Ежелгі Үнді философиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2012 в 10:12, реферат

Описание работы

Біздің жыл санауымыздан үш мындай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды.

Работа содержит 1 файл

Ежелгі Үнді философиясы.docx

— 63.18 Кб (Скачать)

Ежелгі  Үнді философиясы

Біздің жыл  санауымыздан үш мындай жыл бұрын  Ежелгі Үнді жерінде кауымдық қоғам  ыдырап, оның орнына кұлдық қоғам калыптаса  бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар),кшатрии-лер (әскербасылары), вайшьилер (ауқаттышаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда  өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі" мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардын үлесіне  —ой еңбегі, кшатрииларға — әскери қызмет, вайшьилерге — егін шаруашылығы, қоленер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға — қара жұмыс қана тиді. Осы кезде қоғамдык өмірге, әлеуметтік қатынастарға сай келетін мифологиялык, философиялық көзқарастар да қалыптасты. Олар негізінен ежелгі үнді мәдениетінің ескерткіші — ведаларда (веда —  білім) жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады:

І.Самхит—құдайларға  арналған гимндер жинағы.

2. Брахман-самхитті  түсіндіретін әр түрлі мифологиялық  әңгімелер.

3. Араньякта  (Орман кітабы) — брахманға тән  ритуалдардын орнына, сол құдайларды  іштей сыйлап-құрметтеу, олар  туралы ойлап-толғану сияқты көзқарас.

4.Ведалардың  еңсоңғы сатысы "упанишадта" дәстүрлі  кас-талардықарсы қоюдан гөрі, олардың  арасындағы айырмашы-лықты еңжоғары  білім арқьілы жоққа шығаруға  болады деген идея уағыздалады.

Упанишадтың басты  тезисі — Брахман—бар әлемнің  генетикалық, түпнегіздік бастамасы  және олардың соңы. Брахман екі  түрлі болады. Біріншісі — қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып  кетуі мүмкін, ал екіншісі — жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі  болса, екіншісі — жалкы. Кейбір жағдайларда  брахманмен қатар, синоним ретінде  атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты—біржағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты  атман — тіршіліктің негізі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің бастамасы, негізі және соңы болады. Брахман және атманмен бірге қатар тұрған ұғымдардыңбірі — "мен". Мен" өзін брахманмен, атманмен теңмін деп түсінгенде ғана құдаймен, бүкіл әлеммен тең болады. Ал "мен" —-бірбөлек, брахман, атман  — бір бөлек деп түсіну білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып  білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік Упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тіқелей құрбандық шалғаннан  гөрі, құрбандық шалу туралы білім  өте қүндырақ. Нағыз брахман —  өмір қиыншылығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан  арылып, тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп, білген адам. Өмірдің ең басты мақсаты —  тірі кезіңде сансардан (жанның бір  денеден бір денеге көшіп жүруі) құтылу арқылы атман-брахманмен косыльш  б ірігу. Ведалар негізінде қалыптасқан  философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауьша  байланысты әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жаинизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья, т.б.

Жаинизм ("жайна" — жеңімпаз). Жаинизмнің негізгі  философиялық көзқарастары "Сиддханта"деп  аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жаинизм сансарға, кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды  қасіреттен азат ету) сенеді. Жаинизмнің басты мақсаты — қасірет деп  түсінген өмірден азат болу.Жаинизмнің ілімінше, карма заңын кұдайларға құрбандық шалу арқылы өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған  келеңсіз істерінің салдарын осы  өмірде сансардан құтылу арқылы жеңуге болады. Жайналықтар әлемді тіршілігі  бар және тіршілігі жоқ деп  екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану)тұратын материалдан (пудгала) кұралады. Олар бір-бірімен  косылып бөліне алады. Тіршіліксіз  әлемге сонымен катар кенестік (ақаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршілігі бар әлемнің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әр түрлі болады. Егер ауа, жер, от, өсім-діктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім  мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы  алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық  денелер түрін кабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір  денелерден екінші денеге ауысып отырады. Жаинизмде мокша тіршілігі бар  және тіршіліксіз әлемдердің арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді. Карманың өзі көп түрлі. Оның бірі — денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген отбасын  айқындаса, екіншісі — өмірдің ұзақтығын, үшіншісі — тіршілік пен тіршілігі  жоқтарды біріктірудің негізі болып  есептелетін құштарлыққа, ләззаттануға қатынасты анықтайды. Сансардан  азат болу үшін "үшқазынаны" сақтау керек.Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім. Дұрыс сенім —  төрт ханкарлар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық  — тазалыкты, шындықты, сабырлықты, т.б. сақтау. Ал шынайы білім—жанның сезім  мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған  білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен  тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі  жасайды. Шынайы білім өз тарапынан  үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында  жан кашықтағы ұсақ заттарды түйсінеді, екінші сатысьнда.— өз бой-ындағы адамдарға  деген қызғанышты, жек көрушілікті  жёңген жан, адамдардың казіргі және өткен кездегі ойларын тікелей  білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында  сансардан азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.

Жаинизм пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі  қабатыңда — әзәзіл (перілер), ортаншы  қабатта жер, келесі кабатта —  құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта  — құдайларға ұқсас жындар орналасқан. Шындап кел-генде, жаинизм пікірінше, құдайжоқ, оның бар екендігі туралы келтіріліп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз қате, сондықтан да құдайға  емес, 24 тиртханкарға (әулиелер) және жындарға сену керек.

Жаинизм кейінірек  келе дигамбар және шветамбар деген  екі сектаға бөлініп кетті. Жаинизмге  Үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді. Буддизм. Бүл философиялык ағымның шығу тарихы принц Сиддхарта  Гаутаманың (б.д.д. 563-483 жж.) есімімен тығыз  бай-ланысты. Будцизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен кұтыла алмайды. Оған кұдайға  шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен кұтылудың бірден-бір  жолы — сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі  қажет:

1. Өмір — қасірет.  Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айырылу,  кажетіңе жете алмау, т.б. осылар-дың  бәрі — қасірет.

2. Касіреттің  пайда болу себептері туралы  ақиқатты білу Ол—өмірге, ләззатқа  деген құштарлық.

3. Құштарлықтан  құтылу арқылы оны жеңу.

4. Құштарлықтан  құтылу жолдарын білу.

Құштарлықтан  құтылу оңай емес. ол үшін сегіз қағиданы бұлжытпай орындау керек, Олар:

1. Дұрыс жол  — төрт ақиқатты дүрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—төрт  ақиқатқа сәйкес өз өмірін  өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз  — өтірік айтпау, біреуді босқа  жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет—  ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық  жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық  болу.

5. Дұрыс тұрмыс  қалпы — адал еңбек етуді  әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш  жұмсау — қүмарлықпен, жаман  оймен күресу

7. Дұрыс ой  бағыты— дүниенің жалған, уақытша  екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала  білу — өз денеңді сезінуден,  ойлаудан, түйсінуден арылу.

Дұрыс жинақтала  білудің өзі төрт сатыдан тұрады.

1.Ойды төрт  акиқатты түсініп, пайымдауға  бағыштау.

2.Осы төрт  ақиқатка сену. Ол біздің жанымыздың  тыныштықта және куаныш та  болуына мүмкіндік береді.

3. Куаныш —  қайғыдан, өзденеңді сезінуден арылу.

4. Толық сабырлылық  және талғаусыздык жағдайға жету.

Соңғы сатыны Будда "нирвана" деп атайды (адамның  тірі кезінде жанды сансардан  толығымен азат етуі). Нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана —  бұл дүниеде азат етеді. Нирвана  жағдайына жеткен адам архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп аталады. Нирвана — ең жоғарғы ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның  бойынан бүкіл әлемдік көрініске  ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны  ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік  нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек қана дұрыс жолмен жүрген,ақыл-ойы күнделікті қызықтан алшақ адам танып - біле алады. Б.д.д. III ғасырда буддизм Иңдияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек  келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна — "кіші шеңбер" деп аталатын ағым бастапқы буддизмге жақынырақ болса, макаяна—"үлкен шеңбер" деп аталатын ағым "бодхисаттваны" пір тұтып, одан алшақтап кетті. "Бодхисатхва толық білімге жетуге талпыньп жүрген адам.. Ол алғашқы буддизмдегі білгір адамнан гөрі, дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқаруға көмектеседі. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айырылып, "жұмақ" деген ұғымға пара-пар болып шыға келеді. Буддизмге сүйенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (Қытай,Жапония, Бирма, Цейлон, т.б.). Ал Үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басып, буддизмдегі Будда Вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады. Локаята (Чарвака). (Лока — "аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір", Ал көптік түрде — "адамдар", "халық, адамзат" деген мағыналар берген). Локаяттар веда ілімдерін жокқа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделді ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. (Мысалы, веда дінбасыларын халыкты алдап, соның арка-сында байып жүр, дене өлгеннен кейін жан да өмір сүрмейді). Олардың пікірінше, әлемдегі барлық денелер, заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агаи), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Олар өздеріне тән күштің, белсенділіктің аркасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ касиет-сананы дүниеге әкеледі. Ал жанды дене-лер өлгенде, олар қайтадан өздерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады. Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі — ләззат деп түсінген. Ләззат пен қасірет байланысты, бірақ' қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес,сондықтан оны азайтуға, жеңіддетуге болады, ол өз қолымызда. Кейінірек келе, локаяттар сушикшит (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлінеді.

Ежелгі  Үнді философиясы

Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы – Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады. 
 
Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна – тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның шеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар – ой еңбегімен, кшатрийлер – әскери істермен, вайшьялар – жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар – қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік – варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін. 
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі – жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды. 
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері: 
1) ғылыми оймен байланысының аздығы; 
2) жеке тұлғалық сипатының нашарлығы; 
3) діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы; 
4) философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі және белгісіздігі; 
5) негізгі философиялық ұғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және сантүрлілігі. 
Көне Үндінін негізгі философиялық ескерткіштері 
Ежелгі Үнді философиясының бастауы – біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің, философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды. 
«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен түрады: 
1) Самхиттер – құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады; 
2) Брахмандар – діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып тұр. 
3) Араньяктар – «Орман кітаптары» – қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі «іс-әрекет жолынан» «білім жолына», тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола бастайды. 
4) Уланишадалар – философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен алғанда біздің дөуірімізге дейінгі VІІ-VІ ғасырларда қалыптасып, бұл дәстүр ХІІ-ХП ғасырларға дейін жалғасты. Uрапі-sаd ( «қасында отыру»), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тыңдау, «жұмбақ білім» дегенді білдіреді. Упанишадалар – ұстаздың шәкіртпен диалог-әңгімесі, оның тақырыбы – болмыстың алғашқы бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар түсіндіріледі. 
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі бо-лыптабылады. Махабхарата – «Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз», діни, мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің қасиетті түпнұсқаларының бірі. 
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері 
Г Жайнизм – көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы – біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын), немесе, Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. 
Жайн¬дардың көзқарастарында олардың өмір сүрген кезеңдеріне байланысты ерекшеліктер болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса – тірі мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя – ұрлық жасамау; сатья – шыншылдық; апариграха – үйірсектікке (М.Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде осы ұғымды «жабыспау» деп аударған) тиым салу. Махавира бүл тиымдарға бесіншісін – брахмачарья – некеден бас тартуды қосты. Жайн монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс. 
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: ди-гамбаралар («ауа киіндіргендер») және шветамбаралар («ақ кигендер»). 
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны беліп көрсетті: 
1) джива – тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2) зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен адхарма; 6) уақыт. 
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді және денесіз. «Тірі» болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар «тірі емеске» жатады. 
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге – прадешаларга бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге бөледі: көрінетін әлем кеңістігі – «дүние» (лока) және «дүние-емес» (а-лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді. 
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер – атом-дардан тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, бел-сенді, әр түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі бар: 
стхула-стхула – «өте дөрекі», яғни қатты заттар. 
стхула – «дөрекі», мысалы, сұйықтар; 
стхула – сукшма – «дөрекі-нәзік», мысалы, көлеңкелер және айнадағы бейнелер; 
сукшма-стхупа – «нәзік-дөрекі», көзге көрінбейтін газдар, иістер; 
сукшма – «нәзік», ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия; сукшма-сукшма – атом секілді «өте нәзік» зат. 
Уақытты субстанция деп тек қана дигамбаралар мойындайды, ол бар-лық субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда бо-луының, өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады. 
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм «өмір дегеніміз -азап» ұғымын ұстанады. Азап – карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада: жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш нәрсені орындау -дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз, жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды. 
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу – жайнизм түсінігі бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетг Жайндар өмірді аса қатты қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар ме жәндіктердің өміріне де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзі талабы қатты, қоршаған дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтар мейірімді аскет адам ғана өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады. 
Будднзм – көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінін: негізінде дүниеге келген. Негізін қалаушы – біздің дәуірімізге дей: 560-480 жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетг өмір сүрген Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбін Сидхарта Гаутама деп жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыс-тарымен кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп шешті. 
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Будда» еңбегінде жақсы баяндады: «Адам біткен ауырады, қартаяды, өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады. Бұны біле тұра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу керек» («Абай» журналы. 1918 ж., №3). 
26 
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені озгерту ар-кылы адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік «Менді» өзгер- 
өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны» құру- Будда екінші, экзистенциалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге. адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып, нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт ақиқат арқылы белгілейді: 
1) өмір – тынымсыз күрес, азап, бейнет; 
2) азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан 
(өмір сүруге құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады; 
3) азаптың себебі бар. Оны танып-білуге болады; 
4) азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады. Буддизм өмірге құмарлықты жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін 
дұрыс жол тандап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс куш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл бөлу секілді адамгершілік принциптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады. 
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі ма-терияның, органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің ара-сында себептілік бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп есептемегенімен. адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана – адамдардың көпшілігі үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету. 
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп ойлап, пайымдауға негізделген медитация – йога деп көрсетеді. Тұлға элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті – йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептеиді, яғни, көп нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек, себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз күшшен, сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды. 
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден, қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде де кең тарап отыр. 
Чарвака-локаята – философиялық әдебиетте Көне Үнді филосо-фиясындағы материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). «Чарвака-локаята» сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде локаятиктер логикалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі – туйсіктер. Олардың пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным негізі бола алмайды. 
Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ- дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам өмірінің мән-мақсаты – осы нақты өмірде рахатқа болену, азап-қасіреттен аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін ұстанды. 
Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары 
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді филосо- фиясының терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын. бір ұғымның өзі бірнеше мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үнді еліндегі ойлау жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем белектігімен, оны белгілі бір логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр халықтың өмір салты, дүние туралы түсінік ұғымдары, пайымдау тәсі лі әр түрлі. Сол себепті бір халықтың өз тілі алыптаскан 
философиялық ұғым-категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүмкін емес. Мысалы, қазақ халқынын адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күндеде олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды. 
Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының маз-мұны туралы жалпы түсінік беріп қарайық. 
Архат – «жауды жеңуші» дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен, сананын тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды. 
Атман – бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: «мен», «езімді», «дене». Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы – индивидуальдік және универсальдік космостық психикалық болмыс ретіндегі «адам». Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-ойдан, сез бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, «брахман» ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі. 
Брахман – бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брах-мандардың екілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция. 
Будда – «нұрланған», «оянған». Кең мағынасында – арамдаушы сезімдер мен білместікті жеңу жолдарын керсеткен және құбылыстардың абсолюттік және салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам. Тар мағынасында – будда дінінің негізін қалаушының аты. 
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (сіһагта) – бірнеше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда Ілімі, рухани білімнің кви-нэссенциясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс заңдылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы – болмыстың элементтері. Әлемдік процесс – себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, еткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі -абсолюттік тыныш күйге, сенуге жету. 
Иога – әдетте бұл ұғым индивидтің өзін-өзі физикалық жағынан жет-ілдіруінің техникасы ретінде түсініледі. Шындығында, йога – терең мәнді философиялық ұғым. Ежелгі үнділіктер тұлғаны (риdgа1а) жеке элемент-теден тұратын рухани белік пен атомдардан тұратын физикалық құры-лымның бірлігі деп қарастырды. Элементтердің екеуі аса құнды, егер оларды дамытуға қажетті деңгейде назар аударылса, олар индивидті өзгер¬те алады. 
Бұл элементтер – бағалық сараптау жасай білу қабілеті және ойларымызды бір нүктеге жинақтай білу қабілеті. Sаmаdhі немесе уоgа деген осы. 
Карма – «іс-әрекет». Ең мардымсыз деген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, – жақын уақытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, – міндетті түрде салдар туғызады, ол жақс немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтижесінде бақыт пай да болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы адамгершілік заңдылығы карма деп аталады. 
Нирвана -»жоғалу», «сөну». Күнделікті өмір – бітпейтін күйбең тіршілікке, азап-қасіретке толы бақытсыз болмыс, ал нирвана – осы азап-қасірет шегуден, карма заңының негізінде қайта туылудан құтылып, сананың өшуі, болмыстың арамдықтан тазаруы. Адамның бұл күйін сипаттап жеткізу қиын, үнді ойшылдарының өздері нирвананы логикада және уақыттан тыс деп қарастырады. Әдетте нирвана ұғымын рахат ұғым арқылы ұғынуға тырысуға болады, бірақ рахат түйсікпен, сезіммен баланысты күй, ал нирвана-абсолютте түйсіктер де, сана да, жігер де жоқ ол зұлымдық пен құмарлықтар-дың тынышталуы, сезінбеудің толық дәр жесіне жету. 
Сансара – азап-қасіретке толы қайта туылудың, өмір мен өлімнің үздіксіз процесі. Сансараның тамыры – білместікте, сондықтан одан құтылу жолы – нирванаға өну.

       Үнді философиясының негізгі бағыттары және мектептері

Жалпы адамзат  тарихында қола дәуірінен темір  дәуіріне өту өндіргіш күштердің  ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ,сонымен қатар рулық,алғашқы  қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына , ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әректі арқасында өзінің табиғат  құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде  абстракциялық  ойлау қабілетінің  өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп, ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан  жаңа жағдайларды түсіндіретін тың  көзқарас  күйзеліске ұшырап , олардың  орнына қоғамда  қалыптасқан жаңа жағдайларды  түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады.Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген  мифологиялық дүниетаным  мен жаңадан  дүниеге келіп жақан білім  және ойлау қабілетінің  арасындағы қайшылықтарды шешуге  тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия  емес еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен  нашар байланыста болуы, шығыс философиясының  діни мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді. Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.

Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын  төмендегідей сипаттауға болады: 
Варналар - топтар Варналардың өкілдері 
Брахмандар Абыздық варна 
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары 
Вайшьялар Егінші-варналар 
Шудралар Төменгі варна 
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. 
      Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. 
      «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.  
Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді: 
Ригведа 
     Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық  әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды. 
Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді. 
    Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді. 
    Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді. 
     Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. 
     Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты. 
     Ньяя - гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты - бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол. 
     Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды. 
     Йога жүйесіндегі басты мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.  
     Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. 
     Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. 
     «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні - карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты - ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.  
     Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады. 
     Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. 
     Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. 
 
ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер. 
Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр. Сонымен қатар ол Жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым. Адамдар арасында өзінің жеке ұғымын, өмір сүру тәсілін, дүниетанымын дін ретінде түсіндірушілер де кездеседі. Алайда, ортақ бір мәселе бар: дінге сенетін барлық пенде өзіне әсер ететін белгілі бір құпия күштің бар екендігіне сенеді.

Информация о работе Ежелгі Үнді философиясы