Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 12:20, реферат
Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тотенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.
1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары.
2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.
3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис-тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.
4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика.Г.Гадамер.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
ӘГД кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «ХХ ғасыр философиясы»
Орындаған: Э-11-1с тобының
студенті Медеубек Н.Ө.
Тексерген: Төлеуова М.О.
Қарағанды
2012 жыл
Жоспар
1. XX- гасыр философиясының негізгі мәселелері және багыттары.
2. Психоанализ. З.Фрейд және Э.Фромм. Неопозитивизм.
3. Өмір философиясы: С.Къеркегор, А.Шопенгауэр, Ф.Ницше. Экзис-тенциализм: М.Хайдеггер. Ж.Сартр. А.Камю. К.Ясперс. Н.Аббаньяно. Постмодернизм.
4. Неотомизм. Структурализм. КЛеви-Стросс. Гериеневтика.Г.Гадамер.
Батыс философиясы үшін ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасыр дәуірдің өзіндік санасы айқын көрініс тапқан және тарих пен мәдениет дамуының логикасы бұрынғыдан өзгеше түсіндірілген неше түрлі бағыттарға толы ерекше кезең болды. ХІХ-ғасырдың соңынан бастап Батыс философиясында философияның жаңа, классикалық емес типі қалыптаса бастады және ол ХХ-ғасырда қарқынды дамыды. Оның құрамына неотомизм, тотенциализм, позитивизм, постмодернизм, структурализм және тағы басқа бағыттар кіреді. Оларға белгілі бір деңгейде тұтастық тән деуі болады, бірақ айқын білінетін ерекшеліктері де бар.
ХХ-ғасыр философиясының қалыптасуы шарттары туралы айтсақ:
1) ХХ-ғасырда Европа басынан кешкен тарихи-әлеуметтік өзгерістер әсіресе бірінші және екінші дүние жүзілік соғыстар қоғам мүшелерінің бойында үрей мен қорқыныш, адамзат пен жеке адамның болашағына деген сенімсіздік туғызды;
2) Қоғам дамыған сайын оның өміріндегі қарама-қайшылықтар күшейе түсіп, адамзат пен өркениеттің алдында шешімі қиын, жаңа діни ұлттық, этникалық мәселелер пайда болды, оларды шешуге дәрменсіз қоғамды дағдарыс жайлады;
3) Бұл қоғамдық дағдарыс жеке адамның жаттануы мен өгейсінуін туғызды, себебі қоғам тұлғаның ішкі дүниесі мен оны мазалаған мәселелер туралы бас ауыртпады;
4) Бұрынғы философиялық жүйе ХХ-ғасыр адамын толғантқан сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз еді, «Жалпы адам дегеніміз не?» деген сұрақпен шектелмей, «Мен кіммін?» сауалын қоятын философиялық бағыттарға қажеттілік туды.
Осындай бағыттардың бірі – психоанализ – ХІХ-ғасырдың соңында психиатрия шеңберінде истерияны, невроздарды «катарсис», өзін-өзі тазарту методы ретінде пайда болып, кейінірек австриялық невропатолог Зигмунд Фрейд (1856-1939) адамның жанының тылсым байланыстары мен негіздерін зерттеуге бағытталған психологиялық доктринаға айналдырған ілім. З.Фрейд адам психикасы өзінің сипаты бойынша «саналыдан » (сознательное) ғана емес, «бейсаналыдан » (бессознательное) және «саналының алдындагыдан » (предсознательное) да тұратын компоненттерден құрылған белгісіз конгломерат екендігі туралы қорытындыға келді. Фрейд бейсаналыны факт, адам рухының саласы және адам қызметінің ажырамас бөлігі ретінде түсінді. Бейсана процестердің мәнін түсінуге тырысқан Фрейд бейсаналыны сараптай келіп, оның мынадай түрлерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, жасырын, тылсым, латентті: бірдеңе туралы саналы түсінік, ол кейін осындай күйде қалмауы да, ал белгілі бір қолайлы жағдайларда қайтадан саналы болуы да мүмкін. Бұл түрді Фрейд сананың алдындағы деп атайды. Екіншіден, шығарылып тасталған бейсаналы, оларға белгісіз күштер кедергі жасағандықтан саналы бола алмайтын түсініктер, осылар бейсаналы, немесе шығарылып тасталған бейсаналы деп аталады, оларға кедергі күштерді арнайы психоаналитикалық процедуралардың көмегімен ғана жоюға болады. Бейсаналыны Фрейд адам психикасының мәнін құрайтын басты компонент, ал саналыны бейсаналының үстіне құрастырылатын, бейсаналыдан туындайтын ерекше инстаниия деп есептеді. Тұлғаның моделін Фрейд мынадай үш элементтен тұратын үлгіде жасайды: «Ол » (Оно) бейсана құштарлықтардың терең абаты. психикалық «өздік», әрекет етуші индивидтің негізі, тұлғаның баска құрамдас бөліктерінің жұмыс жасау зандарынан өзгеше өзіндік заңдарды басшылыққа алатын психикалық инстанция; «Мен» – саналылык саласы, адамның ішкі, бейсаналы дүниесі мен сыртқы реалдылыктың арасын жалғастырушы; «Меннен Жогары » ( Suреr-еgo) – ішкі тұлгалык ұят, қоғамдық қағидалар, моральдық цензура, бейсаналы мен саналының арасын жалғастырушы.
Фрейдтің пікірінше, адамның мінез-құлқы, тәртібінің негізі оның бейсаналы құштарлықтары. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп аталатын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша, Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады – гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың басым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ештеңеге айналатынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үміт » элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs ( үміті бар) деп сипаттайды.
Позитивизм – қазіргі заманғы таным теориясынын бағыты. Оның негізін қалаушы – француз философы Огюст Конт (1798-1857). Позитивистердің пікірінше, «болмыс», «материя», «сана» және т.б ұғымдарға, обстрактылық ойлауға сүйенетін дәстүрлі философия енді жарамсыз, себебі, тек тәжірибе немесе ғылыми эксперимент арқылы тексерілген позитивті, жағымды білім ғана ақиқат, нақты, жаратылыстану ғылымдарына математикаға жақын философия ғана ақиқат философия. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:
1) бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті – объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің өкілдері – О.Конт, Г.Спенсер,Дж.Милль.
2) махизм – дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі – австриялық физик Э.Мах.
3) неопозитивизм – ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салыстырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналысады. Өкілдері: К.Поппер, И.Лакатос, Т.Кун және т.б. Олар ғылыми білімді тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.
Постмодернизм – монизм философиясын терістеп, плюрализм философиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары:
1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие.
2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойылу керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсілді көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс.
3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір-біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуым болуы тиіс.
Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себе мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді.
Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Философия таңданудан немесе танымға деген құштарлықтан емес, күйзелістен басталады деген Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында.
Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр (1788 -1860) адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан.
Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.
Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты деген осындай көзқарас Ницшенің «Заратустра осылай деген» ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері «ең жоғарғы адам» өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнаған сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады.
Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша мазалануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктеріне сенімсіздіктің пайда болуы. Сол кездегі қоғамда талай ғасырлардан дамудың күрделі сатысынан өткен адам атаулының, әсіресе Европа тұрғынының күш-қуаты мен өзін-өзі танып-білу қабілетіне деген күдік-толқулар туындады. Өмірден қажып-шаршаған адамды, жалпы халықты серпілтіп, олардың бойында өмірге деген құштарлықты ояту үшін өмірді сүйген «ең жогаргы адамнан » үлгі алуды ұсынады. «Жоғарғы адам » – еркін, ешкімнен де, ештеңеден де тәуелсіз, өз өмірін жасауға ұмтылған адамның бейнесі (образы). Еркіндік – адам қызметінің жүзеге асуына қажетті шарт. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігін мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам » ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.
Өмір философиясының негізгі ұғымдары экзистенциализмнің көрнекті өкілдерінің философиясында тереңдетіле түсті. Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы. Осы экзистенция дүниенің жалпы бейнесінің негізі деген экзистенциалдық онтологияны неміс философы Мартин Хайдеггер (1889-1976) ұсынды. Хайдеггерге дейінгі онтологияда жалпы, индивидке жат болмыс, ал адам микрокосм ретінде ұғындырылса, Хайдеггер болмысты керісінше, адам болмысы – болмыс-сана арқылы қарастырды. Болмыс-сана – онтологияның кіндігі, жалпы болмыс индивидтің болмыс-санасы арқылы өткенде ғана нағыз мәнге ие болады. Тіршілік иелерінің арасында болмысты түсінуге қабілеттісі – адам ғана.
Болмыс-сана танушы субъектінің санасы емес, ол – азап шегуші сана. сананың өзі зерттеу объектісі, ол өзіне маза бермей, өзін түсінуге тырысады, Хайдеггердің «Адам дегеніміз – маза» деуі де сондықтан. Азап шегуші- уайымдаушы сананы адам болмысы деп түсіндірген неміс экзистенциалисі қазіргі заманғы адам болмысының үрей, қорқыныш, жаттану өлімге толы екенін көрсетті. Осы жеке сананы зерттеу әдісі ретінде Хайдеггер Гуссерльдің «мәнді көре білу» әдісін таңдады, оның «көңіл-ұғымын қолдана отырып, болмысты адамның осы дүниедегі өзінің орны туралы түсінігі арқылы түсіндіруге тырысады. Оның өзінің «маза», үрей». «қорқыныш» терминдерінде адам болмысына тән негізгі сипаттарды көрсетті.