Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 06:46, реферат

Описание работы

Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері
Қазіргі таңда мемлекет құраушы қазақ ұлтының менталитетінде терең тамыр жайған толеранттылық қасиеті Қазақстанда ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл қасиет бір күнде қалыптасқан жоқ. Ұлт мінезін, дүниеге көзқарасын, рухани ұстанымдарын сипаттайтын белгілер ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бойы орны-ғу үдерісінен өтеді.
Осы тұрғыда «қазақ менталитетіндегі толеранттылықтың бастаулары қайда жатыр?» деген заңды сауал туындайды. Қазақ толеранттылығының қайнар көзі оның тұрмыс-тіршілігінде жатты. Күрделі әрі сынақтарға толы көшпелі ғұмы

Работа содержит 1 файл

Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері.docx

— 17.49 Кб (Скачать)

Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері 
Қазіргі таңда мемлекет құраушы қазақ ұлтының менталитетінде терең тамыр жайған толеранттылық қасиеті Қазақстанда ұлтаралық бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Бұл қасиет бір күнде қалыптасқан жоқ. Ұлт мінезін, дүниеге көзқарасын, рухани ұстанымдарын сипаттайтын белгілер ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бойы орны-ғу үдерісінен өтеді.  
Осы тұрғыда «қазақ менталитетіндегі толеранттылықтың бастаулары қайда жатыр?» деген заңды сауал туындайды. Қазақ толеранттылығының қайнар көзі оның тұрмыс-тіршілігінде жатты. Күрделі әрі сынақтарға толы көшпелі ғұмыр әр-бір қазаққа өзара әрекеттестіктің, жәрдемдесудің маңыздылығын жоғары етті. Тұрмыс қажеттіліктері адамдарды еңбегіне, амалдарына сай бағалауды басты орынға қойды. 
Екіншіден, қазақ толеранттылығының қалыптасуына географиялық фактор үлкен ықпал етті. Үлкен аумақ, ландшафтардың сан алуандығы көшпенді қазақ өрісінің кең болуына, қозғалыс пен бейімделудің жоғары деңгейіне әкеліп, көршілес халықтармен мәдени-тілдік, әлеуметтік, экономикалық және саяси байланыстарды белсенді әрі жеңіл орнатуға мүмкіндік берді. Қазақтар қоршаған ортаны өз қалпында, теріс сенімдерсіз қабылдады. 
Үшіншіден, қазақтар - өзіне түрлі халықтар мен түрлі мемлекеттердің өкілдерін жинаған синкреттік тектегі халық. Сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар, түркі қағанаттары, оғыз-қыпшақтар, керей-наймандар, моңғолдар және т.б. қазақ халқының қалыптасуына ықпал етті. Бұл жағдай қазақтардың ашықтығына, өзге ұлттармен қатынастарға еркін түсуіне мүмкіндік беріп, өзгешелікке түсіністікпен, шыдамдылықпен қарау дағдысын тарихи жадыда орнықтырды. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ жеріне Ресейдің ішкі аймақтарынан шаруалардың жаппай көшірілуі және кейінірек немістердің, кәрістердің, поляктардың, еврейлердің, кавказ халықтарының және т.б. жер аударылуы жағдайында қазақтардың өз тұрмысының қиындығына қарамастан, аталмыш халықтардың өкілдерінің барлығына қол ұшын созғандығы жоғарыдағы ойымызды қуаттайды. 
Төртіншіден, ең маңызды фактордың бірі ислам болды. Исламның зор адамгершілік әлеуеті қазақ дүниетанымының арнасын кеңейтіп, жаңа рухани бағдарлар әкелді. Адам өмірін басты құндылық ретінде таныған, өзге дін өкілдеріне түсіністікпен қарауға, көршімен тату болуға үндеген дін қазақ жүрегінен берік орын алды. Сонымен қатар дінде зорлықтың болмауын басты орынға қойған ислам діні адамдардың ұлт-нәсілдерге бөлінуін олардың бір-бірін жақсы тануы үшін жасалды деп түсіндірді. Осындай мәндегі тұжырымдар ислам мен қазақ ұлттық дәстүрінің үндесуіне жол ашты. 
Сөйтіп, жоғарыда аталған факторлардың ықпалымен қазақтың қоршаған әлемге, өзге адамдарға қатынасын сипаттайтын өзіндік ұстанымы, ұлттық мінезі қалыптасты. Және сол мінездің, қасиеттің өзегіне толеранттылық жатады. Ал сол толеранттылықты құрайтын негіздерге келетін болсақ, олардың қатарында қонақжайлылықты, балама пікірге деген құрметті атап өтуге болады. 
Жоғарыда атап өткендей, көшпенді өмір жағдайында әлеуметтік өзара көмек қағидаты аса маңызды орын алды. Көшпенді қазақ үшін қонақ ақпарат иесі болатын. Сонымен қоса, қонақжайлылық институты әлеуметтік қауымдастықты сақтаудың, оның ішкі байланыстарын бекітудің ең сенімді жолына айналды. Қонақтың әлеуметтік статусына қарамастан, үй иесі оған тиісті дәрежеде құрмет көрсетті. Қонақ қауіпсіздігі үй иесі тарапынан толығымен қамтамасыз етілді. Моноэтникалық, көшпенді жағдайда қалыптасқан бұл дәстүр күштеп отырықшыландыруға, өзге этностардың қазақ жеріне жер аударылуына қарамастан, өз өміршеңдігін жоғалтпады. Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келген үлгі қала мәдениеті жағдайында бірсыпыра өзгерістерге ұшырағанымен, өзегі сақталынып отыр. Ал ауылдық жерлерде қонақжайлылық дәстүрі әлі де болса өз қалпында. 
Балама пікірге деген құрмет «дат!» қағидасынан айқын көрініс тапты. Дала демократиясын сипаттайтын аталмыш қағида қазақ қоғамындағы тұлғаның еркіндігін, құқықтарының теңдігін бекітті. «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген ұстанымды басшылыққа алған әрбір қазақ кез келген жиында өз пікірін ортаға салудың, басшыға ойын ашық жеткізудің кең мүмкіндіктерін иеленген еді. «Дат!» қағидасы аясында пікірлердің алуандығын мойындау, кез келген тұлғаның ұстанымдарына шыдамдылықпен қарау дағдылары әрбір қазақтың санасына орнықты. Биліктегілер мен қарапайым халық арасында дүниетанымдық, тілдік тұрғыда айтарлықтай айырмашылықтың болмауы өзара түсіністік дәрежесін жоғары етті.  
Алайда патшалық, кеңестік отаршылдық бұл бағытта да өз ізін қалдырып үлгерді. Еркін ойлау, билік ұстанымынан кері кету сатқындық, қылмыс болып табылды. Соған қарамастан, күнделікті тұрмыста, тұлғааралық қатынаста аталмыш дағдылар сәт сайын көрініс тауып отырды. Ал тәуелсіздіктің алуымен тұншықтырылып келген әлеуеттің жан-жақты қолданылуына жол ашылды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен өзге мәдениеттер мен этностардың өкілдеріне толерантты қатынасты қалыптастырудың мақсатты әрі бірізді саясаты жүргізілуде. Сонымен қоса, Елбасы мемлекет құраушы қазақ халқына өзге этностардың, елдегі шетелдіктердің қауіпсіздігіне жауаптылығын міндеттеп отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезінде Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, қазақ үшін толеранттылық академиялық емес, практикалық ұғым болып табылады.

Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.[1]


Информация о работе Қазақ менталитетіндегі толеранттылық негіздері