Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:19, доклад
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.
Ежелгі Қытай философиясы
Қытай философиясы б.д.д. 6-3 ғ.ғ. мифология кейпінде пайда болды. Мифтердің өзінде кейін философиялық ұғымдарға айналған түсініктер қалыптаса бастады. Атап айтар болсақ, «Дао» туралы, яғни космостық заңдылықтар турасында немесе барлық әлемнің жүріп өту жолы жөніндегі көзқарастар, барлық тіршіліктің бастауы болған бес стихия (от, жер, су, металл, ағаш) және бір-біріне қарама-қарсы екі күш –Инь мен Ян туралы философиялық пікірлер дүниеге келді.
Қытай философиясының пайда болуымен дамуына қытайдағы көне классикалық кітаптар айтарлықтай әсер етті:
1. «Өзгерістер кітабы» («И цзин»-балгерлік кітап);
2. «Өлеңдер кітабы» («Ши цзин»-көне поэзиялар);
3. «Тарих кітабы» («Шу цзин»-тарихи оқиғалардың, құнды құжаттардың жазбасы);
4. «Рәсімдер кітабы» («Ли цзи-саяси және діни мереке, рәсімдер кітабы»);
5. «Әндер кітабы» («Юэ цзин-бұл кітапе сақталмаған»);
6. «Көктем және күз» («Чунь цу-этикалық және әдеби сұрақтарды шешудің үлгілері, Лу патшалығының хроникасы»).
Ежелгі Қытайдағы ұлттық философиялық ілімдер қатарына-даосизм, Конфуцийшілдік және легизм ілімдерін жатқызуға болады.
Конфуцийшілдік-бұл философиялық ілімнің пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы – осы ағымның негізгі салушы Кун – фу – цзыға тікелей байланысты. Кун – фу – цзы (б.д.д. 551 – 479 ж.ж.) кедейленген ақсүйектер әскербасының отбасында дүниеге келген. Ата - анасынан ерте айрылған ол, тек 15 жасында ғана білімге құмарлық танытады, ал 50 жасында өз мектебін қалыптастырады. Негізгі философиялық еңбегі «Лунь юй» (әнгімелер мен пікірлер) деп аталады.
Конфуций дүниетанымы философиялық –этикалық мәселелерге негізделген. Орталық мәселесі Конфуций тұжырымдаған «Қайырымды еркек». Қайырымды адам болу үшін байлық емес, тәрбиесі мен мәдениеті, жоғары сапалы мінез-құлық.
«Қайырымды адамның» негізгі сипаттары деп мына қағидалады көрсетеді:
«Жэнь» (адамгершілік)-адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама».
«Сяо» (баланың құметі)-үлкен және кішінің арасындағы қарым-қатынас: ата-анаға және үлкенге құрмет.
Конфуцийдің ойынша, халықты қорқытып, зорлықпен бағындыруға болмайды. Мемлекетті басқару ісін жақсы меңгеріп, қарапайым адамдардың қиын мәселелерін түсіне білетін басқарушыны халық өздері-ақ құрметтеп, бағынатын болады дейді. Халықта басқарушыға қоғамды қалай басқару керектігі жөнінде өз ұсыныстарын білдіріп отыру керек.
Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет)- сүйіспеншілік және рәсімдік әрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың әруағына құмет дегенді білдіретін. ата-бабалар әруағы өте маңызды болды: әркім өздерінің ата-бабаларының әруағына құрбандық шалып, құрмет көрсету крек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, әркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай құрметтеу керек.
Конфуций өмірден өткеннен кейін оның ілімін әркім өзінше түсінді. Көрнекті шәкірттері Мэнь-цзы мен Сюнь-цзы.
Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ».
«Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол.
Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік.
«Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия.
Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған.
Әлемде аспан мен жер бастамалары заттардың өмір сүру заңы арқасында үйлесімді бірлікте болады. Даолық ілімге сүйенсек, дүниедегі барлық заттарды «Инь» мен «Ян» қағидасына байланысты екіге бөлуге болады. «Инь»-әйелдік бастама, оған жер, су және қыс мезгілі жатады. «Ян»-еркектік бастама, оның атрибуты аспан, от және жаз мезгілі. Бір-біріне қарама-қарсы әрі бірін-бірі толықтырып отыратын осы элементтердің өзара әрекетін, байланысын есепке ала отырып, даолықтар өздерінің өмірін болып жатқан құбылыстармен, табиғатпен үйлесімділікте ұстауға шақырады.
«Инь» мен «Ян»-бірін-бірі толықтырып отыратын даолық қағида. «Инь»-әйелдік бастама «Ян»-еркектік бастама.«Инь» мен «Ян»
Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».
Легизм (Фа цзя-заңгерлер мектебі) негізін салған Шан Ян (б.д.д. 390-338ж.ж.), өкілі Хань Фэй (б.д.д. 288-233ж.ж.). Негізгі еңбегі «Книга господина из Шан». Легистердің мектебі қоғамды басқару мәселесіне байланысты қалыптасты. Қоғамды басқаруда заңдар ойлап тауып,мемлекетті заңға сүйеніп басқару керек дейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін:
1. Мақтаудан гөрі жазалау көп болу керек;
2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру керек;
3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмысқа бармайтын болады;
4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек.
Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды. Керек болса, мемлекет үшін өлімге де барады.
Қытай философиясы - Қытай халқының дәстүрлі философиялық
білімдер жүйесі. Қытай философиясының
пайда болу тарихы б.з.б. 1-мыңжылдықтан
бастау алады. Қытай философиясы діннен
гөрі дәстүр аясында дамыды. Ежелгі Қытайда Чжау әулеті тұсында аспан (Тянь)
жоғарғы бастама болып, аспан-жер қатынасы
құндылық тұрғысынан қарастырылды. Осыдан
келіп ел, мемлекет мағынасын білдіретін
«Аспан асты» («Тянь ся») ұғымы қалыптасты.
Қытай философиясы екі мектеп (бағыт) түрінде
пайда болды: даосизм (дао цзя) және конфуцийшілдікфилософиясы (жу цзя). Кейін
басқа мектептер: легизм (фа цзя), моизм (мо цзя), атаулар мектебі (мин цзя), ньян мектебі (иньян цзя), тағы басқа қалыптасты.
Жаңа дәуір басында Қытайға таралған Махаяна буддизмі даосизммен бі
Көне Қытай философиясы
Ноябрь 11, 2011 · Философия
Көне Қытай
философиясы
Қытай мемлекеті қазіргі уақытта әлемдік деңгейде танымал мемле- кеттердің бірі болып отырғаны күмәнсіз. Өзінің экономикалық қуатын, мәдениетін, саяси ықпалын күннен күнге күшейтіп отырған кершіміздің ұлттық болмысын, философиялық дүниетанымын, адамгершіліктік ұста-нымдарын танып-білу біз үшін аса маңызды және пайдалы. Әр халықтың ішкі, нағыз мәні оның философиясы арқылы ашылатыны белгілі, сондықтан да көне
Қытай философиясымен танысу,
оның бастауларына үңілу қазіргі Қытай қоғамын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Қытай философиясы өз бастауын біздің дәуірімізге дейінгі VIII –VI ғасырлардан алып, тарихи даму
барысында көптеген философиялық мек-тептер мен бағыттарды, ғұлама философтарды дүниеге әкелді.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1) Ең басты ерекшелігі – саяси-практикалық сипатының басымдылығы, яғни философиялық ой мемлекет мүддесіне қызмет етті. Бұл ерешелік сол
Қытай қоғамының әлеуметтік құрылымынан, мемлекеттік саясаттан
тікелей туындайды. Көне Қытай мемлекеті иерархиялық деспотия үстемдік құрған мемлекет болды. Мемлекет
басшысы ван, барлық билік соның қолында, ол әлеуметтік конустың шыңында орналасқан. Одан кейінгі қабаттарда әр түрлі деңгейдегі ақсүйектер: мемлекеттік шенеуніктер
– чжухоу, беделді отбасылар – дафу және ши, ең төменде -ештеңеге құқы жоқ шужэнь орналасқан. Қатаң тәртіпке, ванға бағыныштылыққа негізделген осындай қоғамның философиясы, әрине, «жоғары» мен «төменнің» арасындағы қатынастарды қалыптастыруға, реттеуге, қатаң ұстауға бағытталды.
2) Осы бірінші ерекшеліктен Қытай философиясының келесі ерекшелігі туындайды:
философиялық мектептердің барлығының дерлік қарастырған басты мәселесі – адам, оның бойындағы ізгілік және зұлымдық мәселесі болды. Қытай философиясы адамды Көк пен Жердің арасындағы он мың заттың ең құндысы деп танығанымен, бұл дүние адам үшін жаратылмаған, адам – қарапайым «микрокосм». табиғаттың бір бөлшегі ғана, ол космоспен мыңдаған көрінбейтін жіптермен байланысты
деп түсіндірді. Яғни, адамның міндеті – осы жіптерді үзбей, жеке белсенділік көрсетпей, өзінен жоғарыға, езінен үлкенге қызмет етіп. табиғат пен өмір ағынына еріп, тыныш өмір сүру, өзінің адамгершілігін жетілдіру
жолында тынымсыз еңбектену., Себебі, бұл өмірде ең маңызды нәрсе – жеке адам емес, ол өмір сүріп отырған қоғам, мемлекет, ал жетілген қоғам жетілген адамгершілікке
ие адамдардан құрылмақ деп түсіндірілді.
3) Қытай философиясының да бастауы мифология болды
деуге болады. Ежелгі мифтердің мазмұнындағы адамның адамгершілік келбетін жетілдіру,
адам және қоғамның арасындағы қатынастарды реттеу мөселелеріне басты назар аударылды.
Көптеген мифтік ұғымдар Қытай философиясының негізгі философиялық категорияларының қалыптасуына айқындаушы ықпал етті.
4) Натурфилософиялық мәселелер мардымсыздау талқыланды, бұл мәселелерді «инь-ян» мектебі
немесе натурфилософтар, моистер және дао-сизм мектебінің өкілдері ғана қарастырды.
Бірақ табиғи құбылыстарды да Қытай ойшылдары әлеуметтік және адамгершілік құбылыстармен байланысты қарастырды. Дүниенің бес ба-стауы: су, от, ағаш, металл, жер және табиғаттың бес құбылысы: жаңбыр, күнщуақ, ыстық, суық және жел бар деп түсінген және олар халықтың тұрмысына әсер етеді деп пайымдаған философтар олардың себептерін анықтауға тырысты. Бұл түсініктер өздерінің бастауын мифологиялық
және көзқарастардан алатынын айта кету қажет.
Көне Қытайдың негізгі философиялық ескерткіштері: «И цзин» -Өзгерістер кітабы», «Ши цзин»
– «Өлендер кітабы», «Шу цзин» –
«Тарих кітабы».
«И цзин» – «Өзгерістер кітабы» – бүкіл Қытай мәдениетінің қалып-тасуына зор әсер еткен, маңызын әлі күнге дейін жоймаған шығарма. Кейбір зерттеушілер оны қасиетті кітап деп атап, Ведалармен,
Інжіл. Құранмен бір деңгейге қояды. Ғалымдардың пікірінше, «И цзин» ежелден
келе жатқан бал ашу практикасымен байланысты
пайда болып, даму барысында философиялық пайымдаудың негізіне айналған. Философиялық ескерткіштердің арасындағы ең көнесі болмаса да, бұл кітап Қытай философиясының бастауы болды деуге болады,
бірақ оның түсінуге қиын мәтіндерінің мазмұны әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. «И цзин» 64 гексаграммалардан
тұрады, олардың жүйесі үнемі өзгеріп отыратын дүние-нің 64 күйі мен құрылымынан тұратын, Көк – Жер – Адам қатынасын білдіретін ілімді құрайды деп түсіндіріледі. Шығармада Қытай филосо-фиясының негізгі категориялары қалыптасқан, олар арқылы адамның өзін қоршаған ортаға деген қатынасы, кеңістік, уақыт, табиғи құбылыстар, әлеу-меттік өзгерістертуралы түсініктері бейнеленіп, Қытай қоғамының дәстүрлі көзқарастарының теориялық негізі қаланған деуге болады.
«Ши цзин» – «Өлеңдер кітабы» 305 поэтикалық шығармалардан тұрады. Олардың қай кезеңдерде жазылғанын дәл басып айту қиын, қазіргі заманғы ғалымдар бұл өлеңдер шамамен біздің дәуірімізге дейінгі XI -VII ғасырларда, Қытайда философиялық мектептер әлі қалыптасып үлгермеген уақытта жазылған, кейінірек Конфуций өлеңдерді іріктеп, өңдеп, өзінің философиялық ілімінде қолданған, ал оның шәкірттері Конфуций мектебінің негізгі кітабына айналдырған деген болжам айтады. «Ши
цзинді» басқа философиялық мектептер де зерттеді. «Өлеңдер кітабын-да» Көне Қытай қоғамындағы ван, дафу, чжухоу топтарының өмірі, адамгершілік келбеті, әлеуметтік қызметі жырланады.
«Шу цзин» – «Тарих кітабы» немесе «Құжаттар кітабы». Кітапты алғаш рет Конфуций құрастырды, кейіннен әр түрлі ойшылдар оны бірнеше рет өңдеді (олардың кейбіреулері кітапқа өз мәтіндерін де қосып, араластырып жіберген),
кейбір бөліктері біздің дәуірімізге дейінгі 213 жылы кітаптар өртелген кезде отқа жағылды деген пікірлер бар. Атынан
көрініп тұрғандай, кітаптың тарихи мазмұны басым, бірақ философиялық көзқарастар да (әсіресе, Конфуций мектебіне
тән) көп кездеседі. Мәтіндердің басым бөлігінің мазмұны кітаптың өте ерте, көрнекті Қытай философтары дүниеге келместен бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Қазір «Шу цзиннің» 55 тарауы бар, олардың арасында 33 тарауының нақты «Шу цзин» кітабының алғашқы нұсқасына жататыны анықталған. Кітапта қарастырылатын негізгі мәселелер: адам және қоғам, адам және табиғат арасындағы үндестік, ата-баба салттары,
Көктің адам мен қоғамға айқындаушы әсері және т.б.
Көне Қытай философиясының негізгі мектептері: Конфуций
мектебі, даосизм, легизм, моиз, натурфилософия
және номиналистер мектебі.
Олардың арасындағы бастысы – Конфуций мектебі
болды деуге болады, оның біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықтан бастап, XX ғасырдың басына дейін Қытай мемлекетінің ресми идеологиясы қызметін атқарғаны бұл пікіріміздің дәлелі бола алады.