Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 13:40, реферат
Дүние жүзілік философия тарихында Шығыстағы Көне Қытай, Үнді, Парсы т.с.с елдеріндегі пайда болған философиялық көзқарастардан тыс Орта ғасырларда дүниеге келіп, өзінің ерекше болмысымен тарихта танылған Орта азия мен Араб елдеріндегі ұлы яилософиялық ой-пікірлерді айтуға болады.
1. Кіріспе............................................................................................................ 2
2. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар…………………………………………………………................... 3
3. Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары..6
4. Құран туралы бірер сөз............................................................................... 12
5. Қорытынды.................................................................................................... 16
6. Қолданған әдебиеттер тізімі....................................................................... 17
Баланы сүндетке отырғызуды алғаш рет діни кәдеге еврейлер айналдырған. Содан кейін ол ислам дінінен орын тепкен, жаңа мазмұн алған. Яғни сүндетке отырғызу дінге сенушіліктің сырт көрінісі мен мұсылмандарды басқа діндегілерден оқшаулайтын және дәріптейтін құралға айналды.
Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Оларды дерлік барлығы, оның әдет-ғұрыптары және догмаларымен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттары. Бұл айттардың алғашқы түрлері ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге иен болды.
Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамаза айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылманда ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады. Айт мейрамы күндерінде дінге сенушілердің іс-әрекеті тек дін жолымен ғана өлшенетін өмір нормаларының орындалатынын баса айтамыз. Себебі – догма бойынша бұл күндері әр адам өз бойындағы күналарынан арылу үшін құрбан шалуға тиісті.
Ислам діні тараған кездерде шариғатқа сүйеніп істелетін халық арасына сіңісті болып кеткен ескілікті әдет-ғұрыптардың басқа да түрлері бар. Мысалы, жеке адам өміріне байланысты орындалатын жанұя тұрғысынан алынған бала туу, үйлену, өлім және т.б. құбылыстарымен байланысты мейрамдар мен қайғылы-қаралы күндерді өткізу дәстүрлері.
Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол өлгеннен кейін де дәл айқындығынан айырамыз. Сол үшін олардың табытын сақтайтын күмбездер, мазарлар, табыттар ислам діні тараған барлық жерлерде орын алды десек, қазіргі Қазақстан территориясында оның мәні мазмұн-мақсаты өте жоғары. Мысалы – Қазақстан жеріндегі ерте дәуірдегі ірі қалалар Тараз, Сайрам, Түркістан т.б. көптеп саналатын әулие жерлер мен орындардың өзі осы ойымыздың айғағы деп түсуініміз керек. Сонымен бірге, ислам дінінің алғашқы шаққан уақытынан бастап-ақ, оны қостаушылардың және қарсы жақ өкілдерінің арасында түсініспеушіліктер болғанына тарихтың өзі куә. Соның нәтижесінде ерестік, еркін ойлық пікірлердің қалыптасуы, әлеуметтік-саяси қайшылықтардың шығуы, ресми, табиғи ислам дінінің сунизм және шиизм сияқты екі бағыттың дүниеге келуін, ықпал үшін күрестің әсері деп білуіміз керек.
Сунизм – қоғам дамуының талаптарына байланысты үстем тап қажетін өтеуге құрандағы догмалар жеткіліксіз болды. Сондықтан, заман ағысына қарай адамдардың өзара қатыынасын, халифтің ірі феодалдардың ісін растайтын Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде айтқан сөздері, жарлықтары, істеген істері, дағдылары туралы қасиетті аңыздар деген хадистер жинағы сунна шықты. Сунна жекелеген топтардың үстем таптардың мүдделерін қорғауға айналады. Біріне-бірі қайшы келетін хадистердің көбеюі оларды ретке келтіріп, жинақтауды қажет етті. Оныі ішінде бізге белгілі алты сүнну жинағы, осы күнге дейін қадірлі деп саналатыны Бұхари Имам құрастырған жинақ «ас-Сахих». Сөйтіп, сүннәні құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсфлмандар ахль-ас сүннә яғни сүниттер деп атады.
Шиизм (арабтың ши,-партия, топ деген сөз) ислам дінінің алғашқы уақытында ортодоксальды сүннизм бағытына қарсы шыққан діни бағыт. Алғашқы шиизм партиясының, тобының өкідері төртінші халиф Әлидің (Ғалидің) маңайына жиналды.
Шиналар сүннәні мойындағанымен құранмен қатар өздерінің аңыздар жинағы хабарды пайдаланды. Құранға екі «Нұр» дейтін сүре қосты. Ол екі Нұры – Мұхаммед пен Әли.
Шиналар қазір Иранда, Иракта, Йеменде, Кенияда, Азербайжанда кездеседі.
Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғышқы жылдары пайда болған аскеттік ағым ретінде IX ғасырда пайда болды. Дегенмен бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Ал кейіннен аскеттер киетін күн шанның «Сүфи», одан «софылық» деген атына байланысты ол сопылық деп аталды. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі керек екендігін көрсетті. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді фатализм – тағдырға сену, бұл дүние қызығын қабылдамау, жаман киім кию - алғашқы сопылықтың әлеуметтік саяси қанауға қарсы қойғандары болды. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билік қолдарында тұрған дін иелеріне ұнады да.
Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды Шейх деп атады. Беделді Шейхтар өз жандарында оқушыларды ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопфлар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары орын алды. Сопылықтың ең күрделі түрі Дершивизм, диванизм түрінде қазіргі Тәжікстан аймағында көптеп кездеседі.
Сопылық XI-XII ғасырларда ислам дінінің негзгі бағыттарымен тоғысып кеткенімен, өзінің дербестігін сақтап қалды. Сопылық қауым байыған Шейхтарға және бұрынғыша аскеттік өмір жасайтын, араларында арамтамақ, алдауыштарды көп дәруіштерге бөлінеді. Дегенмен, олар да феодал дана бастап, әсіресе нахшбандия ағымының ірі өкілі Ахрардан кейін Шейхтар арасынан қарамағында мыңдаған Морид-құлдары бар феодалдар шыға бастады.
3. Құран туралы бірер сөз
Ислам дінінің басты уағыздары мұсылмандардың «Қаиметті» - кітабы аталған құранда жинақталып берілген. Ол уағыздар Мұхамедтің аңыздары түрінде айтылады. «Құран» деген сөз қазақ тілінде «оқу» деген ұғымды білдіреді. Құранда арабтардың сол кездегі феодалдық құрылысының идеологиясы жинақталған. Бұл идеология мұсылмандардың азаматтық, қылмыстық заңдары мен әдет-ғұрыптарының негізі болды. Ол қасиетті кітапта егін салған халықтардың әр дәуірдегі өмірінен алынған заңдар мен шежірелердің, ғұрыптар мен салттардың және астарлы сөздердің алуан түрі кездеседі. Мұнда өткен өмір мен болашақ заман туралы аңыздар да толып жатыр. Осындайлық діни қағида, заңдармен қатар, құранда құдай мен оның пайғамбарлары туралы адамның, жалпы әлемнің жер үстіндегі тіршіліктің жаратылуы да көптеген жорамалдар бар.
Дін құранның негізгі нұсқасы жеті қабат аспан үстінде мәңгібақи сақталады дейді, Әзірейіл періште құранды көктің бірінші қабатынан түсіріп, бір оқиға боларда, не бір жағдай туарда оның үзінділерін Мұхаммедке мезгіл-мезгіл жіберіп тұрыпты, пайғамбар мұны жазып отырыпты. Құдайдың берген өмірі, өткендігі оқиғалар мен қазіргі мен болашақ оқиғалардың барлығы осы кітапта жазылған. Сол жазудың мазмұнын перілерден қорғап тұрады екен. Құдай сөзі болғандықтан құран-өмірдің шын мәнісіндегі ережесі және кез-келген діндар мұсылман үшін болашақтағы барлық үміттің көзі. Бұған ешбір де ешбір шек келтіруге тиіс емес, өйткені оны құдадың өзі көктен аян етіп, адамдарға сыйға тартты делінеді.
Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.
Құранның 12 сүресінің 2 аятында құдай атынан: «мен оны (құранды) сендерге түсінікті болсын деп араб тілінде жібердім» делінген. Кейін ислам діні басқа елдерге тарай бастаған кезде мұсылман дін басшылары құранды бөтен тілге аударуға тыйым салады да, «құран оқу құдайға құлшылық ету араб тілінде болсын» деген тәртіб енгізеді. Мұның араб тілін білмейтін мұсылмандар арасында «құран қасиетті кітап» деген сеніп орнап, оған сиынып, жалбарынды.
Құран орта ғасырдың бас кезінде таяу шығыс елінде көптеген авторлардың көмегімен бірте-бірте жазылды. Оны жазуға, іріктеп өлшеуге, толықтырып-түсіндіруге ғасырлар бойы діншіл ұрпақтың бірнеше өкілі қатысты. Құранның соңғы түрі ислам діні шыққаннан кейін белгіленеді: Мұхамедтен кейін болған халифтер тұсында құран жинағы болмады. Құранның ұмыт болу қаупінен сезіктенген халиф Әбу-Бекір құран үзінділерін жинақтауды әмір етті. Халиф Омардың тұсында ғана Мұхаммедтің өсиеттерін Медина мұсылмандары жинай бастады. Олар Мұхаммедтің ел аузында жүрген аңыздарын қағазға, тастарға, сүйектерге азылып қалған үзінділерден, ауыз-екі айтылып жүрген әңгімелерден жинап құрастырды.
Бұрын Мұхаммедтің хатшысы болған Сәбит-ибн-сейт халиф Осман тұсында құранның төрт данасын құрастырып шығарды. Оның бір данасы Мединада қалдырылды да, қалғандары Куфаға, Басыраға және Дамаскіге жіберілді. Құранның басқа даналары алауыздық туғызбас үшін құртылды. Бізге жеткен сол Сәбит-ибн-сейт құрастырған жинақ, ол «Осман шығарған құран» деп те аталады.
Құран тіл байлығы өте кедей ертедегі араб тайпасы Куфа тілінде, қара сөзбен жазылған. Бұл тілді білмейтіндер оның әсерлі үнінен ғана үрей көреді. Құранда барлығы 114 сүре, 6225 аят бар. әр сүредегі аят саны біркелкі емес: кіріспеден екінші сүреде 286 аят, ал 110 сүреде не бары 3 аят бар. Осы кездегі құранның өзі де әртүрлі. «Медина құранында» аяттардың саны 6000. «Куфа құраны» мен үнді мұсылмандарының құранында 6232 аят бар, шиитер қолданып жүрген құранда 115 сүре бар. Сүрелер көлеміне қарай орналысқан, басында ұзақ сүрелер, одан кейін орта ақырында қысқа сүрелер. Сүрелердің аттары өздерінің мазмұндарымен анықталады. Бірақ біраз жағдайларда сүренің аты өз мазмұнына сәйкес келмейтіні де бар. Кейде сүре тақырыбына осы тарауда кездесетін кейбір сөздер алына салынған.
Құран
сүрелері мен аятары ешқандай
тарихи тәртіптілік сақталған.
Сонымен бірге, оларда бірімен-бірі
қайшы келетін пікірлер де кездеседі.
Құран аяттарынан араб жұртының
бағзы бір замандарындағы
тұрмыс ерекшеліктері, табиғат
құбылыстарына бағынулары байқалды,
құран ертегілерінің ішінде
ежелгі арабтардың да, Януди
дінінің де, христиан дінінің
де, парсы жұртының өте көне
дінінің бірі зороастризмнің де,
қиял-ғажайып аңыздарының да
үзінділері кездеседі. Құран мазмұнынынң
төрттен біріне жуығы таурат
пен інжілден алынған пайғамбарлар
жайындағы аңыз – ертегілер. Бұлар
– Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Ғайса (Иисус),
Жеқып (Якуб) т.б. Жоғарыда атап
өткен пайғамбарларды құран «алланың
әділ сөзін» адамдарға жеткізу
үшін, оларды «алла тағаланың ең
қалаулы діні-ислам діні» жолына түсіру
үшін келген көктегі құдайдың
өкілдері деп жариялайды. Ислам діні
көбінесе үгіттен гөрі соғыспенен
таратылып, күшпен мойындатылады да,
жаппай үрей тудырып, адамның ақыл-ойын
шандып, матап тастайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албания, Болгарияда, Түркида, Югославияда, Африкадағы Мавританың, Тунис, морокоо, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алды. Біздің елімізде Ислам діні Орта Азия Республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алды.
Мұсылмандар құранның өзін ғана емес, мазмұнын ғана емес, әрбір әріпі мен қағазын да қасиетті санайды, құран сөзіне еш нәрсені теңімейді, құраннан асыл, онан артық бұл дүниеде ештеңе жоқ деп біледі. Құран ұстап ант береді. Бірақ қазақ арасында құраннан нанды жоғары қою дәстүрі бар. Егер нанға қолың жетпесе, құранды аяғыңның астына қойып, нанды алуға болады, ал нанды басып құранды алуға болмайды.
Ислам
діні – дүние жүзілік діндердің
ішінде ең кеш шыққан жас
дін. Ол біздің заманымыздың
VII ғасырында арабия түбегін мекендеген
тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан
таптық қатынастарға көше бастаған
кезде құл иеленушілік идеологиясы
ретінде дүниеге келді.