Саяси шиеленіс туралы түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Апреля 2013 в 22:00, курсовая работа

Описание работы

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.

Содержание

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. САЯСИ ШИЕЛЕНІСТЕР МЕН КЕЛІСІМДЕРДІҢ ҚОҒАМ
ӨМІРІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1 Саяси шиеленіс туралы түсінік ........................................................
1.2 Әлеуметтік шиеленістердің негізгі себептері мен түрлері ............
1.3 Ұлтаралық шиеленістер және оны шешу жолдары ........................
1.4 Саяси шиеленістер және оппозиция ................................................
1.5 Консенсус – шиеленістерден өтудің әмбебап әдісі .......................
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

готово саясаттану.doc

— 85.00 Кб (Скачать)

    Консенсустік пікір тепе-тең мүмкіндіктер әдісі болып табылады. Сонымен ортақ қоғамдық пікір консенсус арқылы қоғамның барлық мүшелерінің пікірлерінен қалыптасады. Кез-келген мәселені шешу барысында көзқарастардың барлығы да ескерілуі, талқылануы қажет.

    Консенсус барлық басқа тәсілдер алдында әлеуметтік-саяси қарама- қайшылықтар мен дауларды тиімді шешуге мүмкіндік беретін практикалық қолданыстағы талассыз амал болып саналады. Ол осы заман үшін бір жағынан, мүдделердің жіктелуіне, екінші жағынан, әртүрлі әлеуметтік топтар мүдделерінің үйлесуімен сипатталады. Консенсус қоғамдық пікірдің саяси процестерге тікелей ықпал етуін бейімдеп қана қоймайды, қоғамдық пікірдің өзін қалыптастырады.Консенсус тарихи эволюцияға ие. Егер орта ғасырларда феодалдық мемлекетті ішкі тартыстар әлсіретіп, оларды тоқтататын тек ғана абсолюттік жоғарғы өкімет болса, ХХ ғасырда қоғамдық өзара қақтығысты реттейтін көпшілік мүддесі, көпшілік принципі арқылы қалыптасатын халық билігі орнады. Қазіргі саяси шешімдердің негізі болатын жеке адамның құқық теңдігі.

    Тіпті олардың тасасында белгілі бір бөліктің, мейлі аз болсын, немесе толық құқықты меңгерген нақты азаматтардың шоғыры тұрсын, бірде-бір шынайы адамгершілік көзделген мүдде жалғандықпен жойылып жіберілмейтін жүйені құру.

     Қорыта келгенде, саяси шиеленістер – адамзат қоғамында заңды, міндетті түрде орын алатын саяси құбылыс, әлеуметтік өзара әрекет үлгісі ретінде сипатталады, сондықтан шиеленістер кездейсоқ оқиға болып саналмайды.

 Саяси шиеленістер - әлеуметтендіру жолдарының бірі, қоғамның бақылауындағы болуы қажет саяси құбылыс. Әлеуметтік шиеленіс әлеуметтік прогресстің басты қозғаушы күштерінің бірі ретінде анықталып, барлық уақытта жұп түрінде өмір сүреді: шиеленіс – келісім, шиеленіс – тұрақтылық, шиеленіс – тәртіп, шиеленіс – тыныштық, шиеленіс – консенсус. Әртүрлі саяси пікірлер әлеуметтік жүйенің тоқырауының алдын алып, жаңалықтарға (реформаларға) жол ашады. Осы себептен консенсус (келісім) қоғамның қалыпты жағдайы, ал шиеленіс – уақытша жағдайы болып саналады. Тұтастай алғанда, әлеуметтік шиеленіс концепциясын жақтайтындар үшін шиеленістерді антагонистік емес қарама-қайшылықтар тұрғысында қарастырудың, оларды реттеу мүмкіндігі бар екеніне сенімді болудың маңызы өте жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Саяси шиеленіс туралы түсінік