Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 17:19, реферат
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – рим империясының күйреуімен байланысты (5 ғ) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жібірді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.
Ортағасыр философиясы
Ортағасырлық философиясы (батыс Европа елдерінде) – рим империясының күйреуімен байланысты (5 ғ) капиталдық қоғамның алғашқы формалары пайда болғанға дейін (14-15 ғ.) өмір сүрді. Ортағасырлық философия дінмен байланысты дамыды. Тіпті философияны – діннің қызметшісіне айналдырып жібірді. Философия діннің шырмауынан шыға алмады.
Батыс Еуропа елдерінде христиан дінінің кең тарауына байланысты "Шіркеу әкейлері” мен путқа табынушылармен философиясының арасындағы күрестің өрлеуіне байланысты Ортағасырлық философиясы негізгі үш кезеңге бөлінеді:
1. б.з. II ғасырдан бастап, Апологетика деп аталатын діни философиялық ілім пайда болды.
2. III-VI ғ.ғ. Патристикалық ілімнің белең алған кезеңі.
3. Схолистикалық кезең
Апологетика (гр. Apologetikos – қорғаушы) – теологиялық сала. Апологетиканың мақсаты – ақыл-парасатқа жүгінген дәлелдердің көмегімен дін ілімін қорғап,сақтау. Апологетиканың құрамына мыналар енеді: құдай болмысының дәлелдемелері, жанның мәнгілігі, құдайдың сыр беруінің белгілері туралы (оның ішінде ғажайыптар мен сәуегейліктер туралы) ілім, дінге және оның жекелеген догматтарына қарсы бағытталған наразылықтарға, сондай-ақ басқа діндерге талдау.
Апологетика- әлдебір нәрсене әділетсіздіктен қорғау, сол нәрсені мадақтау ұғымына сәйкес. Өкілдері – Юстин Мученик, Тециан, Тертуллиан Квинт Септилий Флоренц.
Патристика (лат. Pater-әке) –2-8 ғасырлардағы христиан дін ілімі. Пұтқа табынушылыққа қарсы христиан дінінің догматтарын қорғайтын, діни нанымның ежелгі философиямен үйлеспейді дейтін "шіркеу әкелерін” мадақтау, қостау. Өкілдері – Тертуллиан, Климент Александрский, Ориген, Августин.
Схоластика (гр. Scholosticos- мектептік) – орта ғасырлық "мектептік философия”, оның өкілдері – схоластар христиандық дін ілімін рационалды (зерделі) түрде негіздеуге және жүйелеуге тырысты. Бұл үшін олар Платонның, Аристотельдің философиялық көзқарастарын пайдаланды. Ортағасырлық Схоластика универсалия төңірегіндегі дау-дамайлар үлкен орын алды. Өз тарихында Схоластика бірнеше кезеңгк бөлінеді:
1. Алғашқы кезең Схоластикасында ( 9-13 ғ.ғ.) неоплатонизмнің ықпалы басым болды. Өкілдері Эриугена, Ансельм Кентерберийский. Ғылыммен философия, теология бір-бірімен біте қайнасып, пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл белең алды.
2. 14-15 ғ.ғ. кезеңде, яғни "классикалық” Схоластикада "христиандық аристотелизм” үстемдік етті, яғни, кемеліне жеткен схоластика ғылыммен философиялық теологиядан бөлініп, философиялық, теологиялық ілімдердің қалыптасып, етек жайған кезең. Өкілдері: Ұлы Альберт, Фома Аквинский.
3. Құлдырау кезеңі (XIV-XV ғ.ғ.) – шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқынды түрде дамуының салдарынан теологияның мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлдем нәтижесіз ілім кейпіне енді. Тақуалар мен неосхоластардың арасындағы дау-дамай ушыға келіп, шіркеудің Реформацияға қарсы күресіне ұлысты. Өкілдері – Уильям Оккам, Жан Буридин т.б.
Ортағасыр философиясындағы негізгі бағыттар:
1. Реализм
2. Номинализм
Реализм- ортағасырлық схолистикада орын алғаг философиялық бағыт, ол ұғымдар (универсалиялар) реалды түрде өмір сүреді және жалқы заттардан бұрын өмір сүреді деген көзқарасты қалыптастырды. Ортағасырлық реализм іс жүзінде ұғым мен обьективтік дүниенің, жалпы мен жалқының арақатынасы туралы мәселенің шешіміне кедгенде Платонның бағытын жалғастырды. Көрнекті өкілдері – Ансельм Кентерберийский және Шамполық Гильом, Фома Аквинский болды. Ортағасырлық реализмге қарсы номинализм өкілдері күрес жүргізді.
Номинализм (лат. nomen – есім, атау) – ұғымды тек жекелеген заттардың атауы ғана деп есептейтін ортағасырлық философиялық бағыт. Ортағасырлық реализмге қарсы номиналистер тек өздеріне тән қасиеттері бар заттар ғана өмірде бар деп тұжырымдады. Заттар туралы біздің жалпы түсінігіміз олардан тысқары бола алмайды, тіпті заттардың шынайы күйі мен қасиеттерін елестете алмайды. Номиналистер заттардың бастапқы, ал ұғымның соңғылығын мойындай отырып, материалистік тенденциялармен байланысты көзқараста болды. Көрнекті өкілдері: Росцелин, Дунс, Скотт, Оккам.
Августин Аврелий Әулие (354-430 ж.ж) – христиан дінбасы және неоплатонизмге жақын философ – мистик, патристиканың ықпалды өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта, яғни "нанымсыз білім, ақиқат жоқ” деген принципке бағынады. "Құдайдын қаласы” (426 ж) атты шығармасында Августин тарихты, адам тағдырын фаталистік (теологиялық фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам өмірі-құдайдың құдіретімен анықталатын негізге алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық концепциясын ұсынды. "Жердегі қалаға”, "күнәһар” зиялы мемлекетке ол "Құдайдың қаласын”, яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік үстемдігін қарама-қарсы қойды. Августиннің христиан теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған ықпалы орасан зор.
Ортағасырлық философияның белді өкілдерінің бірі Фома Аквинский (1225-1274 ж.ж.) орта ғасырлық котолик дінінің теологі, доминикандық – монах, ортадоксалдық схоластиканы жүйеге келтіруші. Париж және Кельн университеттерінде білім алады. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі еңбегі – "Теология суммасы” (жиынтығы) Ф.Аквинскийдің обьективтік идеалистік философиясы Аристотель ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру, аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде пайда болды. Аристотель философиясынан Ф.Аквинский материалистік идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін (жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы ілімін) күшейту бағытында әрекет етті. Ф.Аквинский бойынша универсалиялардың үш түрі бар:
Жеке заттарға дейінгі (құдайдың құдіреті)
Заттардың өздеріндегі (жекедегі жалпылық)
Заттардың кейінгі түрі (адам санасында танылатын)
Философияның негізгі принципі – сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның пайымдауынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәләлдеп, сенімнің ақиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіретті бойынша қалыптасады. Ф.Аквинский Құдайдың болмысына 5 дәлел келтірд
Уильям Оккам (1285-1349 ж.ж.) – ортағасырлық ағылшын теологы, философ-схоласт, номинализмнің ірі өкілі. Оксфорд университетінде сабақ берген, дінсіз деп айыпталып, түрмеден Баварияға қашып барады. Шіркеудің дүниежүзілік үстемдігін орнатуға тырысқан папаға қарсы күрескен феодалдардың идеологы.
Оккамның айтуынша Құдайдың бар екендігі т.б. діни ұғымдар парасат арқылы дәлелденбейді, олар тек қана нанымға негізделген, ал философия теологиядан азат толуы тиіс (екіұдай ақиқат).
Схоластика
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.
Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.
[өңдеу]
Универсалия
Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз – “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты. Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады. “Универсалияның орны – тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Универсалия ол – зат емес, ол – атау”. Бұл топ “номиналистер” деп аталды. Реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкілдері “универсалия” өздігінен өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес, жеке құбылыстар да жалпыға тән нәрсе, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша “ұғым” – “концептус”), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі деп білді. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі – П.Абеляр. Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді.