Философияның бағыттары мен әдістері

Автор: t*******************@icloud.com, 27 Ноября 2011 в 16:45, реферат

Описание работы

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Философияның эволюциялық дамуы
б) Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары
в) Философияның әдістері
г) Философия функциясы
д) Философия әдіснамасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі.doc

— 110.00 Кб (Скачать)
  • материализм;
  • идеализм
  • эмпиризм
  • рациионализм

         Материалистік әдісте материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады. 
    Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну. 
    Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт. 
    Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Философия функциясы

    Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: 
     Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру. 
   Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды. 
  Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. 
  Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді. 
  Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту. 
  Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады. 
  Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады. 
  Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді. 
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
 
 
 

Философия әдіснамасы

  Философия өмірде дұрыс жол сілтейтін ақиқаттың шыңын, әдісін көрсетуге тырысады. Әдіс туралы философиялық ілімді, демек, әдіснаманың немен айналысатынын қарастырайық. "Әдіс" ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда — бірдеңеге бастайтын жол) белгілі бір теориялық немесе практикалық міндетті орындау үгіттің таңдап алынған жол, амал, шешім дегенді білдіреді. Белгілі бір міндетті орындауға кіріспестен бұрын адам өзінің әрекетін жоспарлайды, мақсатына жету үшін қажетті амалдарды қарастырады. Әр әдіс ақиқатты іздеу ретін айқындайды, (егер ол дұрыс болса) күш пен уақытты үнемдеуге, мақсатқа жеткізетін тура жолды таңдап алуға мүмкіндік береді. Жюль Верннің "Капитан Гранттың балалары" романында Жак Паганель жолсеріктеріне жұмыртқаны дайындаудың жүзге жуық әдісі бар екенін айтатыны естеріңде болар. Әрине, бірнеше, кейде жүз түрлі амалмен бір нәтижеге қол жеткізу үнемі бола қоймас. Солай болса да, кәдімгі өмірде, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми тәжірибе жүргізгенде, белгілі бір міндетті түрлі жолдармен, әрекеттермен, операциялармен, демек, түрлі әдістермен шешуге болады. Олардың ең жақсысын таңдап алу кейде экономикалық жағынан тиімділігін ескере отырып, кейде техникалық мүмкіндіктерге сай, кейде мәселені тез шешу қажеттігіне орай таңдалып алынады. Содан бері әдістерді зерттеумен арнайы айналысатын әдіснама (грекше методология, методос — әдіс, логос — ілім) деп аталатын философиялық білімдердің тұтас бір саласы пайда болып, дамып келеді. Сөзбе-сөз әдіснама "әдіс туралы ілім" дегенді білдіреді. Адамдар кез келген қызметті атқарар алдында белгілі мақсаттарды басшылыққа алумен қатар жалпы ережелер мен нұсқауларға, шектеулерге сүйенеді. Кең мағынасында олар әдіснаманы құрайды. Егер мұндай әдіснама адамдардың санасында бола тұра жеткілікті қабылданбаса, былайша айтқанда, көзге көрінбесе, олар қоғамдық қызметтің негізгі түрлерінің сипаттарын айқындайтын мәнді рөл атқарады.Философиялық әдіснаманың жалпылама сипаты-адамдардың қызметінде әдіснамалық дүниетаным аса маңызды рөл атқарады. Өзінің табиғатына орай танымның тұтастай және ғылымның тереңде жатқан негіздерімен байланыста әмбебап әдістерді талап ететін міндеттер болады. Мұндайда философияның әдіснамасын айналып өтуге мүмкіндік болмайды. Әр нақты жағдайда, бір көлемді өлшеу қажет болғанда, физик қандай өлшеу амалын таңдап алуды әзі біледі. Гендік инженериямен және организмнің жаңа тұқым қуалаушылық қасиеттерін зерттеумен айналысатын биолог-генетик ДНҚ-ның қосарланған шиыршығын қандай ферменттермен және қай жерінен ажыратуды және қандай өзге белсенді препараттармен бүл молекуланың жаңа шиыршықтарының үзіктерін жабыстыру амалдарын тандап алады. Осы тектес жағдайлардың бәрінде ғалымға өзінің кәсіби ақпараттарын игеру жеткілікті. Ал қазіргі заманғы нақты ғылыми теорияларды ойлап шығару үшін бүл жеткіліксіз. Өйткені жаңа теорияларды электронды микроскоппен, ферменттермен, лазер құралдарымен құруға болмайды. Ол үшін теория құрудың логикалық ережелері мен ұстанымдарын білу, теориялық және эмпириялық білімдер арасындағы байланыстарды белгілейтін әдіснамалық нұсқауларды игеру керек. Мұндайда философияның әдіснамасысыз еш нәтижеге жету мүмкін емес. Өйткені философия жалпылама әдіснама саласында көрінеді, оның өзіндік әдісінің мәні осында. "'''Философиялық әдіс'''" дегеніміз — нағыздықты игерудің теориялық және практикалық мейлінше жалпылама әдістерінің жүйесі, сонымен қоса философиялық білімдердің жүйе құру әдісі болып табылады.

      Ал философияның әдіснамалық қызметі туралы сөз қозғасақ,философияның әдіснамалық қызметі (латынша функция — орындау деген сөз) танымның және адамның нағыздықты игеруінің мейлінше жалпылама әдістерінің жиынтығынан болғандықтан да көрінеді. Өзге ғылымдардың әдістері сияқты, философиялық әдістер де адам қызметінің практикасынан бастау алады және де объективті дүниенің даму заңдары мен логикасының шағылуы болып табылады. Бұл, әрине, ғылымға сүйенетін философияға катысты. Афина батыры Тесей және Крит патшасы Миностың қызы Ариадна туралы аңыз ғасырлар тұңғиығынан бізге жетті. Миностың талабы бойынша, афиналықтар патша сарайының астындағы лабиринтте тұратын құбыжық — Минотаврға азыққа жыл сайын жеті жігіт пен жеті қыз беріп тұруға міндетті болады. Тесей өзінің халқын бұл қорлықтан құтқаруды ойлайды, Минотаврды өлтірмек болады. Оған сүйген қызы Ариадна көмекке келеді. Ол Тесейге қылыш пен жіп береді. Жіпті босағаға байлап, Тесей лабиринтке кіреді, Минотаврды өлтіреді. Сонан кейін жіпті бойлап отырып лабиринттен шығады. Осыдан қалған "Ариадна жібі" деген ұғым қазір қиын жағдайда жол табуға көмектесетін идея дегенді білдіреді. Ғылыми таным белгісіз тылсымға бастап апаратын жол сияқты. Ол жолда ғалымды діттеген мақсатына оңай жеткізетін нұсқаулар жоқ. Мұндай жағдайларда не істеу керек? "Қолданып көру және қателесу" әдісін пайдалану керек пе, әлде барлық мүмкіндікті іске қосу керек пе? Мұндай стратегия қараңғыда адасуға алып барады. Ғалымға әрқашан оны жаңа білімге бастап алып баратын идея керек. Оның қайнар көзі философия болып табылады. Ғылымның жетістіктеріне сүйенген философия "Ариаднаның жібі" қызметін атқарады, ғылым лабиринтінде дұрыс бағдар ұстауға мүмкіндік береді.

         Философияның әдіснамалық қызметі — ғылыми және әлеуметтік танымды сыннан өткен, тексерілген ережелермен, нормалармен, әрекет әдістермен қамтамасыз етуінде. Бүл әрекет ету әдістерінің жиынтығы ойлай білетін адамға қойылатын талаптар. 
 
 

Қорытынды

   Философияның зерттейтін нәрсесі — жалпылама әлем және оған адамның қатынасы. Таратып айтқанда, оларға барлың мәнділіктердің—қандай да болсын, болмыстың (өмір сүріп жатқан бардың), танымның және әрекеттің жалпылама және қажетті заңдылықтары мен формалары, түпкілікті жағдайлары және себептері жатады. Философия ғылымының зерттейтін нәрсесінен туындайтын айырмашылығы — жалпылама сипатта болуы. Оның негізгі заңдары мен ұғымдары табиғатқа, қоғамға, адамға және ойлауға қатысты жүреді. Философияның ерекше белгісі — дүниенің тұтастығын, қоршаған дүниенің бірлігін пайымдау. Бұлар кез келген саланың маманы үшін өте маңызды. Өйткені жеке әрқашанда жалпымен және тұтаспен байланыста ғана дұрыс түсіндіріледі. Өйтпегенде, халық айтқандай, адам ағаштың қалқасында тұрып, орманды көрмей қалуы мүмкін. Барлық философиялық мәселелердің орталығында дүниетаным, адамның қоршаған ортаға қатынасы, дүниені дұрыс түсінуі, мақсатты және қонымды әрекет ету мәселесі тұрады. Философияның үш басты тақырыбы бар: дүние, адам және дүниеге қатынас. Олар бір-бірімен өзара байланысты.

   Философия жастарға не береді? Ол практикалы ма? Келешек менеджерге, банкирге, бағдарламашыға, дәрігерге, заңгерге, инженерге, мұғалімге, философияны оқу қажет пе? Олар оны өмірлік қызметіне пайдалана ма? Бұл сұрақтарға жауап ретінде ежелгі грек философы Эпикурдің (біздің заманымызға дейінгі 341—270 жастарға айтқан ғасырлар қойнауынан келе жатқан үндеуін еске түсіруге әбден болады. Ол былай деген екен: "Кім болса да, әзірге жас кезінде, философиямен айналысуды кейінге қалдырмасын". Философия адамға:

— өзінің дүниедегі орнын түсінуге, өз емірінің мақсатын ажыратуға;

— дүние  түзілімнің жалпылама заңдары мен  ұстанымдарын тануға;

— шынайы құндылықтар мен бағдарларды  таңдап алуға, қалай болғанда да дұрыс (адаспай, елеске ермей, азапсыз) өмір сүруге;

— кез  келген мәселені терең зерделеп, дұрыс  шешу үшін оны тұтастай, жан-жақты  көре білуге;

— философиялық даналықты өзін-өзі жетілдіру  үшін пайдалануға;

— өзінің ішкі рухани арқауын шыңдау және өмірде кездесетін қиындықтарды мойымай жеңе білуге үйретеді 
 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
  2. Әбішев Қ., «Философия». -Алматы – 2001,264бет
  3. Балшикеев С.Б. «Қазақ философиясы». –Қарағанды - 2011 .
  4. Байсакова М.С. «Философия негіздері». –Алматы -1992, 271 бет
  5. Абдрасилова Г.З. «Философия». – Алматы -2008. 376 бет

Информация о работе Философияның бағыттары мен әдістері