Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:46, реферат
Информатика - ЭЕМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін: сол санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік санның таңбаларын құрайды. Енді 12 ондық санын екілік санға айналдыру мысалын қарастырайық:
12│ 2
12│ 6 │ 2
0 6 │ 3 │ 2
0 2 | 1
1
Нәтижесі - 11002деген екілік сан болып шығады.
1.3. Жаңа информациялық технологиялар
Кәдімгі информациялық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әртүрлі информацияларды дайындау, жинау, өңдеу және жеткізу процестерін айтады.
Жаңа информациялық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы - әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы – информацияны дайындау, жинау, жеткізу және өндеу технологияларын айтады.
Информациялық процестер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық қүрылғыларда және қоғамдық өмірде информацияны жеткізу, жинақтау жөне түрлендіру процестері.
Дербес ЭЕМ-дер - жүмыста жөне үйде адамның пайдалануына арналған шағын компьютерлер. Дербес ЭЕМ-дер журналдар, кітаптар және әртүрлі құжаттар дайындауда мәтін теріп, оны түзету үшін кеңінен қолданылады. Мұндай жүмыста компьютерлердің баспа машинкаларынан артықшылығы талас тудырмайды, олар: қателердің азаюы, материалдарды дайындау жылдамдағының өсуі, оларды безендіру сапасының да артуы. Басып шығарылуға тиіс әдебиеттің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін лазерлік принтері бар компьютёрлер негізінде істейтін шағын баспа жүйелері одан да ыңғайлы жабдық болып есептеледі. Сондай-ақ жаңа информациялық технологиялар дегеніміз - ЭЕМ жадындағы сақталған картотекадағы, каталогтардағы, әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға бо латын ә р т ү р л і мәліметтер ба засы мен информациялық жүйелер. Жаңа информациялың технологиялардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық почтасыз, байланыс желілері мен информациялық коммуникацияларсыз көзге елестету мүмкін емес. Қоғамымызды дербес компьютерлермен, ЭЕМ желілерімен, информациялық қорлармен толық қамтамасыз етсек, информацияны пайдалану, алу және тарату істерін ұйымдастыру жаңа сатыға көтеріледі. Олар бұған дейінгі қолданылған "қағаздағы" информацияны алу мен таратуды толықтыра отырып, қоғамымызды ақпараттандыру процестерін арттыра түседі. Жаңа информациялық технологиялардың жан-жақтылығын дұрыс түсіну үшін "технология" үғымының мәнін ашып алу қажет. Қоғамдық дамудың алғашқы кезеңдерінде "технология" деп белгілі бір бұйымдарды жасау кезіндегі тәсілдер жиынын айтатын еді. Өндірістің күрделіленуі, оны механикаландыру мен автоматтандыру технология үғымын машиналар, механизмдер, қүрал-саймандар және т.б. өндіруді ұйымдастыру тәсілдері мен оған керекті техникалық жабдықтар жиыны ретінде қабылдауды қалыптастырды. Есептеу машиналарын басқару құрылғылары ретінде пайдалану мен автоматтандыруға негізделген осы кездегі жаңа өндіріс технологиялары оны қайта қүру істері мен оған кететін жұмыс көлемін әлдеқайда оңайлатып жіберді. Осыған орай қазіргі "технология" үғымына, аз дегеннің өзінде үш компопент өндіріске керекті жабдықтар, оны құрастыру тәсілдері мен оны ойдағыдай ұйымдастыру жолдары және оның ішіне мәліметтер базасы мен білім базалары, ЭЕМ-да жобалау жабдықтары және т.б. компьютерлік техникалар кіреді. Бірақ олардың бәрі де мәліметтер базасы мен информация қорлары бар, ЭЕМ арқылы жобалау жабдықтары және т.с.с. мүмкіндіктері бар компьютерлік техникаға негізделгеи болуы тиіс. Ал бұларды қарастыру үшін ЭЕМ жұмысын қалай басқаруға болатынын анықтайтын программаларды білуіміз керек. Кез келген жаңа жұмысқа ЭЕМ-ді пайдалану үшін оған жаңа қосымша құрылғылар алғаннан гөрі соған керекті жаңа программалар aлy қажет болады.
ЭЕМ
жұмысында программалар оның
іс-әрекетінің реттілігі мен
Кез келген ЭЕМ-мея жұмыс істеу оның программаларын оқып үйренуден басталады. Ал әрбір үлкен, орташа, шағын немесе дербес ЭЕМ түрлерінде көптегеы программалық жабдықтар бар, сондықтан ЭЕМ-ді үйрену оның программаларымен танысудан басталады.