Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 16:39, реферат
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ,сонымен қатар рулық,алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына , ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әректі арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас күйзеліске ұшырап , олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады.
І.Кіріспе
Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
ІІ.Негізгі бөлім
Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік құрылымы
Ежелгі үнді философиялық мектептері
Жайнизм,буддизм
Чарвака Локаята
ІІІ.Қорытынды
Жоспары:
І.Кіріспе
Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
ІІ.Негізгі бөлім
ІІІ.Қорытынды
Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері
Жалпы адамзат
тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне
өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына
ғана әкеліп соққан жоқ,сонымен қатар
рулық,алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап,
құлдық қоғамның пайда болуына , ой еңбегінің
дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді
іс-әректі арқасында өзінің табиғат құдіреттері
алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты
құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына,
сол табиғат құбылыстары туралы білімнің
қалыптасуына осы негізде абстракциялық
ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер
туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан
әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас
күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда
қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін
тың көзқарас күйзеліске ұшырап , олардың
орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды
түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала
бастады.Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға
сүйенген мифологиялық дүниетаным
мен жаңадан дүниеге келіп жақан білім
және ойлау қабілетінің арасындағы
қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ,
мұндай көзқарас әлі де болса философия
емес еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік
тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық
ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен
нашар байланыста болуы, шығыс философиясының
діни мифологиялық көзқарастан, күнделікті
әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік
бермеді. Үнді философиясы б.з.д. II және
I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің
(малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан
енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы
қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі
Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің
пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік
биліктің басында раджа тұрды, оның билігі
егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің
билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі Үндістан
қоғамының әлеуметтік стратификациялануын
төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар
Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық
варна
Кшатрийлер Әскери
ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі
варна
Варналарға бөліну
дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді.
Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай
ықпал етті және білімділік пен арнайы
білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның
дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік
етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу
формулаларымен, атаулармен, дұғалармен
сакрализацияланған еді.
Ежелгі үнділіктер
ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші
Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар
аралығында пайда болған, және адамзаттың
әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің
бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді
қоғамының рухани мәдениетінің дамуына,
оның ішінде философиялық ойдың дамуында
үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен
аударғанда «білім» деген мағынаны береді.
Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім.
Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан,
құрбандық шалу формулаларынан тұрады.
Ведалардың образдық көркем тілімен аса
ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі
және адамгершілік туралы алғашқы философиялық
түсінігі берілген.
Ведалар құрамына
мына бөлімдер кірді:
Ригведа
Діни әнұрандар
жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген
құдайларға арналған құрбандық әндері,
дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі
Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы
бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы
туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен
әлеуметтік айырмашылықтардың себептері
туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар Жол-жора
мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда
болуына дейін үстем болған брахманизм
діні негізделді.
Упанишадтар
Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды.
Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл
тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру
мағынасында; немесе «құпия тылсым білім».
Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік
мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі
басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат
құбылыстарының және адамның пайда болуы
түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға
болмыстың ең басты себебі мен алғашқы
негізі ретінде рухани бастау - брахман
немесе атманды алатын ілімдер ие болады.
Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде
брахман және атман рухани абсолют, табиғат
пен адамның денесіз ең бастапқы себебі
ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы
таным теориясының басты мәселесі білімді
екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне
бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық
туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют
туралы білім, оған тек мистикалық интуиция,
йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол
жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге
билік ету мүмкіндігін береді.
Упанишадтар
негізінде Үндістанда пайда болған барлық
немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда
болған философиялық ағымдар үшін негіз
болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт
бойына Үндістанның философиялық ойын
«қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.
Ежелгі
үнді философиялық мектептерін
екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика
– Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық
мектептер.
Вайшешика –
атомистикалық ілімге негізделген мектеп.
Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік»
деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі
б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы
бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын
атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі.
Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның
оттың және судың атомдар байланысы дүниенің
тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы
үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды.
Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда
болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі
еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың
байланысын сезінуге болмайды, логикалық
тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние
– физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының
жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік
тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір
индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың
физикалық заңдарына ғана тәуелді емес,
олар карманың жалпылама моральдық заңына
да бағынышты.
Ньяя - гносеологиялық
мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя
философиясының негізі Готаманың (немесе
Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында
қаланған. Ньяя философиясын көбінесе
ойлану туралы және сыни талдау туралы
ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген
себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына
және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша
мән берген. Ньяя философиясы логикалық
проблемалармен көп шұғылданған. Десекте,
ньяя философиясының басты, түп мақсаты
- бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі
азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан
алғанда ньяя философиясының-шындықты
тануға, логикасының – дұрыс танымның
тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер
ықпалы мол.
Йога – адам психологиясы,
түрлену дөңгеленген азат болу ілімі.
Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі
«шоғырлану» деген мағына береді, оның
негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали
есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді
іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте
үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі
рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін
барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын
теориялық нұсқауымен және практикалық
негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі
басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы
арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің
сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан
дүниесін баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты
– тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені
шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін
жетілдіру.
Миманса – таным
мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда
болды. Мимансаның негізі Джайминидің
«Сутрасында» қаланған.
«Миманса» сөзі
«кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау
арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді.
Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт
мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты
- ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.
Сонымен қатар,
Миманса философиясында таным теориясы,
метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья – қос
реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған
философиялық жүйе. Оның негізін қалаған
Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы
көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз
- сан, танымның объектілерін санау арқылы
тану.
Веданта философиялық
толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта
идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас
және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің
түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман.
Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның
рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен
бара-бар.
ә) Настика - Ортодоксалды
емес (Веданы мойындамайтын) философиялық
мектептер.
Дін дегеніміз
сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі
әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы
жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі
киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке
ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын
дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі.
Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін
барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі
бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.
Ұлттық немесе
отбасылық салт-дәстүр, мәдениет, рухани
әдетке сай келетіндігіне орай көптеген
қарапайым адамдар дінге
Адамзат тарихына зер салсақ, мыңдап саналатын түрлі діндер болған. Антропологтар мен дін тарихын зерттеушілердің мәліметінше, осыдан 60 мың жыл бұрын діннің алғашқы формалары пайда болғанға ұқсайды. Ойлау, пайымдау қабілеті жоқ хомо эротикус (алғаш отты тапқандар), хомо нендерталь (алғаш киінгендер) секілді адам баласының ерте кездегі бабаларында дін жайында ұғым болмағаны мәлім. Хомо сапенс деп аталатын қазіргі заман адамы пайымдау қабілеті арқылы бәрінен озып отыр.
Бүгінгі таңда
әлемде дәстүрлі әрі негізгі сегіз
дін бар: Буддизм, Христос, Ислам, Күнз
(Конфуци), Хинду, Иудай, Шинто, Дао. Бұлардың
арасынан Дао, Шинто, Хиндуизм үшеуі
өздігінен даму арқылы қағидаларын
қалыптастырса, қалған бесеуінде өз
ойшылдары-пайғамбарлары бар
Абсалюттық күш жайында философиялық үш негізгі дүниетаным бар. Жаратушының бар екендігін жоққа шығарушыларды – атейстер, бар екендігіне күмәнсіз сенетіндерді – тейстер, бар немесе жоқтығын анықтау мүмкін емес деп білетіндерді – агностиктер деп атайды. Діндердің бәрі абсалюттік күштің барына күмән келтірмейді. Тек қана Күнз қағидалары оны жоққа шығаратындықтан оны марксизм секілді атейстер қатарына жатқызуға әбден болады.
Діннің көбі
жасаған қағидаларына сай өзіндік
өркениетін қалыптастырды. Батыс өркениетінің
базасы христиан діні болса, Үндістандікі
хиндуизм, ислам өркениетінің негізі
мұсылмандық. Ал, қытай өркениеті
Күнз мен Лаоцы уағыздарына
Діндер өзара топтасуы мен түп-төркіні жағынан ағайындық тұрғыдан сабақтасады. Иудай, Христос, Ислам үшеуі төркіндес, ұстанымдары ортақ. Жаратушы біреу және әркезде жер дүниеге өз елшісін жіберіп тұрады. Мұны монотейзм яғни, бір Құдайлық дін деп атайды. Бір Құдайдың ғана барын Інжілде жазуынша ежелгі ебірейлер Яахва делінсе, араб тілінде Аллах аталған. Христос дінді елдерде әр тілдер бойынша Гот, Гад, Бог деп атала береді. Көп Құдайлықты жақтайтын көзқарасты политейзм деп атайтыны белгілі. Ежелгі Грек, Римде сауда, соғыс, махаббат сынды әр саланы жауаптанатын, арнайы мамандандырылған құдайлар туралы аңыз бар. Олардың бәрінің басшысы Зевс. Үнділердің сенім, нанымдары бойынша Брахман бастаған көп құдайлар тағы бар. Шаманизм және Африка, Мұхит жағалауы елдеріндегі пұтқа табынушылар да көп құдайшылықты мойындайды.
Хиндуизм, Буддизм
екеуін туыс діндерге жатқызуға болады.
Мұсылман діні осы дүниені Алла тағала
адам баласына арнап жаратқан десе,
Буддизм мен Хиндуизмнің
Тым қатал тәртіп ұстанатын кейбір араб елдерін есепке алмағанда қазір белгілі бір мемлекетте бірнеше дәстүрлі діндердің бейбіт қатар тұруы әдетке айналған. Діндер арасында толеранттылық бар. Лондонда, Вашингтонда, Делиде, Исламабадта немесе Ирусалимде дәстүрлі діндердің мешіттері, шіркеулері, ғибадатханаларының қатар тұруына әлем халқының бүгінде көзі үйренген. Ал, қазақтың жаңа Астанасында дәстүрлі діндердің жиыны өтуі, Бейбітшілік және келісім сарайының (Пирамида) бой көтеруі өзара түсіністікті нығайта түсуге көп серпін беріп отыр. Дінге бөлініп, бір-бірінің сенім-нанымына төзімсіздікпен қарайтын, діни ұйымдардың өзара жауласатын жабайы заманы келмеске кетіп барады.
Әртүрлі діндерде
тең құқық берген әлемдегі ең алғашқы
ел шын мәнінде Шыңғыс хан құрған
көшпенділер империясы болатын.
Онда алғаш рет барған саяхатшы Марко
Поло ашқан көп жаңалықтарға еуропалықтар
толық сенгенімен, Қарақорым қаласында
ислам мешіті мен христандар шіркеуі
ешбір қақтығыссыз қатар
Ежелгі адамдардың өзі дінге аса маңыз берген. Діни рәсімдер жасауды, құрбандық шалуды алдағы болашағының жарқын болуының, рызық несібесінің көбеюіне кепілдік ретінде таныған. Британ антропологы Тайлордың теориясы бойынша көне дәуірдегі адамдар өлгендердің аруағы тірілерді басқарады деп сенген. Сондықтан, аруақтарды тыныштандыру үшін түрлі құрбандықтар шалынуы қажет деп санаған. Неміс лингвисі Мюллердің пікірінше, ежелгі адамдар өздеріне ықпал ететін құпия күштің әсерін жақсы және жаман тәңір деп екіге бөлген көрінеді. Осылайша жақсысын қолдайтын, жаманын аластайтын көптеген ритуалдық рәсімдерді ойлап тапқан. Құдай туралы алғашқы ұғым осылай туса керек. Сондай-ақ, дінтанушы Оттоның түсіндіруінше, адам баласы өмір сүру барысында құпия күштің барын мойындауларына тура келген және адал, таза деп санаған нысандарына табынатын болған. Адам болудың мән-мағынасы осылайша айқындалған. Мұндай әдет, ғұрып қазіргі діндерге беріле қоймаған, мәдени деңгейі төмен жабайы тайпаларда әлі күнге дейін сақталып отыр. Сібір, Канада, Аляска немесе Бразилия тайгаларында, Африканың ит тұмсығы өтпес ормандарында, Мұхит жағалауы және Жаңа Зеландия, Папуа Гвиней, Австралияның шеткері аймақтарында тұратын тайпаларда аталмыш ұғым мен салт-дәстүр әлі күнге дейін сақталған.
Анимизм немесе аруаққа табынудың бір түрі шаманизм. Шаман дегеннің өзі бақсы, киесі бар деген ұғымды білдіретін эвенк-тунгус сөзі, яғни, аруаққа табынуды меңзейді. Сондықтан да болар, шаманизм атауы Сібір маңының пұтқа табынушыларына қатысты болып келеді. Австралия, Бразилия, Африка бақсылары өз дәстүрлеріне, шығу тегіне қарай өзгеше болғанымен негізгі мазмұны ұқсас. Жалпы әлемдегі ежелгі халықтардың барлығының ертедегі көне сенім-нанымы пұтқа табыну болғандығына талас жоқ. Тарихи кезеңдерде еуропалықтар да, қытайлар да, үнділер де пұтқа табынған болса керек.
а) Жайнизм ("жина"-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары "сиддханта" деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Зғ.) жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (эділ жаза заңдылығы) жэне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты-қасірет деп түсінген өмірден азат болу, жайнизмнің ілімінше, карма заңын қүдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бүрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан қүлылу қажет.
Жайналықтар элемді тіршілігі бар жэне тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) элем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (ақаша) уақыт (кала), орта жэне қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі эр- түрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек ғана сезіне алса, қүстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түсіну тэн. Жалпы алғанда, тіршілік мэңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады.
Информация о работе Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері