Дж. Локктың таным туралы ілімі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2012 в 12:02, практическая работа

Описание работы

Локк Джон ағылшын философы және саяси ойшылы. Ол 1632 жылы Рингтонда диссидент-пуритан отбасында дүниеге келген. Ол эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.

Работа содержит 1 файл

3.pptx

— 150.12 Кб (Скачать)

 Дж. Локктың таным туралы ілімі

Дж. Локк жайлы тарихи мағлұматтар

 

    Локк Джон ағылшын философы және саяси ойшылы. Ол 1632 жылы Рингтонда диссидент-пуритан отбасында дүниеге келген. Ол эмпиризм және либерализм өкілі. Сенсуализмның тарауына әсер етті.

        

          Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейірімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.

          Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп, психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім-тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік түйсінулер арқылы қалыптасқан деді.

  

 

         Локк эмпиризмді – білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Оның білім концепциясы сенсуализмге негізделген, ақыл-ойда әуелі сезімде болған нәрседен басқа ештеңе болуы мүмкін емес деп тұжырымдайды. Локктың пікірінше, адамгершіліктік ұғымдар да адамға туа біткен қасиеттер емес, оны Локк моральдық түсініктердің әр халықта әр түрлі, тіпті бір халықтың өзінде тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде моральдық ережелердің бір-біріне ұқсамайтындығы арқылы жақсы дәлел-дейді, яғни моральдық априори болуы мүмкін емес.

       Локк құдай идеясының әуелден қалыптасқан идея екендігін де жоққа шығарады, бірақ оны тәжірибе арқылы танып-білуге, мойындауға болады деп пайымдайды.

       Адам жаны, Локктың ойынша, дүниеге келгенде таза қағаз, оны өмір әр түрлі жазулармен толтырады, осы өмірлік тәжірибені Локк сыртқы тәжірибе деп атайды (адамнан тыс заттар мен жағдайлардың әсері). Бірақ Локк адамның ішкі дүниесін де жоғары бағалайды, оны ішкі сезім немесе пайымдау деп атайды. Сыртқы тәжірибе идеяларын біз көз, есту, сезіну және тағы басқа сезім органдары арқылы, ал ішкі тәжірибе идеяларын қуаныш, қайғы, мақтан, тағы басқа психикалық жадайларымыз арқылы аламыз. 
     Локк сыртқы, практикалық тәжірибенің рөлін жоғары бағалайды, практика ғана ақылымызды да, денемізді де жетілдіреді, тәрбиелеудің табыстылығы ішкі және сыртқы тәжірибенің үйлесімділігін көрсетеді дейді. Локктың бұл ойлары оның қоғамдық-саяси көзқарастарынан да жақсы байқалады.

    

      

 

Локктың таным теориясының үш қағидасы

 

      1. Адамда «туа біткен идеялардың»  болуы мүмкін емес, себебі идеялардың  өзі тәжірибе арқылы пайда  болады;

      2.  Адамның дүниеге келген кездегі  ақыл-ойын ештеңе жазылмаған таза  тақта немесе «ақ қағаз» сияқты, ло тек тәжірибе арқылы мазмұнға  толады.

      3. Ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер  арқылы қабылданған мәліметтерден  басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге  шығатын терезе - түйсік.

     

 

Назарларыңызға  рахмет!


Информация о работе Дж. Локктың таным туралы ілімі