Диалектиканың негізгі идеясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 16:31, доклад

Описание работы

Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі – даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде- ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары, – деп көрсетті Ф. Энгельс, туа біткен диалектиктер еді, ал солардың ішінде Аристотель жан- жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді.

Работа содержит 1 файл

Диалектиканың негізгі идеясы.docx

— 16.71 Кб (Скачать)

Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі – даму идеясы. Диалектика даму жөніндегі, жалпыға бірдей байланыс жөніндегі ілім ретінде сонау ертеде- ақ пайда болды. Ертедегі барлық грек философтары, – деп көрсетті Ф. Энгельс, туа біткен диалектиктер еді, ал солардың ішінде Аристотель жан- жақты білімдар, кемеңгер ойшыл болды, ол диалектиканың ерекше белгілерін зерттеді. Ертеде диалектиканы қарсылас адамның пікірлеріндегі қарама – қайшылықтарды табу және оны жою арқылы ақиқатқа жету, яғни айтыса білудің әдісі деп түсінді. Кейіннен даму жөніндегі философиялық екі көзқарастың бірі таным әдісі мен болмыстың өзгеруін диалектика деп атады.

Диалектиканың тарихи түрлері:

  • Ертедегі грек философиясы – Гераклит, Аристотель;
  • Жаңа өрлеу заманының философиясы – Н. Кузанский;
  • Гегель диалектикасы (диалектиканың үш заңы);
  • Орыс революцияшыл демократтары, қазақ ағартушылары;
  • Марксистік диалектика – К. Маркс, Ф. Энгельс;
  • ХХ ғасыр диалектикасы.

 

Ертедегі диалектика стихиялы, тұрпайы еді. Жалпы түрде болмыстың  дұрыс бейнесін көрсеткенімен, нақты  мәселелерді шешуге келгенде ол қабілетсіз болды. Сондықтан ол ғылым дамып, іс жүзінде нақты материалдарды  жинақтай бастаған кезде, метафизикаға орын берді.

Диалектиканың тарихи екінші формасы Гегель диалектикасы болды. Гегель диалектиканың негізгі заңдарын тұжырымдады, оның категорияларының жүйесін  жасады, бірақ мұның барлығы идеалистік негізде жасалды.

Диалектиканың үшінші формасы  ХІХ ғасырдағы орыс революцияшыл демократтары А.И.Герценнің, В.Г.Белинскийдің; Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің  және оларлың ізбасарларының философиясымен байланысты. Қазақ халқының ойшылдары  – Ш.Уәлизановтың және Абай Құнанбаевтың философиялық көзқарастары орыс революцияшыл демократтары философиясының жалғасы, дамуы екенің біздер, қазақстандықтар, мақтаныш етеміз.

Марксизм – ленизм материалистік  диалектиканы тағы бір шыңға көтерді. Ол өзіне өткен заманның нақты  ғылымдары мен жетістіктерін  сынай саралап, сіңіре білді. Сонымен  қатар, ол күн тәртібіне ғылым  мен өмірдің өзі қойған түбегейлі  мәселелерді шешуге үйренді.

Өзгеріс атаулының бәрі бірдей даму бола бермейді. Даму деп – заттар мен құбылыстардың сапа жағынан  қайта өзгеруін, негізінен басқаға  айналуын, біреулерінің құрылып, екіншілерінің, жаңалықтарының тууын айтамыз. Дамудың  жалпыға бірдей сипаты болады. Адамның  айналасындағы барлық заттар мен  құбылыстар – жұлдыздар мен өсімдіктер және адамның өзі де даму процессінде  пайда болып, өзгеріп және дами береді. Қоғамдық өмір де терең өзгерістерге ұшырайды. Феодалдық құрылыстың орнына капитализм орнап, оның орнына социализм құрылып, капитализмге қайта оралдық. Диалектиканың негізгі идеясы, түпкі принципі – осы даму идеясы.

Даму екі бағытта болады:

      • прогресс – латын сөзінен «алға» жылжу деген сөз;
      • регресс – кертартпа деген сөздің мағынасын білдіреді.

Материалситік диалектика дегеніміз  – ол тек даму теориясы ғана емес, сонымен қатар танып білу әдісі  болып табылатын ғылым.

Диалектикаға қарсы ойлаудың басқа бір әдісі – метафизикалық  әдіс. Метафизикалық әдіске тән нәрсе  – ол айналадағы дүниеге біржақты қарайды, оның кейбіржақтарын асыра көрсетіп, еаінші бір жақтарын елемейді, танып білетін заттардың немесе процесстердің барлық жақтарымен байланыстарын есепке ала білмейді (жай ғана көбею немесе азаю деп түсінеді).

Категория дегеніміз –  болмыс пен ойлаудың ең жалпы формалары, адамның дүниені тануы мен  практикалық өзгерулерінің сатылары, ғылымның ең жалпы ұғымдары, адамдардың дүниені тануы мен практикалық өзгертуінің сатылары, ғылымның ең жалпы ұғымдары, адам ойлауының оның болмысына қатынасының сипаттамалары, ғылымның қалыптасуы мен дамуының жалпы шарттары.

Белгілі бір ғылымның негізгі  ұғымдары категория деп аталады.

Категориялардың түрлері:

  1. жеке ғылымдардың категориялары;
  2. жеке философиялық категориялар;
  3. қосарлы категориялар.

 

Бірінші топтың категориялары  физикада, химияда, биологияда, т.б. ғылымдарда кездеседі. Мысалы, физиканың категориялары: масса, энергия, гравитация, және басқалар; биологиялық категориялары –  биологиялық түр, табиғи сұрыпталу, тұқым қуалаушылық және т.б.; философияда да категориялар бар: сана, материя, болмыс және т.б. Олар екінші топтың категориялары. Философиялық категорияларының басқа ғылымдардың категорияларынан айырмашылығы – олар неғұрлым жалпы (немесе тіпті мейлінше жалпы) ұғымдар. Мұнда әр түрлі категориялар өмір шындығының түрлінше жақтары мен қасиеттерін бейнелейді. Философиялық категориялардың арасында қосарлы категориялар деп аталатын категориялар ерекше орын алады, бұлар екі- екіден жұптыстырылып қаралады (форма мен мазмұн, мән мен құбылыс, т.б.). Үшінші топтың категориялары – қосарлы категориялар.

Бұл категориялардың өзгешелі мынадай: олардың арақатынасы құбылыстардың  әр түрлі жақтарының арасындағы жалпыға  бірдей диалектикалық заңдары, жалпыға  бірдей тұрақты байланыстарды білдіреді. Принциптік жағынан алғанда бұл байланыстардың ең негізгі заңдар көрсететін байланыстардан айырмашылығы жоқ, сондықтар оларды кейде диалектиканың жай заңдары деп атайды.

Категориялар дегеніміз  – адамның айналадағы дүниені  ғасырлар бойы танып білуінің қорытындысы, табиғат сырларын меңгеру процесінде адам танымының көтерілген басқыштары.

 

Диалектиканың категориялары

І. Қосарлы категориялар:

- жеке

- ерекше

- жалпы (ортақ)

Дүниеде мүлде бірдей заттар болмайды. Жеке затқа тиісті және оны  басқа заттардың бәрінен айырылып тұратын, дара, қайталанбайтын белгілердің  жиынтығын жеке деп атайды. Мысалы, нақ осындай белгілері бойынша біз мыңдаған адамның ішінен өзімізге таныс адамды танып айырамыз. Бірақ заттар, бір – бірінен айырмашылығы болып қана қоймай, сонымен қатар олар өзара ұқсас та болып келеді.

Бірсыпыра заттарға тән ұқсас, бірдей, қайталанып отыратын белгілер болып көрінеді, ал бұл заттардың  өздері бір топ (класс) немесе көпшілік болып шығады, ол – ерекше. Мысалы, студенттерді алсақ. Олардың өмірлері


Информация о работе Диалектиканың негізгі идеясы