Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2011 в 21:10, реферат
Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді.