Макиавеллидің адемгершіліксіз саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 20:35, доклад

Описание работы

«Макиавеллизм» - саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с барін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен атаймыз.
Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли : "дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.

Работа содержит 1 файл

Кеңесханов Нұржан.docx

— 12.34 Кб (Скачать)

Кеңесханов Нұржан

201 топ

Николло Макиавелли:

«Саясат – адамгершілікті қажет етпейді»

«Дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы»

 

Саясатты қандай жолмен жүргізу  керек?

Қоғамды моральдық шеңберден тыс  басқарудың ерекшелігі?

 

  «Макиавеллизм» - саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жұмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с барін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н. Макиавеллидің атымен атаймыз.

  Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады. Макиавелли : "дін — адамдардың ақыл-ойы мен парасатына ықпал етудің күшті құралы",— деп тұжырымдады. Осы себептен мемлекеттердің негізін қалаушылар мен данышпан, заң шығарушылардың барлығы құдайдың өміріне жүгінген. Жақсы дін бар жерде әскер құру да оңай. Мемлекет дінді қол астындағы азаматтарды басқару үшін пайдалануға тиіс.

 Халық мемлекеттік билікке,  бір жағынан қорқынышпен, екінші  жағынан сүйіспеншілікпен қарайды.  Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау –  сенімдірек. Саясаткер бір жағынан  батыл, екінші жағынан абай  болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда  батылдық қажет. Ел басшысы  бір жағынан арыстанға, екінші  жағынан түлкіге ұқсас болуы  кажет.

Н. Макивеллидің ойынша, мемлекет пен  саясаттың қоғамдағы негізгі  қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, бүкіл  ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық  билікті мықты қолда ұстуа  болды. Ал саясаттың моральдық сипатына келер болсақ «мүмкіндігінше қашпау қажет» деген пікір айтқан болатын. Бірақ саясатты толығымен моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н. Макиавелли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады» - деген пікір айтады. Оған себеп – қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты»  Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек»

  Қоғамдағы қайшылық өршіп,  адамдардың өкіметке деген сенімі  жойылған жағдайда күш қолданбай  болмайды. Бірақ қалай дегенде  де, жеңіс әрқашанда саясаткердің  негізгі мақсатына айналуы керек,  ал оған жететін құралдар әртүрлі  болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық  жасалса, ол қоғамдағы жағдайды  дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге  ғана жұмсалып, тоқталуы керек.  Екінші рет зомбылықты колданудан  алшақ болу керек, - деген пікір  айтады ұлы ойшыл. 


Информация о работе Макиавеллидің адемгершіліксіз саясаты