Орыс философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2013 в 07:42, лекция

Описание работы

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.
Орыс философиясы қалыптасуының бастапқы кезеңі – XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді.

Работа содержит 1 файл

ОРЫС.docx

— 19.31 Кб (Скачать)

11-дәріс. Орыс философиясы

 

Орыс философиясының орталық идеясы адамзат тағдыры  мен жалпы өмірдегі Ресейдің ерекше орны мен рөлін негіздеу және іздестіру  болды. Және бұл орыс философиясын түсіну үшін маңызды, өйткені ол тарихи дамуының өзгешелігіне орай өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі.

Орыс философиясы  қалыптасуының бастапқы кезеңі –  XI - XVII ғасырлар, өзінің пайда болған кезінен ол әлемдік философиямен байланыстылығымен сипатталады, бірақ сонымен қатар оның төлтумалылығын да теріске шығаруға болмайды. Ол Киев Русінде пайда болады және 988 жылы Русьтің шоқынуынан басталған христиандандыру үдерісімен байланысты болды. Өзінің пайда болуында ол, бір жағынан, славяндық пұтқа табынушылық дүниетанымының бірқатар белгілері мен бейнелерін қабылдаса, екінші жағынан, христиандықты қабылдау нәтижесінде Византиямен байланыс орнатып, сол арқылы антик философия-сының көптеген идеяларын бойына сіңірді. Мұнан өзге Византиямен қатынас Ресейге шығыстық христиандық философия тұжырымдамаларының бекітілуіне ықпал етті. Осылайша орыс философиясы философиялық ой дамуының негізгі бағытына сай дами отырып, христиандандырылған күйінде болса да антиктік, византиялық, ертеболгар дүниетанымы идеяларын бойына

сіңірді. Оның үстіне орыс философиясы  IX ғасырда Кирилл мен Мефодий қалыптастырған өзінің жеке жазба тілін әуел бастан қолданды.

Философиялық  білім дүниетанымдық функциямен қатар данышпандық қызметті де атқарады, ал Ертедегі Русьтің рухани өмірі  монастырларда (ғибадатханаларда) шоғырланғандықтан, бұл философиялық ілімнің сипатына өз әсерін тигізді. Жалпы алғанда, философиялық және тарихи ой христиандық принципіке негізделді.

Адамзат пен  орыс халқы тағдырларын философиялық пайымдауда әуел бастан-ақ патриотизм мен тарихи тереңдік орын алады. Ең алғашқы орыс философы - киевтік  митрополит Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.

Сонымен орыс философиясындағы ой «орыс идеясы»  ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында болуы тиіс.

Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс.

Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси  тұрғыда қалыптасуы XIX ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты «Философиялық хаттарында» баяндады.

Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге  үлгі тұтты, ал екінші жағынан, Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық  миссиясында» деп айтты. Сондықтан  ол Ресейдегі славянофильдіктің  де, батысшылдықтың да негізін қалаушы  болып табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді  және осыған байланысты орыс халқы  өзіне тиесілі идеяны іздестіру  үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының  белгісіздігі туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің  көзқарастарды талдауында айқындала  түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын  қарама-қайшы кейіпте түсіндіреді.

Ресейдің  дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын  бағыт - бұл батысшылдық. Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан орыстың революциялық демократтары өсіп шықты.

Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын  насихаттады және қорғады. Олардың  пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде экономикалық және мәдени артта  қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің толыққанды мүшесі болуы тиіс.

Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты.

Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл  идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев сияқты ақын-жазушылар жақын  болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. Олардың  жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді  шешу үшін орыс ойының қажеттілігі  туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума  философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен  зерттеу аймағы Православиемен тығыз  байланыстырылды.

Славянофильдер  Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы туралы тезисті  ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы  орынға діни бастау шығады.

Жоғарыда  айтылғандай славянофильдердің  бастапқы тезисі Православиенің шешуші рөлін бекіту болып табылады. Олардың  пікірінше, дәл осы орыс жерін  жаратқан «орыс рухын» қалыптастырады.

  Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде үндестіреді.  Еркіндік пен  қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.

XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді.

Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді.

 Киреевский  және Хомяков бүтін ақиқат  тек бүтін адамға ғана ашылады  дейді. Тек өзінің барлық рухани  күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды  ойлау, эстетикалық перцепция,  адамгершілік тәжірибе және діни  парасатты, - бүтін бір тұтастыққа  жинағанда ғана, адам әлемнің  нағыз болмысын түсіне бастайды  және Құдай туралы жоғары рационалды  ақиқатты игереді. Дәл осы бүтіндік  тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының -  С.Трубецкойдың, Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің,  С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық  қызметінің негізін құрады.

XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды.

Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.Достоевский (1821-1881). Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы» бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің барлық кепілінің негізі болып табылады.

Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген  мәселе. Оның жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы  мен зорлықты ақтай алмайды. Бұл  жолмен Құдай мен Әлемді келісімге  келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда  біріктіру болып табылады.

В.С.Соловьев (1853—1900) діни орыс философиясының, білімнің біртұтастығы мен бүтіндігі туралы идеяның негізін қалаушы, орыстың көрнекті христиандық философы. В.С.Соловьев философиясы діни философиялық дәстүрдің бүкіл рухы мен кейпін білдіреді. Көптеген ірі философтар өздерін В.С.Соловьевтің ізбасарлары ретінде санайды. Соловьев дәуіріне Трубецкой шығармашылығын, Флоренский мен Бердяевтің ерте шығармашылығын жатқызуға болады.

В.С.Соловьев адамның діни және әлеуметтік өмірі  сұраныстарын біртұтастыққа байланыстыратын  бүтіндей дүниетанымдық жүйені құруға тырысты. Соловьевтің ойы бойынша  мұндай дүниетаным негізі христиандық  болып табылады.

Соловьев  философиясының негізгі идеясы - жалпы тұтастық идеясы. Бұл идеяны дайындауда славянофильдердің соборшылдық идеясына сүйенгенмен, оған жалпы қамтушы, ғарыштық мағына береді. Болмыстың төменгі және жоғарғы деңгейлері өзара байланысты, өйткені төменгі үнемі жоғарыға тартылып отырса, ал әрбір жоғары өзіне төменгіні «енгізеді». Соловьевте жалпы тұтастық, «құдайдың қасиетті Үштігі барлық құдіретті жаратылыстармен, оның ішінде ең бастысы адаммен байланысты» деген тұжырымынан көрінеді. Жалпы тұтастықтың негізгі принципі: «Құдайда барлығы біртұтас». Жалпы тұтастық бұл ең алдымен жаратушы мен жаратылыс тұтастығы.


Информация о работе Орыс философиясы