Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 16:44, реферат
Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстиан Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2ғ. екінші жартысы), (Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160-222 ж.ж.) т.б.
Кіріспе
Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия
1. Ортағасырлық философияға тән сипаттар
2. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский
3. Араб философиясының даму кезеңдері
Ибн-Сина (Авиценна)(980-1037жж) Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келді.Әлемге әйгілі еңбегі: «Сауығу кітабі» (медицина жайлы). Оның болмыс туралы ілімі - материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Дененің қайта тірілуі мүмкін емес. Оның ілімі бойынша универсалийлер үш ұдайы өмір сүреді:
1. заттарға дейін, құдіреттің ақыл-ойында;
2. заттардың өзінде, себебі ол заттың мәні;
3. заттан кейін адам санасында;
Қожа-Ахмет Иассауи (1094-1167 жж) Испинджапта (Сайрам) ибрагим Ибн Махмуд Диқанның әулетінде туылды. Ол сопылық «мистикалық ағымның» түркі тілдес тармағының негізін қалаушы. ХГГ ғасырда көне түркі тілде «Диуани Хикмет» (Даналық кітабі) еңбегін жазады. Сопылықта бос қағида болмыс тұтастығы еді. Ол үш деңгейде абсолют аттар (архетиптер), феноминалдық дүние ретінде көрініс берді. Абсолют бұл құдай, ақиқат, жалқы шындық дүние болса құдайдың көлеңкесі, ал оның арасында аталған (пайғамбарлар туралы).
Олар - абсолюттік пен көзге көрінетін материалдық болмыс арасын - жалғастырушы. Бұл «Құдіретті атаулар» құдайдың модусы мен атрибутын білдіретін теологиялық категория,сонымен бірге құдай идеясының өмір сүруінің арқасында философиялық ұғым болып табылады. Феноменалды дүние дегеніміз - біздің нақты өмірімізде құдайдың бар екендігін көрсетеді демек, ақиқат абсолютті болмысты тек құдай иеленеді. Қалғанның бәрінде сол жаратқан «тұтас болмыс»:-алғанда өз бойында болған соң - одан соң өз шегінен шығады - ақыр соңынан өзіне қайтып оралады. Адам өз бойына құдай құдіретінің барлық формаларын сіңірген, оның бойынан барлық мәнділіктері, әлем шындығының маңызы жинақталған. Сондықтан әлем - макрокосмос болса, адам - микрокосмос. Адам - құдай мен әлем арасындағы байланыс. Сопылар құдайдың өзінің мәнін тануға ұмтылады. Сопылық таным теориясында: (сопы - құдай мейірінің белгілерін өз жүрегінде іздеп, көргеннен дұрыс дейді).
1. Субъектіден жалпылыққа субстанцияға ;
2. Адам өзін-өзі танудан құдайды тануға;
3. Бүтіннен жекеге оралу жүреді.
Сопы - құдай мейірінің белгілері өз жүрегінен іздеп, көргенін дұрыс дейді. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол - құдай сәулесі түсірілетін айна, бірақ ондағы құдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Сопылықтың өзіне тән айырмашылығы - құдайды сүю, идеясы толық дамыған. Барлық сопы ақындары поэмаларының өзегі - құдайды сүю тақырыбы, көбіне құдай - сүйікті, ал ақын - ғашыққа ұқсатылады. Иассауидің басты мақсаты құдаймен табысу, оның бейнесін көру.
Пайдаланылған әдебиттер