Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2011 в 10:13, курсовая работа
ХІХғ. 40-шы жылдары еңбек пен капитал арасындағы күрес шиеленісе түсті. Бірқатар елдерде пролетариат табы дербес күштерге айналды:
Францияда – 1831 және 1834 ж. лион тоқымашыларының көтерілісі;
Англияда – 30-шы жылдардағы чартистердің қозғалысы;
Германияда – 1844 ж. силездік тоқымашылардың қоғалысы.
Жұмысшылардың бұл қозғалыстарының бәрі капиталистік жүйеге қарсы бағытталды. ХІХ ғ. 40-шы жылдары пролетариаттың революциялық қозғалыстарының орталығы Германияға ауысты. Қалыптасқан осы жағдайлардың жиынтығы марксизмнің 40-шы жылдары Германияда пайда болуына әкелді.
Марксизм – бұл жұмысшы табының, жұмысшы табы үшін қалыптасқан ілім. Маркс ілімі туралы В.И.Ленин «Маркстік ілімі – ең күшті ілім, өйткені ол дұрыс ілім. Ол ілім – адамдарға жоққа сенудің қандайымен болса да, реакцияның қандайымен болса да, буржуазиялық езгіні қорғаудың қандайымен болса да ымыраласпайтын тұтас көзқарас беретін толық және жүйелі ілім. Ол ілім – адамзаттың ХІХ ғасырда жасаған неміс философиясы, ағылшын саяси экономиясы, француз социализмі сияқты таңдаулы ілімдердің заңды мирасқоры...», - деп жоғары баға береді. Марксизм ілімінің негізін салушылар неміс революционер-ойшылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс.
Менің рефератымның мақсаты К. Маркстің көптеген теориялар туралы және олардың экономикалық ілімінде алатын орнын баяндап жазу. Жұмысымды теорияларға сәйкес бөліктерге бөлдім. Әр бөлімде бір теорияны қарастырдым.
К.
Маркс капиталистік қанауды сандық
мағынада қосымша құнның массасы
мен нормасы арқылы сипаттайды. Мұнда
қосымша құн нормасы қосымша
құн массасының өзгермелі капиталға
қатынасы арқылы анықталып, капиталдың
жұмыс күшін қанау дәрежесін көрсетеді.
m' = m/n ∙ 100%
Мұндағы m' – қосымша құн нормасы; m – қосымша массасы; V - өзгермелі капитал.
Адамды адам қанау мәселесі, оны жою маркстік ілімде басты орын алады. Капитализм мен қанаушылық бұл теорияда бір-бірінен ажырағысыз. Оның негізінде капиталистік жеке меншік арқылы капиталистік қоғамда қанаушылық қатынасы орын алып жалдамалы жұмысшылардың еңбегінің нәтижесін капиталистер иемденеді деген қорытынды жасалды.Мынадай бір сұрақ қоялық. Кез келген қоғамда еңбек нәтижесі басқа біреудің пайдасына шешілуі мүмкін бе? К. Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде Лассалдық теорияға талдау жасай отырып, қоғамның қалыпты дамуы үшін жеке тұтыну қорынан басқа тұтынылған өндіріс құрал-жабдықтарының орнын толтыру қорының қажеттіліктерін қанағаттандырудың бірлескен қоры, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, өндірісті ұлғайту т.б. қорлардың қажет болатынын көрсеткен. Меншіктің кез келген нысанында өндірушілер өндірген бүкіл өнімді тұтыну мүкін емес. Қосымша өнімнің шеттетілуі тек меншік нысанына ғана емес, өндірістің қоғамдық сипатына да байланысты, сондықтан ол кез келген қоғамда орын алады.
Қосымша
өнімнің шеттетілуі меншіктің кез
келген нысанында орын алатындықтан,
ол қоғамдық шаруашылықтың объективті
қажеттілігі болып табылады. Олай болса
қанаушылық шеттетілудің белгілі бір
жәрежесіне, қоғамдық қатынастардың бүкіл
жиынтығына байланысты. Батыс елдерінде
жалдамалы қызметкерлердің жалақы қоры
ұлттық табыстың 60-80 процентін құрайды.
Тек 20-40 процентін құрал-жабдықтарының
иесі иемденеді. Ал бұрынғы кеңес елінде
жалдамалы қызметкер иемденетін жаңа
жасалған құнның үлесі әр қилы есептеулерге
қарағанда, 30-40 процент, ал мемлекетке
тиесілі үлесі табыстың 60-70 процентін
құрайды немесе жеке меншік үстемдік ететін
қоғаммен салыстырғанда, ол 1,5-2 есе жоғары
болғаны. Осыдан мынадай заңды сұрақ туындайды:
егер жаңа жасалған құнды капитал иесі
иемденгенде қанаушылық орын алатын болса,
өндірілген өнімнің 60-70 процентін мемлекет
иемденетін жағдайды қалайша сипаттауға
болар еді? Егер орын алатын объективті
экономикалық (этикалық емес) негізге
сүйенер болсақ, онда қосымша құн нормасы
(m') капиталистердің жалдамалы жұмысшыларды
қанау дәрежесін сипаттайтын бірдей ұғымды
бере алмайды. Қосымша құн бірнеше негізгі
бөліктерге бөлшектенеді. Біріншіден,
құсымша құн қор жинауға кетеді: екіншіден,
салық жүйесі арқылы қосымша құнның бір
бөлігі мемлекеттік бюджетке түседі, үшіншіден,
қалаған бөлігі жеке тұтынуға кетеді.
Қосымша құнның тек соңғы бөлігі ғана
қанаушылық белгісінің ауқымы мен дәрежесін
анықтай алады. Осының өзінде де бір ескерер
жәйт: қосымша құнның капиталистің жеке
тұтынуына кеткен бөлігінің барлығын
«заңсыз» иемдену деп айтуға болмайды.
Біріншіден, тіпті еңбек құн теориясына
сүйенгеннің өзінде, капиталист-кәсіпкер
өндірісті ұйымдастырғаны үшін өз еңбегінің
белгілі бір бөлігіне ие болуы керек. Екіншіден,
капиталды пайдалануға берудің өзі қызмет
көрсетудің түрі, ол да төленуі тиіс. Осы
қызметі үшін бөлінген капиталдан процент
талап етіледі. Жалдамалы қызметкер де
өз жинағын банкте ұстай отырып, белгілі
дәрежеде процентпен (кіріс) табысқа ие
болады. Сондықтан қосымша құнның массасы
мен нормасы қанаудың ауқымы мен дәрежесін
дәл анықтай алмайды. Сөз жоқ, егер жұмыс
күші құнынан төмен төленетін болса, онда
қанаушылық орын алады. Ал, К. Маркс зерттеген
кез жұмыс күнінің ұзақтығы тәулігіне
10-12 сағат болғаны, оның үстіне сол өндіргіш
күштер даму дәрежесінде техника қауіпсіздігі
сақталмағаны да ақиқат. Жалдамалы қызметкерге
жұмыс күшінің құны толық төленетін болса,
қоғамдық өндірісте орташа еңбек жағдайы
сақталатын болса, алатын жалақы қоғамдағы
материалдық және рухани игіліктерді
пайдалану мүмкіндігін берсе, қанаушылық
түсінігі өзінің экономикалық мазмұнын
жойып, адамгершілік-этикалық мағынаға
ие болар еді.
К. Маркстің экономикалық ілімінде
қосымша
құн теориясының
алатын орны.
Капиталистік өндіріс тікелей еңбекшілер қажеттерін қанағаттандыру үшін дами алмайды. Капитализм жағдайында жұмысшы капиталды молайту үшін өмір сүреді. К. Маркс ашқан капитализмнің негізгі экономикалық заңы – қосымша құн заңы буржуазиялық қоғамда болатын бүкіл процестер мен құбылыстарды түсінуге және ұсынуға мүмкіндік береді. Капитализмнің негізгі экономикалық заңы капиталистік өндіріс әдісінің мәнін білдіреді және оның экономикалық дамуының басты процестерін анықтайды. Қосымша құн заңы дегеніміз капитализмнің қозғалуы мен даму заңы болып табылады.
Қосымша құн заңының күшіне енуіне қарай капиталистік өндірістің дамуы антагонистік формада жүреді. Капитализмнің негізгі экономикалық заңы капитализм қайшылықтарының аса терең көрінісі болып табылады. Оның күші осы қайшылықтардың үнемі шиеленісуіне әкеліп соқтырады және капиталистік құрылыстың дамуына ғана емес, сондай-ақ оның күйреуіне де себепші болады. В.И. Лениннің анықтамасы бойынша, қосымша құн теориясы К. Маркстің экономикалық ілімінің іргетасы болып табылады. Ол капиталистік өндірістің ең терең негіздерін, оның қанаушылық мәнін ашады, буржуазиялық қоғам дамуы процестерін шынайы ғылыми тұрғыдан түсіндіру үшін шешуші шарт болып табылады.
Пролетариат пен буржуазияның экономикалық жағдайының диаметралдық қарама-қайшылығын көрсете келіп, К. Маркс буржуазиялық қоғамның негізгі таптары арасындағы антагонистік қайшылықтардың себебін ашты. Буржуазияға қарсы пролетариаттың таптық күресі – капитализмнің ажырамас белгісі. Оның себептері өндіріс әдісінің өзінде, капиталистердің жалдама жұмысшылардықанауында тамыр жайған. К Маркс былай деп көрсетті: «жалдама жұмысшыларды қанаудың өсуімен таптық қайшылықтар дамып тереңдейді. Жұмысшылардың таптық күресінің күшеюі буржуазиялық құрылыстың іргесін шайқалтуға сөзсіз әкеліп соқтырады. Буржуазияға қарсы пролетариаттың күресі «әр түрлі және мазмұнға неғұрлым бай формаларда көріне отырып, пролетариаттың саяси өкіметті («пролетариат диктатурасы») жеңіп алуына бағытталған саяси күреске сөзсіз айналады». В. И. Ленин «Карл Маркс» атты еңбегінде былай деп көрсетті: «капиталистік қоғамның социалистік қоғамға айналатыны сөзсіз екенін Маркс бүтіндей, тек қана қазіргі қоғам қозғалысының экономикалық заңынан», яғни қосымша құн заңынан шығарады. К. Маркс «Капиталда» буржуазиялық құрылыстың көрін қазушы және жаңа, коммунистік қоғамды жасаушы ретіндегі пролетариаттың тарихи ролін ғылыми негіздеп берді. «Маркстің «Капиталы» түгелімен мынадай ақиқатты – капиталистік қоғамның негізгі күштері тек буржуазия мен пролетариат қана болатындығын және бола алатындығын анықтауға арналған деп айтуға болады: - буржуазия сол капиталистік қоғамның құрушысы ретінде, оның қозғаушысы ретінде болады, - пролетариат капиталистік қоғамның көрін қазушы, оның орнын басуға қабілеті бар бірден-бір күш ретінде болады».
К.
Маркстің қосымша құн туралы ілімі
өздерінің өмірлік праволары
жолындағы, жаңа қоғамдық құрылысты
орнату жолындағы капитализмге қарсы
күресінде пролетариатқа рухани
қару береді.
К. Маркстің «Гота программасына сын»
деген
еңбегінің маңызы.
Бұл еңбек 1875 жылы жазылған және ол лассальшылдық көзқарас орын алған Германия социалистік жұмысшы партиясы программасының жобасын сынау тұрғысынан талдауға арналған еңбек болып табылады.
Материалистік диалектиканы қолдана отырып, Маркс болашақ қоғам дамуының екі сатысын атап көрсетеді. «Коммунистік қоғамның жоғары фазасында – деп жазады ол, – адамды құл қылатын еңбек бөлінісіне адамның бағынуы жоғанғаннан кейін; сонымен бірге ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы қарама-қарсылық жоғалғаннан кейін; еңбек тіршілік құралы ғана болудан қалып, өзі өмірдің бірінші қажеттілігіне айналғаннан кейін; жеке адамдардың жан-жақты кемелденуімен бірге, өндіргіш күштер өсіп, қоғам байлығының барлық негіздері арнасына тола аққаннан кейін, тек сонда ғана буржуазиялық құқықтың тар шеңберінен мүлдем арылуға болады, сөйтіп қоғам өзінің туына: «Әркімнің – қабілетіне қарай, әркімге керегіне қарай! – деп жаза алады».
В.И. Ленин өзінің бірқатар еңбектерінде Маркс ұсынған қағидаларды қамытты. Бұл тұрғыдан алғанда «Мемлекет және революция» (V тарау) атты еңбегінің ерекше зор маңызы бар. Коммунизмнің жлғары фазасы туралы ілім КПСС документтерінде одан әрі дамытылуда. Оның жиынтық сипаттамасы Коммунистік партия Программасында берілген. СССР-дің кемелденген социализм кезеңіне енуі партияның жаңа экономикалық стратегиясына талдау жасауды, социализмнің коммунизмге ұласу жолдарын одан әрі нақтылай түсуді талап етті.
Коммунистік
формация туралы маркстік-лениндік ілім,
оны партияның одын әрі дамытуы буржуазиялық
көзқарастарға қарсы күресте сенімді
тірек болады, коммунизмнің адамзат қоғамының
жоғары формасы ретінде сөзсіз салтанат
құратындығын сенімді түрде дәлелдейді.
Қорытынды
Маркстің творчестволық мұрасы оның «классикалық мектептегі» алдындағылармен, әсіресе А.Смит пен Д.Рикардомен улкен байланыс бар.
Сонымен,
классикалық мектеп саяси экономияный
тұжырымдамасын тереңдете отырып,
У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс
және Ф. Энгельс теориялық
К.
Маркс өзі айтқандай: «...экономикалық
формаларға анализ беруге микроскопты
да, не химиялық реактивты де пайдалануға
болмайды. Бұл екеуінің орнына абстракцияның
күші жүруге тиіс», Маркс жекеше тыс ойлайтын
экономист деп айтуға болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ө. Қ. Шеденов. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы - Ақтөбе, 2006ж.
2. Саяси экономия. Оқулық. Алматы, 1982ж.
3. Мұртаза Бұлұтай. Дін және мәдениет.
4. Я. Әубакіров. Экономикалық теория негіздері. Алматы «Санат», 1998ж.
5. Шеденов Ө. Қ. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе – 2004ж. «А-Полиграфия».