Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 17:53, реферат
Қытай – қытай халқының күрделі саяси өмірі түсіндірілетін түрлі саяси идеялар мен мектептердің отаны ғана емес, сонымен қатар ол б.э.д. III ғ. бастап елге идеялық-саяси ықпал жасаған және үстемдік жасаушы мемлекеттік доктрина болған, қытайлықтардың саяси өміріне белсенді әсер еткен конфуцишілдік ілімі. Оның үні қытай мемлекетінің саясатында және идеологиясында қазір де шығады.
Дегенмен, алдымен конфуцийшілдік үстем доктрина болғанша, саяси мәдениетте халықтың негізгі массасы бастапқыда даосизмнің және буддизмнің саяси-идеялық тәртіптерін меңгеретін болды.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Даосизм ағымы
Конфуций – Қытайдың саясаты және идеологиясы жайындағы көне ескерткіш
III Қорытынды
ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
МӘНЖАЗБА
Ежелгі
Қытайдағы саяси
ілімдер
Атырау
2011
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Даосизм ағымы
Конфуций
– Қытайдың саясаты және
III Қорытынды
I
Кіріспе
Қытай – қытай халқының күрделі саяси өмірі түсіндірілетін түрлі саяси идеялар мен мектептердің отаны ғана емес, сонымен қатар ол б.э.д. III ғ. бастап елге идеялық-саяси ықпал жасаған және үстемдік жасаушы мемлекеттік доктрина болған, қытайлықтардың саяси өміріне белсенді әсер еткен конфуцишілдік ілімі. Оның үні қытай мемлекетінің саясатында және идеологиясында қазір де шығады.
Дегенмен, алдымен конфуцийшілдік үстем доктрина болғанша, саяси мәдениетте халықтың негізгі массасы бастапқыда даосизмнің және буддизмнің саяси-идеялық тәртіптерін меңгеретін болды.
Әртүрлі
этностық-нәсілдік топтар адамдарының
тепе-теңдігінен шыққан буддизм, адам
мен Ғаламның үйлесіміне назар аударған
даосизм адамдарға әлеуметтік үйлесім
және әділеттілік орнатылған жалпы
тепе-теңдіктің нақты
Өзіне даостық-буддалық принциптерді шоғырландыра отырып, конфуцийшілдік әлеуметтік үйлесімге және әділеттілікке негізделген нақты мемлекет туралы идеяны сақтайды. Бір кезде Конфуций (б.э.д. 551-479 жж.) әділетті мемлекет құрудың идеялық үлгісін әзірлеген. Осындай мемлекетті құрудың басты шарттарының бірі адамның адамгершілік образы және тәртіпті сақтау және өзінің міндеттерін орындау болып табылады.
Мұғалім жеке тәуелсіздік сияқты «даоны» меңгеруі, жоғарыда тұрғанның төменде тұрғанға бағыну принципін сақтауы, моральдық қасиеттерді: жауапкершілік сезімін, қайырымдылықты, мейірімділікті, әділеттілікті және т.с.с., иеленуі тиіс билік жасаушының адамгершілік идеясының бейнесін жасады. Осындай билік жасаушы білімді, эстетикалық тәрбиеленген адам болуы тиіс, себебі оның осындай қасиеттері жоқ болса, ол күшті тәрбие мекемесі ретінде халықты және мемлекетті тәрбиелеушінің образын жасай алмайды. Осылайша, халықты тәрбиелеу және халықты пайдалану, оған мейірімділік және жазалауды қолдану сияқты «даоларды» иелену билік жасаушыға әке, ал оның халқы – балалары, жанұясы болуына мүмкіндік жасайды.
Осылар
сияқты кейін Даоны қолдаушы Фа-Цзя мектебі
дүниеге келді. Бұл ағым негізінен алғанда
Конфуцийшілдік ілімге қарсы бағытталған(әсіресе
оның адам мораль мәселелеріне). Бұл мектептің
негізін қалаушы Хань-Фей-Цзы (280-233 б.ғ.д.).
Бұл ағымның саяси мәселелері Даоның саяси
мәселелерінің жалғасы, яғни күрделендірілген
түрі іспеттес
II Негізгі бөлім
Даосизм
ағымының саяси көзқарасы
Даосизм бағытының негізін қалаушы – Лао Цзы (VI-V ғ.б.ғ.д.) «Даодецзин» деген кітапта бұл кісінің айтқан ойларын оның оқушылары мен ізбасарлары IV б.з.д.ғ.ғ. жинақтаған.
Дао,
бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі,
алғашқы негіз ретінде
Даосизмнің
моральдық ілімі Кун-фу-Цзы
Даосизмнің этикалық идеалы – жақсылық жасауға ұмтылмау. Сондықтан ондай адам – ізгі адам. Мұндай идеяға оларды итерген өмірде көп кездесетін жақсылықтың жамандық болып оралуы болса керек. Сондықтан даостардың ізгі адамы еш нәрсе жасамай жеңіске жетеді. «Күреспей-ақ жеңіске жетеді», - дейді даостар.
Даосизмнің
әлеуметтік-саяси
Даосизм ілімі адамдарға білім беруге, оларды ағартуға қарсы, ал білімді адамдардың өзін іс-әрекет жасауға жібермеу керек деген пікір айтады. Өйткені әрекет жасамау, барлық заттардың өзінің мақсатына лайықты өзгеруіне, өзіне-өзі жеткілікті болуына әкеледі.
Ал енді басқару мәселесіне келетін болсақ, онда олардың пікірінше, «ең жақсы елбасын, яғни тек оның бар екенін ғана халық біледі. Ал халық сүйетін және көтеретін елбасы – екінші дәрежеде. Содан кейін халықты қорқытып ұстайтын елбасы келеді. Егер халық елбасынан жиіркенсе – онда ол ең жаманы».
Даосизм
елдің әділеттік арқылы басқарылатынын,
соғыстың қулық арқылы жүретінін
айтады. Елді басқару дәрежесіне көтерілу
еш нәрсе жасамау арқылы болмақ (У-.Вей
– заттың табиғи қалыптасуына тежеу жасамау).
Егер елбасы ешнәрсеге килікпесе, онда қоғам өмірінде тыныштық орнап, барлығы да өз орнымен келе береді. Егер үкімет тыныш болса, онда халықтың көңілі де жайлы. Бірақ үкімет неше түрлі іс-әрекетте болса, онда халық бақытсыздыққа ұшырайды.
Даостар үкімет басындағы адамдарды байлыққа, қымбат заттарға қызықпауға шақырады. Әсіресе тәкаппарлықтың зияндылығын аса көрсетеді. «Ең бақытсыздық – өз іңкәрінің шегін білмеуде, ең қауіптілік – асқан байлыққа жетуге ұмтылуда».
Даостар
– соғысқа қарсы. Соғыста болған
жеңісті мадақтау – адамдарды
өлтіргенмен тең. Сондықтан ізгі
басшы көршілермен тату тұруға, егер
қайшылықтар пайда болса, оны
бейбіт түрде жол беру арқылы шешу
керектігін айтады. Сондықтан қашанда
соғысты бірінші болып ашудан бас тартқан
жөн деп есептейді.
Конфуций
– Қытайдың саясаты
және идеологиясы
жайындағы көне ескерткіш
Конфуций
(551-479 б.ғ.д.) – Қытай халқының ұлы
ойшылы, саяси қайраткері, тәрбиешісі,
осы уақытқа дейін өзінің ықпалын
тигізіп келе жатқан философиялық ағымның
негізін қалаушы. Оның негізгі еңбегі
– «Лунь-уй»(әңгімелер мен
Конфуций
өзінің әлеуметтік көзқарастарында
әрбір топтың тарихи қалыптасуында
өз орны болуы керектігі және олардың
арасындағы қарым-қатынастары әдет-
Сонау көне заманда Кун-фу-цзы заң мен моральдың арасын айқын ашып, өзінің таңдауын моральдық нормаларға, адамдарды заңдардың талабын орындауға мәжбүр еткеннен гөрі, адамның сана-сезіміне ықпал жасап, керекті талаптың әділеттілігіне көзін жеткізу арқылы қоғамды басқарған ұтымды деген пікір айтты. «Егер адамдарды заңдардың негізінде жазалап, шектеп ұстасақ, онда олар қылмыс жасамауы мүмкін, бірақ олардың жүрегінде жаман қылықтарға деген жиіркеніш қалыптаспайды. Егер адамдарды моральдық талаптарға сай тәрбиелесек, онда олар өздерінің жаман қылықтары мен пиғылдарынан ұялып, шынайы дұрыс жолға түседі».
«Мемлекеттік
істерді қалай жүргізуге
«Егер мемлекет
басына күн туса, онда қайсысын құрбан
етуге болады?», - деген келесі сұраққа
ол былайша жауап береді: «қару-жарақты
құрбан етуге болады. Ал тағыда құрбан
етуге керек болса? Онда азық-түліктен
бас тарту керек. Сонау көне заманнан
осы уақытқа шейін адамдар
аштықтан өледі. Бірақ халықтың жүрегінде
үкіметке деген сенім азайса, онда ол мемлекет
тұрақты болуы мүмкін емес». Бұл пікірді
біздің қазіргі заманымызға таратып, реформаларға
баға берсек, Қытай реформаларының алға
басуы – халық пен үкімет басындағы адамдардың
арасындағы берік сенімдіктің болуы. Халық
саяси-экономикалық шешімдерді жұмыла
іске асырады, ал басшылар өз халқына таза
пиғылмен қызмет етеді.
III
Қорытынды
Даостық және Конфуцийшілдік екі ілімнің саяси мәселелерін аңғарып қарасақ даостықтардың өте көп қате пікірде екенін байқаймыз. Мысалға айтқанда, даостықтардың адамға адам жақсылық жасамай, ел басының бейқам отыруы керек дейді, бұл мүлде дұрыс емес мәселе. Егер мемлекет осы күйінде табиғи дамуын күтіп отыра берсе ол қоғамның саяси дамуы мен дәрежесі, қасындағы мемлекеттерден қалық болып қала беретіні сөзсіз. Даостықтар әрқашан елде тыныштық болуына тырысқан секілді. Яғни, жеке мемлекет тыныш өзі ғана бейбіт өмір сүруі керек деп ойлаған. Егер мемлекеттер арасында саяси қарым қатынас болмаса, ол мемлекет бөлек шетте қала бермек.
Конфуцийшілдік
ілімге келер болсақ, бұл ілім Қытай
саясатына прогресс жасап кеткен
бірден бір ілім десекте болады.Бұл
ілімнің қыр сырын әлі күнге дейін
Қытай мектерінде оқушылар дәріс ретінде
оқып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Саясаттану, Қ.Ж.Рахметов, А.Н.Болатова, З.Н.Исмағамбетова, 2005
Философия, Серік Мырзалы, 2008