Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 00:40, доклад

Описание работы

Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады).

Содержание

1.Философия және дүниеге көзқарас
2.Дүниетанымның тарихи типтерi мифология,дiн және философия
3.Философияның пәнi мен тәсiлi,олардың арақатынасы және басты функциялары
4.Философия және ғылым

Работа содержит 1 файл

философия.docx

— 46.44 Кб (Скачать)

Егер тарихқа жүгiнетiн болсақ, онда философия мен арнайы ғылыми бiлiмнiң арақатынасында үш кезеңдi аңғартуға болады

1) ертедегiлердiң алғашқы бiртұтас бiлiмдерiнiң жиыны барлық пәндердi қамтитын «философия» немесе «табиғат философиясы» деп аталды; бұл алғашқы бiлiм ғылым бастамалары да, философия бастамаларын да қамтиды.

2) бiлiмдердiң мамандануы, яғни жекеше нақты ғылымдардың қалыптасып, бiртұтас жиыннан бөлiнiп шыға бастауы,әсересе 16-18 ғғ. жылдамдата жүрдi.

3) Бiрқатар ғылымдардың теориялық тарауларының қалыптасып, олардың бiртiндеп интеграциялануы.19ғасырдан басталған үшiншi кезең одан әрi жалғасуда.Соңғы кезеңде бұрынғы дерексiз философиялықформада ғана қарастырылып келген көптеген теориялық мiндеттердi ендi ғылым өз мiндетiне алды. Философия қайта ғылыми бiлiмдердi жалпылаудың негiзiнде шешушi тиiс екендiгi барған сайын дәлелдене түстi. Ал бұл философияның ғылымилық сипатың арттыра түстi.


Информация о работе Философия, оның пәнi және қоғамдағы рөлi