Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 15:28, методичка
“Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.Болмыс философиясы. Материя
1.Болмыс ұғымы
2.“Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3.Қозғалыс және қозғалыс формалары
4.Кеңiстiк пен уақыт
Болмыс философиясы. Материя
1.Болмыс ұғымы
2.“Материя” категориясы, оның атрибуттары мен модустары. Әлемнiң философиялық моделдерi
3.Қозғалыс және қозғалыс формалары
4.Кеңiстiк пен уақыт
1. “Болмыс” ұғымы- қоршаған әлемдi философиялық тұрғыдан танып бiлуде ең ежелгi, негiзгi және ең маңызды категориялардың бiрi. Болмыс түсiнiгiнiң арғы түбiрiнде “болу”, “бар болу” деген мағынаның жатқаның аңғартуға болады. Бұл түсiнiк адамның айнала қоршаған ортаны бiртұтас (онда адам да, заттар, процесстер мен құбылыстар да өз орының табады) әлем есебiнде танып-бiлуге ұмтылуынан туындаған.
Болмыс туралы ой толғау- дүние “бүгiн бар”,”осында бар”,”осылай бар” деген қарапайым түiндермен шектелмейдi. Себебi дәл осы арада дүниенiң “өткенi мен ертеңi қандай”,”осында бар болса, басқа жерде де, барлық жерде бар емес пе?” деген сұрақтар заңды түрде туындайды. Бұл сұраққа бiр ф-р-дүние өткiншi емес, әрқашан болған,бола бередi деп тұжырымдайды. Екiншiлерi- дүние бар және бола бередi, бiрақ қеңiстiкте де, уақытта да бастамасы мен ақыры бар деп көрсетуге тырысты. Осындай ой-толғамдар дүниенiң өмiр сүрүiнiң тұрақтылығы мен өткiншiлiгi туралы пiкiрлердiн өзара қарама-қайшы болуына әкелдi: 1) Парменид (б.з.б.6-5, Элей мектебiнiң негiзiн қалаушы, дүниенiң түпнегiзi от және жер деп есептедi, ең бiрiншi болып болмыс пен сана арақатынасын талқылады, екеуiн пара-пар деп түсiндi, “Табиғат туралы”) болмыс пен бейболмысты қарсы қойды. Болмыс-бар болу, өмiр сүру, одан басқа ештене жоқ. Ол бiртұтас, тұрақты, қозғалмайды, шексiз, мәңгi. Ал,жоқ болу-болмыссыздық, ол нақты емес, иллюзиялы, сондықтан да оны айтып-түсiнуге де, тануға да болмайды. 2) Парменидтiн замандасы Гераклид (Эфес қаласының тұрғыны, стихиалық материалист, диалектиканың негiзiн қалаушы, бәрiнiн бастамасы от дедi, оның бәре қажеттiлiктен туады “дүниежүзiлiк логос” деп атады, “күрестi” барлық қарама-қарсылықтардың атасы,”Табиғат туралы”-фрагменттер)- керiсiнше, болмыстын басты белгiсi оның қозғалыста және үздiксiз дамуда болуы дедi. “Бiр өзенге екi рет кiруге болмайды”, “Бәрi де өзгередi, бәрi де ағады” деп үйреттi. iрақ екеуiде, болмысты мән мен байланыстырады, оны заттардың басты өмiр сүруi, нақты әлемнiң бар болу жағдайы деп түсiндi. Мұны, “заттық” онтология деп айтуға болады.
3) Платонда (б.з.б.427-347) болмыс дегенiмiз- мәндiлiк өмiр сүретiн, өзгермейтiн сана тектес рухани идеялар дүниесi. Идеялар- заттар мен құбылыстардың түп негiзi, оларды өмiрге келтiрушi, олар мәнгi, объективтi, материалды емес, кеңiстiк пен уақытқа тәуелсiз. Идеялар сезiмдiк тәжiрибе арқылы танылмайды, тек ақыл-ой арқылы танылады. Әр сезiмдiк заттың мақсаты- идея, әр зат сол идеяның қалпы, моделi. Ал заттар өткiншi, пайда болады, тозады, өледi, яғни шынайы болмыс емес, бар болғаны идеялар дүниесiнiң күңгүрт бейнесi.
4) Жаңа заман ф-да болмыс категориясың “субстанция” категориясымен тенiстiрген, болмыстың бiртектiлiгiн бiлдiретiн, жойылмайтың, өзгермейтiн субстрат, болмыстың негiзi. Бiр ф-да ол-материалды, екiншiлерiнде-идеалды, ал үшiншiлерiнде- материалды да, идеалды да. Мысалы, Д.Беркли (1685-1753, ағл. ф-фы, субъективтi идеализм өкiлi, Ирландияның бiр қаласында епмскоп болған, дiн дi дәйектеп, материализм дi терiстеуге тырысты, тек рухани болмысты мойындап, универсалилердiн реалды өмiр сүредi деген және абстракциялық ұғымдар идеясына қарсы шықты) бәрiнiнiң негiзi- рухани субстанция дедi, рух- бәрi оған тәуелдi, онда бәрi де өмiр сүредi, қозғала алса қозғалады. Барлық табиғи құбылыстардың түп негiзi. Ал, материя мүлдем жоқ, өйткенi оны адам сезе алмайды.
Ал, Спиноза шы (1632-1677, нидерланд ф-фы, Амстердамда туып өскен, мат-ка мен жаратылыстану ғылымдарына қызығушылық танытты, геометриялық тәсiлге сүйенiп әлемнiң жалпы бiртұтас, ядросы табиғат пен құдайдың үлесiмдiлiгi болыа табылатың, картинасың қалыптастыруға тырысты; бiлiмнiң үш түрiн- пiкiр,түсiнiк және интелектуалды интуиция деп, субстанцияның атрибуттары мен модустар туралы теорияны жасады; әлеуметтiк ф-да еркiндiктi саналы қажеттiлiк ретiнде және қоғамдық келiсiмдi жақтады. “Этика”, “Дiншiл-саяси трактат”) нақты бар дүниенiң негiзi жалғыз ғана, тәуелсiз, өз алдына және өзi өзiнде өмiр сүретiн материалды субстанцияны мойындады. Сонымен, қатар Спиноза субстанцияны құдаймен үйлестiредi, бұл- өзiн өзi тудыратың тотальды Табиғат.
5) Қазырғы заман ф-да болмыс категориясы әр түрлi талқыланады. Феноменология (Гуссерль) болмыс- сана арқылы танылатың заттар болмысы, мәннiң идеалды болмысы. Герменевтика да болмыс- бұл интерпритация, әр түрлi талдау, өйткенi болмыс адамға тек болмысты түсiнүде ғана танылады. Экзистенциализм де, болмыс- адамның өзi, оның дүнедегi болмысын ұайымдау, адамға тiкелей тiршiлiк ету ретiнде берiлген.
Болмыс мәселесiн әр түрлi талқылау, болмыс ұғымының кеңдiгiнең және абстрактiлiгiнен туады. Шынында да болмыс категориясы адамның және оны қоршаған әлемнiң ең маңызды қасиеттерiн бейнелейдi.Болмыс сөзiнiң әр түрлi мағынасын аңғартуға болады: а)болмыс- адамның санасынан тәуелсiз, тысқары өмiр сүретiн объективтi, материалдық дүниенi бiлдiредi; в) болмыс-бардың бәрiн, өмiр сүретiннiң барлығын-материалдық дүниемен қоса рухани дүниенi де қамтиды; с) болмыс- бар болуды, өмiр сүрудi айқындап белгiлейтiн, реалды дүниенiң барлық түрлерiн қамтитын кең ауқымды философиялық ұғым.
Оның негiзгi белгiлерi: 1) мәнгi-әлем болды, бар және бола бередi; ол өзi өзiн қайта тудырып отырады; 2) шексiз- әлемнiң шетi де, шегi де жоқ; 3) бiртұтас- әлемнiң бiртұтастығы оның формаларының көп түрлiгiнде, бiрақ олар жеке-жеке емес, өзара байланыста, белгiлi бiр бiрлiкте, тұтас дүние құрамында екендiгiнде; 4) дүниеде бәрi тең өмiр сүредi- табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар, олардың бәрiне ортақ нәрсе-олардың “бар” екендiгi, өмiр сүрiп отырғандығы, өмiр сүру түрлерi әр қилы болғаны мен олар бар болуы арқылы шексiз де тұрақты дүниенiң тұтас бiрлiгiн құрайды; 5) өзгермелiгi- дүниеде бар болатының бәрi үнiмi үздiксiз қозғалыста, өзгерiсте болуы; 6) объективтiлiгi- айнала қоршаған әлем адам санасына тәуелсiз бола тұрып, бұл дүниенiң өмiр сүрүiнiң iштей логикасы бар, ол адам санасында нақты бейнесiн таба алады.
Болмыс- объективтi (материалды социо-табиғи дүние) және субъективтi (адамның психикалық күйлерi, оның санасы, оның рухани дүниесi) нақтылықтың бiртұтастығы. Болмыс- бар болатынның, өмiр сүретiнiң бәрi-бәрi.
Басқаша айтқанда болмыс- еш себебi жоқ таза тiршiлiк. Болмыс- өзi өзiнiң себебi. Болмыс-нақтылық. Болмыс ұғымы арқылы дүниенiң бар екенiне иланып, оны құрайтын құбылыстардың бәрiне тән, бәрiн бiрiктiретiн неғұрлым ортақ, жалпы әлемдiк байланысты табамыз.
Заттар болмысы “бiрiншi табиғат”- барлық материалдық денелердiн, табиғи процесстер мен күйлердiн болуы. Мысалы: Жер планетасы, бүкiл Ғалам, теңiздер мен мұхиттар, ормандар мен таулар, флора мен фауна, қазба байлықтар т.б. Олардың бәрi адамнаң тыс, оған тәуелсiз өмiр сүредi. Бұл табиғат объективтi реалдық, адам мен оның санасына алғанда бiрiншi, өйткенi адамның өзi табиғаттың бiр бөлiгi, және табиғатсыз оның өмiр сүруi мүмкiн емес.
Заттар болмысы “екiншi табиғат”, адамның iс-әрекеттерi мен тығыз байланысты. Бұл табиғатқа адам қолымен жасаған және материалданғанның бәрi жатады.Мысалы: еңбек құралдары, ғимараттар мен құрылыстар, кемелер мен ұшқыштар, автомобиль және темiр жолдары, телефон және компьютер жүйелерi, ақпарат құралдары, өнер тұындылары т.б. олар да объективтi, адам жасаса да олар адам санасы на тәуелсiз, одан тыс өмiр сүредi. Тек адамның өмiр сүру барысын айқындай, өз заңдылықтары бойынша өмiр сүредi. “Екiншi табиғат” заттар болмысы олар жасалған табиғат материалдарынаң, “затталған” ойдың және “затталған” адамның iстерiнiң синтезi болып табылады. Және олардың болмысы оларды жасаған мақсатына байланысты болады: еңбек құралдары, эстетикалық ләззат алуға арналған заттар т.б. Оларды, объективтi реалдықтың табиғи-рухани-әлеуметтiк түрi деп атауға болады.
Табиғат және әлеуметтiк жан ретiнде адам болмысы адамның заттар әлемiнде өмiр сүруiн бiлдiредi. Адамның өзi, денесi бар жан ретiнде зат болып табылады. Бiрақ бұл ерекше зат, ойлай алатың, “пiкiрiн айта алатың” (Кант). Оның екi қырлығы оның болмысың айқындайды. Адам – бұл шынында да “ойлай алатың” зат, өзiн адам ретiнде сезiп түсiне алатың, өзiн қоршаған дүниеден ажырата алатың, өз iстерiне баға берiп рны өзгерте алатың, өзiнiн денесi мен рухын дамыта алатың жан.
Адамның тағы бiр ерекшiлiгi, жануарлар мен салыстыра қарағанда, ол өз денесiне тәуелдiгi салыстырмалы. Өйткенi, кейбiр тәндiк қажiттiлiктерiн қанағаттандырған да, оларды әлеуметтiк ережелер мен нормалар мен келiстiрiп, оларды бақылап, реттей алады.
Адам болмысының тағы бiр қыры, ол көптеген, сан алуан түрлi әлеуметтiк қатынастармен байланысты. Ол сол қатынастардың туындысы, сонымен қатар оларды тудырушы.
Адам болмысының ерекше белгiсi, оны болмыстың басқа түрлерiнен айрықшалайтың, тiл болып табылады. Тiл-адамдар қатынастарының қажеттi құралы. Тiл-әлеуметтену құралы. Тiл ден тыс бола тұрып адам өзiнiң мәнiн жоғалтады.
Және, жоғарыда айтқандай, адам болмысының ерекшiлiгi оның екiншi табиғатты жасауы.
Әлеуметтiк болмыс- бұл адамдардың бiрлескен болмысы, бiркелкi, дамып отыратың жүйелердi құратың олардың арасындағы алуан түрлi қатынастар, ең маңыздысы экономикалық. Ал бұл жүйенiн бөлiмшесi ретiнде бiлiм беру саласын атауға болады, бұл процесс негiзiнде адам тұлға ретiнде қалыптасып, әлеуметтенедi.
Рухани болмыс (саналы, санасыз феномендер, олардың нәтижелерi идеялар, принциптер, нормалар мен ережелер, бiлiмдер т.б.):
Индивидуалды рухани болмыс- жеке адамның рухани әлемi: психикасы, жүрiс-тұрысы, өмiр денгейi, мамандық әрекеттерi, бiлiм денгейi т.б. Объективтендiрiлген немесе интерсубъективтi рухани болмыс- қоғамның рухани тәжiрибснiн қамтитың қоғамдық сана, құлықтылық және эстетикалық құндылықтар. Объективтендiрiлген рухани өнiмдер мен процесстер, сөздер, дыбыстар табиғи және жасанды тiлдер арқылы iс жүзiне асады (кiтаптар, сызбалар мен формулалар, жобалар, сүреттер, ескерткiштер, музыкалық шығармалардың ноталары т.б.).Соңғы кезендерде адам әрекеттерiне байланысты “виртуалды реалдық”,”виртуалды болмыс” деген категориялар қолданылады. Бұл термин-компьютер арқылы жасалған нақтылықтың моделiн айтады. Сонда бұл жасанды, иллюзорлы елестету болып табылады. Оның белгiлерi: жасанды болуы, актуалдылығы, автономдығы, интерактивтiлiгi. Объективтi реалдыққа қарағанда екiншi, ссондықтан да субъективтi реалдық және уақыт керi қайтылады.
Жалпы айтқанда болмыстың түрлерi материалды да, рухани да бола алады.
2. Материя терминының қалыптасуы бiрнеше этаптаң өттi. Бiрiншiсiнде- ол табиғат құбылыстарымен тенестiрiлдi (Гераклит-от, Фалес-су, Анаксимен-ауа). Бұл кезендi ф-да қиялы материализм деп атайды.
Екiншi кезеңде- материя атомдар мен пара-пар қарастырылып, заттар мен олардын қасиеттер жиынтығы мен тенестiрiлдi. Материалды және түйсiктер арқылы танылады (Демокрит). Материяның атомистiк моделi натурфилософия мен жаратылыстану ғылымдарында кенiнең қолданылып 20ғ. дейiн беделдi болды.
Үшiншiсiнде механистiк және метафизикалық түсiнiк қалыптасты (Жаңа заманда- механиканы ең мүлтiксiз ғылымдардың бiрi деп есептедi). Декарт материяна дене-субстанциясы деп түсiндi, оның жалғыз ғана қасиетi қашықтықта созылуы. Материя бөлiнбейдi, табиғатқа пара-пар, “универсум”- алыпты механизм, әр-түрлi көлемдегi бөлшектер құдiреттi түрткi арқылы, механика заңдары бойынша айналмалы қозғалыста болады.
Төртiншi кезеңде- 19-20 ғ.ғ.физика дағдарысқа ұшырады. Бұл салада ашылған жаналықтар (радиактивтiлiк құбылысы,рентген сәулесi, электронның бар екенiнiң дәлелденуi, электромагнит өрiсi, салыстырмалық теорияның ашылуы) материя түсiнiгiн өзгерттi. Бөлiнбейтiн ең кiшкене бөлшек, әлемдi ұстап тұрған кiрпiш деп келген атомның күрделi құрамы бар болып шықты, оның өзi зарядталған ядро мен оның төңiрегiнде белгiлi энергетикалық деңгейлердi траекторияларда қозғалыста, тербелiсте болатын терiс зарядтағы электрондардан құралады екен. Ядроның құрылымы да күрделi, протон, позитрон және нейтринолардың күрделi қатынасымен сипатталады. Үнемi қозғалыста болатын электронның массасы да тұрақсыз, жылдамдығына байланысты өзгередi. Микробөлшектердiң табиғаты екi жақты, олардың әрi заттық, әрi өрiстiк (толқындық) қасиеттерi бар. Жарықтың бөлшегi- фотонды тiптi де затқа жатқызуға болмайды. Тыныштықтағы фотонның массасы жоқ, нөлге тең т.б. Француз математигi А.Пуанкаре 1902 жылы “Материя ендi жоқ, ол ғайып болды” деген түйiнге келдi.
Бесiншi кезеңде- б.з. ортасында жоғарыда айтылған барлық түсiнiктердi қамтитың материя туралы жаңа субстанционалды-аксиологиялық түсiнiк қалыптасты.
Материя- кеңiстiк пен уақытта өмiр сүрiп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттерi бар алуан түрлi объектiлер мен системалардың сансыз көп жиынтығы.
В.И.Ленин метерияның диалектикалық-материалистiк анықтамасың бердi: “Материя дегенiмiз- адамға оның түйсiктерi арқылы мәлiм болатын, бiздiң түйсiктерiмiзге тәуелсiз түрде бар бола отырып, сол түйсiктерiмiз арқылы көшiрмесi алыналатын, суретi түсiрiлетiн, бейнесi жасалатын, объективтiк реалдықты белгiлеу үшiн қолданылатын философиялық категория” (“Материализм және эмпириокритицизм”, ш.т.ж.18т.138б.).
Материя- дүниенi адамның санасынан тыс, әрi тәуелсiз объективтi шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын, және сана арқылы бейнеленетiн әмбебап категория.
Бұл анықтамада материяның негiзгiбелгiлерi айқын көрсетiледi: 1) материя адам санасына тәуелсiз өмiр сүредi; 2) ол адам санасында бейнеленедi; 3) материя санаға қарағанда бiрiншi, бастапқы екендiгiн бiлдiредi; 4) материалдық дүниенi танып бiлуге болатындығын көрсетедi.