Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 17:10, реферат
“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философида ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні неде? Не себепті көптеген философтар оны өздерінің философиялық ой-пікірлер системасының негізгі мәселесі деп санайды? Не себепті құдайдың болмысы, яғни ол барма, әлде жоқ па? –деген сұрақтың төңірегінде ғылыми көзқарас пен діннің арасында ымырасыз күрес жүріп келеді? Осы және осы сияқты басқа да алуан түрлі сұрақтардың жауабын табу үшін болмыс ұғымының философиялық мән-мазмұнын ашып көрсету қажет.
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Болмыс ұғымы
I.1. Болмыс проблемасының мәні
I.2. Болмыстың негізгі формалары
I.3. Субстанция
II. Материя ұғымы
II.1 “ Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
II.2 Қозғалыс және қозғалыс формалары
II.3 Кеңiстiк пен уақыт
Қорытынды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН-АМЕРИКАН ЕРКІН УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырыбы: Болмыс философиясы. Материя
Орындаған: Слямбеков С.М.
Тексерген:
Өскемен.2011
ЖОСПАР.
Кіріспе
Негізгі бөлім
I. Болмыс ұғымы
I.1. Болмыс проблемасының мәні
I.2. Болмыстың негізгі формалары
I.3. Субстанция
II. Материя ұғымы
II.1 “ Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
II.2 Қозғалыс және қозғалыс формалары
II.3 Кеңiстiк пен уақыт
Қорытынды.
“Болмыс” ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің төңірегінде философида ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені болмыс мәселесі дүниегекөзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Болмыс проблемасының мәні
Ең кең мағынада алғанда,
“Болу” деген етістік өткен
шақта да, осы шақ пен болар
шақта да ең жиі қолданылатын
сөздердің қатарына жатады. “Быть”,
“есть” деген етістіктер
Түрліше нәрселер мен
Ғасырлар бойғы дүние тану
процесінде адамдар болмыстың
мынадай негізгі формаларын
Болмыстың бұл формаларын
Бұл бірлік жайындағы ой-
Дүниенің бірлігін бір
Материалдық субстанцияның
Левкипп пен Днмокрит негзін салған, кейіннен Эпикур әрі қарай дамытқан субстанцияның атоммистік теорияда тұңғыш рет атомдардың беріктік принципі ретінде материяның сақталу принципі нақты, айқын формада ұсынылды. Бұл теорияда дүниенің бастапқы негізгі, субстанциясы ең ұсақ бөлшектер – атомдар, олар жоқтан жасалмайды және жоғалып кетпейді, үздіксіз қозғалыста болады, салмағы, формасы, денеде өзара орналасуы бойынша айрылады деген пікір ұсынылды.
Атомистік теория жаңа
Сонымен қатар Маркске дейінгі
материлизмнің өкілдері
Материялық субстанцияның
Материализмге, атомдық теорияға қарама
–қарсы субстанция ретінде түрліше идеалистік
теориялар пайда болып, олар дүниенің
ең жалпы негізі ретінде құдайдың жаратушылық
идеясын, дүниежүзілік ақыл-ой немесе
абсолюттік рух идеясын т.б. ұсынды. Адам
миының қасиеті болып табылатын психикалық
процестерді ми қызметінен бөліп алып,
материяны, кеңістік пен уақытты жаратушы
дүниежүзілік ақыл-ой, абсолюттік рух
деп жариялады. Субстанцияның идеалистік
және соған жақын діни түсінігі дүниенің
мәні жайындағы мәселенің шешімін ілгері
дамыту былай тұрсын, керісінше, олар белгісіз
“бірдеңені” одан да гөрі белгісіздеу
сиқырлы басқа “бірдеңемен” – бүкіл
әлемдік құдайдың әмірімен, абсолюттік
рухпен, адамның қабылдауына, түсінігіне
көнбейтін ғаламат күшпен ауыстырады.
Сөйтіп, идеализм мен дін дүниенің табиғи-ғылыми
түсінігін әрдайым жалған, қияли уағыздармен
ауыстырып, адамнын санасын шатастырумен
болды. Бұған қарама-қарсыматериалист-
“Болмыс”
ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан
танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және
ең маңызды категориялардың бiрi.
Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”,
“бар болу” деген мағынаның жатқаның
аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның
айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда
адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар
да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге
ұмтылуынан туындаған.
Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн
бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген
қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi
дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi
қандай”,”осында бар болса, басқа жерде
де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар
заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр
ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола
бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние
бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де,
уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп
көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар
дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен
өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы
болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей
мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi
от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып
болмыс пен сана арақатынасын талқылады,
екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”)
болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар
болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ.
Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз,
мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты
емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге
де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы
Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық
материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы,
бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен
туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады,
“күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың
атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)-
керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның
қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы
дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”,
“Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi.
iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады,
оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң
бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық”
онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз-
мәңгiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана
тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар-
заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды
өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi,
материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа
тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы
танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады.
Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат
сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi,
пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы
болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң
күңгүрт бейнесi.
4) Жаңа заман философиясындада болмыс
категориясың “субстанция” категориясымен
тенiстiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн,
жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың
негiзi. Бiр ф-да ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды,
ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды
да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi
идеализм өкiлi, дiндi дәйектеп, материализм
дi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты
мойындап, универсалилердiн реалды өмiр
сүредi деген және абстракциялық ұғымдар
идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi-
рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған
тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала
алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың
түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi
оны адам сезе алмайды.
Ал, Спиноза (1632-1677, нидерланд философы,
Амстердамда туып өскен, математика мен
жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық
танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп
әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат
пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың,
картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң
үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды
интуиция деп, субстанцияның атрибуттары
мен модустар туралы теорияны жасады;
әлеуметтiк философияда еркiндiктi саналы
қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi
жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”)
нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана,
тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр
сүретiн материалды субстанцияны мойындады.
Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен
үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды
Табиғат.
5) Қазырғы заман философиясында болмыс
категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология
(Гуссерль) болмыс- сана арқылы танылатың
заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы.
Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация,
әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға
тек болмысты түсiнүде ғана танылады. Экзистенциализм
де, болмыс- адамның өзi, оның дүнедегi болмысын
ұайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде
берiлген.
Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс
ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен
туады. Шынында да болмыс категориясы
адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды
қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң
әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс-
адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр
сүретiн объективтi, материалдық дүниенi
бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң
барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани
дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды,
өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды
дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең
ауқымды философиялық ұғым.
Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды,
бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта
тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi
де, шегi де жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы
оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ
олар жеке-жеке емес, өзара байланыста,
белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында
екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi-
табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың
бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi,
өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi
әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы
шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн
құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының
бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте
болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған
әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып,
бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы
бар, ол адам санасында нақты бейнесiн
таба алады.
Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи
дүние) және субъективтi (адамның психикалық
күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi)
нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар
болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.
Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ
таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi.
Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы
дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын
құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн
неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты
табамыз.
Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық
материалдық денелердiн, табиғи процесстер
мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы,
бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар
мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар
т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз
өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық,
адам мен оның санасына алғанда бiрiншi,
өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi,
және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн
емес.
Заттар болмысы “екiншi табиғат”, адамның
iс-әрекеттерi мен тығыз байланысты. Бұл
табиғатқа адам қолымен жасаған және материалданғанның
бәрi жатады.Мысалы: еңбек құралдары, ғимараттар
мен құрылыстар, кемелер мен ұшқыштар,
автомобиль және темiр жолдары, телефон
және компьютер жүйелерi, ақпарат құралдары,
өнер тұындылары т.б. олар да объективтi,
адам жасаса да олар адам санасы на тәуелсiз,
одан тыс өмiр сүредi. Тек адамның өмiр сүру
барысын айқындай, өз заңдылықтары бойынша
өмiр сүредi. “Екiншi табиғат” заттар болмысы
олар жасалған табиғат материалдарынаң,
“затталған” ойдың және “затталған”
адамның iстерiнiң синтезi болып табылады.
Және олардың болмысы оларды жасаған мақсатына
байланысты болады: еңбек құралдары, эстетикалық
ләззат алуға арналған заттар т.б. Оларды,
объективтi реалдықтың табиғи-рухани-әлеуметтiк
түрi деп атауға болады.
Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам
болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн
бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде
зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат,
ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант).
Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды.
Адам – бұл шынында да “ойлай алатың”
зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың,
өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың,
өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың,
өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.
Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар
мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне
тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр
тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған
да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар
мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей
алады.
Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген,
сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен
байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы,
сонымен қатар оларды тудырушы.
Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың
басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып
табылады. Тiл-адамдар қатынастарының
қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы.
Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн
жоғалтады.
Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының
ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.
Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен
болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi
құратың олардың арасындағы алуан түрлi
қатынастар, ең маңыздысы экономикалық.
Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру
саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде
адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.
Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер,
олардың нәтижелерi идеялар, принциптер,
нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):
Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның
рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы,
өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм
денгейi т.б. Объективтендiрiлген немесе
интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның
рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық
сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар.
Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен
процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және
жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар,
сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер,
ескерткiштер, музыкалық шығармалардың
ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне
байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды
болмыс” деген категориялар қолданылады.
Бұл термин-компьютер арқылы жасалған
нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл
жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады.
Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы,
автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi
реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан
да субъективтi реалдық және уақыт керi
қайтылады.
Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды
да, рухани да бола алады.
2. Материя терминының қалыптасуы бiрнеше
этаптаң өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен
тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа).
Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп
атайды.
Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар
қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер
жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды
және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит).
Материяның атомистiк моделi натурфилософия
мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең
қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық
түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы
ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi).
Декарт материяна дене-субстанциясы деп
түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта
созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа
пара-пар, “универсум”- алыпты механизм,
әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi
түрткi арқылы, механика заңдары бойынша
айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде- 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа
ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар
(радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi,
электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит
өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы)
материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн
ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған
кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы
бар болып шықты, оның өзi зарядталған
ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық
деңгейлердi траекторияларда қозғалыста,
тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан
құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi,
протон, позитрон және нейтринолардың
күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемi
қозғалыста болатын электронның массасы
да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты
өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты
екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк
(толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi-
фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды.
Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге
тең т.б. Француз математигi А.Пуанкаре
1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды”
деген түйiнге келдi.
Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда
айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың
материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық
түсiнiк қалыптасты.
Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп,
қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi
бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың
сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк
анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз-
адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын,
бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар
бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi
алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi
жасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу
үшiн қолданылатын философиялық категория”
(“Материализм және эмпириокритицизм”,
ш.т.ж.18т.138б.).
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс,
әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын
дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы
болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн
әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi
айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына
тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында
бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда
бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық
дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.
Материяның бұл түсiнiгi адамзат ақыл-ойының,
ғылымның бүгiнге дейiн танып-бiлген объектiлердi
ғана емес, сондай-ақ болашақта ашылатын,
танып-бiлiнетiн объектiлердi де қамтиды.
Оның методологиялық мәнi, мiне осында.
Материя категориясы абстракция, өйткенi
“таза” өмiр суретiн материя жоқ. Ол әрқашанда
белгiлi ұйымдасқан материалдық жүйе
Материя мәнгi, шексiз, жасанды емес, кеңiстiк
пен уақытта үнемi қозғалыста болады. (Спиноза-
материя өзi өзiнiң себебi). Бұл қасиеттерiнiң
бәрi материядаң ажырамас бiрлiкте- атрибуттар.
Олардаң басқа тағы, модустар бар- материяның
жеке түрлерiнiң әр түрлi күйлерi мен құрылымдық
даму деңгейлерi (жылу өтiмдiлiгi, электрөтiмдiлiгi,
тектiлiк т.б.).
Астрономияда, космологияда және физикада
Ғаламның “үлкен жарылыс” арқылы пайда
болғаны туралы гипотеза бар (18 млрд. жыл
бұрын ваакумде жарылыс болды, ол элементарлы
бөлшектердiң, олар атомдар мен молекулалардың,
макробөлшектер мен макроденелер, жұлдыздар,
планеталар, органикалық денелерт.б. тiрi
организмдердiн пайда болуына әкелдi).
Философияда дүние жайында бiр неше түсiнiктер
бар:
*монистiк концепция: а) материалистiк (Маркс,
Ленин); в) рухани субстанцияны мойындайтың-
абсолютты идея (Гегель), билiкке ұмтылған
жiгер (Ницше), өмiрге деген құштарлық (Швейцер),
субъектiнiң экзистенциясы (Бердяев), құдай
өлшеуш және өлшейтiн күш ретiнде (Маритен)
т.б.*дуалистiк концепция: екi субстанцияны
мойындау- қашықтықта созылатың материя
және ойлай алатың рух (Декарт).
*плюралистiк концепция: көп бастамаларды
мойындау- жер, от, су, ауа, заттардың тамыры
(Эмпедокл); бейорганикалық, органикалық,
жанды, рухани болмыстар деңгейлер (Гартман).
3. Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға
ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде
қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты,
материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн
емес.
Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң”
қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес,
қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее
беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға
“екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер
айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар
мен метеориттер жан-жаққа зымырайды,
шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi.
Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста
болады: зат алмасу, информация алмасу,
ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық
және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп
жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге
ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi
және онто- және филогенез процесстерiндегi
адамзат өзгерiстерi.
Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар
мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде
болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз
етiледi. Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге
ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.
Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер,
өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя
өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң
санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете
алады.
Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi,
сондықтан ол да материя сияқты мәңгi,
жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер
арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына
ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.
Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады. Гераклид
Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып
табылады. Т.Гоббс
Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай
ғажап. Г.Рейхенбах
Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және
абсолюттi болып келедi. Әр нәрсе бiзге
тыныштықта болып көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста
болады (Жер әр тәулiк бойынша өз осiнен
толып бiр айналым жасап отырады, сонымен
бiрге жер бетiнде бардың бәрi де қозғалады).
Егер қозғалыс абсолюттi болып келсе, оған
қарсы- тыныштық салыстырмалы, өткiншi
б.т. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бiрге
де емес, ол- бар болғаны қозғалыстың бiр
сәттiк тұрақтылығы. (жердегi денелер, процесстер
мен құбылыстар, әрине, онымен бiрге қозғалып
отырады, бiрақ олар Жерге қатысында тыныштық
қалпында; адам тыныш, қозғалмай отыр дегеннiң
өзiнде оның ой жүйесi жұмыс iстеп тұрады,
тыныс алуы, қан айналуы, жүрек соғуы тынымсыз).
Сондықтан да қозғалыс абсолюттi, ал тыныштық
өзi де- қозғалыс, оның бiр сәттiк тепе-теңдiгi.
Тыныштық- бiр жағдайда, бiр қатынаста ғана
тыныштық, басқа қатынастардың бәрiнде
ол да қозғалыс.
Мәселе шешу: Немiстiң белгiлi жаратылыстанушы
ғалымы Освальд энергетизм ф-ң негiзiн
қалады. Мұнда, ол қозғалысты материядан
бөлiп алып қарауға, материяны энергияға
айналып кетедi, ал энергия болса материя
емес, ендеше материя ғайып болады дегендi
дәлелдеуге тырысты.
Осы заманғы кейбiр энгертизм ф-н қуаттағысы
келетiн ғалымдар да Е=мс формуласын өздерiнше
түсiндiргiлерi келедi. Олардың пiкiрiнше,
жарықтың жылдамдығы тұрақты коэфицент
болғандықтан, бұл формула материя мен
энергияның өзара баламалылығын бiлдiредi.
Немесе олар электрон мен протонның фотонға
айналуын (е +е >Ф) да материяның жойылып,
ғайып болуы деп есептейдi.
Олар, қандай методологиялық қате жiберiп
отыр?
Жауап: 1) энергия материядан бөлек, одан
тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиетi,
қозғалыстың сан өлшемiн бiлдiредi. Материя
бар жерде қозғалыс та бар, ендеше энергия
да бар. 2) бөлшектердiң фотонға ауысуы
бар болғаны материяның бiр қалпынан, яғни
заттық қалпынан- екiншi, өрiстiк қалпына
өзгеруiн көрсетедi.
Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары
мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының
әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес
қозғалыстың да сапалық көп түрi болады
(Энгельс).
Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi
күрделi байланыста болады. Физикалық
қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты,
химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық
қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк
қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың
бәрi өз бейнесiн табады.
Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың
материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен
түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге
болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң
қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты
химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық
арқылы, немесе электронды есептеу машинаны
адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге
теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).
Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының
жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң
жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз.
Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық
және ғарыштық формалары жайында болжам
жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi, теориялық
және эмпирикалық деңгейде дәлелденген
жоқ.
4. Кеңiстiк пен уақыт материяның ажырамас
қасиеттерi, атрибуттары; өмiр сүру формалары.
әлемде қозғалыстағы материя ғана бар
дедiк, ендеше ол қозғалыс кеңiстiкте және
уақытта ғана iске асады, өзiн айқындайды,
мәнге ие болады. Философия мен ғылымда
бұл мәселеге әр түрлi қөзқарастар болды.
1) субстанционалдық тұғырнама- көне грек
атомистерiнең басталған (Евклид геометриясы,
Демокрит пен Эпикур кеңiстiктi атомдарды
орналастыратың бос құыс деп ұқты) кейiнгi
ф-тар мен ғалымдар идеяларында жалғасын
тапты, олар әлем жайында механистiк көзқарысты
ұстады – кеңiстiк бұл барлық заттар жойылғаннаң
кейiн қалатының бәрi. Ол- бос құыс, оның
қасиеттерi қашықтықта созылу және өзiнде
бүкiл бар материяны сыйдыру. Ал, уақыт-
ештенеге қатысы жоқ, ағым, бәрi де пайда
болып және жойылып жататың бiркелкi ұзақтық.
Бұл концепцияда к/у материядан тыс, дербес
субстанция ретiнде қарастырылады. Әсересе,
мұндай көзқарас Ньютонның классикалық
механиканың заңдылықтарын ашқаннаң кейiн,
одан ары нығайта түстi. Ол кеңiстiк пен
уақыттың абсолюттiгiн мойындап, кеңiстiктi
iшiнде заттар қозғалыста болатын, бiрақ
ол заттармен ешқандай байланысы жоқ қойма
ретiнде қарастырады. Сөйтiп, материя мен
қозғалыстың, қозғалыс пен кеңiстiктiң
және уақыттың бiр-бiрiмен байланыстары
бiр-бiрiне тәуелсiз құбылыстардың сыртқы
қатынастары сияқты сипатталады.
2) реляциондық тұғырнама- кеңiстiк пен
ауқытты өзара әрекетте болатын, бiр-бiрiмен
сондай-ақ табиғатпен немесе қандай да
болсын объектiмен байланысты екенiн мойындайды.
Бұл концепция өзiнiн дәлелiн Энштейннiң
(саллыстырмалы теориясы), Лобачевскийдiн,
Больяидiң, және Риманның (евклидттi емес
геометрияда) алды.
Cалыстырмалы теория кеңiстiк-уақыттық
қасиеттернiң материалдық объектiлердiн
қозғалысына тәуелдiгiн дәлелдедi, олардың
геометриялық қасиеттерi гравитациялық
қыруарларына (салмақ) қоөғалыс жүиесiне
себептiлiгiн көрсеттi (кеңiстiктiң шалыстық-
қисықтық өзгерiстерiнiң уақыттың жылдамдығына
немесе бәсендету- ақырындатуына). Евклидттiк
емес геометрия бұл қасиеттердi ашып көрсетуге
және кеңiстiктiң қисықтығының (оң, терiс)
қатынасың айқындауға мүмкiндiк бердi.
Сонымен қатар бұл теория қеңiстiктiк пен
уақыттың үзiлмес байланысын айқындады.
Басқалай айтқанда, кеңiстiктiң шалыстық
өзгерiстерi (гравитациялық өрiсi) уақыттында
барысы өзгередi (ол немесе ақырындайды,
немесе жалдамдайды).
Ал философияда, кеңiстiк пен уақытты қалай
түсiнедi?
Дүниенiңқұрылымдық қасиеттерiн, материалдық
объектiлердiң және жүйелердiң, оларды
құрайтын бөлшектердiң аумағын, басқа
заттардың, денелердiң, құбылыстар мен
процесстердiң арасындағы алатын орынын,
олардың өзара орналасуы мен байланысын
кеңiстiк ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда,
кеңiстiк дегенiмiз- қозғалушы материяның
объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы,
ол заттардың бiр-бiрi мен қатар және бөлек
өмiр сүруiн, олардың тұрқын, олардың бiр-бiрне
қатысты алғандағы орналасу тәртiбiн бiлдiредi.
Оның қасиеттерi: 1) ұзындық, қашықтықта
созылу- әр объектi келесi бiр объектiнiн
қасында орналасады, соған байланысты
материяның құрылымы да айқындалады; 2)
болмыстын (макро әлем) реалды кеңiстiктегi
өлшемi- үш, осы үш өлшемдiк кеңiстiкте болмыстың
шексiздiгi мен таусылмастығы өз көрiнiсiн
табады. (бiрақ, қазырғы ғылымда микро-
немесе мега әлемде кеңiстiктiн басқада
өлшемдерi бар екенi байқалады, мысалы
оның тоғыз өлшемi болуы мүмкiн, сондықтан
жаңа философия көп өлшемдi кеңiстiктердiн
жаңа матем-қ теорияларын қажет етедi);
3) бiртектiлiгi- кеңiстiкте нақты “белгiленгең”
нүктелер жоқ; изотроптылық- кеңiстiкте
барлық бар болатың бағыттардың теңқұқықтығы.
Кеңiстiктiң осы жалпы қасиеттерiнен басқа
да жеке, спецификалық қасиеттерi де бар:
симметрия және ассиметрия, олардың формалары
ман көлемi, элементтер мен жүйелердiн
арасындағы қашықтық, олардың шекаралары
т.б.
Қозғалыстағы материя бiр қалыпта тұрмайтының,
үнемi өзгерiп, дамып, бiр күйге, бiр жағдайдан
келесi жағдайға ауысып жататың процесстi
уақыт ұғымы сипаттайды. Басқаша айтқанда,
уақыт дегенiмiз- қозғалушы материяның
объективтi түрде өмiр сүруiнiң формасы.
Уақыт материалдық процестер өрiстеуiнiң
жүйелiлiгiн, бұл процестердiң түрлi сатысының
бiр-бiрiнен бөлек екенiн, олардың ұзақтығын,
олардың дамуын сипаттайды.
Оның қасиеттерi: 1) ұзақтығы мен үздiксiздiгi
заттар мен құбйлйстардың бiр-бiрiн ауыстырып,
бiр-бiрiнен кейiн жүрiп, өз күйлерiн өзгертiп
отыратындығын бiлдiредi (түн мен күн, жыл
мезгiлдерi, бiр күнде адамның көнiл-күйi
бiр нешерет аысып отырады); 2) бiр өлшемде
ғана болу, санамен дiттелген (зафиксировать)
оқиғаны басқа екi уақиғамен байланыстыруға
болады, бiреуi алғашында болған ал екiншiсi
одан кейiн. Сонда, дiттелген оқиға үнемi
екi оқиғаның арасында болады. Мұнда оны
белгiлеу үшiн бiр координата, бiр өлшеуш
жеткiлiктi болады. Сондай-ақ, “бүгiн” дегенiмiз-
бұл “кеше”мен “ертеннiң” арасындағы,
басқалай болмайды. 2) керi қайтпайтыны,
бұл уақытта болғанның бәрiн де еш уақытта
керi қайтаруға болмайды. Ол тек бiр бағытта
өтiп жатады: өткеннең- келешекке. Мысалы,
қазырғы өркениеттi қайта алғашқы қауымдық
құрылысқа қайтадан аударуға, қарияны
қайта жасарту да мүмкiн емес.