Болмыс ұғымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 19:01, реферат

Описание работы

“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.

Содержание

1.Болмыс ұғымы
2.“Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3.Қозғалыс және қозғалыс формалары

Работа содержит 1 файл

срсп 14 фил.doc

— 91.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қозғалыс  және қозғалыс формалары

 

Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.

Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен  өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда  планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегiадамзат өзгерiстерi.

Сансыз көп  түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi.     Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.

Қозғалыс  дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.

Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.

Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады.  Гераклид

Қозғалыс- үздiксiз  орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс

Әр күн бiр  жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах

Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және абсолюттi болып келедi. Әр нәрсе бiзге тыныштықта болып көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста болады (Жер әр тәулiк бойынша өз осiнен толып бiр айналым жасап отырады, сонымен бiрге жер бетiнде бардың бәрi де қозғалады). Егер қозғалыс абсолюттi болып келсе, оған қарсы- тыныштық салыстырмалы, өткiншi б.т. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бiрге де емес, ол- бар болғаны қозғалыстың бiр сәттiк тұрақтылығы. (жердегi денелер, процесстер мен құбылыстар, әрине, онымен бiрге қозғалып отырады, бiрақ олар Жерге қатысында тыныштық қалпында; адам тыныш, қозғалмай отыр дегеннiң өзiнде оның ой жүйесi жұмыс iстеп тұрады, тыныс алуы, қан айналуы, жүрек соғуы тынымсыз). Сондықтан да қозғалыс абсолюттi, ал тыныштық өзi де- қозғалыс, оның бiр сәттiк тепе-теңдiгi. Тыныштық- бiр жағдайда, бiр қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастардың бәрiнде ол да қозғалыс.

Мәселе  шешу: Немiстiң белгiлi жаратылыстанушы ғалымы Освальд энергетизм ф-ң негiзiн қалады. Мұнда, ол қозғалысты материядан бөлiп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетедi, ал энергия болса материя емес, ендеше материя ғайып болады дегендi дәлелдеуге тырысты.   

Осы заманғы кейбiр энгертизм  ф-н  қуаттағысы келетiн ғалымдар да Е=мс формуласын өздерiнше түсiндiргiлерi келедi. Олардың пiкiрiнше, жарықтың жылдамдығы тұрақты коэфицент болғандықтан, бұл формула материя мен энергияның өзара баламалылығын бiлдiредi. Немесе олар электрон мен протонның фотонға айналуын (е +е >Ф) да материяның жойылып, ғайып болуы деп есептейдi.

Олар, қандай методологиялық қате жiберiп  отыр?

Жауап: 1) энергия материядан бөлек, одан тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиетi, қозғалыстың сан өлшемiн бiлдiредi. Материя бар жерде қозғалыс та бар, ендеше энергия да бар. 2) бөлшектердiң фотонға ауысуы бар болғаны материяның бiр қалпынан, яғни заттық қалпынан- екiншi, өрiстiк қалпына өзгеруiн көрсетедi.

Материяның  өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары  мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс).

Қозғалыстың формалары  өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады.

Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).

Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық  түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi,  теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Болмыс ұғымы