Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:54, реферат
Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады. \
Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.
СӨЖО тапсырмаларына жауап беріңіздер.
1.Неліктен «культура»
ұғымына берілген
2.«Мәдениет» және «өркениет»
ұғымдарының арасындағы
Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін, топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.
Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белігілі бір аса құрметтелетін қасиеттер, құбылыстар жүйесі болды. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі.
Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата-ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік бейімделуді философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі.
Адам баласының тарихында
Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам-тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды.
Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады.
Адам өмірінің мәні құндылықтар
жүйесінің тұлғалық интеграциясы.
Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігініқ
бейнесі. Ол зат немесе идея болуы
мүмкін. Сондықтан құндылықтар
Материалдық құндылықтар – еңбек
құралдары мен тікелей
Рухани құндылықтар
Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады. Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтынылу функциясы туындайды.
Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді.
Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді.
Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды реттейді.
Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады.
Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне-өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады.
Екіншіден, адам өзін-өзі басқалармен қарым-қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым-қатынастың бастапқы түрі “Мен және Сен” қатынасы. Осы қатынаста адам өзін-өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы “Сен” міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін.
Қарым-қатынаста адамдар
Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтаға қол созады, яғни өзі-арман еткен болашақтың немесе кәсіптің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок-жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, осындай сана сезім, өзін-өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді.
Сонымен қатар, адам әр уақытта өзіне-өзі “осы мен кіммін”, “қайдан шықтым?”, “қайда барам?” сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі оған одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды.
Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді. Адамның ең жоғарғы құндылықтары – шығармашылық, махаббат, еркіндік, қайғыру, бақыт, рухани өмір туралы толғаулар адам еркін бе, әлде құл ма? “Еркін болу дегеніміз не” сияқты сұрақтардан басталады.
Жоғарғы рухани құндылықтар дүниетаныммен тығыз байланысқан, оларға адам әруақытта сүйеніп отырады. Жоғары рухани құндылықтардың әрқайсысы үлкен мағынаны білдіреді, адам болмысының аса маңызды қырларын бейнелейді.
Шығармашылық - адамның табиғи таланты
мен интеллектуалдық
Шығармашылық - адам бойындағы энергияның сыртқы атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы.
Соның нәтижесінде табиғат
құбылыстарының теңдестік, ырғақтылық,
арақатынастық белгілері көркем
өнерде бейнеленді. Шығармашылық өмірді
қайта құруға, дамытуға, нығайтуға
әруақытта жағдай жасап отырады.
Оның бір тамаша қасиеті - өзің өмір
сүріп, тіршілік етіп отырған ортаға
өзіндік баға бере отырып, одан туындаған
құндылықтарды көркем образдар арқылы
көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықтың
осы бір мүмкіндігі қазақ кеңес
әдебиетінің өкілі О.Бөкеев еңбектерінде
өте әсерлі көрініс тапты. Өкінішке
орай, оны уақытында көп адамдар
түсініп бағалай алмады. Басты
себебі социализмнің жұмағында өмір
сүріп жатқан қазақ халқының тағдырының
кейбір қайшылықтарын жазушының
мол дарыны көре де, көрсете де алды,
бірақ оны оқушысы қабылдай алмады.
Өйткені О.Бөкеевтің