Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 19:14, реферат
Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Сәбитұлы
Асан қайғы — жырау,
философ, қоғам қайреткері.
Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры - 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.
Алайда,
бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы
кешікпей қайтып оралып, Әбілхайыр
Ордасындағы шиеленіскен
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені мәлім.
Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар» сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.
«Ел айрылған» күйінің құрылысы қарапайым болғанмен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығуы да жоқ емес. Мұны бастан аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз.
Асан Ата сұлулыққа ғана тамсанатындардан бөлек, әр құбылыстың адамзаттық мағынасына тереңдей мән беретін ерекше тұлға. Асанның қайғысы көкке ұшып кеткен ғашығын аңсаудан туған қайғыдан, яғни “пенделік қайғыдан” мүлдем бөлек қайғы. Ендеше, “Ойыл көздің жасы еді” дегенді абыз ата өзінің сырттай сүйсінуі емес, көз алдында өтіп жатқан өмірлік болмыс астан-кестең еткен жан-дүниесінің ішкі күйзелісімен айтып отыр. Өйткені, ол өзінің ұзақ ғұмырында көпті көрді, көбінен кейінгі ұрпақ ұлағат етер ой түйді. Ал мұндай ой түю үшін оған бастау болатын, толқытып, сыртқа жарып шығаратын тосын күш, тосын оқиға болуы керек. Қырым хандығының астанасы Бақшасарай қаласындағы “Көз жасы” деген әйгілі атаумен белгілі фонтанға Александр Пушкиннің поэма арнауын ақынның оның сыртқы сұлулығына жалаң тамсануы емес, Алтын Орда кезіндегі ұлы шайқастарда талай рет алдаспанын суырған батырлармен ақындық бәсекеге түсуі, оны көз жасындай мөлдір тамшылармен астарластыра білдіруі немесе еуропалықтар мен азиялықтардың алапат айқасы астында түте-түтесі шыққан Қырым түбегінің ішкі ышқынысына ақындық үн қосуы деп қана бағалау қажет. Асан Қайғыны да, Пушкинді де пенделік төмендіктен мұңшыл да ойшыл биікке көтеріп әкеткен құдыретті күшті осылай ғана түсініп, осылай ғана тануға болады. Асан Қайғының “Ойыл көздің жасы еді” деуінде де, міне, осындай тосын күш, тосын оқиғаларға толы ежелгі Ойылдың қат-қабат тарихына етене таныс абыздың абыздық ішкі күйзелісін білдіретін үлкен сыр жатыр.
Дала
философы туралы аңыздардың негізгі
сарынын айқындауға ұмтылған ғалым
Е.Исмайлов. «Ақындар» атты монографиясында
Асан туралы аңыздардағы негізгі
сарын халыққа бақыт іздеу
идеясы екенін атап өтеді. Ол жайындағы
аңыздар халықтың басынан кешкен
азабын, қорлығын елестетсе, сонымен
бірге бақытты аңсаған талап,
күресін көрсететіндігін
Асан
туралы аңыздарға басты назар
аударып, Асан ғұмырнамасы мен аңыздардағы
Жәнібектің кім екенін анықтауға
ұмтылған ғалым Ә.Қоңыратбаев болды.
Тарихта Жәнібек есімді үш хан
болғандығына тоқталып, Асан өмірін ХҮІ
ғасырдағы тарихи оқиғалармен байланыстырып
қарастырады
Информация о работе Сәбитұлы Асан қайғы — жырау, философ, қоғам қайреткері