Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 17:31, курсовая работа
Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып. Мазмұнына көз жүгiртсек, екi бөлiктен тұратынын көремiз. Бiрi – ұлт, екiншiсi – идея мәселесi. Ұлттану қазақ даласына ежелден қоныстанған үрдiс екенi ақиқат. Осыдан үш мың жыл бұрын өмiр сүрген Геродоттан тартып, кешегi Колбинге дейiн әрқилы мақсатқа сай қазақстанға сырттан келгенде ұлттануға ден қойғаны – арғы тегiмiз сақтарды, салт-дәстүрiмiздi, рухани-мәдени ұстанымдарымызды, тарихымызды, яғни қазақтардың қайдан, қашан, қалай шыққанын, болмысын танып-бiлуге ұмтылғаны күмән туғызбаса керек. қазақтар да әлемнiң саяси, тарихи, этникалық дамуынан бейхабар қалған жоқ. Дала даналарының орыс, қытай, қалмақ, өзбек, араб, парсы жұрттары жөнiнде айтқандары бүгiнгi күнге жетiп отыр.
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Ұлттық идея
2.Ұлттық идеология
3.Ұлттық идеология Ата заңнан басталады
ІІІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ халқының дамуында, қалыптасуында осы дәстүрлер идеологияның негізі болып табылады. Әсіресе осы ұлттық идеологияның барлығына тән жері — бала тәрбиесі, соның ішінде қыз тәрбиесі. Олар халықтың үлкен тәрбиелік мәні бар, жолы өрісті, бірі мен бірі жалғасып жататын идеологиясын құрайды. Тіршілік толып жатқан тараулардан тұрады. Солардың ішінде “Жаман қатын” деген ұғым да болған. “Атың жаман болса, сойып құты¬ларсың, қатының жаман болса қайтып құтыларсың” деген сөзді қазақтың тағдыры әйелдермен байланысты екенін өмір тәжірибесінен алып айтқан. Ағайын арасын біріктіріп, ел намысын қорғап, балаларын соған бағыттап, ерімен тіл тауып одақтасқан әйел ешқашан жаман атанбайды. Осы дәстүр бізге әлі де керек. Елдігімізді, қазақтығымызды сақтау үшін қажет. Бүгінгі жастардың үйленбей жатып айырылысуы көбейгенін көргенде, қыздарды болашақ өмірге дайындау өз деңгейінде еместігінен осы дәстүрлеріміздің әлсіреп кеткенін танимыз.
Қазақ дәстүрінде қыз балаға көбірек көңіл бөлген. Өйткені, қыз — өмір көркі, әсемдік, тіршілік көзі. Халық ұғымы жақсы көріністердің бәрін қызға теңеген. Қазақ халқында қалыптасқан қызға берілген анықтама, оларға қойылған талап-тілектер, қызды еркелету, қызды тәрбиелеудің үлкен жолға қойылғанын көрсетеді. “Қыз елдің көркі” — дейді халқымыз. Ақын, жазушылар өмір бойы қыздарды жырлап, ару деп ардақтап, болашақ ана деп аялап үлкен құрметпен қараған. Нәзіктік, тапқырлық, ойлылық, сұлулық, адамгершілік, қайырымдылық сияқты жақсы мінездерді алдымен қыз бойына дарытуды көздеген. Қызды ардақтаған қазақ басқа шығыс халықтарындай, оның бетін бүркелемей, ер балалармен тең ұстаған. Бойжеткенді әсемдіктің, әдеміліктің символы аққуға теңеп жырлаған ақындар қыздың бойындағы құпия сырды терең түсінген. Өзім қаншама шет елдерде: Англияда, Францияда, Италияда, Әзірбайжан мен Арменияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда болып жүргенде қызға деген мұндай құрмет дәл біздегідей емес екенін байқадым. Кез келген жігіттің алдауына түспеу үшін, қыз ең алдымен намысты болу керек, өз намысын қорғай білуі керек. Қыз баланың махаббатының алдында бас имейтін адам жоқ. Сол кездегі қазақ халқының қыздарға берген беделі қайда кетті? Жаңа қоғам құруда қазақтың қалыптасқан идеологиясының көнесін жаңартып, дамытып, болашақ ұрпақтың бойына ұлттық идеология тәрбиесін сіңіру міндетіміз. Осы айталған мысалдар арқылы қыз баланың бойында ұлттық психологияны қалыптастыру керек. Бүгінгі қыздардан да біз осы жақсы мінездің көріністерін іздейміз. Біздің өткен жолымызда қателіктер аз болған жоқ. Социализм ерлер мен әйелдерді теңестірді, әйелдердің оқуына, қоғамдық істерге араласуына жол ашты. Бәрі де дұрыс. Қоғамнан өз орнын тапқан, үйде де, түзде де сыйлы апа-сіңілілеріміз, құдайға шүкір, баршылық. Бірақ осыны пайдаланып, үйді ойламай, түзді ойлаумен жүріп, ошақ иесі рөлін әлсіретіп алған әйелдер де жеткілікті. Осындай әйелдердің қыздары да осы жолмен жүре бастады.
Тәуелсіз ел болып, ұлттық қазыналарымызды жинастыра бастағанда, ұлттық дәстүрімізді аяқасты етуге жол беретін осындай мінездерге қарсы күрес ашу керек емес пе? Олар өзімен кетпей, ұрпаққа да әсерін тигізіп жатыр. Қыздардың болашақта отбасын құруға дайын еместігі, адалдығын сақтамай, жетім, тастанды балаларды көбейтіп жатқаны жасырын емес. Иә, біздің ұлтымыздың дәстүріне жат жезөкшелік, тастанды бала, әке-шешесін сыйламау, дүниеқұмарлық, тек қана өзін күйттеп, сырт жұртқа еліктеген жастарымыздың көбейіп бара жатқаны ойлантады. Соның үлкен бір көрінісі – қазіргі біздің эстрада музыкасы. Бұлай дейтініміз, осы күні қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әуенін, классикалық өнерін әлсіретіп, кеудесін, кіндігін ашып киінетін, етегі жырым-жырым әртістер сахнадан жиі көрінетін болды. Осы бір сахна көрінісі бүкіл қазақ жастарын еліктіріп барады. Осыны басқарып жүрген орта буындағы азаматтардың өзі халықтың әдет-ғұрпын, дәстүрін, елдің көкейкесті ойын түсінбейді. Сондықтан, әлі де жоғалып кетпеген ұлттық дәстүріміздегі жақсы мінез-құлықты, отбасының бірлігі мен ағайынның тұтастығы үшін қызмет ететін ақылгөй аналарды дәріптей отырып, қызға ана сүтімен, мектептен бастап тәрбие берілуі керек. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезеңде, әйелдер тамақ табу үшін сауда жасауға шығып, отбасының бірлігі де, бала тәрбиесі де ананың ойы-нан да, көзінен де тыс қалды. Бұған уақыт, Қазақстандағы уақытша экономикалық дағдарыс кінәлі дейміз. Жоқ, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары көрген аналардың қиыншылығы осының қасында қандай еді. Сол аналар Ұлы Отан соғысы кезінде-ақ жігерлі болды, намысты болды, аузындағы нанын жырып берді. Ал енді қазір біз жезөкшелік, тастанды бала, қыздардың осындай жағдайға жетуін кімнен көреміз? Осының бәрі біздің қоғамдағы идеологиялық жұмыстың олқылықтары. Бұл айтылғандардан қыз тәрбиесі, әйелдер арасындағы жұмыс жүрмей жатыр деген ұғым тумайды. Қазақтың қыздар педагогикалық институтында бойжеткендерді болашақ маман болуға тәрбиелеумен қатар, жақсы мінез-құлыққа, отбасылық өмірге үйретуде үлкен істер істеліп жатыр.
Қазақтың ақылды, ойлы қызы Шәмша Беркімбаеваның институттағы осы саладағы істерге тікелей мұрындық болып араласып жүргенін байқаймыз. Қыздармен жұмыс онда кездейсоқ шаралармен шектелмей, белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі. Онда студент қыздардың әдебиет-өнер, қоғам қайраткерлерімен, ардақты аналармен кездесуі жиі өтеді. Осының бір мысалы ретінде айтатын болсақ, ұлағатты ана Ділда Тасмағанбет келіні ұлттық дәстүр жайында өзінің өмірлік тәжірибесінен жастарға арнап әңгіме өткізді. Қадірлі ананың газет, журнал беттерінен жиі көрінетін мақалалары да жастарға ой салары даусыз. Жастарды адамгершілікке, балажандылыққа баулитын, оларды жан-жақты білімді, мәдениетті болуға, кітап оқуға үйрететін, озық мәдениет үлгілерімен таныстыратын шаралар да институтта жиі өткізіледі. Осындай игі істердің тек бір институтта ғана жүргізілмей, барлық жастар жиналған ортада, оқу орындарында бұқаралық сипат алғанын қалаймыз. Экономикалық қиындықтан өтіп, қазір өркениетті елдердің дәрежесіне қосылуға тырысудамыз, бірақ рухани жағынан біз әлі де өте жұтаңбыз, әдет-ғұрып, салт-сана, ұлттық психологиялық ойдың жетілуіне рухани байлығымыз жетпей жатыр. Тәрбие мәселесіне көп жағдайда көңіл бөлмей, уақыт жетпей, ақша табу керек дей жүріп, біз ұрпағымыздың рухани әлеміне көңіл бөлмеуге айналдық. Рухани байлық – ұлттың тірегі, мемлекеттің тірегі, елдің қалыптасуының тірегі. Қазақ қыздарын сонау атам заманнан қалыптасып келе жатқан дәстүрді бойына сіңіріп, ұлттық рухпен сусындатуымыз керек. Рухани сусындамаған жерде тұрақтылық, сезімталдық болмайды. Кей кезде біз отбасы бірлігін жиі айтамыз. Ажырасу, тастанды баланың көбеюінің барлығы да рухани жұтаңдықтан туады. Біздің қазақ халқында қай ана баласын тастап кеткен, қай ана баласын босағаға байлап кеткен? Ендеше, біз болашақ аналардың бойына рухани байлықты тәрбие арқылы сіңіруіміз керек. Қазақ қыздарының сымбаты, ақындар жырлаған “ботакөз”, “қиғаш қас”, “алма мойын”, “қыпша бел” — осының барлығы қыздарға берілетін рухани азық болуы керек. Қыздың сұлулығы арқылы, қыздың мүсінін дәріптеу арқылы, болашақ ұрпақтың бойында: “Сондай болсам екен-ау” – деген рухани ұрық себілуге тиіс. Қазақ топырағында, қазақ отбасында тәрбиеленген қыз өрескел мінез көрсетпей, болашақ ұрпақтың анасы болуға тырысады. Адам бойындағы бүкіл адамгершілік қасиет анадан тарайды, ана елге тоқтау айтады.
Қазақстан Республиксының қолданыстағы Конституциясының қабылданғанына 16 жыл болады. 1995 жылдың 30-тамыз күні бүкілхалықтық референдум жолымен қабылданған еліміздің Негізгі заңы республика халқына шама-шарқынша қызмет етіп келеді.Өткен он алды жыл ішінде Конституцияның жеткізген жетістіктері көп. Қоғам түбегейлі өзгерістерге ұшырады, адамдардың менталитеті де, өмір сүру ортасы да, санасы да айтарлықтай дамыды, мәдени жетістіктері ұлғайды. Конституция жай ғана декларация емес, халықтың нағыз саяси-құқықтық еркіндігін білдіретін құжатқа айналды.
Конституциядан көптеген айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Конституция адам құқығын қорғау заңын қалыптастырды және еліміздегі құқық қорғау мәселесін көтеруге ұмтылдырды. Мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот жүйесі сияқты үш тармаққа жіктеп, олардың бірігіп жұмыс жасауына жол ашты. Қазақстан Конституциясы заң шығарушы орган − екі палаталы Парламент құрды. Парламенттің жұмыс істеген жылдарында көптеген заң актілері, маңызды халықаралық актілер қабылданды. Халықтың қоғамдық белсенділіктері артты.
Бұл жылдарда адамдардың азаматтық ұстанымы жанданды. Заң – бәріне ортақ екендігін ұғынды. Әлеуметтік, қызметтік, мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, наным-сенімі мен дініне қарамастан заң алдында бәрі тең болды. Жалпы бұл күнде Конституцияның мазмұны, қазіргі таңдағы жаңа өмір құрудағы мақсаттары, жаңа мемлекеттің демократияға ұмтылысы, азаматтық-құқықтық ортаға байланысы туралы көп нәрсе айтуға болады.
Мені дәл осы Конституция күні қарсаңында бір нәрсе қатты ойландырып қалады. Ол ұлттық идеологияға қатысты. Әлбетте ұлттық идеология Ата заңнан бастау алуға тиіс. Осы кезге дейін Конституциямызды мақтап келдік. Әлбетте оның жақсы да ұрымтал тұстары көп. Бірақ не десек те жалау етер ұлттық идеологиямыз әлі күнге жоқ. Бірқатар сарапшылар мұны Конституцияда мемлекеттің ұлттық сипаты көрсетілмеуі салдарынан дейді. Расында да біздің Ата заңымызда мемлекеттілігі бола тұрып қазақтардың билік құрылтайшылық құқығы көрсетілмеген. Яғни Қазақстанның өз тәуелсіздігі үшін жүздеген жылдар бойы күрескен қазақ халқының мемлекеттігі екендігі Конституцияда айтылмаған. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт екендігін мойындамау Қазақстанда қазақ халқының халықтық құқығын диаспоралық құқықпен теңестіруге соқтырды. Жергілікті ұлтты басыну (Маловодное, Шелек, Атырау оқиғалары), трансұлттық компаниялардағы жалақыдағы теңсіздік, шетелдерден қайтқан оралмандарды қорлау фактілері, мемлекеттік тілдің қағажу көруі осының бәрі конституциялық жетімсіздіктің салдары.
Алысқа бармай-ақ соңғы күндердегі қазақ басылымдарына қаралықшы. Еліміздегі ұлттық иделогияның кемшіндігі көзге ұрып тұр. «Түркістан» газетінің кешегі (№34)саны. Ел үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов мәскеулік радио арқылы «Қазақстандағы халықтың басым көпшілігі қазақ тілінде сөйлемейді» деп қойып қалған. Бұл деректі қайдан алған? Өзінің қазақшаға шорқақтығын былай қойғанда Қазақ үкіметінің орыс тілді екендігін жұрттың бәрі біледі. Бірақ үкімет қазақша сөйлемейді екен деп қазақтардың баршасы қазақшасын қойып кеткен жоқ қой. Енді «Алаш айнасын» (№150) қарайық. Бірінші бетте берілген «Ұлтымызды қорлап жатқанда құзырлы орындар неге үнсіз?» деген материалға назар аударалық. Ресей әлеуметтанушысы Максим Акимов деген біреу қазақстандық орыстардың сайтында «Орыстар, ояныңдар!» деп арандатушы мақала жариялап, қазақтардың намысына тиетіндей пікірлер білдірген. Осы газеттің бесінші бетінде «Оқушы дәптерінде Ресейдің әнұраны қайдан жүр?» деген тақырыптың өзі елімізде ұлттық идеологияның ойсырап тұрғанын көрсетеді. «Жас алаш» (№68) газеті болса «Қазақта шекара болмаған, мемлекеттілік болмаған» деген теріс пиғылды пікірлерге тосқауыл қояды. Бұл бір күннің ғана мысалы. 365 күнгі арпалыс жанымызды қаншалықты жеп жатыр десеңізші.
Қазақстанда жұмыс жасайтын ағылшын, неміс, түрік компаниялары да онда істейтін қазақтарды екінші сортты санайды, жалақылары екі-үш есе, тіпті он есе кем болып жатады. Осындай қисынсыздықтарға қазақтардың Қазақстанда билік құрылтайшысы екендігі конституциялық нормаларда жеткілікті деңгейде ескерілмегендігі себеп. Қазақстан Конституциясына қараңыз, оның аңдатпасында (преамбуласында) былай делінген: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз». Мұнда Қазақстан қазақ халқының мемлекеттігі екендігі, мемлекеттің құрылтайшысы қазақтар екендігі туралы ештеңе жоқ. Тек «байырғы қазақ жерінде» деп сипай қамшылап кете береді. Мен әдейілеп Достастық елдеріндегі Украина Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Әзірбайжан Республикасының Конституцияларын қарап шыққаным бар.
Украинаның Ата заңы «Украинаның Жоғарғы Радасы украин халқының — Украинаның күллі ұлттары азаматтарының атынан … украин мемлекеттігінің көп ғасырлық тарихына сүйене отырып» деп басталады. Беларусь пен Әзірбайжан Ата заңдары да осыған ұқсас. Өзбекстан Конституциясы «Өзбекстан халқы өзбек мемлекеттігін дамытудың тарихи тәжірибесіне сүйене отырып…» десе, Қырғыз конституциясы «біз, Қырғызстан халқы, қырғыздардың ұлттық өөрлеуін қамтамасыз етуге ұмтыла отырып» деп басталады. Ал Германияның Конституциясы «Құдай мен адамдар алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып… неміс халқы өөзінің құрылтайшылық билігіне орай өөздеріне осы негізгі заңды қабылдады» дейді. Бәрі де титулдық ұлттың мемлекеті екендігін айтып тұр.
Тек бізде ғана «жүздеген этностың» көңілін тапқымыз келгендіктен Қазақстан Конституциясында бұл қазақтардың мемлекеті екендігін айтуды «ұмытып» кеткенбіз. Түпкі салдары болса— мынау. Бүгінгі иделогиялық қателіктер ертеңге қатер. «Қазақстанда жүзден астам ұлт пен ұлыс тұрады» деген тұжырым келешек ұлтаралық қақтығыстарға бастайтын ұзақ мерзімдік «мина». Қазақстанда қазақтан басқа ұлт тұрмайды. Қазақстанды қазақ ұлтымен бірге басқа ұлттардың диаспоралары мекендейді. Ақиқатында кеңестік кезеңнен мұра болып қалған идеологиялық қателіктер жөнделуге тиіс. Ең алдымен Ата заңымызға Қазақстанның құрылтайшысы қазақтар екендігі туралы тиісті өөзгертулер енгізілсе құба-құп болмақ. Бұл өз кезегінде өзге диаспора өкілдерінің қазақтарға құрметпен қарауын туғызар еді.
Ал қазіргі жағдайды көріп тұрып көрмеген болу түптің түбінде әлеуметтік шиеленістерге соқтыруы әбден ықтимал. Егер Қазақстанда өміршең идеология қалыптастырамыз десек, ол Конституциядан бастау алуға тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыты келе, ұлттық идея дегеніміз грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Шығарманың түпкi түйiнi мағынасында да қолданылатыны бар. Бiз қарастырғалы отырған ұлттық идея мәселесiнiң мәнi ұлттың тiлегi, ниетi, ойы дегенге саяды. Сондықтан да ұлттық идеяны ұлт мұраты деп қабылдасақ, мәселенiң тоқ етерiн тапқанымыз.
Қазақстан сияқты тәуелсіздігін жаңа алған жас елге идеология әбден керек және ең алдымен, ол мемлекеттің ұлттық сипатына, тәуелсіздігіне қызмет етуге тиіс. Ұлттық идеология дегеніміз — халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ережесі, ол сол халықтың тілін, ділін, мемлекетін қалыптастыруға қызмет етеді. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады.
Ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiктi нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады.
Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол – ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны, ол – өз елiндегi, өз жерiндегi қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi.