрініс  беретін саласы қүқық - жоғарыдан  берілген, (бостандық идеясы адаммен  бірге жаратылатындықтан, бастапкыда идея түрінде тіршілік еткен),    адамдар арасындағы қатынастардың  реті. Құқық - бостандық идеясының  жүзеге асқан түрі.

Объективті рухтың  кұқықтан баска көрініс беретін салалары: адамгершілік, азаматтық қоғам, мемлекет

    Абсолютті рух -   меңгі шын ақиқат, рухтың  ең жоғарғы көрінісі. Абсолютты рухтың көрініс беретін салалары:   

Иоганн Готлиб Фихте  (1762-1814) Фихте өз философиясының

өзекгі ұғымы «Мен - концепцияны» тұжырымдады. «Мен - концепцияны» негіздеуге итермелеген

 себеп – Кант философиясындағы  кайшылықтар. Кант философиясындағы  басты қайшылық – 

оның философиялык жүйесін  танушы субъект (адам) пен танылмайтын  дүние («өзіндік зат»)

 болып 2 -ге бөлінуі  деп санады.

Фихте философиясының өзекті ойы - бастапқыда түсініксіз естілетін  «Бүкіл дүние -Менмін» пікірі. Бұған  ұқсас ой Юм философиясында да бар: «Бүкіл дүние - менің сезімдерімнің  жиынтығы».

      Мұндай пікірлерді айтылған күйінде қабылдауға болмайды. Өйткені олай ету солипсизмге екеліп тіреген болар еді. Солипсизм (латынның solis - жалғыз, ірsе - мен өзім) - «мен бармын, дүние — жоқ, ал көрініп, бар сияқты болып тұрған тіршілік — адам түсіне енетін бейнелерге ұқсас, иенің өзімнің сезімдерім туғызатын елестер, жалған бейнелер, иллюзия» деп санайтын философиялық бағыт. Солипсистік ойды негіздеу қиын, өйткені оның пайдасына қызмет ететін делел жоқ, ал қарсы аргумент - өте көп. Фихте философиясының өзекті ойы - бастапқыда түсініксіз естілетін «Бүкіл дүние -Менмін» пікірі. Бұған ұқсас ой Юм философиясында да бар: «Бүкіл дүние - менің сезімдерімнің жиынтығы».

      Мұндай  пікірлерді айтылған күйінде  қабылдауға болмайды. Өйткені олай  ету солипсизмге екеліп тіреген  болар еді. Солипсизм (латынның solis - жалғыз, ірsе - мен өзім) - «мен  бармын, дүние — жоқ, ал көрініп,  бар сияқты болып тұрған тіршілік  — адам түсіне енетін бейнелерге  ұқсас, иенің өзімнің сезімдерім  туғызатын елестер, жалған бейнелер, иллюзия» деп санайтын философиялық  бағыт. Солипсистік ойды негіздеу  қиын, өйткені оның  пайдасына  қызмет ететін делел жоқ, ал  қарсы аргумент - өте көп. Фихте  философиясында қарастырылатын  келесі сұрақ - бостандық меселесі. Фихте пікірінше, бостандық - жалпы  қажеттілікке өз еркімен бағыну. Адамзат тарихы -бостандықтың таралу, орнығу процесі. Жалпы бостандықтың  негіз: - баршаның  жеке меншікке  ие болуы.

       Өмірінің  соңында Фихте ұшқары субъективті  идеализм позициясынан шектеулі  объективті идеализмге ойысты: адам  санасынан тыс объективті реалдылықты  - жоғары рухты мойындай бастады.

 


Информация о работе Слаид Неміс классикалық философиясы