Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 20:08, лекция
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді.
Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді.
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді:
«Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр.
Ежелгі
үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы
ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және
I мыңжылдықтар аралығында пайда болған,
және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің
ең ежелгілерінің бірі болып табылатын
ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани
мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық
ойдың дамуында үлкен анықтаушы
рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда
«білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ
бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар
әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан,
құрбандық шалу формулаларынан тұрады.
Ведалардың образдық көркем тілімен аса
ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі
және адамгершілік туралы алғашқы философиялық
түсінігі берілген. Ведалар 4 бөліктен
түрады:
Самхиттер – құдайларға арналған гимндер жинағы;
олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға
арналған 1028 гимннен тұрады;
Брахмандар – діни салт
өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса
зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың
арасын байланыстырып тұр.
Араньяктар – «Орман кітаптары»
– қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман
кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы
ойға берілушілерге арналған ережелер
жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет
жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау
жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда
дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола
бастайды.
Упанишадалар – философиялық
мазмұны терең, рационалистік сипаты басым
негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан
кейде веданта («Ведалардың соңы») деп
аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен
алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ
ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП
ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( «қасында
отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында
отырып, уағыз тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді
білдіреді. Упанишадалар – ұстаздың шәкіртпен
диалог-әңгімесі, оның тақырыбы – болмыстың
алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен
адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз:
Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген
азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған.
«Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына
береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер
Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі
ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті
тіршілікте үйретуге ерекше мән берді.
Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің
сыртқы қызметін барлық шектеулерден
босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен
және практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу
тәсілдері мен практикасы арқылы жеке
адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі
мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін
баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне
жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы
мен сергектігін жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау. Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.
Буддизм – көне Үнді философиясының басты ағымы. Негізін қалаушы – біздің дәуірімізге дейін 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген Сидхартха Готама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді.
Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар:
Будда екінші экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды.
Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың
маңындағы Бодхи ағашының астындағы
оңаша жерге орналасқан Сидхартха
ханзада жеті күннен соң қасіретті
өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады.
Азап шегу мен қасіретке толы өмірден
құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді:
1) өмір – тынымсыз күрес, азап, бейнет;
2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан
(өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық,
өлуге құмарлық) туады;
3) азаптың себебі бар. Оны танып-білуге
болады;
4) азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз
қағидадан тұрады. Буддизм өмірге құмарлықты
жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін
дұрыс жол тандап алу қажет, ал оған дұрыс
көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет,
дұрыс өмір салты, дұрыс куш-жігер, дұрыс
назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік
принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді.
Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру
арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады. Нирвана
– адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп
жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес,
зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз,
сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру,
бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш
күйге жету.
Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды.
Жайндардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса – тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя – ұрлық жасамау; сатья – шыншылдық; апариграха – үйірсектікке тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін – брахмачарья – некеден бас тартуды қосты.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»).
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу – жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар ме жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзі талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтар мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.
Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді.
Олардың пікірінше, адамдар көбіне
ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі,
ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа
сенімді адамның пікірі де біз
үшін таным негізі бола алмайды.
Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді,
бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс
пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және
өзгермейтін төрт элементтен: жер, от,
су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана,
ақыл және сезім мүшелерінің негізі де
осы элементтер, олар мақұлық дүниеден
өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның,
Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар
адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты
өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен
аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни
чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды.
Ақылды адам осы дүниелік өмірде барынша рахаттанып, азап-қайғыдан арылуға ұмтылуға тиіс. Демек рахат күйге апаратын әрекеттің барлығы жақсы. Қайғы әкелетін нәрселер – жаман. Ал рахат күйге жеткізетін басты құрал –байлық,сондықтан оған ұмтылу қажет.
Адживика - негізін Будда мен Махавираның