Философия сурактары мен багыты

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 14:32, реферат

Описание работы

Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді.

Содержание

1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
а) Философияның эволюциялық дамуы
б) Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары
в) Философияның әдістері
г) Философия функциясы
д) Философия әдіснамасы
3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиетер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі.doc

— 110.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының ғылым және білім  министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 
 
 

ӘГП кафедрасы 
 
 
 

Реферат

Тақырыбы: «Философияның бағыттары мен  әдістері» 
 
 
 
 

                                                                                       Тексерген:Толеуова М.О.

                                                                                      Орындаған:  ЭЭ-10-1т.ст

             Сүлейменова А.А 
 
 
 

Қарағанды 2011

Мазмұны

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім

      а) Философияның эволюциялық дамуы

      б) Философияның негізгі сұрақтары мен бағыттары

      в) Философияның әдістері

      г) Философия функциясы

      д) Философия әдіснамасы

3.Қорытынды

4.Пайдаланылған әдебиетер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

      Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады. 
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б. 
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

        • Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды. 
         • Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды. 
         • Ол дүниені тану әдістерін меңгереді. 
Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

     1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты. 
    2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.  
Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол 
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.  
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.  
 
 

Философияның  эволюциялық дамуы

Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.  
Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар. 
•Мифология 
•Дін. 
•Философия. 
Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады: 
•Әлем, жер және адамның пайда болуы; 
•Табиғи құбылыстарды ұғыну; 
Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы. 
Дін мына мәселелерді қарастырады: 
-Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу; 
-Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну; 
- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы. 
Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті. 
-космоцентризм; 
-теоцентризм; 
-антропоцентризм; 
Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия). 
Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән). 
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән). 
 

Философияның  негізгі сұрақтары мен бағыттары

    Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық ерекшеліктері : Бұл мәселенің маңыздылығы – оның дұрыс шешілуінен қоршаған әлем, дүние, орта , адам туралы тұтас білімнің қалыптасуы тәуелді, ал бұл философияның ең басты міндеті болып табылады.

Материя мен сана –болмыстың екі бөлінбейтін жөне соған қарамастан қарама қайшы сипаты. Осыған байланысты философиянфң негізгі сұрағының екі жағы антологиялық және гносеологиялық сәйкес, материализм, идеализм, эмпириззм, рационолизм деген негізгі бағыттар болады. Философияда дәстүрлі, негізгі сұрақ – бұл ойлаудың болмысқа қатынасы, ол болымыстық ойлауға қатынастық негізгі сұрағының екі жағы : Онтологиялық жақ мәселені қою және шешу ; материя ма әлде сана бірінші пайда болды ма ?

Онтологиялық  жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:

  • Объективті идеализм
  • субъективті идеализм
  • материализм
  • аналты материализм
  • дуализм
  • деизм

Гнесеологиялық  жақ – ол дүние танымға жата ма, жоқ танымсыз ба ? , таным процесінде не бірінші турады ? деген сұрақтарға жауап бере алады.

Гнесеологиялық  жақты қарастырғанда шығатын философиялық бағыттар:

  • Гностицизм
  • Агноцтстизм
  • Эмпиризм инсуализм
  • Рационализм
 

    Енді олардың  әрқайсына тоқталып анықтама берсек:

Философияның  негізгі сұрағының онтологиялық жағы :

    Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар:

Материализм Демокрит сызығы материя мен сана қатынасында материя бірінші  болып табылатындығын көрсеткен  философия бағыты .

Негізгі жағдайлары :

Материя нақты бар. Материя санаға тәуелсіз өмір сүреді. Материя өз бетінше субстанция болып табылады. Материя өзінің ішкі заңдылығымен дамиды, өмір сүреді. Сана рух материяның өзін өзі көрсетуінің жоғары деңгейде ұйымдасқан құрамы .Сана тәуелсіз субстанция емес. Сана материямен болымыспен анықталады.

Ерекшеліктері:

   Материалистік бағыттарға Демокрит, Фалес, Анаксимандр Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро және басқа да француздық материалистері Герцек, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин .Материяның күшті жақтары ғылымға жүгіну, әсіресе нақты ғылымдарға (физика, математика, химия) Материализмнің әлсіз жағы материалық көз қарасы жағынан түсіндіруге қиын қоршаған ортаның құбылыстарының болуы, сананың мәнін жеткілікті түсіндірмеу.Материализмде ерекше бағыт анаиы материализм айрықшаланады. Оның қайраткерлері (Фохт, Молешотт) материяны физика математика, химия механика жағынан зерттейді.Материализм демократтық Грецияда, XYII Англияда XYII , ХХ СССР да тараған .Философияның негізгі сұрағының онтологиялық жағын көрсететін философиялық бағыттар.

Идеализм  (Плотон сызығы ) жақтастары материямен сананың қатынасында, бірінші сана (ой, рух) тұрады деген, философиядағы бағыты.Идиализмдегі жекеше бағыттар. Объективті идеализм (Плотон, Лейбниц, Гегель )

Негізгі жағдайлар :

Ой ғана нақты өмір сүреді.Ой бірінші Барлық қоршаған шындық ой әлемі мен заттар әлеміне бөлінеді. Ой әлемі алғашында әлемдік ақылда болады.Заттар әлемі материалды әлем өз бетінше өмір сүрмейді және заттар әлемінің нәтижесі болып табылады. Әрбір бірлік зат сол заттың ойының іске асуы.Таза ойдың нақты затқа айналуында үлкен рольді кереметтер жасаушы құдай ойнайды Жеке ойлар (ойлар әлемі ) біздің санамыздан бөлек объективті өмір сүреді.

Субъективті идеализм ( Беркли, Юм)

Негізгі жағдайлар барлығымен танушы субъектінің (адамның) санасында  болады.Ойлар адамның ақыл есінде өмір сүреді. Материалды заттық образы да сезім арқылы адам есінде тұрады. Адам санасынан бөлек материя да рухта тіршілік етпейді.

Ерекшеліктері:

Идеализмнің әлсіз сипаты таза ойлардың бар екендігін  дұрыс түсіндірмеу мен таза ойдың  нақты затқа ойнамауын түсіндіре алмауы.Идеализм философиялық бағыт ретінде орта ғасырларда Плотондық Грецияда әрекет етті, қазіргі уақытта АҚШ, Германияда басқа да Батыс Еуропада кең тараған.Дуализм дейзммен қатар философияның компромистік ағымына жатса, материализммен идеализм полярлы бәсекелі басты бағыттар болып табылады. Бұның негізін Декарт қалаған.

Негізгі жағдайлар 

Екі тәуелсіз субстанция бар – материалды (тарту  қасиетіне ие ) және рухани (ойлау қасиетіне ие) Дүниедегінің барлығы туынды болып табылады, яғни материалды заттар материамдыдан , ой руханидан туады.Адамда біруақытта екі субстанция материалды да және руханиды да ұштасады. Материя мен сана тұтас болымыстың қарама қарсы және қзара байланысты жақтары Философияның негізгі сұрағы расында жоқ, себебі материя мен сана һзара бірін бірі толықтырып, әрқашан бірге өмір сүреді.Деизм – жақтастары құдайдың бар екенін матындаған, философыиядағы бағыт. Олардың пікірі бойынша құдай дүниені жасап, оныі ары қарай дамуына, адамдардың әрекетіне араласпайды, қатыспайды деген.

Философияның  негізгі сұрағын  гнесеологиялық жағы.

Философияның  негізгі сұрағының гнесеологиялық жағы көрсетілген, философиялық бағыт.

  • Эмпиризм.

Ерекшеліктері:

Эмпиризмнің негізін қалаушы Ф.Бэкон, эмпиристердің ойынша танымның негізінде тек тәжірибемен сезім жатыр дейді.

  • Рационализм.

Ерекшеліктері:

Рационализмнің  негізін қалаған Декарт Рационализмнің негізгі тұжырымы таза білім тек  ақыл арқылы алынады және сезімдік тәжірибеге тәуелсіз.Ирационализм (Ницще, Шопенгауер) ерекше бағыт ретінде  көрсетіледі. Ирационализм жақтастарының айтуларына сәйкес, әлем хаосты болып табылады, ішкі логикасы жоқ, сәйкесінше ақылмен табылмайды. Гностоцизм, олардың қайраткерлері материалистер .Негізгі жағдайлар.

Әлем  танымды , танымның мүмкіндіктері шексіз.Агностоцизм , ұлы теоретиктер қатарына Имануель Кант жатады. (1724-1804) Кантқа сүйенсек, адам ақылының мүкіндіктері үлкен, бірақта бұл мүмкіндікрердің де өз шегі бар . Адам ақыл есінің танымждық мүмкіндіктерінің шекті, шексіздігіне байланысты, адаммен ешқашан ашылмайтын жұмбақтарда бар, мысалы; құдай бар, құдай жоқ. Негізгі жағдайлар.Дүние танымсыз Танымдық мүмкіндіктері адам ақылының танымдық мүмкіндіктерімен шектеулі.

Философияның  негізгі сұрағының  қазіргі жағдайы  мен оның болашағы.

Ерекшелігі:Қазіргі  таңда философтардыі мылжыңдап бергі зерттеулеріне қарамастан, философияның негізгі сұрағы нақты дұрыс, не онтологиялық, не гносиологиялық жақтарынан да шешілмеген және мәңгілік философиялық мәселе болып қала бермек.ХХ ғ батыс философиясында философиялық дәстүрлі негізгі сұрағына аз көніл бөлу тенденциясы дамыды, себебі ол ауыр шешілетіндіктен және біртіндеп өзектілігін жоғалтып бара жатқандықтан.Ясперс, Хайдеггер, Камю философиялық болашақта пайда болуы мүмкін негізгі сұрағының экзистенциализм мәселесінің негізін қалады. Яғни, адам мәселесі , оның өмір сүрүі, өзінің рухани өмірін басқаруы, қоғам ішіндегі өзарақатынасы, еркін таңдауы, өмір мәнін іздеуі, өмірдегі өз орны мен бақытын табуы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Философияның  әдістері

         Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері: 
        Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады. Диалектика — заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылықтарын, өзгерістерін, дамуын, себеп-салдарын, карама-кайшылықтарының бірлігі мен күресін жіті бақылайтын философиялық зерттеулер әдісі. Диалектикалық әдістің мәнді нышандары мыналар: 1) мәні мәңгілік, өзгермейтін нәрсе болмайды, сондықтан бір-ақ рет берілген және мәңгілік ештеңе жоқ; 2) нәрсе өзінің жалпылама байланыстарында алынып, қарама-қарсылықтарға айналған даму үстінде жан-жақты зерттеледі. Диалектика ойлау амалы мен тану әдісі жөнінен өзіне қарама-қарсы келетін метафизикамен катар пайда болып, дамыды. Оның ерекшелігі — объектінің бөліп алынып қарастырылуында, статистикалық және бір мәнді зерттелуінде (абсолютті ақиқат ізделінеді, қайшылықтарға көңіл бөлінбейді, олардың бірлігіескерілмейді).  
       Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады. Метафизикалық әдіс бойынша нәрселер мен үдерістер бір ұстаныммен қарастырылады. Бар немесе жоқ, ақ не қара, дос не жау, т.б.
Қозғалысты қарастырған кезде метафизика оның толып жатқан формаларының біреуіне ғана мойын бұрады 
      Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау. 
      Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады. 
      Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.  
      Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.  
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: 

Информация о работе Философия сурактары мен багыты