Фил болмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 10:36, реферат

Описание работы

Болмыс - бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін реальды дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Ендеше, болмыс туралы айтқанда болмыссыздық ұғымын қоса алған абзал болар еді. Олар өзара тұтастықта, ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста болады. Болмыс пен болмыссыздықтың арақатынасы салыстырмалы мәнге ие болады

Работа содержит 1 файл

Фил(болмыс).doc

— 37.50 Кб (Скачать)

    Болмысы ұғымы - философияның ең ежелгі әрі  маңызды категорияларының бірі. Ол «бар болу», «өмір сүру» проблемасын  қамтиды. «Болмыс» түсінігінің арғы түбірінде «болу», «бар болу» деген  мағынаның жатқанын байқауға болады.

    Болмыс - бар болуды, өмір сүруді айқындап белгілейтін реальды дүниенің (шынайы дүниенің) барлық түрлерін қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым. Ендеше, болмыс туралы айтқанда болмыссыздық ұғымын қоса алған абзал болар еді. Олар өзара тұтастықта, ажырамас ауыспалы диалектикалық байланыста болады. Болмыс пен болмыссыздықтың арақатынасы салыстырмалы мәнге ие болады.

    Философия тарихында болмыс ұғымын тұңғыш пайдаланып, оны мәселе ретінде қарастырған  көне грек ойшылы Парменид (б.з.б. УІ-Уғғ). Оның пікірінше болмыс дегеніміз –бар болу, өмір сүру, одан басқа ештеңе жоқ, ал жоқ болу – болмыссыздық.

    Көне  грек философы Гераклит- дүниенің мәңгі қозғалыста екендігін айтады. Гераклит дүниені алаулап, лапылдап жанатын, енді бірде өшуге бет алып, бықсып барып қайта тұтанып, жанатын мәңгілік от есебінде қарастырады. Көне грек Левкипп пен оның ілімін жалғастырушы шәкірті Демокрит (б.з.б. 460-370) болса, бүкіл дүниенің, әлемдегі барлық заттардың түпнегізі – ең ұсақ бөлінбейтін бөлшек - атом деп көрсетті. Барлық заттар мен құбылыстар атомдардан құралады.

    Антикалық дәуірдің ұлы философтардың бірі Платонның (б.з.б. 427-347) ойынша болмыс дегеніміз-мәңгілік өмір сүретін, өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі. Идеялар – заттар мен құбылыстардың түпнегізі, оларды анықтап өмірге келтіруші. Неміс классикалық философиясының аса ірі өкілі Г. Гегель шынайы болмыс – «абсолютті идея» деп тұжырымдады. Ол Платон ілімін жалғастыра отырып, болмыс мәселесіне обьективті идеиализм тұрғысынан келгенімен, болмыс ұғымына диалектикалық сипат беріп, даму процесінде қарастырды. Л. Фейербах болса шынайы болмыс – табиғат, ал табиғаттың ғажап туындысы әрі жетістігі – адам деп есептеді.     К. Маркс пен Ф. Энгельс философияға «қоғамдық болмыс» деп аталатын жаңа ұғым енгізді. Қоғамның қызмет атқаруы, өзгерісі мен дамуы обьективті заңдылықтарға бағынады және оның материалдық негізі бар деп тұжырымдады.

    Болмыстың негізгі түрлері: 1) табиғат болмысы  немесе заттар және процестер болмысы, ол өз кезегінде табиғат заттары  мен процестері және адамдар жасаған  заттар, процестер болмысына бөлінеді; 2) адам болмысы, ол заттар дүниесіндегі адам болмысына және адамның өзіндік болмысына жіктеледі;  3) рухани болмыс; 4) әлеуметтік болмыс, бұл да өз алдына қоғамдағы және тарихи процестегі жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына бөлінеді.

    Материя ұғымы-дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз обьективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән-мағынасы болып табылатын ұғым.  Ежелгі материалистік ілімдерде дүние, бүкіл әлем үнемі қозғалыста тұрған материя, онда материядан басқа ешнәрсе жоқ сондықтан барлық құбылыстардың жалпыға ортақ субстанциясы материя деп есептеледі. Ежелгі грек философиясында барлық сан алуан заттардың түпкі тегі белгілі бір бастапқы зат деген көзқарас орын алды

    Жаңа  дәуір философиясында /ХУІІ-ХУІІІ/ қоғамдық өндіріс пен жаратылыстану ғылымдарының математика мен механиканың дамуы, қоғамдық еңбек бөлісінің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, заттардың мен қасиетерімен теңгеруге жол ашты. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың бәріне тән ортақ қасиетерімен байланыстыруға бейімделеді. М. И. Ньютонның механикасында тұрақты шама болып табылатын масса маңызды рөл атқарады, массаны ол материяның сандық өлшемі деп қарады.

    Қозғалыс-материяның ажырамас мәнді қасиеті, атрибуты, өмір сүру тәсілі. Ол да материя сияқты жоқтан бар болмайды, жоғалып кетпейді. Қозғалыс дегеніміз – кез келген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгеріс. Материя өзін тек қозғалыс арқылы білдіріп, біздің санамызға, түйсік-сезімдерімізге әсер етеді.

    Қозғалыстың ішкі өзіне қарама-қарсы бір сәті-тыныштық. Тыныштық қозғалыстан бөлекте бірге де емес, ол-бар болғаны қозғалыстың бір сәттік тұрақтылығы. Материя қозғалыстың бір түрінен екіншісіне ауысып отырады. Кеңістік пен уақыт-материяның өмір сүруінің формасы.

    Кеңістіктің үш өлшемі: ұзындық, ен, биіктік. Уақыттың бір өлшемі болады – қайтымсыздық.  Уақыт бір өлшемді. Уақыттың ағымы өткеннен кейін қазіргі арқылы келешекке бағытталған белгілі бір заманның өзіндік бір белгілері басқа заманда қаталанып та отырады. Бірақ негізінде уақыт қайта оралмайды, кері жүрмейді.

    Сана - адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ао сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық  дүниененің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың миға бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқандар да болған ол махист  Р. Авенариус.

    Идеалист  философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол  материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Бұл ұғым ертедегі гректің hule – материя,  zoe – тіршілік деген екі сөзінен құралған. Сана  - материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана обьективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас.

    Шопенгауэр, Ницше санасыздық (иррационализмді) мойындайды. Бәрін ырғаққа бағындырады. Ал Зигмунд Фрейд ақылсыздықты (нерационализм) дәлелдей отырып, оның аржағында сана тұрғанын айтады. Интуицияның өзі де толық санасыздық емес. Бірақта адамда, екі түрлі құбылыс бар дейді З. Фрейд. Бірі - «ол» (id) (моральдық қасиет), екіншісі «мен» (ego) (тәртіптілік). Ego-ті қыспақта ұстайд, оған ерік бермейді дей келіп, З. Фрейд өзі «id»-ті қолдайтынын айтады. Сондықтан З. Фрейдтің үлкен ғалымдығына қарамастан, оның дәл осы тұжырымын мойындауға болмайды демекпіз.

    Бейнелеу  барлық материя тән қасиет. Обьективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процестер  бір-біріне үнемі әсер етіп отырады  және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды, әрбір зат құбылс өзі әсер еткен нәрседе өзінің  «ізін», бейнесін қалдырады. 

    Сананың пайда болуы екі факторға байланысты: бірі - еңбек, екіншісі  - тіл. Тілде  бірден пайда болған жоқ. Оның алдында  алғашқы адамдар бір-бірімен түрлі дыбыс, қимыл-әрекеттер, ымдасу арқылы ұғысқан.  «Алдымен еңбек, одан соң бөліп-бөліп айтылатын тіл – дейді Ф. Энгельс.

    Сана  белгілі бір дәрежеде – сана-сезімге  айналады. Сана –сезім - өзін-өзі сезініп, ұғыну арқылы жететін сананың ең жоғары сатысы. Сана-сезім  дегеніміз - адамның өзін-өзі ойлай алатын, сезе білетін әрекеттенетін субьект ретінде түсіне бастауы. Сонымен сана-сезім - философия, социология, этика, психология, педагогика, этнография сияқты бірнеше ғылымдардың басын біріктіретін құбылыс. Өзіндік сана - адамның өзін саналы тіршілік етуші ретінде түсіне білу, өзіне деген сыни көзқарасы, өз мүмкіндіктерін бағалай білуі. Өзіндік сана  рефлексия феноменімен тығыз байланысты. Рефлексия – тұлғаның өзі туралы ойлануы, ішкі рухани дүниесінің тылсым қатпарларынана үңілуі.

    Сана  және бейсаналылық. Адамның жан-дүниесінің яғни ғылымда қабылданған термин бойынша психикасының  соншалықты күрделі екендігі шын мәнінде соңғы екі ғасырда ғана айқындала бастады. Саналы түрде өтпейтін психикалық қызметтер, процестер барын сезген, біршама аңдаған ойшылдар да болды. Солардың ішінде                Г. Лейбниц. Лейбництен кейін де философияда, психологияда бейсаналық психикалық процестер барлығын айтқандар болды (Вунд). Бірақ бейсаналық психикалық қызметтің адам жанында айрықша зор орын алатынын толық дәлелдеген австрия психологы            З. Фрейд (1856-1939). Фрейдтің адам психикасы жайлы теориясын бұл жерде толық баяндай алмаймыз. Оның негізгі мәселелерін айтып кетеміз. Сананы бейсаналықтан ажырататын негізгі белгі саналы процестерді адам өз ойларында барлық уақытта біледі, ал бейсаналықты, яғни саналы түрде іске аспаған психикалық қызметті өз ойлауында байқамайды, тіпті білмейді, олардың не жөнінде, қалай және қанша болғаны жөнінде өзіне ешбір есеп бере алмайды. Бірақ бұл білу, не білмеу назарға бірден ілігетін сыртқы белгі. 

    Ойлаудағы рефлексияның ең жоғары дәрежесі - адам өз ойлауын ойлауының тікелей  пәніне, айналдырғанда пайда болады. Сананың жоғары деңгейінде адам өзіне  осы жөнінде толық есеп беруге ұмтылып, өзін-өзі тануға кіріседі. Рефлексияның таза түрі - ойлаудың өзі туралы ойлануы.

    Қоғамдық  сана – қоғамның өзін-өзі, өзіндік қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің нәтижесінде пайда болатын қоғамдағы әртүрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтығы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсенді, дамуына әсер етіп отырады.

Информация о работе Фил болмыс