Автор: k*********@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 09:49, реферат
Антикалық философияда «жеті данышпан» үлкен рөл атқарады. «Жеті данышпан» сөзі тырнақшаға алынып жазылады, себебі данышпандардың саны жетеуден көп болған. Көптеген тізімдер болған. Бірақ барлық тізімде данышпандардың саны жетеу болған. Бізге жеткен ең ежелгі тізімді Платон жазған. Ол б.д.д. 4 ғасырды қамтиды. Платонның «Пратагор» диалогында: «Бұндай адамдарға Милеттік Фалес, Митилендік Питтак, Приендік Биант, Солон, Линдиялық Клеобул, Хенейлік Мисон, Спарталық Хилон сияқты данышпандар жатады»-делінген. Кейіннен Диоген Лаэрцияның тізімінен аз танымал Мисонның орнын Тирандық Периандр басады. Соңғы тұжырымдар бойынша: Платон тирандықтарды жек көрген, сол үшін Периандрды тізімнен алып тасаған деген ой айтылған. Бұдан басқа да көптеген тізімдер болған.
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Милеттік Фалес
Митилендік Питтак
Приендік Биант
Афиналық Солон
Линдиялық Клеобул
Тирандық Периандр
Спарталық Хилон
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан
Республикасы бІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
тАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
қОҒАМДЫҚ
ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Тақырыбы: Гректің «жеті данышпаны».
Орындаған:
Қабылдаған:
Жоспар:
І
Кіріспе
ІІ
Негізгі бөлім
ІІІ
Қорытынды
IV
Пайдаланылған әдебиеттер
Антикалық философияда «жеті данышпан» үлкен рөл атқарады. «Жеті данышпан» сөзі тырнақшаға алынып жазылады, себебі данышпандардың саны жетеуден көп болған. Көптеген тізімдер болған. Бірақ барлық тізімде данышпандардың саны жетеу болған. Бізге жеткен ең ежелгі тізімді Платон жазған. Ол б.д.д. 4 ғасырды қамтиды. Платонның «Пратагор» диалогында: «Бұндай адамдарға Милеттік Фалес, Митилендік Питтак, Приендік Биант, Солон, Линдиялық Клеобул, Хенейлік Мисон, Спарталық Хилон сияқты данышпандар жатады»-делінген. Кейіннен Диоген Лаэрцияның тізімінен аз танымал Мисонның орнын Тирандық Периандр басады. Соңғы тұжырымдар бойынша: Платон тирандықтарды жек көрген, сол үшін Периандрды тізімнен алып тасаған деген ой айтылған. Бұдан басқа да көптеген тізімдер болған. Бірақ кез келген тізімнің құрамынан Милеттік Фалес, Митилендік Питтак, Приендік Биант, Афиналық Солон данышпандарды міндетті түрде кездестіреміз. Бізге бұл данышпандардың даналық сөздері мен көптеген еңбектері қалған. Антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезеңдеріндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіруі (мысалы, сол кездегі афро-азия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық-жүйелік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып,алғашқы философиялық ой -пікірдің қалыптасып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.
Милеттік Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Мысыр және Вавилонда математика және
Астрономия ғылымдарымен айналысады.
Даналық сөздері:
«Ата-анаңа қандай қызмет жасасаң, қартайғанда балаларыңнан сондай қызмет күт».
Ғылыми талдау:
Фалестің айтқан даналық сөзі қазақтың: «ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келеді»,- деген мақал сөзімен пара-пар. Бұл сөздің мағынасына үңілетін болсақ, түп мағынасы: ата-анаңды сила, құрметте, қадіріне жет деген мағынада. Өткінші, бұл жалған дүниеде 5 күндік сынақ өмірді кешеміз. Сол аз ғұмырда тек жақсылық жасап, ата-ананың қадіріне жетуіміз міндетті. «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білесің»- дейді. Алма кезек бұл өмірде жасағаның алдыңа келеді. Сол б.д.д. 7-6 ғасырларда өмір сүрген Фалестің айтқан даналық сөзі өзінің мәнін жоғалтпай, өмірде жалғасын тауып келе жатыр.
« Өмірде ең қиыны - өзіңді өзің тану, ең оңайы – біреуге кеңес беру».
Ғылыми талдау:
Әрине, өмірде адам басқа бір
адамға сен бұлай істе, сен
ондай жасама, сыпайы бол, жамандық
жасама деген сияқты
Митилендік Питтак (б.д.д. 651-569 ж.ж.) –ежелгі грек данышпаны. Митилленді басқарған. Ақын және саясатшы болған. Алғашқы заң үлгілерін жазған.
Даналық сөздері:
«Жаман сөз айтпа: досың жайлы да, дұшпаның жайлы да».
Ғылыми талдау:
Питтактың айтпақ болған ойын тура сөзбен айтқанда - өсек айтпа дегені. Өсек айту өмірдегі ең жаман қасиеттердің бірі. Жамандап айтқан әрбір сөзіңде өз бойыңа күнә арттырасың. Ауырлығын өзің көтересің. Жамандау, жаман сөз айту, жамандық ойлау бұл пасық адамның ісі. Әр заманның, әр дәуірдің, әр қоғамның жаман және жақсы азаматтары болады. Ақ пен қара деген қарама-қарсы ұғым бар екен, демек жамандық пен жақсылық деген ұғымдар да болады.
«Ақылдының ісі – алдын-ала жамандықты көре білу, күштінің ісі-келген жамандықпен күресе білу ».
Ғылым талдау:
Ақылды адам барлығын терең ойлап, жамандықты болдырмаудың амалын қарастырады, күші көп, мықты адам барлық істі күшімен жайғастырады. Бұрынғы заманда соғыстар болған кезде басшылар ақыл-ойларының арқасында мықты тактикаларды ойлап тауып жеңіске жетіп отырған. Адам баласы өз бойында ақылдылық қасиетті де, мықтылық қасиетті де бірдей ұстау қажет. Ақылдың күші жетпеген жерде, істі күш арқылы шешуге болады. Бірақ ешқашан бірден қол алып жүгіруге дағдыланбау керек. Ең алдымен істі шешуді ақылға салып ойлау қажет.
Приендік Биант ( б.д.д. 6 ғасыр) – ежелгі грек данышпаны және қоғам қайраткері.
Даналық сөздері:
«Өзгенің қайғысына қуанба».
Ғылыми талдау:
Бианттың бұл сөзі қазақтың: «күлме досқа, келер басқа» -деген нақыл сөзімен мағыналас. Бір жанның басына қайғы түссе, оған демеу бола білу – бұл батылдық. Ол мейлі дұшпаның болсын, мейлі досың болсын қайғысына ортақ бола білу әр адамның қолынан келе бермейді. Оның басына түскені кезекті дүниеде сенің басыңа да түсуі мүмкін. Жақсылыққа ұмтылу, жақсы бола білу, бақытты өмірдің кілті іспеттес.
« Пікірталасты достармен есем дұшпандармен өткіз, себебі әрбір сөз таласудан кейін досың дұшпаныңа, дұшпаның досыңа айналуы мүмкін» .
Ғылыми талдау:
Кез келген мәселе бойынша адамдардың арасында қарама-қарсы ой пікірлер тууы мүмкін. Егер екі адамның пікірі қарама-қарсы болса, ол жандар ешқашан дос бола алмайды, себебі, кез келген мәселеде сөз таластырып, соңы жанжалға ұласып кетуі мүмкін. Бианттың айтпақ болған ойының түп мағынасы келіспеушілік дұшпандықты туғызады, ойы бір жандар әрқашан дос бола алады.
Афиналық Солон (б.д.д. 640 - 635 — 559 ж. ж.) – ежелгі грек данышпаны. Афиналық ақын, саясаттанушы, заңгер.
Даналық сөздері:
« Мас болу бұл шынай ақылсыздық, ол бізді мүмкіндіктерімізден айырады» .
Ғылыми талдау:
Солонның даналық сөзі барлық
дәуірдің қайғысы болып отқан
маскүнемдік жайында. Адам
«Екі жақты тыңдамай, шешім шығарма» .
Ғылыми талдау:
Адам ешқашан бір жақты шешім
қабылдамау қажет. Әрқашан екі
жақтың ойын біліп, әділетті
түрде шешім қабылдау бұл
Линдиялық Клеобул (б.д.д. VI ғасыр) – Родостағы Линдоса қаласының билеушісі, ежелгі грек данышпаны.
Даналық сөздері:
« Баршылықтан асып кетпе, жоқшылықтан ұялма » .
Ғылыми талдау:
Өмірде адамды Құдай тең етіп жаратқан. Бірақ та адамзат баласы өмір сүре келе теңсіздік пайда болды. Қоғамдағы өзгерістерге байланысты туған өзгеріс адам баласының түсінігін өзгертті. Қазіргі күнде кім бай болса, кімде ақша көп болса сол адам ең күшті адам. Адам баласы ақшаның күңіне айналуда. Бай болған сайын адамдарды елемей кетпей, қайыршыларға садаха беру, көмек көрсету керек. Менде түк жоқ деп ұялып отырмай, еңбектену қажет.
« Күшпен ештеңке шешпе» .
Ғылыми талдау:
Адам баласы кез келген мәселеге қызу қандылықпен жұдырық ала жүгірмей, кез келген жағдай да терең ойланып, тығырықтан шығып кетер жолды ақылынан іздеу керек. Жұдырықпен іс ешқашан бітпейді. Біреудің өміріне зиян іс келгенімен, ертең өз басына ауырлық болып жармасады. Адамнан қулық артылмайды дегендей, адам баласы шын мәнінде болып жатқан істі ақылға салса, шешілмейтін түйін жоқ.
Тирандық Периандр (б.д.д. 660-585 жылдар) – ежелгі грек данышпаны. Кипсела мен Кратейдің ұлы.
Даналық сөздері:
« Тек істегені үшін ғана емес, істейм деген ойы үшін де жазала» .
Ғылыми талдау:
Периандр өзі билеуші болғандықтан, бұл айтқан сөзі билеушілерге, бүгінгі таңда сот қызметкерлеріне арналған. Әділ билік жүргізе отырып, өзіңді де, еліңді де қорғай біл. Жамандық жасаймын деген ой туған жандарды да жазала, кейінгілер үлгі алсын дегені.
« Тірі кезіңде мақтауға лайық бол, өлген соң иманды бол» .
Ғылыми талдау:
Периандрдың айтпақ ойының түйіні – жақсы адам бол. Егер адам тірі кезінде жақсы болса, онда оны барлық адам сыйлайды, «өзі жақсы кісіге, бір кісілік орын бар» дегендей, кез келген жерде сыйлы болады. Жақсы адам өмірден өтсе де, «ол жақсы адам еді иманын берсін» деген сияқты жақсы сөздер айтып, о дүниеден пейіштен жай алуына тілектес болады.
Спарталық Хилон (б.д.д. Iv ғасыр)– ежелгі Грецияның саясаткері және ақыны.
Даналық сөздері:
« Қолыңды сілтемей сөйле, ол ақылсыздықтың белгісі» .
Ғылыми талдау:
Адамды жас кезінен әдептілікке, сыпайылыққа, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Егер адам көпшілікке шығып сөйлегенде, немесе өз достарының арасында сөйлесіп отырғанда қолын сілтей берсе, онда ол оғаш көрінеді. Адамдар мәдениеттен жұрдай екенғой деп айтады.
« Өлгендер жайлы жаман айтпайды» .
Ғылыми талдау:
Бұл сөзді
біз жастайымыздан тыңдап келеміз.
Жаназаға барғанда, ол адам тірі кезінде
қаншама жамандық жасаса да, жақсы
деп айтқан дұрыс. Себебі, О дүниенің
тозағы ешбір жанға бұйырмасын, жаман
болса да күнәлары жеңілдесін деген ойда
жасалынады.
Қорытынды.
Қорытындылайтын болсақ, бұл «жеті
данышпан» қалдырған әрбір