Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 19:01, реферат
Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.
1 Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс)
2 Архитектура
3 Италияндық қайта жаңғыру дәуірі
4 Әдебиет
5 Қайта жаңғыру дәуірдегі адам
6 Бейнелеу өнері
7 Дін
Афиналық мектеп, фреска Рафаэль Санти
Осы орайда өнер тарихындағы ұлылардың бірі — Рафаэль Санти (1483—1520 жылдары) нағыз кемелді шағында — 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мөңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның атақты туындысы — «Сикст мадоннасы» Меккедегі қара тас арабтар үшін қандай киелі болса, «Сикст мадоннасы» еуропалықтарға да сондай қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Конестабиле құдай — ана», «Парнас» және басқаларында гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген тендесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы — атақты Микеланджело еді. Оның өнерінің ішіндегі қай туындысын алсаңыз да алдымен адамды, оның ақыл-парасатын, оның бойындағы ізгілік қасиеттерді аңғарамыз. Микеланджелоның атақты мүсіндері — «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», «Өлім халіндегі құл» және т.б. қатар «Құдай — ана — Дони[», «Кашино түбіндегі шайқас» сияқты суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген. Оның атақты «Давид» мүсіні туралы Вазарий таңдана былай деп жазды: «Микеланджелоның» қолынан шыққан Давидтің алып мүсіні қазіргі кез бен ежелгі дүниеде Грекия мен Римде жасалған мүсіндердің даңқын тартып алды» Шындығында да, тұла бойы ерлік пен күшке толы, өз ісінің әділдігіне сенімді, қуатты да сүйкімді Давидтің мүсіні азаттық аңсаған елдің айбынды батырының, табиғат күштерін бойына жинақтаған ұлы адамның бейнесі болатын. «Давид» мүсіні дүниеге келген күн — Италияда ұлттық мейрам болып жарияланды, бұл өнер туындысына, жалпы өнер атаулыға деген халықтың асқан құрметі болатын.
Мадонна Оньисанти. 1310 жыл Уффици, флоренция.
Италияның даңқын асырған ұлы суретшілердің бірі — Джотто ди Бондоне (1276—1337 жылдары) болды. «Иуда ишараты» — талантты суретшінің ең әйгілі шығармасы. Көп адам қатысқан бұл композициядағы басты тұлғалар — Христос пен Иуда. Христос бейнесінен ізгіліктің, адамгершіліктің, сабырлылықтың белгілерін байқайтын болсақ, ал екінші бір кейіпкер Иуданың бойынан бір көргенде-ақ озбырлық пен сатқындық қасиеттерін жазбай танисыз. Екі жүзділік, күншілдік, зұлымдық сияқты жағымсыз қылықтар кейіпкердің жүзінен де, қимылынан да айқын көрінеді, ізгілік пен зұлымдық арасындағы ымыраға келмейтін күрес — шығарманың негізгі идеясы. Орасан зор шеберлікпен жазылған бұл туынды Джоттоның есімін бүкіл Италияға әйгілі етті. Көзінің тірісінде-ақ ол «Флоренцияның ұлы азаматы» деген абыройлы атаққа ие болды. Қайта жаңғыру кезеңінде талай өнер саңлақтары өздерінің өшпес туындыларымен әлемді таң қалдырды. Егер орта ғасырларда әлемнің кіндігі — құдай деп саналса, ендігі жерде адам құдай дөрежесіне көтеріліп, мадақталды.
Қайта жаңғыру дәуірі — мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген елдерінде бұрын-соңды болып көрмеғен гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта жаңғыру дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Дін әктемдіғінен, оның қүрсауынан босанудың ар- қасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар өмірге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еурапалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады. Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталды, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. XVI ғасыр 40-жылдары инквизиция басталды. Еркін ой иелерін қудалап, айыптау мақсатында IV-ші Павлдың бастамасымен тыйым салынған кітаптардың тізімі жасалды. Бұл тізімге христиан дінінің қағидаларына қайшы келетін, адамдардың сана-сезіміне әсер ететін шығармалар енді. Оның қатарына Джованни Боккаччо сияқты Италияның ұлы гуманистерінің шығармалары да жатқызылды. Тиым салынған кітаптар отқа жағылды. Католиктік шіркеумен ымыраға келмей, өз идеяларын табанды түрде қорғап, халық арасына кеңінен насихаттаушы еркін ой иелерін қудалап-жазалау сол қоғамға тән құбылыс болды. Папа өкіметіне, шіркеуге қарсы шыққан көптеген ғалымдар, ойшылдар, өнер адамдары инквизиция құрбандығына шалынды. Мысалы, 1600 жылы Римде, «Гүлдер алаңында», «О бесконечности Вселенной и мирах» атты атақты шығарманың авторы ұлы Джордано Бруно отқа өртелді. Мұндай сындарлы кезеңде көптеген ақындар, суретшілер, сәулетшілер және т.б. гуманизм идеяларынан бас тартып, Қайта жаңғыру дәуірінің ұлы қайраткерлерінің «Үлгісінің» ғана қабылдауға мәжбүр болды. Осындай «маньеризм» стиліндегі өнер адамдарының қатарына атақты суретшілер Понтормо (1494— 1557 жылдары), Бронзино (1503—1572жылдары) және мүсінші Челлини (1500— 1573 жылдары) және т.б. жатты. Бірақ көптеген суретшілер сурет өнері саласындағы реалистік дәстүрді одан өрі жалғастыра берді. Олардың қатарына Веронезе (1528—1588жылдары), Тинторетто (1518—1594 жылдары), Караваджо (1573—1610 жылдары) ағайынды Караччилер және т.б. қосылды. Олардың кейбірінің, атап айтқанда Караваджоның шығармашылығы Франция, Испания, Голландия елдеріндегі сурет өнерінің дамуына өз әсерін тигізді. Әрине, әр елдің жаңғыру мөдениетінің қалыптасуы мен дамуының ұлттық ерекшеліктерінің болғандығы даусыз.
Итальян Ренессансындағындай Германияда да ең озық дамыған өнер саласы — сурет салу болды. Бұл салада Альбрехт Дюрер (1471—1528жылдары), кіші Ганс Гольбейн (1497—1543жылдары) сияқты дарынды суретшілердің мерейі үстем болды.
Александр VI
Германияда гуманизм идеялары XV ғасыр ортасыңа қарай тарай бастады және оларды негізінен прогрессивтік интеллигенция мен жоғары оқу орындарының ұстаздары қолдады. Немістің жаңғыру мәдениетінің қалыптасуында экономикалық факторлар: тау-кен өндірісінің дамуы, кітап бастыру ісінің жолға қойылуы мен тоқыма өнеркәсібінің қарышты қадамы айрықша рөл атқарды. Шаруашылық саласына тауар-ақша қатынастарының еркін енуі және Германияның жалпы Еуропалық нарықтық процестерге араласуы адамдардың сана-сезімін өзгертті. Сонымен қатар саяси ыдыраңқылық жағдайларындағы Германияның өзінде де католиктік шіркеуге, оның озбырлық әрекеттеріне қарсылық күшейе түсті. Сондықтан да, шіркеуді қайта құру жолындағы күрес неміс жерінде қарқынды жүргізілді. Осы орайда Мартин Лютердің Библияны неміс тіліне аударуы — Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірінің бастамасы болды. Бұл аударма жүмысы 20 жылға созылды және осыдан кейін іле-шала Библия (Ӏнжіл) ағылшын, француз және т.б. тілдерге де аударылды. Библияның неміс тіліне аударылуы — немістің ортақ әдеби тілінің қалыптасуына да әсерін тигізді. Германиядағы Қайта жаңғыру дәуірі Реформациямен (католиктік шіркеуді реформалау жолындағы қозғалыспен) тығыз байланысты болды. Реформация жолындағы бұл қозғалысты Мартин Лютердің өзі басқарды.
Еуропаның басқа бір елі — Испанияда Қайта жаңғыру дәуірі басқа елдерге қарағанда қарама-қайшылықтарға толы болды. Мұнда гуманистер католицизм мен католиктік шіркеуге қарсы шыққан жоқ, өйткені оған Испанияда қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай өз әсерін тигізді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан ғақмиятты ой кешу үрдістері – А.: 1994
2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану: оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001 – 272 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы
4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.
5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.
6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.
7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы – А.: 1996, 168 б.
8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.: 2001 – 378 б.