Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 11:47, реферат
Даосизм ілімінің негізін қалаушы б.д.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-Цзы деп есептеледі. Оның негізгі еңбегі – “Дао және дэ туралы кітап” (“Дао дэ цзин”).Даосизм ілімі дао ұғымына негізделген. Егер басқа қытайлық философиялық ағымдарда “Дао” жол деген мағына берсе және ол Қытайдың дамуы мен әдептілікті жетілдірудегі негізгі ұғым болса, даосизмде “Дао” – жалпы дүниетанымдық ұғым. “Дао” – алғашқы бастама, алғашқы түпнегіз және барлық құбылыстардың, денелердің бірлігі, соңғы сатысы, аспан заңдылықтары мен бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты. Ал Даоның пайда болуы туралы сұрақ қойылмайды. Оны сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Сөйтіп Шығыс философиясы жайында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао данышпаны — Лао-Цзы төңірегінде топталды.
Кіріспе
Дао деген не?
Даосизм
Адам және қоғам туралы ілім
Лао-Цзы және оның еңбегі “Дао-дэ цзин”
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Лао-Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері жүруді жақтайды, дамуды қолдайды.
Сөзбен бейнеленетін дао тұрақты дао емес. Аталатын есім тұрақты есім емес. Есімсіз – көк пен жердің бастауы. Есімге ие – барлық заттардың анасы.
Сондықтан да, құмарлықтардан азат адам [Даоның ғажайып құпиясын көреді, ал құмарлықтарға ие адам оның аяқталған формасын кереді. Олардың екеуінің шығу тегі бір, бірақ аттары әртүрлі. Олар бірге терең деп аталады. Бір тереңнен екінші тереңге [ауысу] - таңғажайып нәрсенің бәріне жол ашатын есік.
Әсемдіктің әсемдік екенін Көк астындағылардың бәрі білгенде, сұрықсыз да пайда болады. Ізгіліктің ізгілік екенін бәрі білгенде, зұлымдық та пайда болады. Сондықтан болмыс пен болмыс емес бірін бірі тудырады, қиын мен жеңіл бірін-бірі жасайды, ұзын мен қысқа езара қатынаста болады, биік пен төмен өзара анықталады, дыбыстар қосыла отырып үндестікке келеді, алдыңғы мен соңғы бір-бірінің соңынан жүреді. Сондықтан да толық жетілген істерін жасай отырып, ештеңе жасамауды қалайды; ілімді жүзеге асыра отырып, сөздерге жүгінбейді; заттарды өзгерте отырып, оларды өзі жүзеге асырмайды; жасай отырып, [жасалғанға] ие емес; қозғалысқа келтіре отырып, оған күш жұмсамайды; [бірдеңені] табысты аяқтай отырып, мақтанбайды. Ол мақтанбайтындықтан, оның еңбегі теріске шығарылмайды.
Егер де данышпандарды құрметтемесе, халықтың арасында ұрыс-керіс болмайды. Егерде сирек кездесетін заттарды бағаламаса, халықтың арасында ұрылар болмайды. Күншілдік тудыратын нәрсені көрсетпесе, халықтың жүрегі толқымайды. Сондықтан да, [елді] басқара отырып, толық жетілген бағыныштыларының] жүректерін бос, ал қарындарын тоқ етеді. [Оның басқаруы] олардың жігерін әлсіретеді және сүйектерін бекітеді. Ол халықтың білімдері мен құмарлықтарының болмауына, әл білімге ие адамдардың әрекет етуге батылдары жетпеуіне үнемі ұмтылады.
Ештеңе жасамауды жүзеге асыру әрқашан да тыныштық әкеледі.
Дао бос, бірақ қолданғанда сарқылмас. 0, терең! Ол барлық заттардың атасы сияқты болып көрінеді.
Егер де оның қырағылығын әлсіретсе, оны ретсіздіктен азат етсе, оның жылтырақтығын азайтса, оны тозаңға ұқсас етсе, онда ол айқын өмір сүріп отырған секілді болады. Оның ненің туындысы екенін мен білмеймін, мен оның көк билеушісінен алғашқы екенін ғана білемін.
Кек пен жер адамды сүюшілікке ие емес және барлық тіршілік етушілерге өзінше емір сүру мүмкіндігін береді. Толық жетілген адамды сүюшілікке ие емес және халыққа өзінше өмір сүру мүмкіндігін береді.
Көк пен жердің арасындағы кеңістік ұстаның көрігіне ұқсас емес пе? Онда бостық қаншалықты көп болса, ол соншалықты ұзақ жұмыс істейді, ондағы қозғалыс қаншалықты күшті болса, одан соншалықты көп жел шығады.
Көп сөйлейтін адам сәтсіздікке жиі ұшырайды, сондықтан шаманы сақтаған дұрыс.
Көрінбейтін [даоның] өзгерулері шексіз. \Дао\- туылудың терең қақпалары. Туылудың терең қақпалары - көк пен жердің тамыры. [Ол] таусылмайтын жіп секілді [мәңгілік] өмір сүреді және оның әрекеті сарқылмайды.
Жоғарғы асыл қасиет су сияқты. Су барлық тіршілік етушілерге пайда әкеледі және [олармен] күреспейді. Ол адамдар болғысы келмейтін жерде болады. Сондықтан ол даоға ұқсас.
[Су
секілді, асыл қасиеттерге ие
адам да] жерге жақын орналасуы
тиіс; оның жүрегі ішкі тілектердің
ізімен жүруі керек;
Ең жақсы билеуші халық оның бар екенін ғана білетін билеуші. Халықтан өзін сүюді және асқақтатуды талап ететін билеушілер нашарлау. Халық олардан қорқатын билеушілер одан да нашар, ең жаман билеушілер - оларды халық жек көретін билеушілер. Сондықтан да, сенімге лайық еместерге адамдар сенбейді. Кім терең ойлы және сөздерінде ұстамды, істерін табысты жүзеге асырады - халық оны табиғилықтың ізімен жүреді дейді.
Ұлы даоны жойғанда, "адамды сүю" мен "әділеттілік" пайда болды. Ақылгөйсіну пайда болғанда ұлы екіжүзділік те туды. Алты ағайын жанжалдасқанда, "ұлдың қадірлеуі" мен " әкелік махаббат" пайда болады. Мемлекетте тәртіпсіздік патшалық құрғанда," сенімді қызмет етушілер" пайда болады.
Ақылгөйсіну мен оқымыстылық жойылғанда, халық жүз есе бақьггтырақ болады; адамды сүю мен әділетгілік жойылғанда, халық ұлдың қадірлеуі мен әкелік махаббатқа оралады; қулық пен арам олжа құртылғанда, ұрылар мен қарақшылар жоқ болады. Осы үш нәрсенің бәрі білімнің жеткіліксіздігінен болады. Сондықтан адамдарға олардың жәй және қарапайым болуы керектігін, жеке тілектерін азайтып, құмарлықтарынан құтылуы тиіс екендігін көрсету қажет.
Ұлы дэнің (асыл қасиет - Г.Н.) мазмұны тек даоға ғана бағынады. Дао денесіз. Дао тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде бейнелер бар. Ол тұманды және анық емес. Бірақ оның тұмандылығы мен анық еместігінде заттар жасырылынған. Ол терең және қараңғы. Бірақ оның тереңдігі мен қараңғылығында нәзік бөлшектер жасырылынған. Бұл нәзік белшектер жоғары шындылыққа және нақтылыққа ие.
Ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін оның есімі жойылған жоқ. Тек оның ізімен жүріп қана барлық заттардың бастауын танып-білуге болады. Біз барлық заттардың бастауын қалай танып-білеміз? Тек оның арқасында ғана.
Көне заманда былай деген: "Кем нәрсе – жетіледі, қисық – түзеледі, бос - толады, тозған - жаңамен алмастырылады; аз нәрсеге ұмтыла отырып, көпке жетесің; көпке жетуге ұмтылу адасуға әкеледі". Сондықтан толық жетілген адам Көк астында ұстану міндетті осы ілімге құлақ салады. Толық жетілген өзі көріп тұрғанға жүгінумен шектелмейді, сондықтан айқын көреді; ол өзікін ғана дұрыс деп есептемейді, сондықтан ақиқатқа ие бола алады; ол өзін мадақтамайды, сондықтан лайықты даңққа ие; ол өзін жоғары қоймайды, сондықтан басқалардың арасындағы үлкені. Ол ештеңеге қарсы күреспейді, сондықтан Көк астында оны ешкім жеңе алмайды.
Ежелгілер айтқан: "Кем нәрсе - жетіледі..." деген сөздерді боссөз деуге бола ма? Олар шынында да адамға ақиқат жетілудің жолын көрсетеді.
Аз сөйлеу керек, табиғилықты ұстану қажет. Қатты жел бүкіл таң бойы соқпайды, күшті жаңбыр күні бойы жаумайды. Осының бәрін жасайтын кім? Көк пен жер. Адам түгілі, көк пен жердің өздері ештеңені мәңгілік ете алмайды.
Сондықтан адам даоға қызмет етеді. Кім даоға қызмет етсе, сол даоға тең. Кім дэге қызмет етсе, сол дэге тең. Жоғалтқан адам шығынға тең. Даоға тең адам даоға ие болады. Дэге тең адам дэге ие болады. Шығынға тең адам шығынға ие болады. Тек күмәндар ғәна сенімсіздік тудырады.
Міне, ретсіздікте пайда болатын, көк пен жерден бұрын дүниеге келетін зат! О, үнсіз! О, формасыз! Ол жалғыз өзі тұр және өзгермейді. Барлық жерде әрекет етеді және оған кедергі жоқ. Оны Көкастының анасы деуге болады Мен оның есімін білмеймін. Иероглифпен белгілеп, оны дао деп атаймын, оған өз еркімше ат қойып, оны ұлы деп атаймын. Ұлы - ол шексіз қозғзлыста. Шексіз қозғалыстағы нәрсе шегіне жетпейді. Шегіне жетпей, ол өз бастауына оралады. Міне неге дао ұлы, көк ұлы, жер ұлы, сонымен қатар, билеуші де ұлы. Әлемде терт ұлы бар, олардың әрасында билеуші де бар.
Адам жер заңдарымен жүреді. Жер кек заңдарын ұстанады. Көк дао заңдарына ереді, ал дао өзіне ереді.
Халықтың басшысына дао арқылы қызмет ететін адам әскердің көмегімен басқа елдерді бағындырмайды, себебі бұл оның өзінің алдына келуі мүмкін. Әскер өткен жерлерде шомырт пен тікенек еседі. Үлкен соғыстардан кейін аштық жылдары болады.
Шебер қолбасшы жеңіске жетеді және осымен тоқтайды, зорлық жасауға бармайды. Ол жеңеді және өзін мадақтамайды. Ол жеңеді және шабуылға шықпайды. Ол жеңеді және мақтанбайды. Ол осыған оны мәжбүр еткендіктен жеңеді.
Осы
тақырыпты жазу барысында мен
Қытай философиясын зерттей отырып,
даосизмге тереңірек тоқталдым.
Қытай философиясы ертеден