Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 12:26, реферат
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Кіріспе.......................................................................................................................4
Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері..............................7
Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар..................................12
Қорытынды............................................................................................................20
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................
Қазақ
топырағында қалыптасқан
Диоген Лаэртскийдің грек философиясының тарихына арналған кітабында Анарыс жайлы жеке бөлім бар. Онда ұлы бабамыздың Грецияға келіп, император Солонмен кедескені, өмір тарихы және философиялық нақылдары туралы мәліметтер келтірілген.
Біздің жыл санауымыздың бірінші ғасырында өмір сүріп, ел басқарған атақты Майқа би бабамыз Анарыстың өсиеттері деп ел билеудің жолдарын айтып отырады екен. «Ең ғақылды адам – ел билеуден аулақ адам» депті.
Майқы
бидің айтуынша, латыншалап кеткен
Анахарсис скфиский дегеніміз осы
Анарыс бабамыз. Бұл туралы Ғ.Есімовтың
дәлелдемелері көңілге
Д.Паэртскийдің аталған кітабында ол туралы былай делінеді: «На вопрос кого больше, живых или мертвых, он переспросил: «а кем считать плывущих»». Анарыс айтты деген сөзбен Анахарсистің айтқаны дәлме-дәл келіп отыр. Бұл екеуінің бір адам екенінің тағы бір дәлелі. Үшіншіден, Майқы Анарысты қайдан біледі? – деген ой келеді, Анахарсис біздің дәуірімізге дейінгі VІ ғасырда өмір сүрген. Майқы би біздің дәуірімізге дейінгі І ғасыр басында дүние кешкен. Араларында 600 жыл тарихи уақыт. Бұл мерзімде әлі Анахарсис есімі ел жадында сақталған, ұмытылмаған. Төртіншіден, Анарысты Майқының бабам дейтіні – үйсіндердің сақ тайпаларынан таралғанына тағы бір дәлел болса керек. Үйсіндер туралы Геродот тарихында айтылған. Анахарсисті де тарихқа түсірген көне авторлардың бірі Геродот, ал Майқы би оның тарихын білмеді деуге негіз жоқ.
Аты ауызға айналған дала данышпанының, Анарыстың нақты өмірбаян туралы деректер сақталмаған. Тек Диогеннің мәлметтері бойынша, ол шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 594 жылы «архонт Эвкраттың тұсындағы 47 Олимпиада өтіп жатқан сәтте Афиныға келген». Осы күннен бастап Солонды үйіне іздеп келіп, өмір бойы дос болып өтіпті. Геродоттың айтуы бойынша, «Анахарсис – скиф патшасы Спаргапиптің шөбересі, Пиктің немересі, Гнурдың баласы. Ол сондай-ақ Анахарсистің ата-тегін, есімін, Грекияға қалай келгенін де айтып өтеді. Геродот Анахарсисті Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы скиф тайпаларынан шыққан, жастайынан өмір-білімге құмар, Элладаның тілін үйреніп өсен, әскери өнерден де тағылым алған, скифтердің әдет-ғұрпын өте жетік білген, дүниенің сырын білмекке ұмтылған атақты адам» - деп жазды.
Көптеген жазбаларда сақ – скиф философы Анахарсисті көне дүниенің «жеті ғұламасымен» байланысты сөз етеді.
Анахарсис туралы пікір айтқан философтар біршама, солардың арасында Секст Эмперик анахарсисті «жеті ғұламаның» бірі деп санайды.
Плутархтың пікірінше, Милет мектебінің негізін салушы, гректің бірінші философы Фалестің Анахарсис туралы пікірі өте жоғары болғанын ескерсек, скифтік Анахарсистің көне заман философиясы тарихында, мәдениетінде еңбегі зор болған.
Ол Солон өлгеннен кейін, өз туған еліне Скифияға қайта оралып, өзінің алған білімін, тәлім-тәрбиесін, заң ережелерін өз елінде қолдануға әрекет жасайды. Анахарсис елді жаңа құрылыс орнатпақ болып, заң жүйелерін өзгертуге ұмтылған. Геродоттың түсіндіріуі бойынша, басқа халықтар сияқты скифтер де өзге елдің салт-дәстүріне, оның ішінде, әсіресе, элладалықтардың ғұрпына сескене қараған. Сондықтан да, Анахарсистің реформаторлық идеясы, озық ойын іске аспай, туысы Савилийдің қанды жебесінен қазаға ұшырайды. Соңғы демі үзілерде ол: «Эллада жерінде ақылым мені қорғап еді, ал өз еліме кеп, мен қызғаншақтықтың құрбаны болдым» депті (Плутарх).
Грекиядағы Анахарсиске қойылған мүсін бар. Онда: «Басқа пәле тілден» деген қанатты сөз қашап жазылған. Ұлы бабамыздың кезінде гректің атақты «жеті ғұламасының» тобына кіргенін ескерсек, оның философиялық ойларының терең де салиқалылығын, аумақтылығын зерттеу болашақтың ісі екендігіне көз жеткіземіз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен
зерттеудің нәтижесін екі түбегейлі
мәселелер төңірегінде
Ұлы
Даладан авторлар көшіп-қонатын
«ареап» емес, оны игере білген
адамдардың асқан шеберлігі мен
парасаттылығын, киелі қажеттері
мен адамгершілік мұраттарын тапты.
Әрбір халықтың өзіндік Отаны
бар, әрбір адам өз табиғатының аясында,
өзінің ата-бабаларының тәжірибесіне
сүйене отырып өмір сүреді. Бірде-бір
мәдениет кеңістікке бекер келмеген.
Мәдени кеңістік әмбебапты сипатта
болады, өйткені ол уақыт және тарихпен
қамтылып тұр. Философия тарихын
оқу дегеніміз табиғи және тарихи
құбылыстар мен оқиғалардың өзара
тоғысуын және олардың адам санасында
бейнеленуінің әмбебапты
Әлемдегі
көптеген өркениеттердің арасынан қазақ
философиясы мен мәдениетін бөліп
алудың да себебі бар. Ғасырлардың талай
қыр-сырларынан өткен қазақ философиясының
ертедегі грек мифологиясындағы өзін-өзі
жағып жіберіп, сол күлден қайта
тіріле беретін қасиеті бар қиял-
Әлемде
өркениеттің ең ертедегісінің бірі
Шумерден бастау алатын, сақтар, кейін
ғұндар арқылы дүниенің жартысында ізін
қалдырған, кейінірек орта ғасырларда
философия мен мәдениеттің
Қазіргі кезде еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселелердің бірі отандастарымыздың философиялық мәдениетін өркендету болып табылады. Оған қоғамымыз басынан кешіп отырған қайшылықтарды әлемдік философия тарихының өзекті мәселелерін танып, талдап, зерттеу арқылы шешіп құрылып жатқан азаматтық қоғамның ерекшеліктерін халыққа ашып көрсету арқылы қол жеткізуге болады. ХХ ғасыр шығыс пен батыс философиясының компаративистік тәсілделуі арқылы ұлттық философияның ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның ерекшеліктерін зертеуге мүмкіндік туды. Түркі тілдес философияның қыр-сыры арқылы туысқан елдердің рухани көкжиектеріне назар салу міндеті тұр.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Бейсенов Қ.Ж. Қазақ
2.
Алтаев Ж. Философия және
3.
Назарбаев Н.Ә. Тарих
4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000, № 10, 3-9 б.
5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 – 272 б.
6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.
7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы – А.: 1996, 168 б.
8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби ескерткіштері – А.: 1985
9.
Тұрғынбаев Ә.Х. Философия