Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 11:14, лекция
Философиялық ағымдардың ішіндегі кең таралған философиялық ілімдердің бірі – неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах т.б.) Бұл ілімнің негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілектеріне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту».
Неотомизм – қазіргі заманғы объективтік идеализм және діни философия.
Философиялық ағымдардың ішіндегі кең таралған философиялық ілімдердің бірі – неотомизм (Ж. Маритен, Э. Жильсон, И. Бохеньский, М. Грабиан, Г. Мангер, И. Гейзер, Г. Гундлах т.б.) Бұл ілімнің негізгі қағидасы Фома Аквинскийдің кейбір ескірген тезистерін қазіргі заманның талап-тілектеріне сәйкестендіріп, философияның, ғылымның жетістіктерін пайдалана отырып, «дамыту». Бірақ томизмнің негізгі мазмұны – құдай ең жоғарғы болмыс, ал дүниелер әлемнің оның іс-әрекетінің нәтижесі, жанның өлмейтіндігі, т.б. Діни қағидалар бұлжымастан қалған. Неотомистердің пікірінше, философия ғылымға тәуелсіз болғанымен, діни қағидаларға тәуелді болып қалады. Ал ғылым жалпы көзқарастық проблемаларды көтеріп шеше алмайтындықтан, философияға да, дінге де кері әсер ете алмайды. Бірақ неотомистер кейбір діни тезистерді, догмаларды негіздеу, дәлелдеу үшін жаратылыстану ғылымдары жетістіктерін пайдалануға кет әрі емес екендіктерін жасырмай айтады.
Неотомизм
ілімінің бастау түсінігі – болмыс.
Ол әмбебап жалпы түсінік