Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 10:28, реферат
Барух Спиноза (1632-1677 жж.) Амстердам қаласында еврей отбасында дүниеге келеді. Ең алдымен ол діни училищеде оқиды, бірақ оны әкесі саудаға тартып, ол оқу орнын бітіре алмай қалады. Сондықтан ол өз білімін дербес өзіндік дайындық арқылы толтырады. 1656 ж. Библияны сынағаны үшін оны жергілікті еврей қауымы өз қатарынын шығарып, оған лағынет айтады. Сондықтан ол жеке басын асырау үшін өмір бойы көзілдірік шыныларын өңдеп өте ауыр жағдайда өмір сүреді. 45 жасқа келгенде өкпе ауруына шалдығып, өмірден ерте кетеді.