Гегель философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:57, реферат

Описание работы

Гегель, Георг Вильгельм Фридрих- неміс философы. ХVІІІ ғасырдың аяқ кезі мен XIX ғасырдың басындағы неміс классиқалық философиясының аса көрнекті өкілі. Объективтік идеализм тұрғысынан диалектиқалық методты жүйелі түрде, жан-жақты зерттеуі арқасында Гегель философия саласында тарихи зор еңбек сіңірді. "Гегельдің материалистік жағынан ұғынылған диалектикасын Маркстің қалай қолданғандығына сүйеніп, біз осы диалектиканы барлық жағынан тексеріп шеше аламыз және тексеріп шешуге тиіспіз де... " деп жазған болатын В.И.Ленин.

Гегель 1770 ж. 27 тамызда Штутгартта, ірі чиновниктің семьясында дүниеге келді. Ол 1788 ж. Тюбингендегі теологиялық институтқа түсіп, оны 1763 ж. бітіріп шықты. Студенттік кезде ол Франциядағы ірі саяси өзгерістерге аса зейін қойып, оларды қуаттап отырды. Институтты бітіргеннен кейін Гегель бірнеше жылдар бойы Бернде, Майндағы Франкфуртте жеке адамдардың балаларын оқытып тәрбиелеумен айналысады. Осы жылдары жас оқымысты өзінің " Иисустың өмірі " (1795), "Христиандық діннің позитивтілігі " (1796), "Христиандықтың рухы және оның тағдыры" (1799) деген алғашқы шығармаларын жазады.

Работа содержит 1 файл