Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 19:06, реферат
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді.
Неміс классикалық
философиясы
Жаңа дәуірден бастап дамыған
қоғамның өндірістік
Алайда, Германияда
осы кезде ғылым мен мәдениет,
әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы
салаларда дүние жүзін таң
қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды.
Сондықтан неміс ойшылдары
Жаңа заман философиясындағы,
әсіресе, оның таным теориясындағы
пайым мен зерденің бір-бірінен
алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың
ымыраға келмейтінін айқын
Ол «Таза зердеге
сын» (1781) деген атақты шығармасында
сөзді бұрын ерекше бағаланып, бас
иіп келген зерденің қазіргі кезеңдегі
қайшылыққа ұшырап отырған тағдырынан
бастайды. Зерде тап болған қайшылықтардың
бетін аша отырып, логикаға, таным
теориясына және диалектикаға тән мәселелердің
де шет жағасын шығарды.
И. Кант өзіне дейінгі
ойшылдардың эмпиризм мен рационализм
саласындағы сыңаржақ кеткен кемшіліктерін
көрсете отырып, философияда бұрын-соңды
болмаған үлкен жаңалық ашты. Ол
бұл жаңалықты философиядағы
коперниктік төңкеріс деп атады.
Бұл төңкерістің мәні мынада еді:
егер Кантқа дейінгі ойшылдар табиғатты
зерттей отырып, болмысты, материяны
философияның негізгі нысанына айналдырса,
немістің ұлы ойшылы, керісінше, біздің
философиялық талдауымыз ойлауға, идеяға,
ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуға
тиіс деді. Ал болмыс, материя, объекті
осы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге
бағынады және солардан келіп шығады
деп білді. Мұның өзі Канттың
сол уақытқа дейін кеңінен
орын алып келген таным теориясындағы
және философиядағы көзқарасты толығынан
қайта қарап, жаңа ілімнің, ағымның
іргетасын қалағанын көрсетеді.
Канттың философиясындағы, таным
теориясындағы коперниктік
Кант жоғарыдағы
еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды
кеңінен ашып, олардан шығудың
жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам
баласының таным қабілетін: сезімдік,
пайым және зерде деп үшке бөледі.
Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм
мен рационализмнің тар өрістілігінен
шығып, оларды өзара ымыраластыру еді.
Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын
тіліндегі тәжірибеден тыс
Кант осылайша белгілеген
адамның таным қабілетінің үш
түрі философия тарихында ерекше
рөл атқарады. Өйткені, бұл бір
жағынан танымды біртұтас, бірақ
ішкі қайшылыққа толы процесс деп
қарау болса, екінші жағынан, философияны
жаратылыстану саласымен тығыз
байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан
Кант белгілеп берген адамның бұл
таным қабілетінің үш түрі бүгінгі
күнде де өз маңызын жоғалтқан
жоқ.
Философия тарихында
пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін
ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі
диалектикалық негізде дамытқан
классикалық неміс
Гегель негізінен
өзіне дейінгі философияны тек
пайымның әдісінде ғана қалыптасқан
деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы
шығармашылық кезеңдеріне айрықша
мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық
шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе,
дін мен саясат мәселелеріне айрықша
назар аударды. Гегельдің осы
алғашқы шығармаларының ішінен болашақ
диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға
негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім
абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы.
Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан,
таным теориясының келелі мәселелерін
көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы
қалыптасып келген таным процесіндегі
тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген
абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге
дейінгі дәуірде сезімділік, пайым
- нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық
- ойдың жоғарғы даму процесімен
тығыз байланысты деген көзқарас
айрықша орын алып келді. Міне, осындай
ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы
шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау
сауатсыз, білімсіз, топас адамның
әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау
қандай ғана болмасын мәселенің басын
ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске,
одан соң сезімге ғана мойын ұсынады.
Абстрактылы ойлау таным
Таным процесінде логика
мен диалектикаға ерекше назар аудара
отырып, пайым мен зерденің өзара
байланысын тереңнен зерттеген Гегель
өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух
феноменологиясында» зерделі
Гегель «Рух феноменологиясында»
сананың қалыптасу және даму жолдарын
қоғам өмірімен байланыстыра отырып
айқындап берді. Сана әуелі қарапайым
түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде)
басталып, сан ғасырларға созылған
тарихи белестерден өтіп, қоғамдық
санаға дейін көтеріледі. Оның бұл
даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің,
тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен
тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах классикалық
неміс философиясының ақырғы
буыны еді. Ол өз жүйесін
И. Кант қалыптастырған жолдан
тайдырып, жаңадан философиялық
жүйе жасады.
Ол өзінің философиясын
«болашақтың философиясы» деп атады.
Оның ойынша, философия ойлар мен
рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа
патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті
қабаттаса қорланған дүниеге
қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия
ендігі жерде өзінің ойларын таза
зерденің ықпалынан адамға, антропологияға
қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ
философиясының негізгі қағидалары»
деген еңбегінде құдай туралы,
яғни теологиялық ілімнен шығып,
адам туралы ілімді тудыру керек дейді.
Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах
жаңа философияның негізін
Табиғат перзенті - адам
философияның негізгі субъектісі. Алайда,
Фейербах объекті мен субъекті туралы
мәселені табиғат пен адамның
арасындағы қарым-қатынас деп қараумен
шектелді. Гегельдің ойлау мен
болмыстың теңдігі туралы мәселесін
Фейербах материалистік негізде
шеш-пекші болды. Сол себептен ол
адамның болмысын нақты өмір сүретін
объективтік шындық деп қарады. Бұл
классикалық неміс
Рас, ол ойлау мен
болмыстың байланысы