Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 12:12, реферат
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұстанымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне
Қытай философиясымен танысу, оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.