Ұлы қытай қорғаны

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:55, курсовая работа

Описание работы

Бұл сөздің авторы - атақты қытай көсемі Мао Цзе Дунь. Дәл осы сөйлем алып қор¬ғанның кіреберісінде ілінген тақтайшада жазылған. Дүниежүзіне белгілі бұл қорғанның мыңдаған жылды қамтитын тарихы бар.
Ұлы қорғанның іргетасының қалануы ша¬ма¬мен б.з.д. III ғасырда басталып, үш кезеңде (бірінші, екінші және үшінші қабырғалар) салынған делінеді деректерде. Бұл қорған Соғысушы патшалықтар (шамамен б.з.д 475 -221 жж.) дәуірінің ескерткішіне жатады.

Работа содержит 1 файл

Ұлы Қытай қорғаны.docx

— 35.57 Кб (Скачать)

Ұлы Қытай қорғаны

           «Егер Ұлы Қытай қорғанында болмасаң, сен нағыз қытай емессің...».  
Бұл сөздің авторы - атақты қытай көсемі Мао Цзе Дунь. Дәл осы сөйлем алып қорғанның кіреберісінде ілінген тақтайшада жазылған. Дүниежүзіне белгілі бұл қорғанның мыңдаған жылды қамтитын тарихы бар.  
Ұлы қорғанның іргетасының қалануы шамамен б.з.д. III ғасырда басталып, үш кезеңде (бірінші, екінші және үшінші қабырғалар) салынған делінеді деректерде. Бұл қорған Соғысушы патшалықтар (шамамен б.з.д 475 -221 жж.) дәуірінің ескерткішіне жатады. Осы дәуірде Қытай бірнеше патшалықтарға бөлініп, Аспан асты елі мазасыз күндер өткізіп жүрген кез еді. Сол кездегі ең қуатты империя Цинь империясы екен. Цинь империясының басшысы, тарихта аты жиі аталатын Ши Хуаньди атты император баршаға танымал болыпты. Бұл император Шың елінің тұрғындарына көбінесе өзінің қаталдығымен, жауыздығымен және ырымшылдығымен аты жайылған. Ол Қытай тарихындағы ең қатал император болып саналады. Өзінің ырымшылдығына байланысты көбінесе даосизмді жақын тұтып, атақты философ, ұлттың ұстазы Конфуцийдің екпінді қарсыласы болған екен. Конфуцийге жанының жылымағаны соншалықты, ол философтың жолын қуған талай шәкірттерін жазықсыз өлім жазасына кестірген. Ол аз болғандай, империя ішіндегі Конфуций ілімі жинақталған талай кітапханаларды өртеп, күл-талқанын шығарған. Жалпы, қатыгез император өзіне сәл қарсы келген немесе императордан ойы бөлек кісілерді де аямай жазалаған. Ши Хуаньдидің билік құрған кезінде талайлар жазықсыз жазаға тартылып, біразы жерлерінен айырылып, елдің жасы мен қаны судай ағыпты. Қысқасы, император бұйрығы үнемі бұлжытпай орындалатын болған.

             «Ұлы Қорғанның» шығысы Ляудұңның Жолбарыс тауынан басталып, батысы Гансудағы Жяйүйгуанға дейін барады, жалпы ұзындығы 6700 км артық. 7 ғ. ЗБ дәуірден бастап 17 ғ. дейінгі 1000 жылда, жиыны 10 патшалық әулеті құрылыс салып, осы қорғанды жасаған.

            Ұлы Қытай қорғаны (қытай Ваньли чанчэн – он мың шақырымдық қамал) – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю («Көктем және күз» б.з.б. 770 – 476 жылы) және Чжаньго («Жауласқан патшалықтар» б.з.б. 475 – 221 жылы) заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды. Оның ұзындығы 5000 километрге жетті. Хань империясы заманында қорған-қамалдар шығыста Ляодун түбегінен батыста Линьтаоға (қазіргі Ганьсу провинциясының жерінде) дейін жеткізілді. Қорғаныс қамалдарының бұзылып, бүлінген жерлерін Қытайды билеген әрбір патшалық жөндеп, қалпына келтіріп отырды. Әсіресе Мин әулеті солтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдалана отырып, биік тау жоталары мен шатқалдарына және шөл далаға дейін қорғаныс қамалдары мен бекіністерін салдырып, қорғанды ұзарта түсті. Шығыста Бохай теңізінің жағасындағы Шаньхайгуань бекінісінен батыста Ганьсу провинциясындағы Цзяюйгуань бекінісіне дейін созылып жатқан қорғанның жалпы ұзындығы 10000 километрге жетті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірінде жөнделіп, жаңадан тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2 – 3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы салынған. Онда гарнизон сарбаздары тұрған, әрі қару-жарақ, оқ-дәрі сақталған. Ал қорғаныс шебінің ең маңызды деген тұстарында ірі бекіністер, ішкі өткелдер бар. Қорғанның ішкі, ал кейде сыртқы жағынан тау жоталарының үстіне аралары белгілі қашықтықты сақтай отырып салынған дабыл мұнараларында күндіз түтін түтетіп, түнде алау жағу арқылы бір-біріне белгі беріп отыратын болған. Осы тәсілмен бір сағаттың ішінде 500 километр алыс жерге әскери дабыл беріп, қауіп-қатерді хабарлай алған. Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі. Ол Қытай тарихында белгілі дәрежеде әскери қорғаныстық және Ұлы Жібек жолындағы сауда-саттық байланысында қауіпсіздік рөлін атқарды. Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола алған жоқ. Ғұндар, түріктер, қидандар, моңғолдар мен [[шүршіттер (маньчжурлер) қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда байланыстарын жүргізді, әуелі олар Қытай жерінде Вэй (таб-ғаш), Ляо (қидан), Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген ғасыр биледі. 1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері тізіміне кіргізілді.

 

             Бейжің, Хыбый, Шанши, Гансу сияқты жерлердегі қорғанның орташа биіктігі 7—8 м, қорған үстінің кеңдігі 4—5 м. Қорған үстінде бақылау және атқылау қарауылы бар. Қорғанды бойлай, белгілі аралыққа белгі отын жағатын тұғыр орнатылған. Жау нышаны байқала қалса, күндіз түтін салып, түнде от жағып бір-біріне әскери белгі беретін болған. Осыған негізделіп «Ұлы Қорғанның» жәй қорған емес, өткел аузы, әскерлер тұрағы, от жағатын тұғыр түгел қамтылған әскери қорғаныс жүйесі екендігін білеміз.

Қорғанды салғанда, көбінесе, кірпіш жинап, тас қалаған, шыңдап дуал түйген.

«Ұлы Қорған» фотосуреті


Информация о работе Ұлы қытай қорғаны